Г) 10-тен 25 мА дейін 4 страница

Жүкті түсіру немесе арту кезінде жүк түсірушілер жүктің сол жақ жанында түруы тиіс.

3-санатты жцктерді орналастыру механикаландырылған түрде жүргізіледі. Ол үшін әртүрлі крандарды, лифттерді, көтергіштерді және т.б. қолданады.

Жәшіктегі жүктерді орналастырғанда, ңол жараңат алмауы үшін оны жақсылап алдын ала қарап алу керек, яғни ондағы шегелер мен шығын түрған темірлердің үштарын міндетті түрде ңағып тастау керек.

Бекітілген жәшікті кранмен көтерер алдында жүмысшы оның қауіпсіз екеніне көзін жеткізіп, жүкті қүлап кетпейтіндей етіп бекітеді.

Жанармайды тасымалдау үшін оларды тек цистерна-да немесе темір жабық ыдыстарды ңолдану керек.

Жанармайларды ашың ыдыстарда (шелек, бетелке) қандай көлемде болса да тасымалдауға тыйым салынаіды. Жанармай тасымалдайтын автомашиналарда тасы-малдауға ңатысы жоқ бөгде адамдарға отыруға болмайды. Жанармайы бар бөшкелерді таситын машинаның жүк таситын қорабында адамдардың отыруына тыйым салынады. Бүл ереже тасымалдаушыларға да қатысты. Үшінші санатты жүктерді тасу үшін оларға арнайы ма-шиналар қолданады. Шаң болатын жүктерді жене дәнді даңылдарды тасымалдау үшін жабьщ жүк қораптары ңолданылады.

Үзын көлемді жүк тасушы машинаның қорабына жүк артушыларға да, басңа да қызметкерлердің отыруына тыйым салынады.

4-санаттыц жүктерін тасымалдағанда жол ережелеріне байланысты автомашинаның жылдамдығын қатаң қадағалап отыру керек.

Жанармай, жеңіл түтанғыш, жарылып кету қаупі бар жүктерді тасығанда көлікте темекі шегуге болмайды. Радиоактивті, улы, жылдам өсер ететін және түтанып кету қаупі бар жүктерді тасығанда ережелер мен тәртіпті саңтау қажет.

Сүйық этан мен метанды, этан мен метанның сүйық ңоспаларын, сүйың этилен мен оттекті ангидридті тек цистерналарда ғана тасуға рүқсат етіледі.

Қауіпті жүктерді таситын кісілерге арнайы куәліктер беріліп, белгілі карточкаға аты-жөні толтырылып, бүл қүжаттарды кадрлар бөліміне тапсырады.

Тиеу-түсіру пункттеріне және аландарына қойылатын талаптар

Түраңты тиеу жөне түсіру пункттері арнайы болуы қажет және жүктердің түріне сәйкес олар механикаландырылған тиеу, түсіру қондырғыларымен жабдықталы-нуы керек. Тиеу жөне түсіру алаңдарының көлемі авто-көліктердің қасиетті саны еркін жүмыс жүргізуді қам-тамасыз ететіндей болу керек. Қүламаларды және өрлерді қысқы мерзімде мүздан тазартып, қүммен не-месе күлмен себу керек. Кіріс жолдардың ені: екі жақ-ты автокөлік жылжуында 6.2 м кем емес, ал бір жақты жылжуда 3.5 м кем болмауы керек. Кіріс жолдардың, арыңтардың, орлардың және теміржол бойының қиылыстардан етуі үшін төсемдер және көпірлер орна-ту қажет.

Тиеу және түсіру алаңдарындағы автокөліктердің бір-бірімен ара ңашыңтары: тереңдігі (бір-бірінің артынан) 1 м кем емес және фронт бойынша (жанында түрғанда) 1,5 м кем емес болуы керек. Ғимарат пен автокөлік кузо-вының артңы қабырғасының аралығы 0,5 м кем емес бо-луы керек.

Тәуліктің ңараңғы уаңытында алаң жақсы жарық-тануы керек: газозарядты шамдар үшін жалпы жарық-тануда-жарыңтанғандық 100 лк, ал қызу шамы үшін 50 лк.

Жүкті кранмен тасымалдау кезінде қолданылатын белгілер

 

Жасалынатын операциялар Сурет Берілетін белгілер
    Жүкті орнына түсіру немесе жүкті не ілгекті шамалы түсіру       Төменге бағытталған жалауша үстаған оң қол шынтақтан бүгілген; жалауша астында сол қол алақаны
  Жүкті кран арбасымен тасымалдау       Иықтан жоғары орналасқан жалауша үстаған оң қол шынтақтан бүгілген, жалауша қажетті орын ауыстыру бағытына көлденең орналасқан
  Жолдың бойымен кранды қозғау немесе жүкті тасмалдау       Бел деңгейінде орналасқан жалауша үстаған оң кол шынтақтан бүгілген, жалауша қажетті қозғалыс жағына бағытталған.
  Жебені бұру     Иық деңгейіңде жалауша үстап көлденең созылған қолды жебе бүрылатын жаққа бүру керек.  
    Желбені көтеру       Алдын-ала тік бағытта түсірілген қолды созып көтеру, алақан ашық.

 

Жүктерді тиеу және түсіру ережелері

Автокөлікте еңбекті қорғау ережелеріне сәйкес, автокөлікте тасымалданатын жүктер салмағына байланысты келесі категорияларға бөлінеді:

1-орын салмағы 80 кг-нан аз жүктер, сонымен қатар сусымалы, кіші даналы, аңтара тиелетін жүктер.

2-бір орын салмағы 80-500 кг дейінгі жүктер.

3-салмағы 500 кг-нан жоғары жүктер

Жүк топтары:

1-сәл ңауіпті (ңүрылыс қүралдары, азық тағамдары)

2-көлеміне байланысты ңауіпті

3-шаңдататын және жанатын (цемент, минералды тыңайтқыштар, асфальт, битум жөне т.б.)

4-қауіптілер көлік өндірісінде мынадай кластарға бөлінеді:

· Жарылғыш заттар;

· Қысылған, сүйыңталған және ңысыммен ерітілген газдар;

· Жеңіл түтанатын сүйьщтар, сүйың ңоспалар жөне қүрамында жеңіл түтанатын буларды бөлетін ңатты заттары бар ерітінді және суспензия түрлері, олардың жабьщ ыдыста түтану температурасы +61°С және одан
төмен;

· Үйкелу, ылғал сіңіру, өздігінен болатын химиялың өзгерістер және ңызу секілді сыртңы түтану көздерінен тасымалдау кезінде жеңіл түтанатын, жеңіл түтанғыш заттар мен ңүралдар;

· Тотыңтырғыш заттар және органикалың тотыңсыздандырғыштар, олар жеңіл оттегін бөліп, өртті желпіндіреді және басңа заттармен ңосылып өзінен-өзі түтануы жөне жарылыс тудыруы мүмкін;

· Улы жөне залалды заттар;

· Радиоактивті заттар;

· Күйдіретін және коррозия тудыратын заттар;

· Тасымалдаудан және саңтаудан арнайы ережелерді қолдануды талап ететін заттар.

Автокөліктің ңорабына 1-топтағы жүктерді тиегенде жөне жинағанда келесі ережелерді орындау ңажет:

Жәшікті, бөшкені және т.б даналы жүкті тығыз жи-найды, саңылау ңалдырмайды, өйткені ол ңозғалыс ке-зінде кузовтың еденінде жылжымау керек. Егер саңы-лаулар ңалатын болса, жүктердің арасынан мыңты ағаш төсемдер жөне тірегіштер қажет;

Жүктердің биіктігі жол бойында кездесетін көпірлердің биіктігінен жоғары болмауы керек және жол бетінен жүктің ең жоғарғы нүктесіне дейін ара қашыңтығының 3,8 м аспауы керек.

Тиеу жөне түсірудің 2-тобында келесі ережелер орындалуы керек:

Автомобильдердің платформалары бортты болмау керек;

Үзын жүктерді тасығанда міндетті түрде ңысқа жүктер үстінде болуы керек;

Үзын жүктерді ңорапңа диагональді түрде тиеу рүңсат етілмейді, сонымен қатар жүктер мен жүргізуші каби-насын жабуға болмайды;

Үзын жүктерді түсіру үшін механизация көмегін қол-дану керек;

Қолмен түсіру кезінде міндетті түрде мыңты покат-тарды ңолдану қажет. Бүл жүмысты екі жүкшіден кем орындамау керек.

Тиеу және түсірудің 3-тобы механизациялы болуы керек. Үйілген жүк былай тиелу керек - ол ңораптың бортынан аспай, ңораппен бір деңгейде болуы қажет. Шаңданатын жүктер ашың ңораппен брезентпен үстінен жабылуы немесе шаңданудан ңорғайтын материалдар-мен шаңданатын жүктерді тиегенде жвне түсіргенде жүмысшылар мен жүргізушілер шаң өткізбейтін көзілдірікпен, респираторлармен ңамтамасыз етілуі қажет;

Респиратордың сүзгісі шаңданған кезде сменасына 1 рет ауыстырылып түруы керек;

Арнайы киімдер күн сайын шаңнан арылып отыруы керек. Хлорлы известті тиеу және түсіру кезінде жүмыс-шыларға сүзгілі противогаздар беріледі.

Тиеу және түсірудің 4-тобында екі жүкшілер жүмыс атқаруы тиіс.

Жүмыстың басында жүктің әрбір орны міндетті түрде ңаралуы ңажет.

Қышқылдар мен басқа да еріткіш заттарды тиегеңде және түсіргенде оларды арнайы қоймалар мен платформаларда, олардың едендері вагон едендерімен бір дең-гейде болуы керек. Жүкшілер арнайы киіммен жүмыс істейді жөне әр жүкші противогазбен ңамтамасыз етілуі керек.

Тиеу және түсірудің 4-тобында газбен толған баллон-дар металды ңаңпаңтармен жабылуы керек.

Баллондарды кузовқа тиеу кезінде баллондар бір-бірімен түйісіп түрмауы керек, ол үшін олардың арасы-на арнайы төсеніштер ңойылады.

Баллондарды ыстық күндері тасымалдағанда олар міндетті түрде күн көзінен сақтайтын материалдармен жабылуы керек.

Газдарды тиеу және түсіру кезінде жүкті жіберетін жөне жүкті ңабылдап аларда олардың платформалары қораптың еденімен бір деңгейде болуы керек.

Газдарды жіберуші немесе қабылдаушы жолаушы ңағазын талап етуі тиіс, ал жүргізуші оны көрсетуге міндетті, онсыз газ төріздес жүктерді қабылдау және өткізу жүзеге асырылмайды.

 

3 бөлім Өндірістік санитария.

6-дәріс. Еңбек гигиенасы мен өндірістік санитария, ол метеорологиялық жағдай, өндірістік шаң, зиянды газ және бу, діріл, шуыл, жарықтандыру, иондағыш сәулелендіру, адамның физиологиялық жағдайы, жұмыс барысының ауырлығы.

Өндірістік ортаның метеорологиялық жағдайы деп ауаның температурасы, дымқылдығы, қозғалыс жылдамдығы арқылы қалыптасатын физикалық күйін айтады. Әр өндіріс бөлімшесінің өзіне тән метеорологиялық жағдайын өндірістік микроклимат деп атайды.

Метеорологиялық факторлар адамның функционалдық, көңіл күйіне, денсаулығына үлкен әсер тигізеді. Ауаның жоғары температурасы адам денесінің қызуын көтереді, мол терлетеді, дем алысын және пульсін жиілетеді, адамда демікпе пайда болады, бас айналып ауырады.

Адам организмінде әртүрлі биохимиялық процестердің үздіксіз жұруіне байланысты денеде үнемі жылу шығып тұрады. Шығатын жылудың мөлшері физикалық ауырлықтан, адамның жас шамасынан және оның денсаулығынан тәуелді болады.

Бірақ адам денесінің пайдалы әсер коэффициенті аз болғандықтан, шыққан жылудың көпшілігіденеден пайдасыз сыртқа шығу керек. Сондықтан адам денесінде жылу шығу үдерісі мен қатар үздіксіз сыртқа жылу беру үдерісінде жұріп отырады. Мұнда сыртқа берілетін жылудың шамасы сонша, дененің температурасы (сау адамның) қашанда тұрақты бір мөлшерде болады – орта есеппен 36,6 0С.

Жұмыс орындарында қолайлы метеорологиялық жағдайларды жасау және организммен сыртқы ортаның арасында жылулық теңдікті сақтау үшін көптеген шаралар қолданылады.

А. Дене қызуына қарсы шаралар.

Адам денесі жұмыс кезінде шамадан тыс қызбау үшін жұмыс орындарында қолайлы метеорологиялық жағдайлар жасау керек. Ол үшінмынадай шараларды қолдануға болады:

1. Жылу шығатын көздерді оңашалау;

2. Жылудың келу жолына қорғаныш қалқан (су, ауа, тағы басқа, бүркеу) қою;

3. Технологиялық процестерді механикалау және автоматтау;

4. Жылу шығаратын процестерді және аппараттарды алыстан басқару;

5. Өндіріс бөлмелерінде жалпы және жергілікті желдету орнату;

6. Ыстық цехтарда ұнамды микроклиматта аз уакыт дем алатын орын ұйымдастыру;

7. Жұмыскерлерді жылудан қорғайтын киімдер және дербес құралдармен жабдықтау;

8. Ыстық цехтарда ішетін сусын ұйымдастыру;

9. Жұмыс орындарында әрқашан метеорологиялық факторларды бақылау.

Б. Дене тонуына қарсы шаралар.

Адам денесі шектен тыс тоңбау үшін мынадай шараларды қолдану керек:

1. Жұмыскерлерді тиімді жылы киімдермен жабдықтау;

2. Өндіріс бөлмелерінде жылу жүйесін орнату;

3. Жылы ауадан бүркеу жасау;

4. Бөлмелердің терезелерінде қос әйнек орнату;

5. Жұмыс орындарына жылы ауа жіберу;

6. Суық мезгілде дала жұмысында жылынуға арналған бөлме ұйымдастыру;

7. Қатты аязда далада істелінетін жұмыстарды мүлдем тоқтату.

Желдету бөлмелерінде қолайлы метеорологиялық жағдайлар жасау, олардың ішінен зиянды газдарды, шандарды тағы басқа заттарды сыртқа шығару үшін қолданылады.

Бөлмеде ауаның ауысу әдісіне қарай желдетудің екі түрі болады: табиғи және жасанды (механикалық) желдету. Табиғи желдету сырттағы ауа мен бөлме ішіндегі ауаның температураларының айырмашылығы арқайсында орындалады.

Табиғи желдету - ұйымдастырылмаған (инфильтрация) және ұйымдастырылған (аэрация) болып бөлінеді. Инфильтрацияда ауа алмасуы терезе, есік, қабырға, төбе тағы басқа конструкцияларының тесік, саңлаулары арқылы орындалады. Ал аэрацияда ауа алмасуы терезе, есік, дефлектор тағы баска құрылғыларды керегінде әдейі ашып-жабу арқылы жүргізіледі.

Механикалық (жасанды) желдетуде ауа алмасуы арнайы желдеткіш қондырғылардын күшімен жүзеге асырылады. Мехникалық желдетудің ауа ағысының бағытына қарай сорғыш, үрлегіш және үрлеп-сорғыш түрлері болады. Сорғыш желдету бөлмеден ластанған ауаны сыртқа сорып шығаруға арналады, үрлегіш желдету, керсінше, сырттан таза ауаны бөлме ішіне айдап кіргізеді, ал үрлеп-сорғыш желдету бір жағынан бөлмеден ластанған ауаны сорып сыртқа шығарып, екінші жағынан оның орнына бөлмеге таза ауа кіргізуге арналады.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар мыналарға бөлінеді: физикалық, химиялық, биологиялық және психофизиологиялыққа.

Өндіріс шаңы (тозаңы) деп әртүрлі процестерде пайда болып, ауаға көтеріліп, калқып жүрген қатты заттардың өте ұсақ бөлшектерін айтады. Ауамен араласып, қалкып жүрген шанды аэрозоль деп айтады ал ауадан тұнып отырған шаңды аэрогель дейді.

Өндірісте көптеген технологиялық операциялар жүргізілу барысында шаң шығу процесі мен байланысты болады, мысалы: материалдарды үсату, іріктеу, тасымалдау, аудару, өндеу тағы баска әрекеттep; пісіру, дәнекерлеу жұмыстары; химиялық, термиялық процестер тағы басқалар.

Өндіріс шаңы кәсіби зияндылық болып есептеледі. Ол адамның тыныс жолдарына өкпеге, денеге, көзге, ас қорыту органдарына зиянды әсерін тигізеді. Ауада негізінде бөлшектері 10 мкм кіші шаңда ғана көп уақыт бола алады. Осындай шандалған ауамен дем алғанда, шан жұтқан ауамен бірге адамның тыныс органдарына кіреді, 5 мкм ден үлкен шан бөлшектері жоғарғы тыныс жолдарына тоқтап онда әртүрлі зақымдар келтіреді: жөтел, қабыну, астма т.б.

Шаңның 5 мкм ден кіші бөлшектері тыныс жолдарымен одан әрі теренге өтеді, ал 1-2 мкм ден кем бөлшектер өкпеге дейін жетіп, сонда отырады. Шан өкпеде жиналып, біраз уақыт өткеннен кейін өкпеде паталогиялық процес туғызып, адамды ауруға шалдықтырады. Жұтқан шаңның әсерінен пайда болатын өкпе ауруын пневмокониоз деп атайды.

Өндіріс шаңымен күресу және кәсіби ауруларды болдырмау үшін жалпы қорғану шаралары мен жеке дара қорғану құралдарын қолдану керек. Шаңмен жалпы күресу шаралары:

1. Шаң шығуын толық немесе барынша болдырмайтын технологиялык, процестерді қолдану;

2. Шаң шығатын процестерді механикаландыру және автоматтау, оларды алыстан басқару;

3. Материалдарды өңдеген кезде шаң басатын сүйық заттарда әрқашан кездесіп тұратын зиянды заттарды өндіріс улары деп айтады. Олар күйіне қарай қатқыл (қорғасын, хром, цинк, мыс т.б.), сұйық (сынап, бензин, қышқыл т.б.) және газ немесе бу оларға жасанды желдету пайдалану;

4. Өндіріс бөлмелерінде табиғи және жасанды желдету ұйымдастыру;

5. Әртүрлі шаң тазартқыштарды пайдалану (циклон, фильтр, электр-фильтр т.б.);

6. Шаң шығатын қондырғыларды жеке бөлмелерге орынатып оқшаулау;

7. Бөлмелер мен жұмыс орындарын қонған шаңнан тазарту.

Егер көрсетілген жалпы шаралар ойдағыдай нәтиже бермейтін болса, онда жеке дара қорғану құралдарын пайдалану керек.

Өндірісте қолданылатын көптеген машиналар, механизмдер, құралдар кей жағдайларда біркелкі теңестіріліп құрылған агрегаттар болып келе бермейді.

Сондықтан олардың жұмыс істеу барысында әдетте шудың пайда болады.

Шу зиян болып есептеледі, организмге ұзақ уақыт бойы әсерін тигізетін болас, денеде әртүрлі аурулар туғызуы мүмкін.

Діріл зиян болып есептеледі, организмге ұзақ уақыт бойы әсерін тигізетін болыс, денеде әртүрлі аурулар туғызуы мүмкін.

Дірілдердің салдарынан қажығандық, бас айналып ауыруы, нерв қозуы, жүрек – тамыр жүйесінде өзгерістер, қан тамырларының қысылуы, буындардың ауруы, қол мен аяқтың жаны кетуі, ұйқы қашуы, бұлшық еттердің зақымдануы, сүйектердің сырқырауы, ішкі мүшелердің орны қозғалуы т.б. паталогиялық өзгерістер туады. Бұл аурулар тербеліс аурулары деп атайды. Олар тез жазылмайтын, созылмалы аурулардың қатарына жатады, ауыр түрінде адамның мүгідектігін туғызуы мүмкін.

Жарық адам организмін айналадағы ортамен тығыз байланыстырады. Адам миына сыртқы дүние туралы хабарлардың 90 % оның көздері арқылы келеді.

Жарық көз арқылы орталық нерв жұйесіне әсер етіп, одан барлық организмге ықпалын тигізеді. Жұмыс орындарында қолайлы жасалған жарық еңбек ету жағдайын жақсартады, адамның тыныс алысын ұлғайтады, организмде заттардың алмасу процесін жақсартады, көз талуы азайтады, айналадағы заттардың және істелетін бұйымдардың көрінісі жақсарады, еңбек өнімділігі мен сапасын арттырады. Жарық барлық организмнің әрекетін құшейтеді, ал қараңғылық оны төмендетеді. Адамның көніл-күйі және белсенділігі көтерінкі болу жұмыс орындарының жарықтылығына байланысты болады.

Табиғи жарық күн сәулесінің энергиясынан пайда болады. Өндірісте жұмыс орындарында қолайлы жағдайлар жасау үшін табиғи жарықтынөте маңызы зор. Ол жұмыс бөлмелерінде жақсы және біркелкі жарықтылық болуын қамтамасыз етеді. Табиғи жарық адамға үйреншікті, биологиялық және гигиеналық құны жоғары, үлкен психологиялық әсер тигізеді. Сол себепті табиғи жарықты өндіріс бөлмелерде жұмыс орындарын жарықтандыруғв кеңінен қолданған жөн.

Қазіргі кезде иондағыш сәулелердің кездері халық шылығының әртүрлі салаларында көп пайдаланылады, мысалы: өндіріс процестерін автоматтау және бақылау; шығарылған бұйымдардың сапасын анықтауда, бақылау және өлшеу аспаптарында; ғылыми зерттеу жұмыстарында; металлургия, медицина, құрылыста тағы басқа жағдайларда кең қолданылады.

Барлық иондағыш сәулелердің ішінде өндірісте олардын бес түрі көбірек қолданылады: α, β, n (нейтрон) сәулелері бұлар корпускулды сәулелер және γ, Р (рентген) сәулелері бұлар биік жиілікті электромагниттік толқындар.

 

7-дәріс.

Өндірістегі жарықтандыру

Өндірістегі жарықтандыру деп еңбек ету барысындағы қауіпті және зиянды факторларды болдырмайтын, адам көзіне жұмыс жасауға қолайлылықты қамтамасыз ететін қондырғылар мен өзгерістерді енгізу жүйесін айтады.

Жарыққа қойылатын талаптарды анықтағанда көздің тез шаршауын және еңбек өнімділігін көтеруге көмектесетін, өндіріс зақымдылық себептерін жоюға арналған шарттардың құрылуын ескереді.

Жарықтағыш құралдар келесі шарттарды қамтамасыздандыру керек:

- жұмыс ауданында терең немесе күрт көлеңкелердің болмауынан;

- көру өрісінде үлкен жарықтың болмауынан;

- жұмыс беттерінің уақыт ішінде тұрақты жарықтығын.

Бұл талаптардың барлығы СНиП-4-79 талаптарына сәйкес орындалады.

Жарық түрлері табиғатына байланысты үш түрге бөлінеді: табиғи, жасанды, аралас жарық.

Табиғи жарық бөлмеге бүйірлік (1 немесе 2-беттік) сырт қабырғадан немесе қабырғадағы терезе арқылы енеді. Жоғары – фонарьлар және төбе шамдары арқылы жасалған тесіктерден кіреді. Жоғары және бүйірлік аралас табиғи жарықтандыру түрлерін бейнелейді.

Аралас жарықтықты табиғи жарық аз болған жағдайда пайдаланады. Ол кезде табиғи жарықтықты электр жарық көздерімен қосымшалайды.

Жасанды (немесе электрлік) жарықтықты орындалатын жұмыстарға байланысты жұмыстық, апаттық, залалсыздандыру, қарауылдық және кезекші жарықтарға бөледі.

Жұмыс жарығын барлық бөлмелерде және жұмысқа арналған барлық ашық аймақтарда орналастырады.

Апаттық жарықтықты өрт, жарылыс пайда болу қауіптілігін немесе адамдардың улануы, технологиялық үрдістердің, байланыс, жылу немесе электроэнергия қамтамасыздандыру жұмыстарының бұзылуы, зақымдану қауіптіліктері себептерінен қондырғылар дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайларда ескереді (пайдаланады). Апаттық режимде қызмет етуді талап ететін жұмыс аймақтарының жарығы жалпы жарық жүйесі кезінде ережеленген жарықтың 5 % құру керек.

Залалсыздандыру үшін керек жарықты (адамдарды залалсыздандыру үшін апаттық) адамдардың жылжуы қауіпті жерлерде негізгі жолдарда және 50-ден астам адам жұмыс жасайтын ғимараттардың немесе 5-қабатты және одан-да биік үйлердің басқыш алаңдарына орнатады. Ең кіші жарық 0,5 лк, ашық аймақтарда 0,2 лк болуы керек. Апаттық және залалсыздандыру керек жарық үшін тек қыздыру лампаларын қолдану рұқсат етілген. Апаттық жарық шырақтары жарықтағыш құралдармен ерекшеленуі керек.



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: