Мектеп директоры: Г.Шеримкулова

1.Білім беру ұйымына жалпы сипаттама

Мектебіміз 1938 жылы ашылған. Мектеп 2 ғимараттан тұрады: А корпусы және Б корпусы. А корпусы 1937 жылғы, Б корпусы 1986 жылғы. Мектеп ғимараты – 2 қабатты, типтік.  2012 жыл 9 шілдеден бастап   «А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды.

 

Жалпы мәліметтер:

-Мекен-жайы: Түркістан қаласы  Тауке хан  даңғылы н/з.           

-нысанның жалпы аумағы – 11680 м2

-сымтетігі –3-24-02

-мекеменің өкілетті органы – Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасы;

-мектеп директоры: Шерімқұлова Гулназ Айтпайқызы

-профилі: жалпы орта мектеп

-оқыту тілі: қазақ

-мектептің салынған жылы: 1937 ж.

-жоба бойынша қуаттылығы: 850

-Мемлекеттік лицензиясы: №12010906

-Берілген уақыты: 07.09.2012ж

-Мектеп РНН: 582000017692

-Мектеп куәлігі: 000540004436 495-1958-20ММ

 

 

       Мектепте қазіргі таңда 706 оқушы тәрбиеленіп, білім алуда.

     Шағын орталықта 48 тәрбиеленуші бар.

Асхананың жалпы аумағы 96,5 шаршы метр, 50 адам отырып тамақтанатын жағдай жасалынған.

Мәжіліс залының жалпы аумағы 146,5 шаршы метр, 100 орындық.

Кітапхананың жалпы аумағы 82 шаршы метр, ондағы оқулықтар, брошюралар мен журналдарды қосқанда жалпы саны - 12690.

2 компьютер сыныбы бар. 

 

Қызмет бағыттары мен құрылымдық бөлімшелер тізбелері:

Басшылық 01

Іс жүргізу қызметі 02

Оқу бөлімі 03

Тәрбие жұмысы 04

Қосымша білім беру педагогі 05

Кітапхана 06

Дәрігерлік бөлімі 07

Шаруашылық бөлімі 08

Педагог-психолог 09

Әлеуметтік педагог 10

Кәсіподақ ұйымы 11

Дене шынықтыру нұсқаушысы 12

Тәлімгер 13

Шағын орталық 14

Бейінді істер15

Педагог-ұйымдастырушы 16                        

Алғашқы әскери дайындық 17

2. Шағын орталық

А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебі «Коммуналдық мемлекеттік мекемесінде» Түркістан қала әкімінің 19.10.2011 ж №951 бұйрығы мен ҚББ №376 15.12.2011 бұйрығы негізінде шағын орталық ашылды. Алайда шағын орталық жарты күндік (толық емес) жоспарға негізделген. Шағын орталықтың жатын бөлмесі, қабылдау бөлмесі, ойын бөлмесі, тамақтанатын орны қамтылмағандықтан балалар тамақтанбайды, ұйықтамайды. Оқу іс-әркеті    2 сағаттық стандартты орындаумен және қосымша сыртқы ойын алаңдарында   30 минуттық серуендеу,түрлі ойындармен және т.б. іс –әрекеттер жүргізілумен шектеледі. Арнайы әдіскер штаты бөлінбегендіктен, бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасарының лауазымдық құзіретіне міндеттелген. Медбике мен психолог мамандарының жұмыстары да мектептің жалпы жылдық жоспарында қамтылған және мектеп медбикесі мен психологының жауапкершілігіне жүктелген.

1. Алфавиттік кітап, соңғы үш оқу жылындағы тарбиеленушілер контингенті бойынша мәлімет

Оқушыларды тіркеуге арналған алфавитттік кітап бар. Соңғы алфавиттік кітапта білім алушылардың есебі 2016 жылдан жүргізіледі, нөмірленген, тігілген, мектеп мөрімен мөрленген, жазба әрбір әріп бойынша өз реттік нөмірімен жүргізілген, 200 бет.

 

Балаларды жалпыға бірдей тәрбиелеу мен оқумен қамту

туралы мәлімет:

· 0 жастан 6 жас аралығындағы балалар саны;

· Мектепішілік есепте тұрған балалар жоқ;

· Жетім балалар және  қамқорлыққа алынған балалардың саны -2.

Тәрбиеленуші бала саны-48. Шағын орталықта 2 топ бар.

Тәрбиеленушілердің ауысуы, қабылдануы, шағын орталыққа алыну құжаттары, жеке іс-қағаздары

            Тәрбиеленушілер қозғалысы туралы мәлімет бұйрық түрінде жүзеге асырылады. Тәрбиеленушілердің келгені-кеткені «Тәрбиеленушілердің қозғалысы бойынша бұйрықтарды тіркеу» кітабына тіркелген. Шағын орталық бүлдіршіндерінде білім бөлімінен берілген жолдамамен қатар балалардың келу-кету туралы анықтамалары бар және олардың барлығы алфавиттік кітапқа тіркелген.

 

Оқушылардың жеке іс-қағаздары

Шағын орталыкта тәрбиеленушілердің жеке іс қағаздары түгел жеке папкаларда жинақталған.

Соңғы 3 оқу жылындағы статистикалық есеп формалары

Статистикалық есептер жылына бір рет білім бөліміне өткізіліп отырылады.

 

2. Кадр құрамы

Кадрлардың сапалық және сандық құрамы: Білім беру ұйымының штаттық кесте бойынша педагог кадрлармен толықтырылуы: штаттық кесте бойынша 2 шт.бірлік тәрбиеші бар.

Базалық білімі бар педагогтар саны

Оқу жылы Топ атауы Топ саны Бала саны Тәрбиешісі
1 2013-2014 Мектепалды даярлық 2   Тұрсымбетова Қосанова Ш
2 2014-2015 Шағын орталық 2 48 Абдраманова Р Ердосова А
3 2015-2016 Шағын орталық   2 48 Абдурахманова Г Абдраманова Р    

 

Біліктілігін арттыру

Педагогтардын үздіксіз біліктілігін арттыру мақсатында облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығы арқылы ұйымдастырылған курстарға қатыстырылып отырылады. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарынан өтіп отыруы әкімшілік тарапынан қадағаланады.

                                 Жас мамандар саны

Оқу жылы 2013-2014 2014-2015 2015-2016
Жас педагогтар саны     1

 

Шағын орталық бойынша тәрбиеленушілердің жалпы саны

Оқу жылы Тәрбиеленушілер саны
2013-2014 46
2014-2015 48
2015-2016 48

 

3.Мектептің әлеуметтік педагогының жұмыс нәтижелері.

2013-2014 оқу жылында мектепте тұл жетім оқушылар саны – 3, жартылай жетім оқушылар – 46, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылар саны – 72, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 376 бар екендігі анықталды. Қайырымдылық акциясында мектебімізден тұрмыс жағдайы төмен және көп балалы отбасынан шыққан 30 оқушыға киім-кешектер берілді. Оның ішінде 8 оқушы жалпыға міндетті білім қоры есебінен 22 оқушы демеушілер есебінен киім-кешектермен қамтамасыз етілді. Мектепте 2013-2014 оқу жылында жалпыға міндетті білім қоры қаражаты есебінен 48 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.  Жартылай жетім 2 оқушы қала әкімінің шыршасына барды. Ал жазғы сауықтыру лагеріне жартылай жетім және тұл жетім 3 оқушы жолдама алды.

2014-2015 оқу жылында тұл жетім оқушылар саны – 3, жартылай жетім оқушылар саны – 40, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылар саны – 70, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 374. Жалпыға міндетті білім қоры қаражаты есебінен бір мезгіл ыстық тамақ ішетін оқушылар саны – 48. Қайырымдылық акциясында 31 оқушы, демеуші есебінен 23 оқушы, жалпыға міндетті білім қоры есебінен 8 оқушы киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Мектепте қала әкімінің шыршасына 1 жартылай жетім оқушы барды. Жазғы сауықтыру лагеріне 2 оқушы жолдама алды.

2015-2016 оқу жылында тұл жетім оқушылар саны – 2 жартылай жетім оқушылар саны – 44, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан оқушылар саны – 78, көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 373. Жалпыға міндетті білім қоры қаражаты есебінен бір мезгіл ыстық тамақ ішетін оқушылар саны 48. Қайырымдылық акциясында 31 оқушы демеуші есебінен киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Қала әкімнің шыршасына 1 жартылай жетім оқушы қатысты.

 

 

Мәртебесі

2013-2014

2014-2015

2015-2016

  І-ж.ж ІІ-ж.ж І-ж.ж ІІ-ж.ж І-ж.ж ІІ-ж.ж
Аз қамтылған 72 72 70 70 78 78
Көп балалы 376 376 374 374 373 373
Тұл жетім 3 3 3 3 2 2
Жартылай жетім 46 46 40 40 44 44
Үйде оқытылатын оқушы 4 4 3 3 2 4
Барлығы            

Жазғы сауықтыру лагері

Лагерь

Жалпыға міндетті білім қорынан

Демеушілер есебінен

2013-14 2014-15 2015-16 2013-14 2014-15 2015-16
Қорытынды 3 2 2 0 0 0  

Оқушылардың тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі

Міндетті білім қорынан

2013-2014

2014-2015

2015-2016

І-ж ж ІІ-ж ж І-ж ж ІІ-ж ж І-ж ж ІІ-ж ж
1 Оқушылар Саны/ 48 48 48 48 48 48
  Бір күндік тамақтың құны   139тенге 90 тиын 139тенге 90 тиын 139тенге 90 тиын 150 тенге 200тенге 200тенге

«Қамқорлық» акциясынан көрініс

 

Оқушылардың материалдық киім-кешекпен қамтамасыз етілуі

Мәртебелері

Жалпыға міндетті білім қорынан материалдық көмек

Демеушілер

2013-2014 2014-2015 2015-2016 2013-2014 2014-2015 2015-2016
Қорытынды 8 8 4 22 23 28
Барлығы 8 8 4 22 23 28

4. Кадр құрамы

Кадрлардың сандық және сапалық құрамы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы №77 қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына» сәйкес білім беру ұйымының штаттық кестесі бойынша 1 штат бірлік директор, 2 штат бірлік директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары, 2 штат бірлік директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2 штат бірлік педагог-психолог, 1 штат бірлік әлеуметтік педагог, 1 штат бірлік АӘД жетекшісі, 1 штат бірлік тәлімгер, 1 штат бірлік мектептің іс жүргізушісі, 1 штат бірлік педагог-ұйымдастырушы, 1 штат бірлік қосымша білім беру педагогы, 2 штат бірлік кітапханашы, 1,5 штат бірлік медбике, 1 штат бірлік директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары, 1 штат бірлікте мектеп хатшысы, 0,5 штат бірлікте денешынықтыру  нұсқаушысы штат бірліктерімен белгіленген.

Барлық штаттық бірліктер сынып жинақтауыштарының санына қарай толықтырылған. 2015-2016 оқу жылында ұжымда 72  педагог қызмет жасады. Олардың ішінде:

жоғары білімдісі -71, орта арнаулысы -1 мұғалім.

Жоғары санаттысы - 24, Бірінші санаттысы- 18, Екінші санаттысы- 22, Санаты жоқ – 7 мұғалім.

 

  2013-2014 оқу жылы 2014-2015 оқу жылы 2015-2016 оқу жылы
Жоғары санаттысы 12 14 24
Бірінші санаттысы 19 24 18
Екінші санаттысы 17 24 22
Жалпы санатты 48 62 64

Педагог кадрлардың жасы және еңбек өтілі бойынша құрамы.

Оқу жылы

Педагог қызметкерлердің еңбек өтілі

3 жылға дейін 3 жылдан 8 жылға дейін 9 жылдан 16 жылға дейін 17 жылдан 20 жылға дейін 20 жылдан жоғары
2013-2014 10 14 15 9 33
2014-2015 6 30 6 5 33
2015-2016 6 9 23 5 29

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: