Тістерді винирге арнап егеу

Кіріспе.

 Бағдарламада тіс жақ жүйесінің әртүрлі ауруларының диагностикасы мен алдын алу мәселелерінің жаңа көзқарастары көрсетілген, нарықтық жағдайда ортопедиялық стоматологиялық көмекті ұйымдастыру сұрақтары, пародонт аурулары, тістердің аса қажалуы, тіс-жақ аномалиялары мен деформациясы, буын аурулары, жақ-бет аймағының жүре пайда болған және туа біткен ақаулары, оларды ортопедиялық емдеу әдістері туралы мәліметтер қарастырылған. Ауыз қуысының шырышты қабатын ортопедиялық емдеу, дентальді имплантанттар, тіс протездерінің жадиғаттарынан болатын аурулар, салыстырмалы диагностикасы, емдеуі; алынбайтын және алынбалы құрылымдармен ортопедиялық емдеу кезінде болатын қателіктер мен асқынулар, алдын-алу шаралары, емдеуі.

  Шайнау аппаратының биомеханикасы, әртүрлі аппараттар мен протездерді құру қағидалары туралы мәліметтер берілген.

Әртүрлі патологиялық жағдайларды кешенді емдеу қағидалары ұсынылған.

Пародонт аурулары, емдеудің ортопедиялық әдістер

Пародонтит. Тіс қатарының бүтін және ақауы кезінде, жекелей тістерде тістемнің жоғарылауы кезінде, терең тістемде пародотиттің этиологиясы мен патогенезіндегі қызметінің рөлі. Тістердің функциональді жүктемесінің (жазылуы, толық немесе толық емес қалыпқа келу) болжамы, ақыры. Пародонттың зақымдану дәрежесі, анықтау тәсілдері, пародонтограмманы жазу және талдау, антагонист-тістер арасындағы пародонт күшінің салыстырмалы тепе-теңдігін қалыптастыру.

Пародонтитті кешенді емдеуде ортопедиялық құралдардың маңызы.

Емдеу әдістері: тістерді таңдап егеу, уақытша шендеу, алынбалы және алынбайтын шендеуіштермен және шендеуіш-протездермен тұрақты шендеу. Алынбайтын шендеуіштер конструкциясы: сауытты, қалпақшалы, экваторлы, өзекті, балкалы, көпіртәрізді протездер. Тістерді ұлпасыздандыру көрсеткіштері. Үш және онан да көп тірегі бар сауытты, қалпақшалы көпірлі шендеуіш дайындаудың кезеңдері. Маргиналды пародонттың жарақаттануының алдын алу. Алынбалы шендеуші доғалы протез. Пародонтоз. Этиологиясы, патогенезі, салыстырмалы диагнозы. Емі.

Тістердің аса қажалуы, ортопедиялық емдеу әдістері

Этиологиясы: тістің қатты тіндерінің қызметтік жетіспеушілігі (экзогенді, эндогенді факторлар), тістердің қатты тіндеріне шамадан көп түрпілік әсерлер, тістердің қызметтік жүктемесі. Патогенезі. Тістердің аса қажалуының бастапқы және дамыған кезеңдерінің клиникалық көрінісі.

Жіктелуі. Тістердің аса қажалуының формалары: таралмалы, шоғырланған. Тістердің аса қажалуының түрлері: вертикальді, горизонтальді, аралас. Тістердің аса қажалу дәрежелері (І, ІІ, ІІІ)

Даму кезеңдері, айқындылық және тереңдік дәрежелері, зақымдану көлемі, салыстырмалы диагностикасы. 

Тістердің аса қажалуын емдеудің ортопедиялық әдістері- емдік және алдын-алу мақсаттары: себебін жою; ортопедиялық емге әзірлеу (таңдап егеу, альвеола аралық биіктікті және СТЖБ дисфункциясын қалпына келтіру); алынбайтын және алынбалы протездер конструкциясымен ортопедиялық емдеу әдістері.

Окклюзиялық биіктіктің төмендеуімен қатар жүретін тістердің аса қажалуын ортопедиялық емдеу: уақытша емдік-диагностикалық аппараттармен окклюзиялық биіктікті қалыптастыру; бейімделу кезеңі; тұрақты протездеу.

Окклюзиялық биіктіктің төмендеуінсіз жүретін тістердің аса қажалуын ортопедиялық емдеу- реттілік дезокклюзия тәсілі.

Тістер қатарының деформациясы, ортопедиялық емдеу әдістері.

Тістер қатарының деформациясының этиологиясы, патогенезі, тіс сауытының бұзылуы, пародонттың функциональді жүктемесінде тіс альвеолярлық кішіреюі, тістердің ішінара болмауы нәтижесінен жекелей тістер мен тіс топтарының күйінің өзгеруі салдарынан жетілген тіс жақ жүйесінің қайта құрылу себептері.

Годонның артикуляциялық тепе-теңдік теориясы. Попов-Годон феномені.

Тістер қатарының деформациясының жіктелуі. В.А. Пономаревтің клиникалық формасы. Салыстырмалы диагностикасы.

Тістер қатарының ақауларымен, тістердің аса қажалуымен, пародонттың, самай-төменгі жақ буынының ауруларымен қатар жүретін тіс-жақ деформациялары, клиникасы, диагностикасы, емдеу жолдары.

Окклюзиялық қарым-қатынасты қалпына келтіру мақсатында тістер қатарының деформациясын жою тәсілдері: ортопедиялық, аппараттық (ортодонтиялық); аппаратты-хирургиялық; хирургиялық әдістермен.

Жақсүйек-бет және әскери ортопедия.

Жоғарғы және төменгі жақсүйек сүйектерінің сынықтары. Этиологиясы, жіктелуі, клиникалық белгілері. Сынықтарды емдеудің ортопедиялық әдістері: тіс қызыл иек шендеуіші, Лимберг-Вебер шендеуіші,, алюминий сымнан және гипсті немесе стандартты тіректік бас қалпағы бар Збарж шендеуіштері, ауыздан тыс рычагы бар Катц аппараты, түтіктер мен өзегі бар Курляндский аппараты, Вебердің тіс қызылиек шендеуіші, вертикальді тірек жазықтығы бар Вебердің тіс қызылиек шендеуіші, болат сымнан әзірленген Померанцева-Урбанская шендеуіші. Жасау әдістемелері, сынықты салу және бекіту.

Тік және көлденең дұрыс бетпеген сынық, клиникалық белгілері, ортопедиялық емдеу әдістері.

Жалған буын, анықтама түсінік, этиологиясы, патогенезі, клинико-рентгенологиялық белгілері, Денесі берік немесе шарнирлі қосылған алынбайтын және көпіртәрізді протездермен емдеу. Е.И. Гаврилов бойынша сымнан жасалған ілмек тәріздес немесе И.М. Оксман бойынша шар тәріздес шарнирлі алынбалы пластиналы протезді дайындау.

Микростомия, этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, Жиналмалы протез дайындау.

Жүре пайда болған жоғарғы жақ сүйегінің ақаулары (оқтан, операциядан кейін). Резекциялық және толықтырушы тіс жақ протездерін дайындау.

Жүре пайда болған қатты және жұмсақ таңдай ақаулары. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері. Пластиналық және доғалы протездерде протез-обтураторларды әзірлеу.

Бет әлпет, құлақ, мұрын кемістігі. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері. Эктопротездерді дайындау.

СТЖБ аурулары, ортопедиялық емдеу әдістері.

Самай-төменгі жақ буынының артриті, артрозы. СТЖБ дисфункциясы. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық белгілері, салыстырмалы диагностикасы. СТЖБ дисфункциясының жіктелуі. СТЖБ ауруларын кешенді емдеуде ортопедиялық әдістері.

Ересектер мен жасөспірімдердің тістерінің, тіс қатарының және тістүйістерінің ауытқулары.

Ересектер мен жасөспірімдердің тістерінің, тіс қатарларының және тістүйістерінің ауытқулары.Тұрақты тістемде тістер пішінінің, өлшемінің, санының және орналасуының ауытқулары, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, емдеу әдістері. Тістүйіс ауытқулары, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, тіс-жақ сүйегінің ауытқуларының жіктелуі, емдеу әдістері.

Экологиялық қолайсыз жағдайдағы науқастарды ортопедиялық емдеу ерекшеліктері.

Экологиялық қолайсыз жағдайда және техногендік факторлармен байланысты кәсіптік ісі мен өмір сүру ортасындағы науқастарды ортопедиялық емдеу ерекшеліктері.

Ауыз қуысының сілемейлі қабығының ауруларын ортопедиялық емдеу

Ауыз қуысының сілемейлі қабығыныңсозылмалы аурулары (лейкоплакия, қызыл жалпақ теміреткі, күлбіреуік және т.б.), алынбайтын және алынбалы протез конструкцияларымен ортопедиялық емдеу ерекшеліктері, мүмкін болатын асқынулар.

Стоматологиялық материалдардан туындаған аурулар

Алынбайтын конструкцияларды қолданудан туындаған аурулардың этиологиясы, патогенезі, клиникасы, жіктелуі.

Алынбалы конструкцияларды (акрильді пластмасса) қолданудан туындаған аурулардың этиологиясы, патогенезі, клиникасы, жіктелуі.

Гальванизмнің пайда болуы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы. Металл және акрилді тіс протездерін қолданғанда болатын токсикалық стоматиттер.

Аллергиялық стоматиттер, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, салыстырмалы диагностикасы, токсико-химиялық және аллергиялық стоматит кезіндегі диагностикалық тесттар. Емдеуі, болжамы.

Тірегі дентальді имплантантпен ортопедиялық емдеу.

Дентальді имплантанттар. Жіктелуі, Көрсеткіштері мен қарсы көрсеткіштері. Ортопедиялық емді жоспарлау және тәсілдері. Тіспротездер аппараттарын құрастыру ерекшеліктері.

Қателіктер мен асқынулар.

Тіс жақ жүйесі ауруларының әртүрлі нозологиялық формасын ортопедиялық емдеу кезінде болатын диагностикалық және тактикалық қателіктер. Алынбайтын және алынатын конструкцияларды дайындау кезеңінде болатын қателіктер мен асқынулар. Алдын алу шаралары, емдеу жолдары.

2.2. Пәннің мақсаты: ортопедиялық стоматологияның барлық тарауларының теориясы мен практикасының барлық мәселелері бойынша іскерлік пен білімді,коммуникативті, құқықты құзыретті қалыптастыру.

2.3. Пәннің міндеттері:

• алынбайтын және алынатын конструкцияларменортопедиялық емдеу кезінде болатын

болатын қателіктер мен асқынуларды, алдын алу шараларлы, емдеу жолдарын беру.

• пародонт ауруларының, тістердің аса тым желінуінің, тістердің даму аномалиясы мен деформациясының, жақсүйектері мен жақсүйек – бет аймағы ағзаларының зақымдануларының этиологиясы мен патогенезі туралы жаңа көзқарастар беру; СТЖБ ауруларын, тіс протездік материалдардан және протез конструкциялардан туындаған аурулар, дентальді имплантанттармен емдеу көрсеткіштерін және тіс- жақсүйек жүйесінің аралас патологиясын ортопедиялық емдеу әдістерін беру.

• тіс -жақ жүйесі патологиясын негізгі ортопедиялық әдістермен емдеуді оқыту;

• ортопедиялық аурулардың алдын алу әдістерін үйрету.

 

2.4. Білім берудің нәтижесі

Білім компетенциясы:

-пародонт ауруларының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, ортопедиялық емдеу әдістерін;

-тістердің аса тым желінуінің этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасы, ортопедиялық емдеу әдістерін;

-тіс қатары деформациясының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, ортопедиялық емдеу әдістерін;

-жақсүйектерінің сынуының, жақсүйектерінің операциядан кейінгі ақауларының, таңдай ақауларының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, ортопедиялық емдеу әдістерін;

-жақ-бет аймағы ақауларының этиологиясын, патогенезін, клиникасын, диагностикасын, ортопедиялық емдеу әдістерін;

-тістердің, тіс қатарының, жақсүйектерінің аномалияларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагнсотикасы, ортопедиялық емдеу әдістері;

-самай төменгі жақ буын ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, ортопедиялық емдеу әдістері;

-ауыз куысының шырышты қабықтың ауруларының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, ортопедиялық емдеу әдістері

- экологиялық қолайсыз жағдайда және техногендік факторлармен байланысты кәсіптік ісі мен

өмір сүру ортасындағы науқастарды ортопедиялық емдеу ерекшеліктері.

-винирлермен, салмалармен, штифті тістермен, жасанды сауыттармен, көпірлі протездермен, жартылай алынбалы пластиналы, доғалы протездермен ортопедиялық емдеу кезіндегі қателіктер мен асқынулар, оларды жою және емдеу әдістері;   

-тіс протездерінің жадиғаттары мен протездер конструкцияларының организм мен шайнау аппаратына әсер ету механизмі, олардың диагнсотикасы, емдеу әдістері;

-имплантацияға көрсеткіштер және кейінгі ортопедиялық емдеу әдістемелері;

-тіс- жақсүйек жүйесінің аралас патологиясы, ортопедиялық емдеу әдістері.

Операционалды дағдыларды игеру тиіс:

-тіс- жақсүйек- бет жүйесін қарап тексеруді;

-қарап тексеруді;

-СТЖБ қарап тексеруді;

-ауыз қуысын ортопедиялық емдеуге дайындау;

-алынбайтын және алмалы-салмалы тіс протездерінің клиникалық кезеңін жүргізу;

-науқасты тексерудің негізгі жаңа клиника-зертханалық және аспаптық әдістерін таңдау;

-пациентпен, оның туыстарымен, әріптестермен және басқа да медицина қызметкерлерімен

сенімді қарым-қатынас орнату;

-көрсеткіштерге байланысты қалыптықматериалдарды таңдау;

-көрсеткіштерге байланысты бекіткішматериалдарды таңдау;

-тіс протездік материалдарға жағымсыз жағдайда аллергиялық сынамаларды қолдану;

-емдеу кезіндегі болатын қателіктер мен асқынуларды анықтау;   

-топта жұмыс істеу.

дағдыларды игеру істей білу керек:

- медициналық құжаттарды толтыру   (амбулаторлық карта, наряд);

- медициналық құжаттарды толтыру (дәрігер стоматолог ортопедтің есептік пішіндер);

- аппликациялық және өткізгіштік жансыздандыруды жүргізу;

- протездің ең тиімді конструкциясын таңдау;

-әртүрлі ортопедиялық құрылымдарға тістерді егеу;

- ТОББИ индексін Миликевич бойынша анықтау;

-әртүрлі қалыптық жадиғаттармен қалып алу.

-окклюзограмма, одонтопародонтограмма жүргізу;

- тістерді таңдап егеу;

-пародонт ауруларын уақытша шеңдеуіштермен ортопедиялық емдеуді жүргізу;

-алынбайтын және алынатын конструкцияларменортопедиялық емдеуді жүргізу;

-емдеу кезіндегі болатын қателіктер мен асқынуларды түзету; 

- диагностикалық мүсінднрді құю.

 

2.5. Пәннің реквизитке дейін: терапиялық стоматология пропедевтикасы, хирургиялық стоматология пропедевтикасы, балалар жасындағы стоматология пропедевтикасы.

2.6. Пәннің реквизиттен кейін: ортопедиялық стоматология ( интернатура).

 

2.7.Дәрістердің, тәжірибелік сабақтардың, СӨЖ-ның тақырыптық жоспары.

Дәрістердің тақырыптық жоспары

Тақырыптар атауы Сағат саны
1 Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының стоматологиялық қызметін дамыту стратегиясы. 1
2 Стоматологиядағы менеджмент пен маркетинг негіздері. 1
3 Дәрігер- стоматолог-ортопедтің дәрігерлік этикасы мен медициналық деонтологиясы. 1
4 Дәрігер-стоматолог-ортопедтің кәсібіндегі заңды жауапкершілік. 1
5 Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын қазіргі кездегі жаңа құрастырмалы материалдар. 1
6 Пациенттердің психоэмоциональды жағдайы және дәрігер стоматолог-ортопед қабылдауына салыстырмалы психологиялық дайындық. 1
7 Ортопедиялық стоматологиядағы эстетикалық аспектілер. 1
8 Ортопедиялық стоматологиядағы инновациялық технологиялар 1
9 Ортопедиялық стоматологиялық қабылдауда қолданылатын қазіргі кездегі жаңа жансыздандыру тәсілдері мен жансыздандыру заттары. 1
10 Алынбайтынконструкциялармен (салмалар, винирлер, өзекті тістер, сауыттар, көпірлі протездер) емдеу кезеңдерінде диагностикалық және тактикалық қателіктер мен асқынулар.  1
11 Алынбалы протездермен (пластиналы және доғалы) емдеу кезеңдерінде диагностикалық және тактикалық қателіктер мен асқынулар.  1
12 Пародонт ауруларының өрбуіндегі функционалдық қысымның рөлі. Науқасты тексеру ерекшеліктері, салыстырмалы диагноз. 1
13 Пародонт ауруымен ауыратын науқастарды ортопедиялық емдеу әдістері. Шендеудің биомеханикалық негіздері. 1
14 Тістердің аса қажалуы, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, салыстырмалы диагностикасы. 1
15 Тістердің аса қажалуын ортопедиялық емдеу әдістері. 1
16 Ересек адамдар мен жасөспірімдердің тіс-жақ ауытқуларын ортодонтиялық емдеу. 1
17 Тістер қатарының деформациясы. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, салыстырмалы диагностикасы. 1
18 Тіс қатарларының деформациясын ортопедиялық және кешенді емдеу әдістері. 1
19 Жоғарғы және төменгі жақ сынықтарын және олардың бір уақытта болған сынықтарын ортопедиялық емдеу әдістері. 1
20 Таңдай, жақ және беттің ақауын ортопедиялық емдеу әдістері. 1
21 Самай - төменгі жақсүйек буындарының ауруларын ортопедиялық емдеу. 1
22 Самай-төменгі жақсүйек буынының дисфункциясы және оларды қалпына келтіру жолдары. 1
23 Ауыз қуысының шырыштыі қабығының ауруларын ортопедиялық емдеу ерекшеліктері. 1
24 Ауыз қуысында металл құрылғыларын жақтыртпайтын науқастарды ортопедиялық емдеу ерекшеліктері. 1
25 Алмалы-салмалы пластмасса протездерді жақтыртпайтын науқастарды ортопедиялық емдеу ерекшеліктері. 1
26 Өндірісте әртүрлі зиянды факторлардың тіс-жақ жүйесіне әсері, алдын алу шаралары, ортопедиялық емдеу тактикасы. 1
27 Металлсыз керамикамен ортопедиялық емдеу әдістерінің ерекшеліктері. 1
28 Егде жастағы және қарт адамдарды ортопедиялық емдеу ерекшеліктері. 1
29 Алмалы-салмалы протездерді бекітудің қазіргі кездегі жаңа тәсілдері. 1
30 Әртүрлі импалнттар болған кезде науқастарды ортопедиялық емдеу ерекшеліктері 1
  Барлық сағаттар саны- 30  

2.7.1. Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары

5 курс 35 сабақ

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптары Сағат саны
1 Ортопедиялық стоматологиялық көмекті нарықтық экономика жағдайында ұйымдастыру. Ортопедиялық стоматология клиникасындағы дәрігерлердің заңдық жауапкершілігі. Дәрігер стоматологты даярлауда ортопедиялық стоматологияның рөлі. Ортопедиялық және кешенді емге жататын тіс-жақ жүйесі ауруларының негізгі нозологиялық формалары. 6,5
2 Клиникалық материалтану. 6,5
3 Соматикалық аурулары бар науқастарға психотерапиялық және анестезиологиялық көмек көрсету. 6,5
4 Тістердің қатты тіндерінің аурулары кезінде, алынбайтын конструкциялармен емдеуде (салмалар, өзекті тістер, винирлер, сауыттар) диагностикалық және тактикалық қателіктер, асқынулар. 6,5
5 Провизорлық сауыттар. Көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштер, дайындау әдістері. 6,5
6 Ішінара салдарлық адентия кезінде және көпірлі протезбен ортопедиялық емдеуде диагностикалық және тактикалық қателіктер, асқынулар. 6,5
7 Алмалы-салмалы протезбен емдеуді асқындыратын факторлар. Ауыз қуысын ортопедиялық емдеуге даярлау. Жартылай пластиналы протездерді бекітудің жаңа тәсілдері. 6,5
8 Ішінара алмалы-салмалы протездермен (доғалы, пластиналы) ортопедиялық емдеу кезіндегі қателіктер мен асқынулар. 6,5
9 Әртүрлі жүйеде бекітілетін доғалы протездермен ортопедиялық емдеу ерекшеліктері, қателіктер мен асқынулар, болжамы. 6,5
10 Тістердің толығымен болмауы кезінде протездің бекітілуі мен тұрақтылық мәселелеріне қазіргі кездегі жаңа көзқарастар. Толық тіссіз жақ сүйегін ортопедиялық емдеуде диагностикалық және тактикалық қателіктер 6,5
11 Аралық бақылау 6,5
12 Пародонт ауыруы бар науқастарды тексерудің арнайы және қосалқы тәсілдері. Пародонт ауруын ортопедиялық емдеу әдістері. Таңдап егеу тәсілі. Уақытша шендеуіштер, көрсеткіші, клиникалық-зертханалық дайындалу кезеңдері. Пародонт ауруы кезінде тістер қатарының ақауын оропедиялық емдеу ерекшеліктері 6,5
13 Тұрақты шендейтін құрылымдар мен аппараттар. Алынбайтын шендеуіш конструкциялар, қолдану көрсеткіші, оларды жасау ерекшеліктері 6,5
14 Алмалы-салмалы шендеуіш конструкциялар, олардың қолдану көрсеткіштері, клиникалық-зертханалық дайындалу кезеңдері. 6,5
15 Тістердің аса қажалуы, этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы, салыстырмалы диагностикасы. Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендемеген кездегі тістердің аса қажалуы, клиникасы, емдеуі. 6,5
16 Беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігі төмендеген кездегі тістердің аса қажалуы, клиникасы, емдеуі. 6,5
17 Тістердің аса қажалуымен асқынған тіс қатарының ақауларын ортопедиялық емдеу ерекшеліктері 6,5
18 Тістер қатарының деформациясының этиологиясы, патогенезі, клиникасы, және диагностикасы 6,5
19 Тіс қатарының деформациясын комплексті емдеу әдістері. (ортопедиялық, аппараттық, аппаратты-хирургиялық; хирургиялық). 6,5
20 Аралық бақылау 6,5
21 Жоғарғы жақ сүйек сынықтары, клиникасы, диагностикасы, ортопедиялық емдеу әдістері. 6,5
22 Төменгі жақ сүйек сынықтары, клиникасы, диагностикасы, ортопедиялық емдеу әдістері. 6,5
23 Дұрыс бітпеген сынықтар, жалған буындар, жақтардың контрактуралары, микростомия, клиникасы, диагнсотикасы, емдеуі, ортопедиялық емдеу ерекшеліктері. 6,5
24 Жақ сүйегінің жүре пайда болған ақаулары. Туа біткен және жүре пайда болған таңдай ақаулары. Клиникасы, диагностикасы, ортопедиялық емдеу әдістері. 6,5
25 Бет аймағының ақаулары. Клиникасы, диагнсотикасы, ортопедиялық емдеу әдістері. Эктопротездер. 6,5
26 Ересектер мен жасөспірімдерде тістердің, тістер қатарының, жақ сүйегінің ауытқулары, этиологиясы, патогенезі, клиникасы, салыстырмалы диагностикасы, жіктелуі. 6,5
27 Ересектер мен жасөспірімдерде тістердің, тістер қатарының, жақ сүйегінің ауытқуларын ортопедиялық емдеу ерекшеліктері. 6,5
28 Аралық бақылау 6,5
29 Самай-төменгі жақ буынының аурулары. Этиологиясы, патогенезі, жіктелуі, клиникасы, салыстырмалы диагностикасы, ортопедиялық емдеу әдістері. 6,5
30 Самай-төменгі жақ буынының ауруларын  ортопедиялық емдеу әдістері. 6,5
31 Экологиялық қолайсыз жағдайда және техногендік факторлармен байланысты кәсіптік ісі мен өмір сүру ортасындағы науқастарды ортопедиялық емдеу ерекшеліктері. 6,5
32 Ауыз қуысының шырышты қабатының созылмалы аурулары кезінде ортопедиялық емдеу. 6,5
33 Организм мен ауыз қуысының тіндеріне алынбайтын тіс протездерінің әсері. (аллергия, парестезия, тіс протездік жарақат, гальванизм, токсикалық әсерлер). Салыстырмалы диагнсотика, емдеу әдістері. 6,5
34 Организм мен ауыз қуысының тіндеріне алмалы тіс протездерінің әсері. (аллергия, парестезия, тіс протездік жарақат, токсикалық әсерлер). Салыстырмалы диагнсотика, емдеу әдістері. 6,5
35 Дентальды имплантаттар. Жіктелуі. Қолдану көрсеткіші мен қарсы көрсеткіші. 6,5
36 Дентальды имплантаттарды қолдана отырып ортопедиялық емдеуді жоспарлау және тәсілдері. 6,5
37 Аралық бақылау 6,5
  Барлық сағаттар саны -240  

 Аралық бақылау уақыты: №1 -11 сабақ, №2 - 20 сабақ, №3 -28 сабақ, №4 -37 сабақ.  

Қорытынды бақылау уақыты:емтихан өқу бөлімінің кестесі бойынша.

2.7.2. Студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспарлары (СӨЖ)

Курс

Тақырыптары Сағат саны
1 Ортопедиялық стоматология клиникасында науқастарды тексеру және диагностикалаудың жаңа әдістері 7,0
2 Ортопедиялық стоматология клиникасында стресстің алдын алу 7,0
3 Екі фазалы және бір фазалы әдістермен нақты қалып алу әдістемесі 7,0
4 Тістің қатты тіндерінің анатомиялық-топографиялық және гистологиялық құрылымы 7,0
5 Жақ сүйектерінің сынықтарын емдеуге қазіргі кездегі жаңа көзқарастар 7,0
6 Эктопротездер, отандық және шетел үйлесімдерінің салыстырмалы сипаттамасы 7,0
7 Ортопедиялық стоматологиядағы тіс-жақжүйесінің рентгензерттеу, оныңқазіргі заманғы ролі. 7,0
8 Тіс-жақ ауытқуларының дамуын алдын-алу 7,0
9 Шықшыт буының ауыртпалы бұлшык синдромының қазіргі заманғы диагностика әдісі. 7,0
10 Санитариялық нормалар мен ережелер «Стоматологиялық ұйымдардың жабдықтарына және эксплуатациясына, орналасуына қойылатын санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптар».           7,0
11 Ортопедиялық стоматологиядағы маркетинг пен менеджмент негіздері 7,0
12 Металлсыз протездеу жүйесі, салыстьырмалы сипаттама 7,0
13 Пародонтит ауруы бар науқастарды металды керамикалық протездермен емдеу ерекшеліктері 7,0
14 Толық алмалы-салмалы протезді құйып пресстеу әдісімен дайындау ерекшеліктері 7,0
15 Тіс протездерінің ауыз қуысы тіндеріне әсері. Гальванизмнің пайда болуына қазіргі заманғы көзқарас     7,0
16 Тірегі имплантант болатын тіс протездерін құру ерекшеліктері. Механикалық критерилеріне байланысты имплантаттың тиімді құрылымын таңдау қағидалары 6,0
17 ҚР ортопедиялық стоматологияны дамытудағы ғалымдардың үлесі. 6,0
18 Медициналық қызметті тұтынушы-пациентпен дәрігер арасындағы құқық пен міндетін анықтайтын күшке енген заңдылықтың негізгі ережелері мен нормативті актілері 6,0
19 Дәрігерлік қабылдау мәдениеті. Ортопедиялық стоматология клиникасында келіспеушіліктің дамуы мен туындауын ескеру.   6,0
20 Фантомды класта кесте бойынша жұмыс істеу 6,0
  Барлық сағаттар саны- 135 сағат  

2.8.Оқыту және жүргізу әдістері

Дәрістер: мультимедиялық деректер базасын, компьютерлік үлгілер мен бағдарламаларды және «кері байланысты»- лектордың сұрақтары мен студенттердің жауаптарын қолдана отырып өткізілетін шолу және тақырыптық дәрістер.

Практикалық сабақтар: ауызша сұрау, студенттермен кері байланыс, пікірталастар, шағын топтарда жұмыс, шағын топтардың презентациялары, тест тапсырмаларын шешу, фантомдар мен үлгілер бойынша сұрау, іскерлік ойындар, клиникалық жағдайларды талдау, жағдайлық есептерді шешу, пациенттерді клиникалық қабылдау.

Студенттердің өзіндік жұмысы:  әдебиеттермен, электрондық мәліметтер базасымен және компьютерлік оқытушы бағдарламалармен жұмыс істеу, глоссария құрастыру, тест тапсырмалар мен жағдайлық есептер шешу, эссе, ғылыми рефераттарды дайындау және қорғау, дағдыларды игеру үшін замануи компьютерлік технологияларды қолданып тапсырмаларға және сұрақтарға жауап іздену, тіс протездерді дайындау кезендерінде тәжірибелік дағдыларды орындау, өзіндік жұмыс жасау кезіде теориялық  және тәжірибелік қорытындыларды талқылау.

 

 

2.9. Алған білімдерін бағалау әдістері

Ағымдық бақылау- әр сабақта студенттің жауабына баға қойылады.

Міндеті – теориялық материалды меңгеруді жиі тексеру.

Тәжірибелік сабақтар - әр сабақта студенттің игерілген дағдыларға баға қойылады және медициналық құжаттарды толтыру, машықтану дағдыларды орындау, протездің қолайлы құрылымын таңдау, әртүрлі ортопедиялық құрылымға тісті егеу, қалып алу, ортопедиялық емнің клиникалық кезеңін жүргізу, тест түріндегі тасырманы, ситуациялық есептерді шығару, сұраққа жауап беру арқылы балды жинайды, оқу журналында барлық сабақтарда баға қойылады.

Коммуникативті компетенция – коммуникативті дағдыларды тікелей бақылау, аралық бақылау кезінде баға қойылады (№11, №20, №28, №37 сабақтарда)

Құқықтық компетенция – тестілеу, аралық бақылау кезінде баға қойылады (№37 сабақта)

Қорытынды бақылау: тестілеу және ауызша сұрауынан тұратын емтихан.

Студенттің өзіндік жұмысы: цикл бойынша әр студент 4 тақырып дайындап тапсыру қажет (тапсыру мерзімі силлабуста берілген).

БАҒАЛАУ РУБРИКА

Ауызша (жазбаша) сұрақтарға баға беру белгілері

Бағалау сатылары

Деңгей

Керемет Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Тақырыпты түсіну деңгейі дұрыс 12 9 6 0
2. Ойлау қабілеті дұрыс 12 9 6 0
3. Қойылған сұрақтарға жауап беру материалдары сәйкес 16 12 8 0
4. Жауапта қажетті барлық теориялық мәліметтер болды 12 9 6 0
5. Дұрыс келтірілген мысалдарды көрсете отырып жауап берді 12 9 6 0
6. Сөйлеу мәдениеті дұрыс 12 9 6 0
7. Кәсіби терминологияны қолданды 12 9 6 0
8. Негізделген қорытындылар жасай білді 12 9 6 0

Жоғарғы балл – 100

БАҒАЛАУ РУБРИКА

Тістен, тіс қатарынан, жақтардан қалып алуды бағалау белгілері

Бағалау сатылары

Деңгей

Керемет Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Қасық, құралдар мен жабдықтар (резина ыдыс, шпатель, пластырь, масса мен суды өлшеу ыдысы) қолдану.  12 9 6 0
2. Дайындау реттерін сақтау ережелері: қасықты таңдау, альгинатты масса, массаны қасыққа салу. 12 9 6 0
3. Массасы бар қасықты ауыз қуысына енгізу (дәлдеу, батыру,бекіту.) 20 15 10 0
4. Қалып алынған қасықты ауыз қуысынан алу, қалыпқы зарарсыздандыру, қалыптың сапасын бағалау. 20 15 10 0
5. Қалыпқа қойылатын талаптар: қасықтың тіс қатарына сәйкестігі. 12 9 6 0
6. Қалып алу массасы мөлшерінің, ұнтақ пен судың қатынасының, альгинатты массаның сапасының (кеуекті, гомогеньді) сәйкестігі. 12 9 6 0
7. Қасықтағы қалыпты бекітудің төзімділігі, анық, тістің қатты тіндерінің, окклюзия (кесу шегі, бүдірлер, фиссуралар) бедерінің, жанасу нүктелері, тіс мойыншасы мен альвеоляр бөлігінің қызылиегінің ақаусыз болуы.  12 9 6 0

Жоғарғы балл – 100

БАҒАЛАУ РУБРИКА

Клиникалық кезеңді орындау

Бағалау сатылары

Деңгей

Керемет Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Протездің дайындау кезеңін дұрыс анықтады 12 9 6 0
2. Эргономика тәртібін сақтады 12 9 6 0
3. Құралдарды дұрыс таңдады 12 9 6 0
4. Материлдардыдұрыс таңдау 12 9 6 0
5. Клиникалық кезеннің жүргізу реттілігін сақтады 16 12 8 0
6. Кезең бойынша керекті манипуляцияларды жүргізді 12 9 6 0
7. Клиникалық кезеннің жүргізу сапасын бағалады 12 9 6 0
8. Науқасқа қажет кеңес берді 12 9 6 0

Жоғарғы балл – 100

БАҒАЛАУ РУБРИКА

Бекітушы материалдармен жұмыс істеу

Бағалау сатылары

Деңгей

Керемет Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Бекітушы материалды дұрыс таңдады 16 12 8 0
2. Керекті құралдарды дұрыс таңдады 16 12 8 0
3. Материалдың қатынасын сақтады 20 15 10 0
4. Араластыру реттілігін сақтады 16 12 8 0
5. Материалдың консистенциясы дұрыс сақталды 16 12 8 0
6. Материалды протез ішіне дұрыс толтырды 16 12 8 0

Жоғарғы балл – 100

БАҒАЛАУ РУБРИКА

Тістерді винирге арнап егеу

 

Бағалау сатылары

Деңгей

Керемет Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Егелеуге керек тістер дұрыс анықтады 12 9 6 0
2. Тапсырмаға қажетті құрал-жабдықтар дұрыс таңдады 12 9 6 0
3. Егелеу сатысын дұрыс өткізді 20 15 10 0
4. Тісті егелеу кезінде борды дұрыс және дәйекті қолданды 20 15 10 0
5. Егелген винир астындағы тіске талаптар анықтады 12 9 6 0
6. Егелеу сапасын бағалады 12 9 6 0
7. Окклюзиялық қатынасты тексерді 12 9 6 0

Жоғарғы балл – 100

 

БАҒАЛАУ РУБРИКА

Тістерді салмаға арнап егеу

 

Бағалау сатылары

Деңгей

Керемет Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Егелеуге керек тістер дұрыс анықтады 12 9 6 0
2. Тапсырмаға қажетті құрал-жабдықтар дұрыс таңдады 12 9 6 0
3. Егелеу сатысын дұрыс өткізді 20 15 10 0
4. Тісті егелеу кезінде борды дұрыс және дәйекті қолданды 20 15 10 0
5. Салмаға қуыс дұрыс жасады 12 9 6 0
6. Егелеу сапасын бағалады 12 9 6 0
7. Окклюзиялық қатынасты тексерді 12 9 6 0

Жоғарғы балл – 100

БАҒАЛАУ РУБРИКА

Миликевич бойынша ТОББИ анықтау

 

Бағалау сатылары

Деңгей

Керемет Жарамды Түзету қажет Жарамсыз
1. Керекті тістідұрыс анықтады 24 18 12 0
2. Блэк бойынша тістің ақауын дұрыс анықтап сипаттады 24 18 12 0
3. ТОББИ дұрыс есептеді 28 21 14 0
4. Протездің конструкциясын дұрысанықтады 24 18 12 0

Жоғарғы балл – 100

БАҒАЛАУ РУБРИКА


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: