Г) 10-тен 25 мА дейін 5 страница

Қарауылдық жарықты түнгі мезгілде ауданның шектеріне байланысты орналастырады. Бұл кезде жарықтың көлденең жазықтыққа жер деңгейінде 0,5 лк, ал тік жазықтыққа шырақтың жартысын кезекті жарық үшін пайдалануға болады.

Құрылымдық жасалуына байланысты электрлік жарықтың екі жүйесі бар - жалпы және аралас. Жалпы жарық ( біркелкі және локальді) бөлмедегі барлық жұмыс орындары бір жарықтағыш қондырғысынан жарықтанады. Егер жалпыға қоса жергілікті жарықты қосса, онда бұл аралас жарық, және бұл жарықтың шырақтармен жасалған жұмыс орындарынан ережелік жарығының 10 % құру керек. Бұл шама разрядты лампалар үшін 150 лк-тен, ал қыздыру лампалары үшін 50 лк-тен кем болмауы керек.

 

 

Өндірістегі шу және онымен күресу жолдары

    Шу деп әртүрлі күштері мен жиіліктері бар дыбыстардың кездейсоқ тоғысуын атайды. Қарқынды шу адам организміне қолайсыз әсер етеді және мамандық ауруының себебі болцы мүмкін. Шулы ортада жұмыс істегенде еңбек өнімділігі төмендейді.

    Шумен күресу – машиналарды, ғимараттарды, құрылғыларды жобалау, даярлау, зерттеу, қабылдау, пайдалану және жөндеуде дер кезінде шешілуі керек. Шумен күресу тек социалды, дәрігерлі-гигиеналық жағынан емес, экономикалық жағынан да өте маңызды. Өйткені кез-келген басқа зиянды факторлар сияқты, шу да экономикалық шығынға әкеледі. Шудың төмендеуі еңбек сиымдылығын көтереді, өнімдер сапасын арттырады, шуға байланысты ауруларды азайтады. Осыған байланысты өз кезегіне шығындар-да азаяды.

    Шуды ережелеу және есептеу үшін Паскальды, дыбыстық қысымды және оның децибелдағы деңгейін қабылдайды. Дыбыстық қысымдар деп ортаның белгілі бір нүктесінде осы нүктеден дыбыстық толқынның өтуі кезіндегі қысымның шапшаң мәні мен дыбыс жоқ кездегі осы нүктеде байқалатын орташа қысым арасындағы айырымды атаймыз. Дыбыстық қысым деңгейін келесі өрнек бойынша анықтаймыз, (дБ):

            L= 20lg                                                     LP = 10 lg

мұндағы Рср - өлшеу нүктесіндегі дыбыстық қысымның орта квадраттық мәні, Па;

Ро – халықаралық келісім бойынша 2х10-5 Па тең деп қабылданған дыбыстық қысымның шектік мәні.

    Егер 8 сағаттық жұмыс күні ішінде жұмыс ортасындағы дыбыстық қысым 5 дБ-ге өзгерсе, онда шуды тұрақты, ал керісінше жағдайда тұрақсыз деп атайды.

    Дыбыстық деңгейдің естілу шегі деп аталатын белгілі шамадан кем болатын дыбысты адам естімейді. Бұл шек әр адамға әртүрлі және адамның жасынан, көңіл-күйінен, ағзаның (организм) дербес қасиеттерінен, сондай-ақ дыбыстық жиіліктерден тәуелденеді.

Шудың адамға әсер етуі бойынша бес қадамы бар. Егер естілу шегінен дыбыстық қысымның деңгейі төмен болса, ол толық тыныштыққа сәйкес келеді, бұл шудың бірінші әсер ету қадамы. Онда адам психологиялық дискомфортты сезінеді. Ол еріксіз өзінің тынысына, асқазан үрдісінің шуына құлақ қояды. Адамдарды әдеттік, фондық шу қоршайды. Бұл шу әсерінің екінші қадамы.Мұндай шу адамның дұрыс жұмыс жасауына қажет. Дыбыстық қысымның 40-70 дБ-ге дейін өсуі кезінде үшінші психологиялық шудың әсер ету қадамы пайда болады. Бұл шу басқа дыбыстың естілуіне, есту функциясына еш әсер етпесе де, адамды жалықтырады. Дыбыстық қысымның 75-120 дБ деңгейі өндірістік шуларға тән, жағымсыз физиологиялық әсері бар.120-130 дыбыс қысымы құлақты ауыртады. Бұл жағдайда есту органы, жүрек –қан тамырлары зақымдалады. Өндіріс ортасы мен адамдардың өмір сүру ортасының факторы ретінде шудың зақымдылығы саналады. Бұ шудың төртінші әсер ету қадамы. Санитарлық шу деңгейлерін екі әдіспен ережелейді, олар: шектік секторлар әдісі; дыбыстық деңгей әдісі. Бұ шудың бесінші әсер ету қадамы.

Табиғатына байланысты шу механикалық, аэродинамикалық, гидродинамикалық және электромагниттік болады.

Механикалық шу көздері болып механикалық тербелістер саналады.

Аэродинамикалық шу көздері болып газдар саналады.

Гидродинамикалық шу көздері болып су мен сұйықтықтардың қозғалысы саналады..

Электромагниттік шу көздері болып айнымалы магниттік және электр өрістерімен, электротехникалық құрылғылардың механикалық тербелістері саналады.

Тиімді шумен күресу шарасы болып технологияны өзгерту тиімділігі саналады. Шу көзінің дыбыстық қуатын Р сипаттайды. Дыбыстық қуат Р- дегеніміз осы шу көзін, уақыт бірлігі ішінде дыбыс түріне шығарылатын ватт өлшемінде көрсетілген энергия мөлшері. Шу көзінің дыбыстық қуат деңгейін келесі өрнекпен анықтайды (дБ):

Шумен күресудің негізгі бағыттарын техникалық құрамдарымен анықтауға болады. Олар:

- шу көзінің дыбыстық қуатын азайту;

- шу көзінің бағытын пайдалану;

- шу көзінің дыбыс қуаты таралатын тұйықталған бетінің аудандарын ұлғайту;

- шу көзі мен жұмыс орны арасында дыбысты жібермейтін бөгеттердің көмегімен.

Дыбыс изоляциясы деп конструкция арқылы дыбыс өту кезінде дыбыстың азаюы бойынша енгізілген шаралардың қосындысын айтады.

Шудан қызметкерлерді қорғау үшін изоляциялық бақылау қабырғаларын немесе аралық басқаруды ұйымдастыру керек. Дыбыс изоляциясы материалы ретінде әйнекті немесе минералдық талшықтардан жасалған мақталар мен плиталар, металдық серіппелер, картон, резиналар, жылусақтағыш қасиеті бар линолеум және т.б. пайдаланады. Бұл материалдарға қойылатын талаптарда белгілі серпімділік қасиеттерімен, өміршеңдігімен ерекшеленуі керек.

Дыбыс жұтатын деп- түскен ауаның дыбыстық энергиясын жұту қабілеті бар материалдармен құрылымдарды айтады. Бұл ұсақ саңылаулы материалдардан жасалған. Құрылымдық бөлмелердің ішкі қаптауын немесе өзіндік құрылымдар (драпировка, мамық креслолар, төбеге ілуге арналған түйірлі жұтушылар) түрінде пайдаланады. Ауаның қозғаламалы бөлшектерінің үйкелісі кезінде ұсақ саңылаулардағы дыбыс толқыны энергиясы жылуға айналады.

Адам құлағы 16 Гц-тен 20кГц-ке дейінгі дыбысты қабылдайды.

16 Гц-тен төмен дыбыстар инфрадыбыстар деп аталады.

20 кГц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар деп аталады.

Инфрадыбыс өндіріс ортасының жағымсыз факторларының бірі болып саналады және жоғары деңгейде (120-130 бД- ден жоғары) адам организміне зиянды әсері байқалады.

Жоғары деңгейлі ультрадыбыстың зиянды әсерін шектеу үшін шу көзіндегі дыбыс энергиясының зиянды сәулесін азайтатын ұтымды практикалық шараларды өткізу керек.

Шудан дербес қорғану құралдары болып шуға қарсы құралдарды пайдаланады: олар құлақшалар, тығындар, шлемдер жатады.

Шуға қарсылықты күшейтуді қамтамасыз ету үшін сыртқы есту жолында шу көздерінің деңгейінің төмендеуі арқылы анықтайды. Құлақшаларды дербес және бас киім немесе т.б. қорғау құралдарына (респиратор, очки) орнатылып киілуі қажет.

Өндірістегі діріл және оның зиянды әсерлерімен күресу шаралары

    Тербеліс – техникадағы (машинада, механизмдегі, құрылғылардағы) механикалық қозғалыстардың түрі. Адамға әсер ету түріне байланысты жалпы және локальды (жергілікті) тербеліс түрлеріне бөлінеді. Адам қолдарына әсер ететін жергілікті тербеліс машиналарды, жолдарды электр қондырғыларын автоматика және байланыс құралдарының даярлануы немесе жөндеуімен байланысты әртүрлі жұмыстарда кеңінен пайдаланатын көптеген қол машиналары және механикаландырылған құрал-жабдықтармен беріледі..Қарқынды тербелістің ұзақ уақыт әсер етуі адамның жұмыс істеу қабілетін төмендетеді. Ол құралдардыңи тура өлшеуін төмендетеді, машинамен құрылғылардың сенімділігімен қызмет көрсету уақытын төмендетеді.Тербелістердің зиянды әсерімен күресу өте күрделі мәселе. Зиянды тербелісті төмендету, еңбек шарттарын жақсарту, жұмысшылардың денсаулығын сақтау, өнімділігінің сапасын арттыру бағасының бірі болып табылады.Тербеліске қауіпсіз еңбек шарттары келесі жағдайда қамтамасыздандырылады:

- тербеліске қауіпсіз машиналарды енгізу;

- тербелісті төмендететін, жұмысшыларға әсер ететін тербелістен қорғану құралдарын пайдалану.

Адамға әсері бойынша тербелістер төмен жиіліктегі (32 Гц-ке дейін) және жоғары жиіліктегі (63 Гц-тен жоғарғы) болып бөлінеді.

1 Гц-тен төмен жиілікте адам организмі бүтіндей дірілдейді. Мұндай тербелістерді шайқалыс деп атайды. Қарқынды жалпы тербелістің ұзақ әсері орталық және нерв жүйелеріне маңызды түрде әсер етеді.Осы құбылыс әсерінен адам бас ауруға, ашушаңдылыққа, көңіл-күйінің бүлінуіне, ұйқының бұзылуына, асқазан ауруларына (язва), стенокардияға шалдығады. Нәтижесінде еңбек өнімділігі төмендеп, жағымсыз жағдайлар саны көбейе түседі.

Діріл деп материалдық қатты денелер мен нүктелердің механикалық тербелуін айтады. Дірілдің әсерінен адамның орталық жүйке жүйесі ғана емес, жүректің қан тамырлар жүйесі, тірек-қимыл, сүйек-буын аппараттарының жұмысына әсері қоса қамтылады. Бұның адам организміне ұзақ уақыт әсер етуі жазылмайтын «діріл дерті» (вирационная болезнь) деген дертке шалдықтырады.

Дірілдің екі түрі бар:

1. Агрегаттардың, машиналардың жалпы дірілі;

2. Жергілікті діріл.

Дірілге қарсы шаралар

1. Агрегаттарға, жабдықтарға тиеу қою арқылы;

2. Құрылымдардың тығыз қатты қосындылары бар жерге жапсар қою арқылы;

3. Машиналар мен оның орнатылған базасының арасында амортизациялық сүйеніштер қою арқылы;

4. Еңбектің ұтымды режимін пайдалану.

 

Дірілоқшаулағыш деп-діріл көздеріндегі және оның таралу жолындағы негізгі күресу тәсілдері.

Машиналарды серпімді тіреулерге орнату құрылымға дірілдің берілуін азайтады. Дірілоқшаулағыш болат пружиналар мен резинкалар және басқа материалдарды қолданған кезде белсенді болып саналады.

Дірілөшіргіш негізі акустикалық шов периметрі бойынша және құрылыстық құрылымдарға іргетастан берілетін тербеліс үшін темірбетон плиталардан жасалады

 

Өндіріс орнын жарықтандыру.

Жұмыс орнын жарықтандыру адамның жұмыс істеуіне үлкен әсер етеді. Адам организімі өте жарықтан әлсіз жарыққа өткенде(шыққанда) көзі көрмеуі мүмкін. Аса жарықтық, жарықтың серпілуі, түсінің өзгеруі көзді шаршатады. Бұндай жағдай адам организімін зақымдануға әкеліп соқтырады.

Жарықтандыру жасанды және табиғи болып екіге бөлінеді.

Табиғи жарық мекеме ішіне терезе, мөлдір төбе, қабырға арқылы енеді. Күн сәулесі адам организіміне жағымды әсер етеді психологиялық.

Жарық сәулесінің минималдық нормаланған мәні жұмыстық түрі мен оның орындалу дәлдігіне байланысты.

Жасанды жарықтандыру- жұмысты орындау үшін немесе адамдар өту үшін, көлік жүру үшін егер табиғи жарық жеткіліксіз болса немесе жоқ болса (подвал, фотолабораторлар) қолданылады. Жасанды жарықтандыру жалпы, жергілікті, аралас болып келеді.

Аралас жарықтандыру- жалпы және жергілікті жарықтанудың бірігуі болып келеді.

Жергілікті жарықтандыру- тікелей жұмыс орнындағы жарық ағыны.

Жалпы жарықтандыру жүйесі барлық ғимаратты жарықтандыру үшін қолданылады. Сондықтан шамдарды төбеде орналастырады. Оларды бірыңғай орналастырады. Сондықтан олар бірқалыпты жарық береді.

Кәсіпорын бөлмелерін жарықтандыру үшін люминесцент шамдары (лампалар) қолданылады. Себебі шығаратын жарық сәулелерінің спектрлік құраушысы табиғи жарық құраушысына ұқсас. Сонымен бірге оларды қолдану үнемді, тиімді.

Қыздырғыш шамдарды (лампаларды) қабылдаушы радиостанцияда және қосымша бөлмелер мен қоймаларда қолданады.

Жұмыстық жарықтандырудан басқа ақаулық (авариялық) жарықтандыру қолданылады ол жұмыстық жарықтандыру сөнген кезде, жұмыс істеуге мүмкіндік туғызады және адамдарды қауіпсіз жерге көшіру кезінде қолданылады.

Ақаулық жарықтандыру тәуелсіз энергия-жүйесімен қамтамассыз етіліп жұмыс істеу керек. Ақаулық жарықтандыру шамдарының түрлері конструкцияларына байланысты өзгеше болады.

Шаң көп жиналатын жерде айына 1 рет, қалған жерде 3 айда 1 рет тазарылып тұру керек.

Жарықтандыру желісінің жұмысын бағалау үшін жұмыс орнын жарықтандыру деңгейі бақыланады. Өлшеу үшін люксметр қолданылады.

 

Шу мен вибрация (діріл) ықпалынан қорғану.

Шу деп амплитудалы және жиелікті дыбыс тербелісін айтамыз.

Шу - механикалық, аэродинамикалық, гидродинамикалық және электромагнитті болып келеді.

Механикалық шу-жабдықтармен жеке бөлшектердің тербелісі, соғылуы нәтижесінде пайда болады.

Аэродинамикалық шу көзі- газдар болып табылады.

Гидродинамикалық шу- су мен сүйықтық қозғалысынан пайда болады.

Электромагниттік шу-электромеханикалық жабдықтарға айнымалы магнит күштер әсер еткенде пайда болады.

Байланыс кәсіпорындарында шу электрлік машина, күшейткіш трансформаторлар, телеграф аппараттары, пошта өндейтін машина, вентиляциялық қондырғылар, электрлі құралдар жұмыс істеген кезде пайда болады.

Шуды-спектр құраушысымен қарқындылық сипаттайды.

Адам құлағы 16 Гц-тен 20 кГц дейінгі дыбысты қабылдайды

16 Гц-тен төмен дыбыстар инфродыбыстар деп аталады.

20 кГц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар деп аталады.

Олар адам организіміне естілмесе де әсерін тигізеді.

Шудың әсері- құлақтың есту қабілетін уақыт өткен сайын төмендетеді.

Шудың тұрақты әсері кәсіби ауруға әкеліп соқтырады.

Шудан бас ауырады,әлсіздік пайда болады, орталық нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Психикалық өзгерістер пайда болады. Тұрақты шу созылмалы эмоциялық стресс жағдайын дамытады.

Шу деңгейі жоғары болған сайын оның адам организіміне әсері күшейе түседі.

120÷130 дБ дыбыс қысымы құлақты ауыртады.

Шуды өлшеу және зерттеу үшін шумомерлер қолданылады.

Шу деңгейін төмендету шараларының негізі

- шу кезінде шуды азайту

- шуылды тарату кезінде шуды азайту

Ол үшін өндіріс технологиясын өңдеу тәсілін, тасымалдауды, машина конструкциясымен механизмдерін өзгерту керек.

Егер шу деңгейін төмендету мүмкін емес болса онда дыбыс ұстайтын, дыбысты сіңіретін құралдар қолданылады.

Дыбыс сіңіретін құралдар: -экрандар ол – мақталар, пемза, шұқырлы штукатурка. Дыбыс толқыны экранның көп тесіктеріне кіріп үйкеліп, өшеді. Жеке қорғаушы құралдар наушник, шлем. Оны қолданған кезде дыбыс қысымы 40÷50 дБ-ге дейін төмендейді.

Вибрация - бұл механикалық тербеліс. Адам оны бөлшектер, конструкциялар, жер қозғалғанда сезеді.

Адам организіміне вибрация әсер еткен кезде оның денсаулығына зиян келеді. Егер ол көп уақыт вибрация әсерінде болса кәсіби ауруға шалдығуы мүмкін. Ол жүрек ауруы, жүйке, сүйек аурулары. Адамның басы ауырып, қан қысымы көтеріледі, көзі ауырады, бұлшық ет күші төмендейді, салмағы азаяды, ұйқысы қашады, сүйегі сырқырып, аяқ-қолдары тартылады.

Ең қауіпті болып 6-9 Гц жиелікті вибрация саналады. Себебі ол адам организімінің жиелігімен бірдей. Адам 6-9 Гц жиелікті болып саналады.

 Вибрация амплитудасы үлкен болған сайын оның адам организіміне ықпалы соғырлым көп.

Вибрация вибраметр көмегімен өлшенеді. Вибрация екпінін азайту үшін агрегаттар мен машиналарды жинау тиянақты орындалу керек. Бөлшектердің арасындағы қуыстар мен алшақтықты азайту керек.

Жеке қорғау құралдары ретінде табаны қалың резиналы аяқ киім мен арнайы қолғап қолданылады. Жұмыс кезінде вибрация әсерін сезетін жұмысшыларға арнайы жұмыс тәртібі мен демалыс кестесі жасалады. Вибрация әсерінен ауруға шалдығудың алдын алу үшін жұмысшы әрдайым медициналық тексеруден өтеді.

8-дәріс

4 бөлім Өрт қауіпсіздігі негіздері

 

Өрт болдырмау шаралары

Өрт адамның басңаруынан және бақылауынан шыққан жану процесі болады, басқаша айтқанда өрт деп бақылауға болмайтын, арнайы ошақтан тыс болатын, материалдық шығын келтіретін жану процесін айтады. Өрт халык, шаруашылығына үлкен зиян, өте зор экономикалық шығын келтіреді, кейбір жағдайларда адамдар зақымданады.

Қазіргі кезде республика көлемінде кәсіпорындарда өртке қарсы күресу шаралары кеңінен қолданылуына қарамастан өрт шығу оқиғалары жиі болып тұрады. Олардың салдарынан көптеген құнды дүние-мүліктер жойылады, адамдар жарақаттанып, өлім жағдайы тууы мүмкін.Сондықтан өртке қарсы күресу шараларын ойдағыдай ұйымдастыру мәселесіне үлкен көңіл бөлу керек.

 

 


Жану процестері

Жану дегеніміз көп мөлшерде жылу шығуы мен жарық сәуле бөлінуі қоса жүретін күрделі физикалы-химиялық процесс.

Жанғыш деп оттегімен қосылатын заттарды айтады. Бірақ кейбір заттардың жануы оттегімен ғана емес басқа газдармен де қосылу арқылы болады, мәселен, хлормен, күкіртпен,броммен т.б. Жанғыш заттар қатты, сүйык, газ (бу) күйінде болады. Әдетте жану процесі заттың газ (бу) күйінде жүреді. Сондықтан қатты және сұйық заттар жану барысында физикалы-химиялық реакция арқылы жанғыш газдарға (буларға) айналып, жану процесінің үздіксіз жүруін қамтамасыз етеді.

Жану процесінің бірнеше түрлері болады: от алу, жану, тұтану, өздігінен жану, өздігінен тұтану, жарылу. От алу деп жанғыш заттың үстінде пайда болған газдың не будың лап етіп тез жанып кетуін айтады. Мұнда заттың булану (газдану) жылдамдығы өте аз болғандықтан оның өзі жанбайды. Заттың үстінде жиналған газ не бу жанатын ең төмен температураны сол заттың от алу температурасы деп атайды.

Жану дегеніміз тұтандыру көзінің әсерінен туатын жану процесі, тұтану деп жалын пайда болатын жану процесін айтады. Тұтану температурасы тұтанғаннан кейін жанғыш заттың тұрақты жануына қажетті жанатын газ бен будың шығу жылдамдығын қамтамасыз ететін сол заттың температурасы болады. Бұл температура тұтандыру тұтандыру көзін аулақтағаннан кейін жану процесі тоқталмай әрі қарай жалғаса беретін заттың ең төмен температурасына тең. Сонымен зат тұрақты жану үшін оның булану жылдамдығы будың жану жылдамдығынан артық болатындай температурасы болу керек. Тұтану мен температурасы от алу температурасынан біршама градусқа жоғары болады.

Көптеген химиялың заттар және олардын қоспалары ауамен немесе сумен қосылғанда өзінен-өзі қызып, оның ақырында өздігінен жануы басталады. Өздігінен жану қабылеттілігіне қарай химиялық заттар мынандай топтарға бөлінеді:

1. Ауамен қосылған кезде өздігінен жанатын заттар. Бұларға жатады: активтелген көмір, алдаиний ұнтағы, сілті металлдар карбиды т.б. Бұл заттардың ауада тотығуы көп мөлшерде жылу шығуымен болады.

2. Судан әсерімен жанатын заттар. Бұлар: сілті металлдар және олардын карбидтары, кальций, тотығы, натрийдін асқын тотығы т.б.

3. Бірімен бірі араласқанда өздігінен жанатын заттар. Бұлар қатты, сұйық және газ түрінде тотықтырғыштар: хлор, азот қышқылы селитра, сұйықталған оттегі, хром ангидриді т.б.

Жану процестерін білу олардын пайда болу себептерін жойып, өртті болдырмауға не оны басталу кезінде сендіруте мүмкіншілік туғызады.

Өрт шығу себептері және өрт қауіпсіздігі

Жану процесі басталып, әрі қарай дамуына үш нәрсенін бар болуы қажет: жанғыш зат, ауаның оттегі және тутандыру көзі.Бірақ өрт шығып, өршу үшін бұл факторлар жеткіліксіз болады. Ол үшін сонымен қатар мынандай жағдайлар болу керек:

1. Жану зонасында жанғыш зат пен оттегі белгілі сандың және сапалық ңатыста болу керек.

2. Түтандыру көзінін температурасы мен жылу энергиясы жану ортасын ездігінен түтану температурасына дейін қыздыратындай ету қажет.

3. Жану ортасы мен тутандыру көзі өзара түйісу керек. Егер бұл жағдайлардын біреуі болмаса жану процесі болмайды. Сондықтан жану процесін тоқтатудың мынандай жолдары болады:

1. Жану зонасы мен жанғыш затты салқындату.

2. Жанған затты атмосфера ауасынан оқшаулау.

3. Жану зонасына жанбайтын заттарды енгізу.

4. Жану реакциясын тежейтін химиялық заттарды қолдану.

5. Жанғыш затты жану зонасынан оқшаулау немесе аулақтау. Өрт шығу себептері өте көп және әр түрлі болады.

Олардың сталары мыналар:

1. Жанғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану.

2. Жылыту жүйесін, электр желісін, электр қондырғыларын дұрыс пайдаланбау.

3. Өрт қауіпсіздік ережесін бұзу.

4. Газ, бу, шан, газ баллондары, компрессорлар тағы басқа заттардың жарылуы.

5. Электрлік, механикалық және басқа ұшқындар.

6. Жанғыш заттардың өздігінен тұтануы және жануы.

7. Статикалың және атмосфералық электр разряды.

8. Жанар, майлар, бояу материалдарын және басқа жанғыш сұйықтарды дұрыс сақтамау.

9. Құрал-жабдықтардың қатты кызуы.

10.Әдейі өрттеу т.б.

Бұл тізіммен өрт шығу себептері түгенделмейді, олар өте көп. Статистикалық мәліметтер бойынша өрт шығуынын ең басты себебі ашық отты ұқыпсыз, абайсыз пайдалану болып есептеледуі (40-50%).

 

Жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша бөлмелердің топтасуы

Автокөлік және басқа кәсіпорындарында өрт қауіпті жанғыш материалдар кеңінен пайдаланылады (бензин, керосин, майлар, бояулар, еріткіштер, ағаш т.б.). Сондықтан барлық өндіріс бөлмелері қолданылатын өрт қауіпті заттардың сипаттамасы мен мөлшеріне қарай жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша бес категорияға бөлінеді: А, Б, В, Г, Д (ОНТП 24-86).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: