Г) 10-тен 25 мА дейін 6 страница

1. А категориясына жарылыс-өрт қауіпті бөлмелер жатады.

Олар:

- от алу температурасы 28 о С жоғары емес жанғыш газдардың, тез тұтанғыш сұйықтардың мөлшері сондай, олардың жарылыс қауіпті бу-газ-ауа қоспалар пайда болып, тұтанған жағдайда бөліме ішінде жарылыстың есептелген артық қысымы 5кПа асатын болады.

- сумен, ауа оттегісімен не бірімен бірі әрекеттескенде жарылатын және жанатын мүмкіншілігі бар заттар мен материалдың мөлшері сондай, бөліме ішінде жарылыстың есептелген артық қысымы 5кПа асатын болады.

Автокөлік кәсіпорнында бұл категория мынандай бөлмелер жатады: аккумляторды зарядтайтын сақтайтын бөлме, сырлайтын және бояулар дайындайтын бөлімше, газ генератор және ацетилен бөлмесі, сыр-бояу материалдары, жанатын отын және майлайтын майлар қоймалары тағы сол сияқты.

2. Б категориясына жарылыс - өрт қауіпті бөлмелер жатады. Олар жанатын шаңдардың немесе талшықтардың, от алу температурасы 28°С жоғары тез тұтанғыш сұйықтардың мөлшері сондай, олардың жарылыс қауіпті шаң – ауа немесе бу-ауа қоспалары пайда болып, тұтанған кезде бөлме ішінде жарылыстың есептелген артық қысымы 5 кПа асатындай болады.

АКК көлемінде буларға жатады: сырлайтын жене сыр дайындайтын бөлімше; от алу температурасы 28°С жоғары бояу материалдар, жанатын жене майлайтын майлар қоймалары; жанғыш газдар және от­тек баллондар қоймасы; жанатын тозаны бар цехтар т.с.с.

3. В категориясына өрт қауіпті бөлмелер жатады. Оларда А және Б категорияларына жатпайтын сумен, ауа оттегісімен не бір бірімен әрекеттескенде тек қанажанатын мүмкіншілігібар тез тұтанғыш, жанғыш және баяу жанғыш сұйықтар, жанғыш және баяу жанғыш қатты заттар мен материалдар болады.

АКК жағдайында бұларға жатады: ағаш өңдейтін, обой жөндейтін, шинаны вулканизациялап жөндейтін цехтар; автомобилдерді қоятын, күту және жөндейтін зоналар; көмір, резенке, химикат, көмекші және майлайтын материалдар құймалары т.б.

4. Г категориясына өрт қауіпті бөлмелер жатады. Оларда:

- ыстық, қызған немесе балкыған күйде өндеу процесі сәулелі жылу, ұшқындар және жалын шығуымен болатын жанбайтын заттар мен материалдар бар болады;

- жағатын отын ретінде пайдаланылатын жанғыш газдар,сұйықтар және катты заттар бар болады.

АКК-да бұларға жатады: ұста, пісіру, мыстау учаскелері, котельная, двигателді сынау станциясы т.б.

5. Д категориясына өрт қауіпсіз бөлмелер жатады. Оларда салқын күйде пайдаланылатын жанбайтын заттар мен материалдар болады.

АКК көлеміндё бұларға жатады: автомобилдерді жуу бөлмесі, слесарлық, механикалық, агрегаттық және қаңылтырлық учаскелер, компрессор бөлмесі; двигатель, агрегат,. запас бөлшектер,темірлері қоймалары т.б.

Кәсіпорындарды жобалау барысында өрт қауіптілік категориясы салынатын үйлердің қажетті отқа төзімділік дәрежесін және олардың қабаттылығын (этаждылығын) анықтау үшінең басты фактор болып есептеледі.

 

Құрылыс материалдары мен конструкцияларының жанғыштық дәрежесі бойынша топтасуы

 

Құрылыс материалдары мен конструкцияларының тұтануға қарсы төзімділігі және жану процессінін тоқталуы жөнінде едәуір айырмашылықтары болады. Материалдардың бұл қасиеттері олардың жанғыштығын, яғни өрт туғызу кауіптілігін сипаттайды.

Сонымен материалдар мен конструкциялардың жанғыштығы деп олардың от және жоғары температураға төзімділік (карсылық) көрсету қабылеттілігін айтады. Барлық құрылыс материалдары мен конструкциялары жанғыштық дәрежесі бойынша үштопқа бөлінеді: жанбайтын, баяу жанатын және жанатын болып (СНиП 2.01.0285).

1. Жанбайтын материалдар от не жоғары температураның әсерінен тұтанбайды, бықсымайды, көмірленіп күймейді. Оларға жататындар: барлық табиғи және жасанды органикалық емес материалдар, құрамында органикалық масса 8% дейін гипс және гипс талшықты плиталар, құрамында синтетикалық, битумдық не крахмалдық біріктіргіш зат 6% дейін минерал талшықты плиталар, құрылыс металлдар. Жанбайтын материалдардан жасалған конструкциялар жанбайтын деп аталады.

2. Баяу жанатын материалдар от не жоғары температураның әсерінен әрен дегенде тұтанып, бықсып, көмірленіп тек от көзі бар болғанда ғана жанады, ал егер оны алып тастаса, жану тоқталады. Бұларға құрамында жанбайтын және жанатын бөліктері бар материалдар жатады, мәселен, құрамында органикалық толтыргыш массасы 8% артық асфальбетон, гипс және бетон материалдары, битум біріктіргіш массасы 7-15 % минералды плиталар; цемент фиб­ролит антипирен сіндірілген ағаш; балшық ертіндісіне малынған киіз; кейбір полимерлік материалдар; балшық-сабан материалдары т.б.

Баяу жанатын және жанбайтын заттармен енделген жанатын материалдардан жасалған конструкциялар баяу жанатын деп аталады.

3. Жанатын материалдар от не жоғары температуранын әсерінен тұтанып немесе бықсып, ал от көзін алғаннан кейінде әрі қарай жана береді. Бұларға барлық органикалық материалдар жатады: ағаш, толь, киіз, резенке, кағаз, картон т.б.

От пен жоғары температурадан ңорғалмаған жанғыш матери дан жасалған конструкциялар жанатын деп аталады.

Құрылыс материалдары мен конструкцияларынын жанғыштық дәрежесі үйлердің отқа төзімділік дәрежесін анықтауда есепке алынады.

 

Құрылыс конструкцияларының от төзімділігі бойынша топтасуы

Үйлер мен құрылыстардың өрт қауіпсіздігі олардың конструкциялары-ның от төзімділігімен байланысты болады. Құрылыс конструкцияларының от төзімділігі деп өрт кезінде жоғары температураның әсеріне қарсыласып, өзінің пайдалану міндетін атқару қабылеттілігін айтады. От төзімділік конструкциялардың басты сипаттамаларының бірі болып есептеледі, СНиП нормаларымен белгіленеді. Оның көрсеткіші ретінде от төзімділік шегі қолданылады. Ол көне эксперименттік әдістермен анықталады, бірақ оны есеппенде табуғаболады

Құрылыс конструкцияларының от төзімділік шегі деп сынау кезінде олардың жоғары температураның әсерінен өзінің көтергіш және қорғауда қабылеттілігін жоғалту уақыт мерзімін айтады (сағатпен). Әр консртукцияның от төзімділік шегі мынандай көрсеткіштермен анықталады:

1. Конструкцияны тесіп өткен жарық немесе санылау пайда болуы.

2. Конструкцияның екінші бетінде температура алғашқы температура-дан 160°С-қа, ал сол беттін қай нүктесінде болмасын 100 С-қа артуы немесе алғашқы температураға байланыссыз температурасы.220°С-тан асуы.

3. Конструкция көтергіш қабылеттілігінен айырылу, яғни оның қирауы:

Әр құрылыс конструкциясының от төзімділік шегі оны өлшемі және материалының физикалы-механикалық касиеттерімен байланысты болады.

Үйлер мен басқа құрылыстардың от тозімділік дәрежесі олардың басты конструкциялық элементтерінің от төзімділігімен анықталады. СНиП 2.01.02-85 сәйкес үйлердін от төзімділігінің бес дәрежесі белгіленген: І, ІІ, ІІІ, ІІІа, ІІІб, ІV, ІVа, V.

Әр үйдің от төзімділік дәрежесі оның этаждылығы және өрт қауіпті категориясы бойынша анықталады. Салынатын үйдің қандай от төзімділік дәрежесіне жатқызу үшіноның барлық конструкциялық элементтерінің жанғыштығы және от төзімділік шегі сол дәрежеге белгіленген нормалардан кем болмау керек.

Бірнеше элементтердің от тезімділік шегін жоғарлату бүкіл үйді жоғары от төзімділік дәрежеге көтеруге мүмкіндік бермейді. Ал тіпті бір элементтік от төзімділік шегін төмендету не оның жанғыштығын өзгерту бүтіндей үйдіңот төзімділік дәрежесін төмендетеді.

ӨРТТЕН ҚОРҒАНУ ШАРАЛАРЫ

Өртке қарсы кедергілер

Өрт кезінде от жалынының үй көлемінде жайылып, өрістеуін шектеу үшгн әртүрлі кедергілер орнатылады: өртке қарсы қабырға (брандмауэр),, жабын, қалқа, есік, қақла, үй аралығы, люк,там­бур, шлюз т.б. Бұл кедергілер жанбайтын материалдардан жасалынады.

Бранмауэр дегеніміз от төзімділік шегі 2,5сағаттан кем емес жанбайтын бітеу қабырға. Ол фундаментке орнатылып, үйдің барлық элементтерін тігінен кесіп өтіп, шатырдан 30-80 см жоғары шығьп тұрады. Брандмауэрлер ішкі, сыртқы, көлденең-және бойлық болып келеді.

Брандмауэрлер үйдібірнеше бөліктерге бөледі.Сондықтан, егер өрт бір бөлікте шыққан болса, от бұл қабырғадан өтпей басқа бөліктерге тарамайды. Сөйтіп өрттін өрістеуі азаяды.

Брандмауэрда есіктер мен қақпалар отқа жанбайтын немесе баяу жанатын материалдан жасалады, олардың от төзімділік шегі 1,2 сағаттан кем болмауы жөн. Брандмауэр тесіктерінің жалпы ауданы оның ауданының 25% аспауы керек.

Бір үйде бірнеше брандмауэр болуы мүмкін. Олардың саны үйдің өрт қауіптілік категориясы, от төзімділік дәрежесі, этаждылығы және ауданы бойынша аныкталады.

Өртке қарсы төбе жабындары көп қабатты үйлерде қолданылады. Олар үйдің тік бойымен оттың этаждан этажға тарамауын қамтамасыз етеді. Бұл жабындар жанбайтын құрама не тұтас темір бетон түрінде болады. Олардың от төзімділік шегі 2,5 сағаттан кем болмау керек.

Өрт бір үйден екінші үйге ауыспау үшін олар бір-бірінен тиісті аралықта болу керек. Бұл аралықтың шамасын анықтауда көрші үйдің жану мүмкіншілігінбасты себебі өрт жалынынан шығатын жылу сәулелері екендігі есепке алынады.

Өрттен сақтық аралықтың мөлшері үйлердің өрт қауіптілік категориясы мен от төзімділік дәрежесі бойынша белгіленеді, ол нормаға сәйкес 9-18 м тен болады.

Өрт кезіндө көп мөлшерде түтіңшығады. Оның құрамында улағыш заттар болады. Түтін өрттенген үйден адамдарды шығаруға және өрт сөндіру жұмыстарынжүргізуге кедергі жасайды. Сондықтан өрт шалған үйден түтінді шығару үшін арнайы люктар тағы басқа құралдар қолданылады. Олар өрт шыққан кезде қолмен не автоматтық әдіспен іске қосылады.

Өрттенген үйден адамдарды көшіру (эвакуациялау)

Өрт шыққан кезде адамдарды (дүние-мүліктерді де) бөлмелерден қауіпсіз және тез шығару үшін үйлерді жобалау және салу барысында шығыс есіктері мен жүріс жолдары белгіленеді. Олар адамдардың қысқа жолмен және аз уакыттың ішінде сыртқа кауіпсіз шығуын қамтамасыз ету керек.

Бірақ барлық шығыс есіктері (ойықтары) эвакуациялық ретінде бола бермейді. Эвакуамиялық (көшіру) шығыс деп есіктерді тағы басқа ойықтарды айтады, егер олар:

1. Бірінші қабатта сыртқа тура немесе коридор, вестибюль, батқыш алаңы арқылы шығаратын болса.

2. Басқа қабаттарда сыртқа шығысы бар батқыш алаңына тура немесе соған жеткізетін коридорға не басқа өтетін жерге шығаратын болса.

3. Сол қабатта сыртқа шығыс жолдары бар іргелес бөлмеге шығаратын болса.

Бөлмелердін эвакуапиялық шыгыс есіктері екіден кем емес және әр жерде орналасқан болу керек.

Эвакуациялық жолдар деп адамдардың қауіпсіз жүруін қамтамасыз етіп, оларды сыртқа шығаратын есіктерге жеткізетін жолдарды айтады. Оларға жататындар: саты, коридор, фойе, галерея т.б. Лифт эвакуациялық жол ретінде есепке алынбайды. Барлық эзакуациялық 1 жолдар табиғи немесе жасанды жарықпен жабдықтану керек.

Ең алыс жұмыс орны мен сыртқа не басқыш алаңына шығаратын есіктін аралығы үйдің өрт қауіптілік категориясы, от төзімділік дәрежесі және көлемі бойынша анықталады (40-240 м).

Эвакуациялық шығыс есіктері мен жүріс жолдарының ені де өрт қауіптілік категорияға, от төзімділік дәрежеге және адам санына сәйкес нормамен қабылданады (0,6 м кем болмау керек). Жүретін жерлердің биіктігі 2 м артық болғаны жөн.Жүретін жолдардың едені тайғанақ болмауы кажет. Адамдарды өртенген үйден қажетті эвакуациялық уақыты оның өрт кауіптілік: категориясы мен көлемі бойынша СНиП 2.01.02-85 нормаларыман белгіленген, ол 0,5т-3 мин тең болады.

Барлық эвакуациялық шығыс есіктері және жүріс жолдары әрқашан бос болу керек. Өрт кезінде адамдарды, дүние-мүлікті, автомобилдерді тез кешіру үшін қажет:

1. Территорияны керексіз заттармен ластамау.

2. Өтетін және жүретін жерлерді ңокырсытпау.

3. Автомобилдердің санын жобалау мөлшерінен асырмау.

4. Запас қақпалар мен есіктерді заттармен басып тастамау.

Белсенділік әдіспен өрт сөндіру құралдары.

Өрт сөндіру үшін әр кәсіпорында су құбырлары жүиесін орналастыру керек. Су құбырлары сыртқы (далада жер астында) және ішкі (үй ішінде) болып бөлінеді. Су алу үшін сыртқы құбырлар жүиесінде арнайы жасалған өрт гидранттары, ал ішкі құбырларда өрт крандары орнатлады. Суды өрт болған жерге жеткізу үшін өрт шланглерімен ствлодары (брандспейттар) қолданылады.

Өрт қауіпті жоғары өндірістерде өртті автоматтық әдіспен сөндіру үшін стационарлық сөндіргіш құрылғылары пайдаланылады. Олар спринклер және дренчер қондырғылары. Спринклер өрт сөндіру қондырғысы бөлменің жоғарғы жағында, төбенің астында орнатылған құбыр торынан және онда қондырылған спринклер бастарынан (головкаларынан) тұрады.

Спринклер басының ауыз тесігі тығырмен бітелген, ал тығын тез балқитын дәнекермен жапсырылған пластинкалармен бекітілген. Егер өрт кезінде ауаның температурасы белгілі мөлшерден жоғары көтерілсу, дәнекер балқып, пластинкалар түсіп, тығын ашылып су ағады.Бір сринклер головкасы еденнен 9-12 м2 ауданын суландырады. Оның жұмыс істеуімен бірге өрт туралы белгі береді.

Дренчердің спринклерден айырмашылығы оның головкасы әрқашан ашық болады. Егер өрт басталса су басқа жерден кранды қолмен немесе автоматпен ашу арқылы беріледі. Дренчер өрт кезінде бөлменің барлық ауданын бір мезгілде суландырады.

Спринклермен дренчерде өрт сөндіргіш зат ретінде негізінде суды пайдаланылады.Бірақ кейбір жағдайда судың орнына басқа заттарды қолдануға болады (көбік,инертті газ,ұнтақ составтар т.б.).

Бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдары

Бірінші қолданылатын өрт сөндіру құралдарына жататын жабдықтар: шланг және стволмен жабдықталған өрт крандары, әр типті от сөндіргіштер, құм толтырылған жәшіктер, керекті сайман ілінген өрт тақталары, су құйылған ыдыстар әр түрлі жабқыштар. Бұларды бірінші деп атайтыны олар өрт шыққан жағдайда ең алдымен қолданылатын сөндіргіш құралдары болып саналады. Бұл құралдардың ең көп тарап, кең түрде пайдаланатыны қол от сөндіргіштері болады. Олар химиялық көбіекті, ауа көбікті, көмірқышқылды, аэрозольды т.б. түрлі өрт сөндіргіштер болып бөлінеді. Бұлардың ішінде ең көп қолданылатыны химиялық көбікті,көмір қышқылды және ұнтақты өрт сөндіргіштер.

1. Химиялық көбікті өрт сөндіргіштер. От сөндіргіш ОХП-10 жанған қатты және сұйық заарды сөндіруге арналған. Бірақ онымен электор тогы бар қондырғыларды, қымбат бұйымдарды, сілті металдарды (натрий, калий т.б.) сөндіруге болмайды.

От сөндіргіш ОХП-10 мынадай бөлшектерден тұрады: баллон, стақан, оның аузын жабатын клапан, тесік, чугун қақпақ, тұтқа. Балонға сілті ертіндісі (8,7 л су, 400 г натрий бикарбонаты NaHSO3, 50 г солодтық экстрат – көбік шығарғыш) құйылады, стақанға 450см3 күкірт қышқылымен темірдің күкірт қышқыл тотығының қосындысы құйылады.

Бұл от сөндіргішті жұмысқа қосу үшін ең алды оның тесігін тазалау керек, сосын үстіндегі тұтқаны1800С қайырып аудару керек. Бұл жағдайда клапон жоғары көтеріліп стақанның аузын ашады. Содан кейін өрт сөндіргішті төнкеру керек, сонда стақандағы қышқыл заряд баллондағы сілті зарядпен қосылып, олардың арасында химиялық реакция жүріп көмірқышқыл газы пайда болады. Ол газ баллон түбіне жиналып, қысым жасап, баллон ішіндегіт сүйық затты сығып тесік арқылы көбікті шапшытып ағызады. Көбік ағысын өрт жаққа бағыттау керек. Оның от сөндіру әсері мынада: от жалынын ығыстырады, жанған заттың бетін жауып оны ауадан аластайды және біршама салқындатады. Көбік ағысы 8 м дейін жетеді, от сөндіргіштің жұмыс істеу мерзімі 60 секунд. Бұл от сөндіргішпен электр тогы бар қондырғыларды сөндіруге болмайды, өйткені көбік ағысы электр тогын өткізіп адамды жарақаттау мүмкін.

2. Көмірқышқыл өрт сөндіргіштер. От сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 шағын өрт ошақтарын, тогы бар электр қондырғыларды, қымбат заттарды қолдану үшін қолданылады. Бұл от сөндіргіш болат баллоннан, сифон түтіктен, вентелден, моховиктен, раструктан тұрады.

Баллон (0,9 көлемі) сұйықталған көмірқышқыл газбен СО2 толтырылған. От сөндіргішті жұмысқа қосу үшін оны қолға алып, раструкты өрт жаққа қаратып, маховикті бұрып ашады. Бұл жағдайда сұйық газ сифон түтікпен жоғары көтеріліп раструпқа шыққанда ол біршама кеңейіп біразы буға айналады. Соның салдарынан раструктцң ішінде температура біршама төмендейді (-790С), сұйық газ қатты салқыннан қар түріне айналады. Сол қар массасы өрт зонасына түскенде лезде газға айналып өрттің жылуын азайтады, температурасын төмендетіп салқындатады. Сонымен қатар шыққан газ өрт ошағында ауа оттегісінің мөлшерін азайтып жану реакциясын тоқтады. Бұл от сөндіргіштердің жұмыс істеу уақыты 30-60 секунд.

3. Ұнтақты құрғақ от сөндіргіштер. Бұл от сөндіргіштерді ОПС-10, ОП-8У1 тогы бар электор қондырғыларды сілтілік металдарды сөндіруге арналаған. Мынандай бөлшектерден тұрады: корпус, кішкене баллон, чугун қақпақ, тескіш, пистолет.

От сөндіргіштің корпусы құрғақ ұнтақпен (поташ, натрий бикорбонаты т.б.) толтырылған, баллонда сығылған ауа немесе көмір қышқыл газы бар. От сөндіргіш жұмыс істеу үшін тескішті ұру керек, ол баллонның тығынын теседі, одан шыққан газ ұнтақты көпіршітіп шланг арқылы пистолеттен отқа қарай аэрозоль ағысын туғызады. Ұнтақ жанған заттардың бетін жауып оны ауадан аластайды және біршама салқындатады. Бұл от сөндіргіштердің жұмыс істеу уақыты 40-80 сек.

9-дәріс

Әрекеттегі электр қондырғыларда және электрмен жабдықтау жүйесінде қауіпсіз жұмыс жасаудың негіздері

Электр жабдығын монтаждаған, жөндеген және оған техникалық қызмет көрсеткен кезде жұмыстардың әр алуан түрлерінің көп саны жасалады. Олар өзара сипаты, еңбек сыйымдылығы, көлемі және оларды орындау жағдайлары, шарттары бойынша ерекшеленеді. Бұл жағдайлар оларды тиісті техникалық сипаттамалармен орындау үшін әртүрлі механизмдерді, құрылғыларды және құрал-саймандарды қолдану қажеттігіне себепкер болып отыр. Оларды дұрыс және дәлелді қолдану жұмыстардың жоғары сапасын қамтамасыз етуге, еңбек өнімділігін арттыруға, қауіпсіздіктің жоғары деңгейі кезінде электр жабдығын монтаждау және жөндеу мерзімдерін қысқартуға мүмкіндік жасайды.

Монтаждау және жөндеу жұмыстары қол құрал-сайманымен немесе механикаландырылған құралдармен және құрылғылармен орындалуы мүмкін. Жұмыстарды қол құрал-сайманымен орындау айтарлықтай еңбек сыйымдылығымен сипатталады. Механикаландыру құралдарын пайдалану қол еңбегін жеңілдетеді және еңбек өнімділігін арттырады.

Монтаждау және жөндеу үшін қолданылатын машиналар, құрал-саймандар және құрылғылар келесідей топтарға бөлінуі мүмкін: үлкен механикаландыру құралдары; шағын механикаландыру құралдары; қол құрал-саймандары; көтеру-тасымалдау және такелаж жұмыстарына арналған механизмдер және құрылғылар.

Үлкен механикаландыру құралдары

Үлкен механикаландыру құралдарына: монтаждау және тиеу-түсіру жұмыстары үшін қолданылатын машиналар және механизмдер (өздігінен жүретін монтаждау крандары, құбыр төсегіштер, телескопиялық мұнаралар және гидравликалық көтергіштер, электр-автотиегіштер, жүк көтергіш машиналар); кабель құрылыстарын, электр берілісінің әуе желілерін және т.с. салуға арналған машиналар (жер қазатын машиналар, экскаваторлар, шұңқыр бұрғылағыштар, бұрғылау және бар қондырғылары); электр және пневматикалық механикаландырылған құрал-саймандардың және құрылғылардың жетегіне арналған жылжымалы генераторлар және компрессорлар; ұтқыр мамандандырылған бригадалармен электр монтаждау жұмыстарының жекелеген түрлерін және электр жабдығының сынақтарын жүргізуге арналған технологиялықстанциялар және автоэлектролабораториялар жатады. Мұндай станциялар жұмыстардың белгілі бір түрін орындау үшін қажет электр жабдықтарын сынауға және параметрлерін өлшеуге арналған механизмдердің, құрал-саймандардың, сондай-ақ аппаратураның және аспаптардың жинағы болып келеді. Шағын станцияларды монтаждауды; өнеркәсіп кәсіпорындарының шиналарын, электр жабдықтарын құрастыруды; кабель жұмыстарын және т.б. механикаландыру жөніндегі станциялар кең қолданысын тауып отыр. Осындай станциялардың жабдығы фургон түріндегі автомобильдердің кузовында немесе тіркемесінде орналасады.

Шағын механикаландыру құралдары және қол құрал-сайманы

Шағын механикаландыру құралдарымонтаждау, жөндеу жұмыстарын және басқа жұмыстарды жүргізетін жұмысшылар қолданатын машиналарды, механизмдерді, құрылғыларды және механикаландырылған құрал-сайманды қарастырады. Қолданылатын қуаттың түрі бойынша олар электр, пневматикалық және оқ-дәрілік болуы мүмкін.

Әртүрлі технологиялық операцияларды орындау үшін қол электр машиналары және механизмдері: бұрғылау және тегістеу машиналары, электр гайка және бұранда бұрағыштар, балғалар, перфораторлар және жүйек жасаушылар ең кең қолданысын тауып отыр.

Пневматикалық машиналардың артықшылықтары: конструкциясының қарапайымдығы, құрал-сайманның шамалы салмағы; артық жүктемеге жол берілетіндігі; жұмыстардың жоғары сенімділігі және қауіпсіздігі. Алайда, мұндай машиналарды пайдалану қысылған ауа көздері бар жерлерде мүмкін болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: