Г) 10-тен 25 мА дейін 3 страница

Изоляцияны қолданғанда қорғанудың дәрежесі изоляцияның кедергісіне байланысты. Иззоляцияның кедергісі неқұрлым көп болса соғұрлым оның қорғау қасиеті жоғары болады.

Адамдарды эл.тоғының қауіптілігінен қорғау үшін изоляцияны сынау мен бақылау өткізіледі. Электр желісін пайдалануға бергенде және жөндеу жұмысын жүргізгеннен кейін изоляцияны жоғары кернеумен сынайды. Пайдалану кезінде фаза мен жер және әрбір фазалар арасында изоляия кедергісі мегомметрмен өлшенеді.

Егер тоқ өткізетін бөліктерді қорғау тиімсіз болса, оларды қол жетпейтін жерге орналастырады. Бөлмелерден тыс жерлерде тоқ өтетін бөліктер, сымдарды 6 метр биіктікке орналастырады. Бөлме ішінде тоқ өтетін бөліктерді 3,5 метр биіктікке орналастыру қажет.

Жұмыстық изоляция - электр қондырғыларының тоқ өтетін бөліктерінің электрлік изоляциясы, электр тоғынан қорғануды және бір қалыпты жұмыс істеуін камтамасыз етеді.

Қосымша изоляция - жұмыстық изоляцияға қосымша электрлік изоляция және ол жұмыстық изоляция бұзылған кезде электр тоғынан қорғайды.

Косарланған изоляция - жұмыстық және қосымша изоляциядан тұрады.

Күшейтілген изоляция - ол жақсартылған жұмыстық изоляция және ол косарланған изоляция сияқты электр тоғынан қорғайды.

 

 

Нольдену төрт сымды үш фазалы кернеуі 1000В дейінгі жүйеде қорғаушы құрал ретінде қолданылады.

Металлдан тұратын тоқ өткізбейтін бөлшектің нолдік қорғағыш сыммен электрлік жалғануы нольдену деп аталады.

Нолденудің мақсаты- бір фазалық қысқаша тұйықталу кезінде корпустің тесілуінен сақтау, қорғанудың жұмыс істеуін, қысқа мерзімде электрқондырғыны қорек көзінен ажыратады.

Қорғаушы құрал ретінде-ерігіш қорғағыштар немесе автоматты ажыратқыштар қолданылады. Үлкен тоқ көзі пайда болғанда ерігіш қорғағыштар жанып кетеді немесе автоматты электромагнит ажыратқыштар ажырайды. Бұл жағдайда тізбек ажырайды. Сонымен бірге электр қондырғы ажырайды. Корпусқа тұйықталған кезде нолдену қорғағыш жерлендіру ретінде жұмыс істейді. Себебі корпус нолдік сыммен және жерлендіру нейтралды кедергісімен (R0) жерлендірісген. Бұл жағдайда корпустің кернеуі жермен жермен салыстырғанда төмендейді.

Нолдік қорғағыш сым ток көзі нейтралына дейін сенімді тізбек құрайды. Сондықтан нолдік қорғау сымының тізбегіне қорғағыш, ажыратқыш жалғауға болмайды. Барлық жалғау пісіру (сварка) арқылы орындалады.

Нолдендіру қондырғысында қорек көзінің нейтралын жерлендіру қажет. Бұл нолдік сымдағы кернеуді төмендетеді.Егер нолдендіру кезінде жерге түйықталғанда, корпустық нейтралы жерлендірілмегенде, нолдік сым фазалық кернеуде болса оған жанасу өмірге қауіпті.

Нолдік қорғаныс сым міндетті түрде қайта белгілі бір қашықтықтан кейін жерлендірілуі қажет.

Жабдықты қорғау кезіндегі ағыту.

Егер тоққа түсу қаупі пайда болғанда электр қондырғының автоматты түрде ағытылуы қорғанудың жедел түріне жатады.

Бұндай қауіп

- электр қондырғысының корпусінде кернеу болса,

- фаза жерге тұйықталса

- сымдардың изоляция кедергісі төмендегенде болады.

Одан қорғану үшін қорғаныс ажырату қондырғысын қолданады. Ол дербес қорғау қондырғысы болып есептеледі, қорғау жерлендірі немесе нолдендіру орнына қолданылады.

УЗО жұмыс                                                    

Корпус пен қосымша жерлендіру арасында РН кернеу релесі қосылған. Егер 1 фаза тесілсе корпуста кернеу пайда болады. Егер кернеу шектелген кернеуден асып кетсе РН кернеу релесі іске қосылады. АВ автоматты ажыратқыш тізбегіндегі ОК ажыратқыш катушка іске қосылады. Электр қондырғы тоқтан ажырату УЗО жерлендіру мен нолдендірудің тиімділігі аз желіде қолданылады.

Артықшылығы:

Қарапайымдылығы

Кемшілігі

- өзін өзі бақылау мүмкіншілігі жоқ

- сараптау орындалмайды

- қосымша жерлендіру қолданылады.

 

Жоғарға кернеуден төменгі кернеуге өту кезіндегі қорғану.

 Желілердің электрлік бөлінуі.

Соңғы жылдары электр қондырғыларында жұмыс істеу кезінде, қауіпсіздікті қамтамассыз ету үшін 42В дейінгі төменгі кернеу қолданылады. Әдетте Бұл аса қауіпті және қауіптілігі жоғары электр қондырғыларды жұмыс істеген кезде тиімді. Төменгі кернеу көзі ретінде батареялар, аккумуляторлар, трансформаторлар қолданылады. Төмендеткіш трансформаторларды қолданғанда бірінші тізбектегі кернеу екінші тізбекке ауысу жағдайы болуы мүмкін. Бұндай ауысулар изоляция тесілген кезде немесе бірінші және екінші орам тұйықталғанда болады. Мұндай ауытқудың болуы электрқабылдағыштың екінші тізбегігің изоляциясы бірінші тізбектің кернеуіне есептелмеген. Сондықтан қысқа тұйықталу және қауіпті жоғарғы кернеу пайда болады. Мұндай жағдайда қорғану шарасы ретінде нейтралды нүктенің жерленуі болып табылады.Егер төрт сымды желі қолданылса, нолдік сымның қайта жерленуі кернеуді аса төмендетіп жібереді. Жоғарғы кернеулі үш сымды желіде изоляцияланған нейтралды нолдік нүкте жерленумен жалғанады.  Қорғағыш қондырғы екі дискілі электродтан тұрады. Екінші тізбектегі кернеу пайда болған кезде, тоқ тізбегі жерлендіру арқылы тұйықталады. Жерге байланысты фаза кернеуі төмендейді

Электр тоғының қауіптілігін төмендету үшін желілердің электрлік бөлінуі қолданылады. Электрлік желілердефаза сиымдылығы жерге байланысты көбейеді, ол иззоляция кедергісі неғұрлым аз болғанда, тоқтың қауіптілігі соғұрлым көп болады.Желілердің электрлік бөлінуі өзара байланысты емес, оның бөліктері сыиымдылықты азайтып, изоляция кедергісін көбейтеді. Желінің бір фазасын адам жанасқанда ол өзге екі фазалық иззоляциясының қорғаында болады.

Желілердің электрлік бөлінуі бөлгіш трансформатор арқылы орындалады. Энергия қабылдағыш трансформатор арқылы желіге қосылады. Оның трансформация коэффиценті 1:1 болады. Желілердің электрлік бөлінуі 1000В дейінгі электр қондырғысында қолданылады. Олар қауіптілігі жоғары жағдайда қолданылады. Электрқондырғыларда жұмыс істеу кезінде ең басты назар аударатын жай, иззоляцияның сапасына, бүтіндігіне көңіл қою керек Себебі ақау болған жағдайда, фаза жермен тұйықталғанда, адам организіміне линиялық кернеу әсер етеді.

 

 

Электр қондырғылармен жұмыс істеуде қауіпсіздікті қамтамассыз ететін шараларды ұйымдастыру.

Электр қондырғыларда жұмыс істеудің барлық түрлерін: әкімшілік, техникалық, кезекші, жедел жөндеу қызметкерлері атқарады. Жұмыс барысында қауіптілік дәрежесі жұмыстың орындалу жағдайына тәуелді екенін ескеру керек.

Электр қондырғыларда жұмыс істеу шарты түрде 4-ке бөлінеді:

1. Кернеуді толық ажыратып жүргізу;

2. Кернеуді жартылай ажыратып жүргізу;

3. Кернеуді ажыратпай электр қондырғының тоқ өтетін бөлшектерінің қасында жұмыс істеу.

4. Кернеуді ажыратпай электр қондырғының тоқ өтетін бөлшектерінен алыс жерде жұмыс істеу.

Жұмыс түріне байланысты жұмысты ұйымдастыру шаралары әр түрлі болады. Оладың түрлері: жұмысқа наряд толтыру, жұмысқа рұқсат беру, жұмыс уақытында бақылауды ұйымдастру, демалысты, өзге жұмыс орнына ауыстыруды белгілеу және жұмыстың аяқталу мерзімін көрсету.

Электр қондырғыларда барлық жұмыстар нарядпен, ауызша бұйрықпен орындалады.

Наряд дегеніміз – белгілі түрде бланкаға жазылған тапсырма. Нарядта бригада құрамы, жұмыстың басталатын және аяқталатын мерзімі, оның қауіпсіз орындалуы, қауіпсіздікке жауапты тұлға көрсетіледі.

Жұмыс қауіпсіздігіне жауапты адамдар- наряд беруші, жұмысқа рұқсат беруші, жауапты басқарушы адам, жұмысты орындаушы, бақылаушы, бригада мүшелері.

Наряд екі дана етіп жазылады. Нарядты түзетуге сызуға болмайды. Нарядтың орындалу мерзімі 5 тәуліктен аспайды.

Бригаданы жұмысқа жіберу наряд толтырылғаннан кейін орындалады. Жұмысқа рұқсат беруші жұмысшыларға жұмыс мәнін түсіндіріп электр қондырғылардың қай тоқ өтетін бөліктерінен кернеу ажыратылған, қайсысында кернеу бар, қандай қорғаушы құралдарын пайдалануға болатындығын айтады. Осыдан кейін бригада жұмысқа кірісе алады. Егер жұмысшы қауіптілігі жоғары жағдайда мысалы тоқ өткізетін бөліктер ажыратылмаған жағдайда жұмыс істесе, онда жұмысшыны тұрақты бақылау қажет. Бақылауды жұмысқа жіберуші жүргізеді. Бақылаушы жұмысқа қатынаспай тек қана қауіпсіздік техникасы қалай орындалып жатыр, қорғау құралдыры дұрыс орнымен пайдаланып жатыр ма? Соны бақылап, егер адам өміріне қауіпті жағдай пайда болса жұмысты тоқтатады.

Үзіліс кезінде бригада жұмыс орындарын босатады. Ол туралы нарядта белгі соғылады.

Жұмыс аяқталғанан кейін жұмыс орны толығымен жиналып, плакаттар мен щиттер алынып қауіпсіздендіру есіктері жабылып құлыптар салынады. Содан кейін наряд жабылады.

Жұмысты бір рет орындау үшін ауызша айтылған тапсырма беріледі.

Ауызша тапсырма тікелей немесе байланыс құралдары арқылы беріледі және жедел журналына тіркеледі.

Журналда тапсырма берген тұлғаның тегі, жұмысты орындаушы, бригада мүшелері және жұмыстың мазмұны, орны, орындалу мерзімі, техниалық және ұйымдастыру шараларының қауіпсіздігін қамтамассыз ететін шаралар тізімі жазылады.

 

 

4-дәріс. Қазақстан уран қоры бойынша дүние жүзінде 1 – ші орын, ал өндіру бойынша 3-ші орын алады. Дегенімен ядролық отынды өндіріп және оны қолдануға өнеркәсіп қарастырылмаған. Бірақ Қазақстан аумағына АЭС салыну жоспарлануда, себебі біздің елімізде жылына шамамен 17000-18000 тонна уран өндіріледі және уранның 100-ге жуық кен орындары барланған. Оның тең жартысы Солтүстік Қазақстан облысында орын алады. Ірі органогендік кен орындары Маңғыстау түбегінде кездеседі. Қазақстан бүкіл ТМД елдерінің ішінде ең қуатты уран минералдық базасы бар ел қатарында. Бұдан алды елімізде 1978-1999 жылдары Манғыстау обылысында Ақтау қаласында ең алғаш атом электр станциясы жұмыс істеген [Ә12. 17-бет.]. Қазақстан территориясы энергетикалық қатынасы бойынша үш жаңа аймаққа бөлінді.

 

1 кесте - Қазақстан аймақтарының энергетикалық сұранысы мен болжамы

Жылдар 2005ж. 2010ж. 2015ж. 2030ж.
 

Солтүстік және орталық аймақтар

 
Тұтыну 56,7-59 60,5-72 65-86 90-130
Өндіру  56,7-59 60,5-72 65-86 90-130
 

Оңтүстік аймақтар

 
Тұтыну 10,4-11 11-14 12-17,5 16,5-30
Өндіру 8,33-9,13 9,81-12,21 10,56-13,36 14,5-28
 

Батыс аймақ

 
Тұтыну 7,1-8 7,7-10 8,3-12,5 11,5-20
Өндіру 7,1-8 7,7-10 8,3-12,5 11,5-20

 

 

Алайда Қазақстанда АЭС 2018 жылы салынуы жоспарлануда. Салыну аймағы Курчатов қаласы мен Балқаш көліне жақын маңайда көздеп отыр. Дегенімен атом электр станциясын Қазақстан аумағына салуды кебіреулер қарсы. Себебі Чернобль мен Фукусимо-1 болған ауыр апаттық салдарынан халқы әлі күнге дейін зардабын шегуде [Ә6.260-бет. ].

АЭС-ның табиғи және техногендік сипаттағы әсерлер Атом электр станциясының артықшылығы мол болғанымен, оның кемшіліктеріде аз емес. Оның аса қауіпі табиғатқа мол көлемде жылу шығару мен радиоактивті қалдықтар.

АЭС электр энергияны жылудың негізінен алғандықтан қоршаған ортаға өте үлкен көлемде жылуды таратады. Станцияның жұмыс істеуіне байланысты атмосфераға 4-7 кДж жылу 1 кВт∙сағ бөлінеді. Санитарлық нормаға байланысты жылу шығыны агрегаттарды суытуға алынған су қорынан (өзен, көл, теңіз) 5оС қыста 3оС жазда аспау керек. Атом электр станцияның жұмыс істеу процессінде сұйық, газ тәріздес, аэрозольдік және қатты түрде қалдықтар қалыптасады. Бұл қалдықтардың барьерлық ұстаным арқылы шектеледі. Қалдықтардың атмосфераға тасталу нормасы болады (ҚТН). Оны 2 кестеге енгіземіз.

 

 

Радиациялық қалдықтардың атмосфераға тасталынуы

Радиациялық қалдық

ҚТН үлесі

Ағзының критикалық ұстаным тобы

% І ІІ ІІІ
Газдық қалдық 4 0,2 0,6 1,2
Аэрозольдік қалдық 4 0,2 0,5 1,2
Сұйық қалдық 1 0,05 0,15 0,3
Бәрі  9 0,25 0,75 0,75

 

Ескертпе. І-топ: бүкіл ағзаға; ІІ-топ: бұлшық етке, май, бауыр, өкпе, көз; ІІІ-топ: тері қабаты, сүйек; Станция 9% артық радиациялық қалдықтардың атмосфераға тасталынуы жол беруі қауіпті. Газдық және радиоактивті қалдықтарынана тазалау кезінде атмосфера мен топырақ бетіне жанаспау керек. Газды және радиоактивті қалдықтар аранайы тазаланудан өтіледі. Ал қолданылған ядролық отынды арнайы бассейн түбіне енгізіп, радиоактивтіліктен тынышталдырады. Одан кейін арнайы бөлінеген жерге көмеді. Агрегаттарды суыту үшін қолданылған су тазаланып қайтадан қолдануға жіберіледі. Радиоактивті элементтердің қоршаған ортаға таралуының өзіндік нормасы болады. Мәселен санцияның жұмыскерлері (персоналы) қауыпсіздігі бойынша жылына 0,05 Зв/жыл доза көлемінде радиациялануға болады. Ал атом станцияның жанындағы тұратын халыққа 0,005 Зв/жыл көлемінде радиациялануға болады. Сонымен қатар жалпы АЭС аймағында жалпы халықпен жұмыскерлердің жылдық радиациялануы 0,0017 Зв/жыл аспауы керек.

 

АЭС-та жарылыс қаупі (жарылыс түрлері және сипаты) Атом электр станциясының апатық жағдайы тарихта орын алған. 1986 жылы 26 сәуірде Припять қаласында Чернобль атом электр станциясы төртінші энергоблокы істен шығып, апатқа ұшырады. Апат реактордың істен шығуына себеп болды. Осыған байланысты қоршаған ортаға радиоактивті қалдықтар тарала бастады. Атом энергетикасына байланысты бұл жағдай 65 тарихта ең ірі көлемдегі апат болып есептеледі. Себебі апаттың әсерінен адам өлімі мен ұлкен көлемді эконмикалық шығынға әкеп соқты. Ал 2011 жылы 11 наурызда Жапония мемлекетінде АЭС Фукусимо-1 ең алғаш табиғат әсерінен апат болды. Салдарынан адамдар өлімі мен экономикалық шығынға әкеп соқты [Ә3,Ә12.]. Жоғарыда айтылған екі ірі көлемде жарылыстар тарихта қаралы орын алды. АЭС апатының ерекшелігі радиоактивтің қоршаған ортаға әсері. Ал жарылыстардың түрлеріне тоқталсақ 1988 – 1990 жылдар аралығында Халықаралық атом энергия агенттігі жалпы жарылыс бірліктігін жасап шығарды.

АЭС на электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары Кез келген электр станцияда электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы басты мәселе. Электр қауіпсіздігі — адамдарды электр тоғының, электр доғасының, электрлі магнит өрісінің және статикалық электрдің зиянды және қауіпті әсерінен қорғанысын қамтамасыз ететін ұйымдастыру- техникалық шаралардың және құралдардың жүйесі. Адам денесі арқылы ток тізбегіндегі негізгі кедергі қалыңдығы 0.005-0,2 мм құрайтын тepiнің мүйізді сыртқы қабаты болып табылады. Tepi қабаты алынған ішкі ұлпаньң кедергісі 800-1000 Ом-нан аспайды. Құрғақ зақымдалмаған терінің кедергісі 10000 және тіптi 100000 Ом-ға дейін жетеді. Өндірістегі электр қауіпсізідігіне мына шаралар жатады: 1) изоляция; 2) тоқ жүретін тетіктерді қоршау; 3) тоқты жерге енгізу; 4) токты нолге жалғау; 5) тізбекті ажырату. Токты жерге енгізудің 2 түрі бар: 1) жабдықты контурлы жерге енгізу; 2) жерге енгізуді сыртқа ұйымдастыру. Электр қауіпсіздіктерінде қорғаныс бұйымдары 2 түрге бөлінеді: 1) жалпы қорғаныс бұйымдары; 73 2) жеке қорғаныс бұйымдары. Барлық оқшауланған қорғаныс құралдары негізгі және қосымша болып бөлінеді. Сондықтан, бұл заттардың оқшаулағышы электр құралдарының жұмыс кернеуін сенімді ұстауы керек.

 

 

5-дәріс.

Техника қауіпсіздігінің сипаттамасы.

Қауіпсіздік техникасының міндеті еңбекшілердің жарақаттануын болдырмайтын шаралар мен ңүралдар-ды жете зерттеп жетілдіру болып табылады.

Жарақаттануды болдырмаудьщ шаралары деп оның себептерін жою шараларын, яғни үйымдастыру, үйым-дастыру-техникалық, техникальщ, санитарлық-техни-калық себептерді және жүмысшының жеке басының психикалың-физиологиялық факторларына байланыс-ты себептерді жоюдың шараларын айтады.

Жараңаттанудың үйымдастыру себептеріне еңбектің дүрыс үйымдастырылмауы, еңбек қорғауды үйымдас-тыруға жауапты адамды тағайындау жөніндегі бүйрың-тың болмауы, еңбек тәртібінің төмен болуы, жүмысшы-лардың еңбек қорғауға оқытылмауы, жүмысшыларды жүмысқа қосу төртібінің дүрыс болмауы, т.с.с. жатады.

Үйымдастыру-техникалық себептерге жүк көтергіш машиналар мен механизмдердің, су қыздырғыштары мен бу қазандарының мерзімді байқаудан өткізілмеуі, машиналарға техникалың күтім жасау мен оларды жөндеудің нашар үйымдастырылуы, электр жабдықта-ры мен ңондырғыларының жүйелі түрде тексерілмеуі, т.с.с. жатады.

Жарақаттанудың техникалық себептеріне техника-лар мен ңүралдардың ақаулықтары, машиналар мен механизмдердің қүрылымының кемшіліктері жатады.

Көлік және тиеу –тасымалдау жұмыстарындағы техника қауіпсіздігі

Ауыл шаруашылығындағы тасымалданатын жүк қатты, сүйық, газ түрінде болады. Сондықтан әр түрлі жүкті тасымалдағанда қажетті тасымал көліктерін іріктеп, онда жүмыс жасайтындардың қауіпсіз еңбегін қамтамасыз ету ңажет.

Мысалы, тіркеменің тежегіші дүрыс жүмыс істеуі тиіс. Әйтпесе апатқа үшырауы ықтимал. Ал төмен түсерде тіркеменің дөңгелегіне тежегіш башмактар кигізіп қойған дүрыс.

Жүктің дүрыс тиеліп, түсірілуіне көліктің жүргізушісі жауапты. Сондыңтан улы заттарды, қопарылғыш заттарды тиеп-түсіретін болса, жүргізуші арнайы нүсқаудан өткізіледі.

Жүкті тиеп-түсіру жүмыстары барынша жарақтандырылуы тиіс. Жүк көтеру мөлшері:

· ересек ер адамдар үшін - 50 кг;

· әйелдерге - 20 кг;

· 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге - 16 кг;

· ал осы жастағы ңыздарға - 10 кг.

Егер машинаға ауыр заттар тиелетін болса, оған жүргізушіні ңатыстыруға болмайды, өйткені ол шаршамауы тиіс. Жүкті көтергіш механизмдермен тиегенде жүргізуші кабинадан шығып түруы қажет. Шыны ыдыстарға ңүйылған заттар жөшікке, себетке, ағаштан жасалған торларға салынып тиеледі. Иісі бар заттарды брезентпен жауып ңояды. Олар қозғалмауы үшін арқанмен байлап қойған дүрыс.

Тиелген жүк көліктің жүруіне кедергі жасамайтындай болуы керек. Жәшіктерді, бөшкелерді, шөпті тиегенде белгіленген мөлшерге дейін тиелуі тиіс. Мысалы, биіктігі 3,8 метрден, ені 2,5 метрден асырылмауы тиіс. Ал артына 2 метрден артық шығарылмайды.

Егер тиелген зат шанақтың ернеуінен 1 метрден артық шығарылса, оның шеті күндіз жалаушамен, ал түнде жарықпен белгіленуі тиіс.

Машинаны сүйрегенде тіркеменің үзындығы 4 метр етіп ал ынады және оның да рулінде жүргізуші отыруы тиіс

Адамдарды тасу тек қана автобустармен, жеңіл машиналармен немесе жабдықталған жүк машиналарымен атқарылады. Жүк машиналарына орнатылған орындақтар кем дегенде шанақтың ернеуінен 150 мм төмен орналастырылады. Машина от сөндіргішпен ңамтамасыз етіледі. Адам тасуға жабдықталған машиналарды жүргізу кемінде үш жылдық өтілі бар жүргізушілерге рүңсат етіледі. Олардың жүру жылдамдығы сағатына 60 км-ден аспауы тиіс.

Машина орнынан қозғалар алдында жүргізуші үстіндегі адамдарға міну, түсу ережелерін және жүру кезінде ңалай өздерін үстауы қажет екендігін түсіндіреді. Машинаның шанағына және оның ернеуіне отыруға болмайды. Балаларды тасығанда «Балалар» деп жазып қояды. Аяқ жол жоқ жерлерде, жаяу адамдар жолдың сол жағымен, яғни машинаға ңарсы бағытта жүруі тиіс.

Жүк көтергіш жөне түсіргіш механизмдер мен машиналарда жүмыс жасауға жасы 17-ге толған, арнайы оқыған және аттестациядан өткен адамдар жіберіледі. Ал машина мен механизмдердің өзі алдын ала тексеруден өткізіледі.

Крандарды электр желілері тартылған жерде пайдаланбайды. Жүктің астында адам түрмауы тиіс, ал трос ілетіндер, басқа да жүмысшылар жүмыс жөнінде нүсқау алады. Жүк тиегенде жүргізуші кабинадан түседі, ал шанаңта адам болмауы тиіс.

Кран айдайтын әйелдер бас киім мен шалбар киюі тиіс.

Кранның жараңтылығына баңылауды Мемэнергонадзор, Мемгортехнадзор инспекторлары жасайды. Олар:

· кранды есепке алады, ңүжаттарын тексеріп, оның жарамдылығын анықтайды;

· кранды жүмысқа қосуға рүқсат береді;

· жыл сайын кранның жарамдылығын тексеріп, бақылау жасайды және онда қызмет жасайтын адамдарды оқытады;

· жаңа крандардың дайындалуын бақылайды;

· апат пен ңайғылы жағдайларды зерттеуге қатысады және оның алдын алудың шараларын жасайды.

Жүкті тасымалдау ережелері:

1-санатты жцктерді, егер оның көлбеу биіктігі 25 метрден, ал үнтаң жүктердікі 3,5 м-ден аспаса, онда жүкті қоймадан артылу орнына дейін ңолдың күшімен жеткізуге болады.

2-санатты жцктерді қоймадан арту орнына дейін жеткізу үшін жүк арту және жүк түсіру машиналары қолданылады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: