Тыныс алу физиологиясы

1. Қалыпты дем алу (инспирация) жүзеге асуына қажет:

а) қабырғалардың төмен түсуі және диафрагманың 1,5-2 см көтерілуі;

б) қабырғалардың көтерілуі және диафрагманың 7-10 см төмен түсуі;

в) қабырғалардың төмен түсуі и диафрагманың 7-10 см көтерілуі;

г) қабырғалардың көтерілуі және диафрагманың 1,5-2 см төмен түсуі;

д) қабырғалардың төмен түсуі диафрагманың 5-7 см көтерілуі.

 

 

2. Сурфактантантқа тән емес ф ункция:

а) альвеолалардың беткей керілу күшін арттырады;

б) өкпелердің керілу күшін ұлғайтады;

в) альвеолалардың семіп қалуына жол бермейді;

г) өкпе альвеолаларының тұрақтылығын қамтамасыз етеді;

д) ателактаз дамуына жол бермейді.

 

 

3. МТК (минуттық тыныс көлемі) – бұл ненің көбейтіндісі?:

а) өкпенің қалдық көлемі мен тыныс жиілігінің;

б) өлі кеңістік көлемі мен тыныс жиілігінің;

в) тыныстық көлем мен тыныс жиілігінің;

г) өкпенің тіршілік сыйымдылығы мен тыныс тереңдігінің;

д) өкпенің қалдық көлемі мен тыныс тереңдігінің.

 

 

4. Өкпенің серпін күші – бұл:

а ) өкпенің үнемі өз көлемін үлкейтуге ұмтылуы;

б) өкпе альвеолаларында қалыпты дем алудың соңындағы қысым;

в ) плевраның париеталды және висцералды жапрақшалары араларындағы қысым;

г) өкпе альвеолаларында қалыпты дем шығарудың соңындағы қысым;

д) өкпенің үнемі өз көлемін кішірейтуге ұмтылуы.

 

 

5. ФҚК (өкпенің функциялық қалдық көлемі) неден тұрады?:

а) дем алу мен дем шығарудың резервтік көлемдерінен;

б) қалдық көлем мен тыныстық көлемнен;

в) қалдық көлем мен дем шығарудың резервтік көлемінен;

г) қалдық көлем мен дем алудың резервтік көлемінен;

д) тыныстық көлем мен дем шығарудың резервтік көлемінен.

 

 

6. Өкпе вентиляциясы мен альвеолалар вентиляциясы ара қатынасы:

а) өкпе вентиляциясынан альвеолалық вентиляция қалдық көлем мөлшеріндей өлшемге кем;

б) өкпе вентиляциясынан альвеолалық вентиляция өлі кеңістік вентиляциясы мөлшеріндей өлшемге е кем;

в) өкпе вентиляциясынан альвеолалық вентиляция қалдық көлем мөлшеріндей өлшемге артық;

г) өкпе вентиляциясынан альвеолалық вентиляция өлі кеңістік вентиляциясы мөлшеріндей өлшемге артық;

д) альвеолалық вентиляция өкпе вентиляциясынан тыныстық көлем мөлшеріндей артық.

 

 

7. Қалыпты дем алғанда кеуде қуысының вертикальді өлшемінің өзгерісі:

а) диафрагманың 1,5-2,0 см көтерілуі есебінен тарылады;

б) қабырғалардың көтерілуі есебінен кеңиді;

в) диафрагманың 1,5-2,0 см төмен түсуі есебінен кеңиді;

г) қабырғалардың төмен түсуі есебінен тарылады;

д) диафрагманың 7,0 - 10,0 см көтерілуі есебінен тарылады.

 

 

8. Ұрық ұлпаларының оттегімен жеткілікті қамтамасыз етілуіне әсер етпейтін факторлар: 

а) ұрық ұлпаларындағы тотығу процестерінің қарқынының төмендігі;

б) ұрықтың энергия жұмсауы шектеулі;

в) ұрықтың, ересектермен салыстырғанда, ұлпаларындаға қан айналысы дене салмағы бірлігіне шаққанда 2 есе артық;

г) ересектерге қарағанда гемоглобиндерінің оттегіне сезімталдығы төмен;

д) ұрық ұлпаларындағы жасушалар төменгі кернеулі оттектік ортада тіршілік етуге эволюциялық тұрғыда бейімделген.

 

 

9. Оттегіні сіңіру (пайдалану) коэффициенті - бұл:

а) оттегінің артериялық және веналық қандар құрамындағы көлемдік айырымы;

б) ұлпалардың веналық қаннан сіңіретін оттегі бөлігі;

в) өкпелердің атмосфералық ауадан сіңіретін оттегі бөлігі;

г) өкпелердің веналық қаннан сіңіретін оттегі бөлігі;

д) ұлпалардың артериялық қаннан сіңіретін оттегі бөлігі.

 

 

10. Өкпедегі газдар алмасуы механизмі негізделген:

а) өкпе капиллярларындағы веналық қандағы О2 альвеолалық ауаға шығуына және альвеолалық ауадағы СО2  өкпе капиллярларындағы веналық қанға енуіне;

б) өкпе капиллярларындағы веналық қандағы СО2 альвеолалық ауаға шығуына және альвеолалық ауадағы О2  өкпе капиллярларындағы қанға енуіне;

в) О2 мен СО2   альвеолалық ауадан өкпе капиллярларындағы веналық қанға енуінде;

г) О2 мен СО2   альвеолалық ауадан ұлпалар жасушаларына енуіне;

д) О2 мен СО2   өкпе капиллярларындағы веналық қаннан альвеолалық ауаға шығуына.

 

 

11. Қанның газдық құрамының тыныс алуды реттеудегі ролін кім және қандай тәжірибеде зерттеген?:

а) Легаллуа, құстардың миын кесу тәжірибесі;

б) Фредерик, иттегі айқастырылған қан айналысы тәжірибесі;

в) Миславский, сопақша ми аймақтарын біртіндеп тітіркендіру;

г) Кравчинский, бақаның оқшауланған сопақша миының электропотенциалдарын тіркеу тәжірибесі;

д) Флуранс, сопақша миды тітіркендіру және бұзу тәжірибесі.

 

12. Жабық пневмоторакс сипатталады:

а) өкпелердің толық семіп қалуы және өкпе вентиляциясының тоқтауы;

б) өкпелердің жарым жартылай семіп қалуы және өкпе вентиляциясының тоқтауы;

в) өкпелердің жарым жартылай семіп қалуы және өкпе вентиляциясының жалғасуы;

г) өкпелердің толық семіп қалуы және өкпе вентиляциясының жалғасуы;

д) өкпе альвеолаларының шектен тыс керілуі және толық семіп қалуы.

 

 

13. Карбоангидраза ферменті сипатталады:

а) эритроциттерде орналасады, өкпелерде көмір қышқылының СО2 мен Н2О қосылысынан түзілу реакциясын катализдеп үдетуші;

б) лейкоциттерде орналасады, өкпелерде көмір қышқылының СО2 мен Н2О қосылысынан түзілу реакциясын катализдеп үдетуші;

в) эритроциттерде орналасады, ұлпаларда көмір қышқылын СО2 мен Н2О ыдырату реакциясын катализдеп үдетуші;

г) лейкоциттерде орналасады, өкпелерде көмір қышқылын СО2 мен Н2О ыдырату реакциясын катализдеп үдетуші;

д) эритроциттерде орналасады, өкпелерде көмір қышқылын СО2 мен Н2О ыдырату реакциясын катализдеп үдетуші.

 

 

14. Жаңа туған баланың алғашқы тыныстық циклы ерекшеліктері:

а) алғашқы дем шығару белсенді болады, ұзаққа созылған, баланың айғаймен қабаттас жүреді;

б) алғашқы дем шығару пассивті болады, ұзаққа созылған, баланың айғаймен қабаттас жүреді;

в) алғашқы дем шығару белсенді болады, өте қысқа, баланың айғаймен қабаттас жүреді;

г) алғашқы дем шығару пассивті болады, өте қысқа, баланың айғаймен қабаттас жүреді;

д) алғашқы дем шығару пассивті болады, өте қысқа, баланың айғаймен қабаттас жүрмейді.

 

 

15. Ұлпалардағы газдар алмасуы механизмі негізделген:

 а) жасушалардан артериялық қанға О2 диффузиясына және артериялық қаннан жасушаларға СО2  диффузиясына;

б) жасушалардан артериялық қанға СО2 диффузиясына және артериялық қаннан жасушаларға  О2 диффузиясына;

в) О2 и СО2  артериялық қаннан жасушаларға диффузиясына;

г) СО2 и О2  жасушалардан артериялық қанға диффузиясына;

д) О2 веналық қаннан альвеолалық ауаға диффузиясына және СО2  альвеолалық ауадан веналық қанға диффузиясына.

 

 

16. Альвеола-капилляр мембранасындағы О2  қысым градиенті тең:

а) 40 мм с.б.;

б) 20 мм с.б.;

в) 6 мм с.б.;

г) 60 мм с.б.;

д) 80 мм с.б.;

 

17. Транспульмональды қысым деп аталады:

а) альвеолалық және құрсақ қуысы ішіндегі қысымдар арасындағы айырым;

б) альвеолалық және плевра ішілік қысымдары арасындағы айырым;

в) атмосфералық және плевра ішілік қысымдары арасындағы айырым;

г) атмосфералық және альвеолалық қысымдар арасындағы айырым;

д) атмосфералық және құрсақ іші қысымдары арасындағы айырым.

 

 

18. Қанның оттектік сыйымдылығы сипатталады:

а) артериялық қаннан ұлпалардың сіңіретін оттегі көлемі;

б) қанмен байланысып гемоглобинді 50% дейін қанықтыратын О2 көлемі;

в) өкпенін веналық қаннан сіңіретін О2 көлемі;

г) қанмен байланысып гемоглобинді толығымен қанықтыратын О2 көлемі;

д) артериялық және веналық қандардағы оттегі көлемі айырымы.

 

 

19. Карбоангидраза ферменті сипатталады:

а) эритроциттерде орналасады, өкпелерде көмір қышқылының СО2 мен Н2О қосылысынан түзілу реакциясын катализдеп үдетуші;

б) лейкоциттерде орналасады, өкпелерде көмір қышқылының СО2 мен Н2О қосылысынан түзілу реакциясын катализдеп үдетуші;

в) эритроциттерде орналасады, ұлпаларда көмір қышқылының СО2 мен Н2О қосылысынан түзілу реакциясын катализдеп үдетуші;

г) лейкоциттерде орналасады, өкпеде көмір қышқылын СО2 мен Н2О ыдырату реакциясын катализдеп үдетуші;

д) эритроциттерде орналасады, ұлпаларда көмір қышқылын СО2 мен Н2О ыдырату реакциясын катализдеп үдетуші.

 

 

20. Анатомиялық өлі кеңістіке тән емес:

а) дем алғанда атмосфералық ауаны суытады;

б) құрамына жоғары тыныс жолдары, кеңірдек, бронхтар және терминалды бронхиолалар енеді;

в) бұл кеңістік газдар алмасуына қатыспайды;

г) дем шығарғанда 30% жылу мен суды ұстап қалу арқылы альвеолалы-капиллярлы мембрананың кеуіп кетпеуінің алдын алады;

д) бұл кеңістікте ауа легі жоғарғы сызықтық жылдамдықты көрсетеді.

 

 

21. Қалыпты пассивті дем шығару механизміне жатпайды:

а) іш қабырғасының кедергісі;

б) алдында дем алғанда көтерілген қабырғалардың салмағы;

в) қабырғалық шеміршектердің серпімділік кедергісі;

г) ішкі қабырға аралық бұлшық еттер жиырылуы;

д) құрсақ қуысында орналасқан құрылымдардың кедергісі.

 

 

22.  Орталық хеморецепторлар арттырады:

а) гипокапния және ацидоз;

б) гиперкапния және алкалоз;

в) гиперкапния және ацидоз;

г) гипокапния және алкалоз;

д) гипероксия және алкалоз.

 

23. Арқада ауыр жүкті тасығанда байқалатын тыныс түрі:

а) қабырғалық;

б) аралас;

в) басында – қабырғалық, сонан соң – диафрагмалық;

г) диафрагмалық;

д) басында – диафрагмалық, сонан соң – қабырғалық.

 

 

24. Бора эффектісі– бұл:

а) карбогемоглобин қисығы диссоциациясына қанның рН әсері;

б) оксигемоглобин қисығы диссоциациясына қанның рН әсері;

в) оксигемоглобин қисығы диссоциациясына қанның температурасы әсері;

г) карбогемоглобин қисығы диссоциациясына қанның температурасы әсері;

д) оксигемоглобин қисығы диссоциациясына қанның тұтқырлығы әсері.

 

 

25. Альвеолалық ауаның дем шығарғандағы ауадан айырмашылығы:

а) жоғарғы пайыздық N2  және CО2 көлемі;

б) теңдесті пайыздық СО2 және О2 көлемі;

в) жоғарғы пайыздық N2  және  О2 көлемі;

г) жоғарғы пайыздық  О2  және төменгі пайызды CО2 көлемі;

д) жоғарғы пайыздық  СО2 және төменгі пайызды О2 көлемі .

 

 

26. Организмде СО2 негізгі бөлігі қандай қосылыстар күйінде тасымалданады?:

а) көмір қышқылының негіздік тұздары және карбгемоглобин;

б ) көмір қышқылының қышқылдық тұздары және карбгемоглобин;

в) көмір қышқылының негіздік тұздары және карбоксигемоглобин;

г) көмір қышқылының қышқылдық тұздары және карбоксигемоглобин;

д) карбгемоглобин және карбоксигемоглобин.

 

 

27. Жаңа туған нәрестенің алғашқы демі сипатталады (көп жағдайларда):

а) келесі дем алуларға қарағанда әлде қайда терең, экспирациялық бұлшық еттердің күшті қозуымен   қабаттас жүреді, алғашқы тыныстық цикл айтарлықтай ұзақ; 

б) келесі дем алуларға қарағанда әлде қайда терең, инспирациялық бұлшық еттердің күшті қозуымен   қабаттас жүреді, алғашқы тыныстық цикл қысқа; 

в) келесі дем алуларға қарағанда әлде қайда терең, инспирациялық бұлшық еттердің күшті қозуымен қабаттас жүреді, алғашқы тыныстық цикл айтарлықтай ұзақ; 

г) келесі дем алуларға қарағанда тереңдігі аздау, инспирациялық бұлшық еттердің күшті қозуымен   қабаттас жүреді, алғашқы тыныстық цикл айтарлықтай ұзақ; 

д) келесі дем алуларға қарағанда тереңдігі аздау, инспирациялық бұлшық еттердің күшті қозуымен   қабаттас жүреді, алғашқы тыныстық цикл айтарлықтай қысқа. 

 

 

28. Жаңа туған баланың сыртқы тыныс ерекшеліктері:

а) жаңа туған бала әрқашан мұрынымен дем алады, қалыпты тынысы диафрагмалық;

б) жаңа туған бала әрқашан аузымен дем алады, қалыпты тынысы диафрагмалық;

в) жаңа туған бала әрқашан мұрынымен дем алады, қалыпты тынысы аралас;

г) жаңа туған бала әрқашан аузымен дем алады, қалыпты тынысы қабырғалық;

д) жаңа туған бала әрқашан аузымен дем алады, қалыпты тынысы аралас.

 

 

29. Жұлынды мойын және кеуде сегменттері арасынан кескенде:

а) диафрагмалық тыныс тоқталады, қабырғалық тыныс сақталып қалады;

б) диафрагмалық және қабырғалық тыныстар сақталады, тыныс тереңдігі азаяды;

в) диафрагмалық және қабырғалық тыныс тоқталады;

г) диафрагмалық тыныс сақталады, қабырғалық тыныс тоқталады;

д) диафрагмалық тыныс тоқталады, қабырғалық тыныс периодты түрге ауысады.

 

 

30. Жаңа туған баланы қысқа мерзімде суға батыратын болса пайда болатын қорғаныс рефлексі:

а) өкпе гипервентиляциясына тудыратындай тыныс жиілейді;

б) тыныс жолдарына су кіріп кетуіне қарсы тұратын тыныс тоқтауы;

в) дем шығарғанда кенеттен пайда болатын жөтелу рефлексі;

г) жоғарғы тыныс жолдарында шырыштың көп бөлінуі;

д) өкпе вентиляциясын төмендететіндей тыныс сиреуі.

 

 

31. Орталық және шеткі хеморецепторлардың адекватты тітіркендіргіштеріне жатпайтыны:

а) артериялық қандағы РО2  төмендеуі;

б) артериялық қандағы РСО2 артуы;

в) мидың жасуша аралық сұйықтығында Н+ концентрациясының артуы;

г) қанның рН төмендеуі;

д) веналық қанда Na+ концентрациясының төмендеуі.

 

 

32. Организмнің ішкі ортасында О2, СО2 және рН қалыпты көлемі сақталып тұруы бақылауын жүзеге асырады:

а) перифериялық хеморецептор және орталық барорецептор;

б) перифериялық терморецептор және орталық хеморецептор;

в) перифериялық осморецептор және орталық барорецепторами;

г) перифериялық хеморецептор және орталық хеморецептор;

д) перифериялық хеморецептор және орталық осморецептор;

 

 

33. Орталық хеморецептор тежейді:

а) гипокапния және ацидозды;

б) гиперкапния және алкалозды;

в) гиперкапния және ацидозды;

г ) гипокапния және алкалозды;

д) гипоксия және алкалозды.

 

 

34. Биіктік (тау) ауруы дамуында маңызды болатын факторлар келесі:

а) атмосфералық қысым көтерілуі және дем алатын ауада О2 парциалды қысымы артуы;

б) атмосфералық қысым төмендеуі және  дем алатын ауада О2 парциалды қысымы артуы;

в) атмосфералық қысым төмендеуі және  дем алатын ауада О2 парциалды қысымы төмендеуі;

г) атмосфералық қысым көтерілуі және дем алатын ауада СО2 парциалды қысымы төмендеуі;

д) атмосфералық қысым көтерілуі және қандағы СО2 кернеуі төмендеуі.

 

35. Балалардағы альвеолалар санының және көлемінің жасқа қатысты өзгерістері:

а)   7-8 жасқа дейін альвеолалар көлемі кеңиді, ал онан соң – олардың саны артады;

б) 4-5 жасқа дейін альвеолалар саны өседі, ал онан соң – олардың көлемі кеңиді;

в) 4-5 жасқа дейін альвеолалар көлемі кеңиді, ал онан соң – олардың саны артады;

г) 7-8 жасқа дейін альвеолалар саны өседі, а онан соң – олардың көлемі кеңиді;

д) 13-14 жасқа дейін альвеолалар көлемі кеңиді, ал онан соң – олардың саны артады.

 

 

36. Өкпенің жалпы сыйымдылығы (ӨЖС) тең болады:

а) ФҚС (функциялық қалдық сыйымдылық) пен қалдық көлем қосындысына;

б) МТК (минуттық тыныстық көлем) мен өлі кеңістік көлемі қосындысына;

в) ӨТС (өкпенің тіршілік сыйымдылығы) мен тыныс жиілігі көбейтіндісіне;

г) ҚК (қалдық көлем) мен тыныс жиілігі көбейтіндісіне;

д) ӨТС (өкпенің тіршілік сыйымдылығы) мен ҚК (қалдық көлем) қосындысына.

 

Несіп-жыныс жүйесі физиологиясымодулі:

1. Қуықтағы зәрдің көлемі қандай көлемге жеткенде адамда зәр шығаруға мұқтаждықтың алғашқы белгілері туындайды?:

А. 50 мл

Б. 100 мл

В. 150 мл

Г. 200 мл

Д. 250 мл

 

 

2. Юкстамедулярлы нефронның қанмен қамтамасыз етілуі сипатталады:

А. қанды әкелгіш артериолаға қарағанда қанды әкеткіш артериоланың диаметрі тар, қанды әкеткіш артериола шумақтан шыққаннан кейін екінші ретті капиллярлық торға ыдырайды;

Б. қанды әкелгіш артериолаға қарағанда қанды әкеткіш артериоланың диаметрі кең, қанды әкеткіш артериола шумақтан шыққаннан кейін екінші ретті капиллярлық торға ыдырамайды;

В. қанды әкелгіш артериолаға қарағанда қанды әкеткіш артериоланың диаметрі тар, қанды әкеткіш артериола шумақтан шыққаннан кейін екінші ретті капиллярлық торға ыдырамайды;

Г. қанды әкелетін және қанды әкететін артериолалардың диаметрлері тең, қанды әкеткіш артериола шумақтан шыққаннан кейін екінші ретті капиллярлық торға ыдырамайды;

Д. қанды әкелетін және қанды әкететін артериолалардың диаметрлері тең, қанды әкеткіш артериола шумақтан шыққаннан кейін екінші ретті капиллярлық торға ыдырайды.

 

 

3. Фильтрацияға қарсы тұрады:

А. плазма белоктарының онкотикалық қысымы және шумақтық капиллярлардағы  қанның гидростатикалық қысымы;

Б. плазма белоктарының онкотикалық қысымы және тостағаншадағы зәрдің гидростатикалық қысымы;

В. шумақтық капиллярлардағы  қанның гидростатикалық қысымы мен тостағаншадағы зәрдің гидростатикалық қысымы;

Г. құрсақ аортасындағы қан қысымы мен тостағаншадағы зәрдің гидростатикалық қысымы;

Д. құрсақ аортасындағы қан қысымы мен плазма белоктарының онкотикалық қысымы;

 

 

4. Шумақтық капиллярлардағы жоғары гидростатикалық қысымды қамтамасыз етуге қатысатын факторлар:

А. бүйрек артериялары құрсақ аортасынан басталады, бүйрек артерияларынан шумаққа дейінгі жолы қысқа, қанды әкетуші артериоланың диаметрі қанды әкелуші артериолаға қарағанда екі есе тар;

Б. бүйрек артериялары құрсақ аортасынан басталады, бүйрек артерияларынан шумаққа дейінгі жолы ұзақ, қанды әкетуші артериоланың диаметрі қанды әкелуші артериолаға қарағанда екі есе тар;

В. бүйрек артериялары құрсақ аортасынан басталады, бүйрек артерияларынан шумаққа дейінгі жолы қысқа, қанды әкетуші артериоланың диаметрі қанды әкелуші артериолаға қарағанда екі есе кең;

Г. бүйрек артериялары құрсақ аортасынан басталады, бүйрек артерияларынан шумаққа дейінгі жолы ұзақ, қанды әкетуші артериоланың диаметрі қанды әкелуші артериолаға қарағанда екі есе кең;

Д. бүйрек артериялары кеуде аортасынан басталады, бүйрек артерияларынан шумаққа дейінгі жолы қысқа, қанды әкетуші артериоланың диаметрі қанды әкелуші артериолаға қарағанда екі есе кең.

 

5. Шумақтық фильтрация жүзеге асады, егер:

А. шумақтық капиллярлардағы қан қысымы қан плазмасы белоктарының онкотикалық қысымы мен тостағаншалық сұйықтық қысымы қосындысынан кем болса;

Б. тостағаншалық сұйықтық қысымы шумақтық капиллярлардағы қан қысымы мен қан плазмасы белоктарының онкотикалық қысымы қосындысынан кем болса;

В. тостағаншалық сұйықтық қысымы шумақтық капиллярлардағы қан қысымы мен қан плазмасы белоктарының онкотикалық қысымы қосындысынан артық болса;

Г. қан плазмасы белоктарының онкотикалық қысымы шумақтық капиллярлардағы қан қысымы мен тостағаншалық сұйықтық қысымы қосындысынан артық болса;

Д. шумақтық капиллярлардағы қан қысымы қан плазмасы белоктарының онкотикалық қысымы мен тостағаншалық сұйықтық қысымы қосындысынан артық болса.

 

6. Шығару табалдырығы - бұл:

А.түтікшелерде толық кері сіңіріліп, соңғы зәр құрамына түспейтін заттың қандағы концентрация көрсеткіші;

Б. заттың соңғы зәрдегі концентрация көрсеткіші;

В. түтікшелерде толық кері сіңіріле алмай, соңғы зәр құрамына түсетін заттың қандағы концентрация көрсеткіші;

Г. шумақтық фильтр арқылы өтпейтін заттың қандағы концентрация көрсеткіші;

Д. түтікшелерде толығымен реабсорбцияға ұшырамайтын, сондықтан соңғы зәр құрамында секрецияланатын заттың қандағы концентрация көрсеткіші.

 

 

7. Генле ілмешегінің төмен бағытталған иінінің функциясы:

А. алғашқы зәр сұйылады да гипотониялық сұйықтыққа айналады;

Б. алғашқы зәр қоюланады да гипертониялық сұйықтыққа айналады;

В. алғашқы зәр сұйылады да гипертониялық сұйықтыққа айналады;

Г. алғашқы зәр қоюланады да гипотониялық сұйықтыққа айналады;

Д. алғашқы зәр сұйылады да изотониялық сұйықтыққа айналады.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

8. Инулинге тән сипат:

А. бұл заттың тостағаншадағы сұйықтықтағы концентрациясы оның қан плазмасындағыдан артық;

Б. бүйрек түтікшелерінде толығымен кері сіңіріледі;

В. бүйрек түтікшелерінде секрецияланады;

Г. шумақтық фильтрден өтеді;

Д. токсикалық зат.

 

9. Жинағыш түтіктің функциясы:

А изотониялық зәрді сұйылту;

Б. гипотониялық зәрді сұйылту;

В. гипертониялық зәрді концентрациялау;

Г. гипертониялық зәрді сұйылту;

Д. гипотониялық зәрді концентрациялау.

 

 

10. Глюкозаның тостағанша фильтратындағы концентрациясы қандай мөлшерге жеткенде ол зәрмен шыға бастайды?:

А. 10 ммоль/л төмен;

Б. 5 ммоль/л төмен;

В. 10 ммоль/л жоғары;

Г 1 - 5 ммоль/л аралығында;

Д. 5 - 10 ммоль/л аралығында.

           

 

11. Проксималды түтікшелерде глюкозаның кері сіңірілу механизмі:

А. осмос (пассивті транспорт);

Б. тасымалдаушы заттар көмегімен екіншілік-белсенді транспорт;

В.фильтрация (пассивті транспорт);

Г. жасушалық метаболизм энергиясы есебінен алғашқы-белсенді транспорт;

Д. диффузия (пассивті транспорт).

 

 

12. Қанды шумаққа әкелетін артериоланың көлденең қимасы тарылуы тудырады:

А. шумақтағы сүзілу қысымының төмендеуі, алғашқы зәр сүзілуінің азаюы;

Б. шумақтағы сүзілу қысымының артуы, алғашқы зәр сүзілуінің азаюы;

В. шумақтағы сүзілу қысымының төмендеуі, алғашқы зәр сүзілуінің өсуі;

Г. шумақтағы сүзілу қысымының артуы, алғашқы зәр сүзілуінің өсуі;

Д. шумақтағы сүзілу қысымы өзгермей, алғашқы зәр сүзілуі азаюы.

 

 

13.   Қанды шумақтан әкететін артериоланың көлденең қимасы тарылуы тудырады:

А. шумақтағы сүзілу қысымының төмендеуі, алғашқы зәр сүзілуінің азаюы;

Б.  шумақтағы сүзілу қысымының артуы, алғашқы зәр сүзілуінің азаюы;

В. шумақтағы сүзілу қысымының төмендеуі, алғашқы зәр сүзілуінің өсуі;

Г. шумақтағы сүзілу қысымының артуы, алғашқы зәр сүзілуінің өсуі;

Д. шумақтағы сүзілу қысымы өзгермей, алғашқы зәр сүзілуі азаюы.

 

 

14. Симпатикалық жүйкенің қуықтың зәр шығару аппаратына әсері:

А. қуық қабырғасының бұлшық еттерінің жиырылуын үдетеді, қуықтың сфинктерін босаңсытады;

Б. несепағардың қозғалысын үдетеді, қуық қабырғасының жиырылуын арттырады, қуық сфинктерінің тонусын күшейтеді;

В. несепағардың қозғалысын үдетеді, қуық қабырғасының жиырылуын тежейді, қуық сфинктерінің тонусын төмендетеді;

Г. несепағардың қозғалысын үдетеді, қуық қабырғасының жиырылуын тежейді, қуық сфинктерінің тонусын күшейтеді;

Д. қуық қабырғасының бұлшық еттерінің жиырылуын үдетеді, қуық сфинктерінің тонусын күшейтеді.

 

15. Парасимпатикалық жүйкенің қуықтың зәр шығару аппаратына әсері:

А. несепағардың қозғалысын үдетеді, қуық қабырғасының жиырылуын арттырады, қуық сфинктерінің тонусын күшейтеді;

Б. қуық қабырғасының бұлшық еттерінің жиырылуын үдетеді, қуықтың сфинктерін босаңсытады;

В. несепағардың қозғалысын үдетеді, қуық қабырғасының жиырылуын тежейді, қуық сфинктерінің тонусын төмендетеді;

Г. несепағардың қозғалысын үдетеді, қуық қабырғасының жиырылуын тежейді, қуық сфинктерінің тонусын күшейтеді;

Д. қуық қабырғасының бұлшық еттерінің жиырылуын үдетеді, қуық сфинктерінің тонусын күшейтеді.

16. Зәр түзілуіне адреналин аз дозада әсер еткенде байқалады:

А. шумақтық афферентті артериолаларды тарылтады да, фильтрация деңгейін төмендетеді;

Б. шумақтық эфферентті артериолаларды тарылтады да, фильтрация деңгейін арттырады;

В. шумақтық афферентті артериолаларды кеңітеді де, фильтрация деңгейін төмендетеді;

Г. шумақтық эфферентті артериолаларды кеңітеді де, фильтрация деңгейін төмендетеді;

Д. шумақтық афферентті артериолаларды тарылтады д,а фильтрация деңгейін арттырады.

 

 

17. Зәр түзілуіне адреналин көп дозада әсер еткенде байқалады:

А. шумақтық афферентті артериолаларды тарылтады да, фильтрация деңгейін төмендетеді;

Б. шумақтық эфферентті артериолаларды тарылтады да, фильтрация деңгейін арттырады;

В. шумақтық афферентті артериолаларды кеңітеді де, фильтрация деңгейін төмендетеді;

Г. шумақтық эфферентті артериолаларды кеңітеді де, фильтрация деңгейін төмендетеді;

Д. шумақтық афферентті артериолаларды тарылтады да фильтрация деңгейін арттырады.

 

 

18. Көменде келтірілген заттардың қайсысы шумақты фильтрация жылдамдығын анықтауға пайдаланылмайды?:

А. инулин;

Б. креатинин;

В. маннитол;

Г. глюкоза;

Д. полиэтиленгликоль-400.

 

 

19. Табалдырықсыз заттар:

А. бүйрек түтікшелерінде толық кері сіңіріледі, сондықтан соңғы зәр құрамында болмайды;

Б. бүйрек түтікшелерінде толық кері сіңірілмейді және қандағы концентрациясы аз бола тұрып соңғы зәрмен шығады;

В. бүйрек түтікшелерінде кері сіңірілмейді және қандағы концентрациясына тәуелсіз толығымен соңғы зәрмен шығады;

Г. бүйрек түтікшелерінде бөлініп шығады және концентрациясы қанда жоғары болатын болса соңғы зәр құрамында шығады;

Д. қандағы концентрациясы қалыпты болатын болса бүйрек түтікшелерінде толығымен кері сіңіріледі.

 

 

20. Әйелдердің біріншілік жыныстық белгілеріне жататындар:

А. бой мен дене салмағының артуы;

Б. жамбас, іш және бөксе маңайында майдың көптеп жинақтала бастауы;

В. сүт бездерінің өсуі;

Г. менархе басталуы (менструация, етеккір);

Д. сыртқы және ішкі жыныс мүшелері.

 

 

21. Әйелдердің екіншілік жыныстық белгілеріне жататыны:

А. аналық без;

Б. жатыр;

В. жыныс ернеуі;

Г. менархе (менструация, етеккір) пайда болуы;

Д. қынап.

 

 

22. Еркектердің біріншілік жыныстық белгілеріне жататындар:

А. бұлшық еттер салмағының артуы, бойдың қарқынды өсуі;

Б. ішкі және сыртқы жыныс мүшелері;

В. бетте жүн жамылғысының пайда болуы;

Г. дауыстың өзгеруі;

Д. жүн жамылғысының қолтық астында және аяқтарда өсе бастауы.

 

 

23. Еркектердің екіншілік жыныстық белгілеріне жататыны:

А. ұма;

Б. простата (қуықасты жыныс безі);

В. бетте жүн жамылғысының пайда болуы;

Г. аталық ұрық без;

Д. жыныс мүшесі.

 

 

24. Мақсатты нәтижесіне тәуелді жасөспірімдердің сексуалды қылықтарының түрлері:

А. жыныстық ширығудің бәсеңсуі және дүниеге бала әкелу;

Б. жыныстық қызығуды қанағаттандыру және дүниеге бала әкелу;

В. жыныстан тыс пайда табу жолы және коммуникативті сексуалдық:

Г. ерлі-зайыптылық салт жоралары жолдары және дүниеге бала әкелу;

Д. жыныстық қызығушылықты қанағаттандыру және өзінің сексуалдық мүмкіндігін дәлелдей алу.

 

 

25. Бас миының қарқынды өсуіне байланысты сипатталатын ана-бала жүйесінің өте қиын кезеңі:

А. дамудың 15-20 жұмалары;

Б. эмбриогенездің 20 – 24  жұмалары;

В. эмбриогенездің 7-8 тәуліктері;

Г. дамудың 3 – 8 жұмалары;

Д. эмбриогенездің 10-15 тәуліктері.

 

 

26. Жетілген сүт – бұл әйелдің сүт бездері сөлінісі бөліне бастайды:

А. босана салысымен бірінші күннен;

Б. босанғаннан 7-14 күннен кейін;

В. босанғаннан 2-3 күннен кейін;

Г. босанғаннан 4-5 күннен кейін;

Д. босанғаннан 21-24 күннен кейін.

 

 

27. Ұрықтана салысымен анықталатын ұрық жынысының аталуы:

А. нағыз немесе гонадалық жыныс;

Б. денелік жыныс;

В. генетикалық жыныс;

Г. гормондық жыныс;

Д. морфологиялық жыныс.

 

 

2 8. Шектен тыс көп көлемде сұйық қабылдағанда:

         А.гиалуронидаза көлемі өзгермейді, АДГ секрециясы күшейеді;

         В. гиалуронидаза көлемі азаяды, АДГ секрециясы өзгермейді;

         С. гиалуронидаза көлемі артады, АДГ секрециясы күшейеді;

        Д.  гиалуронидаза көлемі азаяды, АДГ секрециясы тежеледі;

        Е.  гиалуронидаза көлемі мен АДГ секрециясы өзгеріссіз қалады.

          

 

29. Генле ілмешегіндегі айналдыра кері ағызу жүйесінің жұмысы қалай сипатталады?:

     А. төмен бағытталған бөлiмiнде Na + реабсорбциясы, жоғарланған бөлiмiнде су  

           реабсорбциясы;

         В. төмен бағытталған бөлiмiнде хлор реабсорбциясы, жоғарланған бөлiмiнде су        

           реабсорбциясы;

С. төмен бағытталған бөлiмiнде су реабсорбциясы, жоғарланған бөлiмiнде Na +

     реабсорбциясы;

  Д. төмен бағытталған бөлiмiнде амин қышқылдар реабсорбциясы, жоғарланған

      бөлiмiнде Na +  реабсорбциясы;

  Е.  төмен бағытталған бөлiмiнде глюкоза реабсорбциясы, жоғарланған

      бөлiмiнде Na +  реабсорбциясы.

   

 

30. Қалыпты күйде стандартты дененің беткей қабатына шаққанда (1,73 м2) әйелдерде шумақтық фильтрация жылдамдығы құрайды:

А.  80 мл/мин;

Б.  50 мл/мин;

В.  20 мл/мин;

Г. 110 мл/мин;

Д. 220 мл/мин

 

 

31. Қалыпты күйде стандартты дененің беткей қабатына шаққанда(1,73 м2)  еркектерде шумақтық фильтрация жылдамдығы құрайды:

А.  125  мл/мин;

Б.  50 мл/мин;

В.  20 мл/мин;

Г.  180 мл/мин;

Д. 220 мл/мин

 

 

32. Жаңа туған баланың өмірінің алғашқы айларындағы бүйрегінің концентрациялау қабілетінің төмен болуының негізі:

А. бүйректің АДГ әсеріне сезімталдығының төмен болуы, белоктарды толық өңдей алмау нәтижесінде қанда, зәрде және бүйректің милы қабатында мочевинаның концентрациясы азаюына ықпал жасайды;

Б. бүйректің АДГ әсеріне сезімталдығының төмен болуы, белоктарды өңдеу өте қарқынды,нәтижесінде қанда, зәрде және бүйректің милы қабатында мочевинаның концентрациясы азаюына ықпал жасайды;

В. бүйректің АДГ әсеріне сезімталдығының төмен болуы, белоктарды өңдеу жоғары қарқынды, нәтижесінде қанда, зәрде және бүйректің милы қабатында мочевинаның концентрациясы артуына ықпал жасайды;

Г. бүйректің АДГ әсеріне сезімталдығының төмен болуы, белоктарды толық өңдей алмау нәтижесінде қанда, зәрде және бүйректің милы қабатында мочевинаның концентрациясы артуына ықпал жасайды;

Д. бүйректің АДГ әсеріне сезімталдығының жоғары болуы, белоктарды өңдеу қарқынды, нәтижесінде қанда, зәрде және бүйректің милы қабатында мочевинаның концентрациясы артуына ықпал жасайды.

 

 

33.   Ұрықта біліктіктің және бала жолдасының (қағанақ) дамуымен байланысты сипатталатын ана-бала жүйесінің өте қиын кезеңі:

А. дамудың 15-20 жұмалары;

Б. эмбриогенездің 20 – 24  жұмалары;

В. эмбриогенездің 7-8 тәуліктері;

Г. дамудың 3 – 8 жұмалары;

Д. эмбриогенездің 10-15 тәуліктері.

 

 

34. Ұрықтың гипофизінде АКТГ(адренокортикотропты гормон) түзілуін белсендіретін қағанақ (плацента) гормоны:

А. плаценталық лактоген;

Б. прогестерон;

В. хориондық гонадотропин;

Г. эстроген;

Д. андроген.

 

 

35. Еркектердің екіншілік жыныс белгілеріне жатады:

А. дауыс үні өзгерісі;

Б. простата(қуықасты жыныс безі);

В. ұма;

Г. аталық без;

Д. жыныс көпіршіктері.

 

 

36. Әйелдердің екіншілік жыныс белгілеріне жатады:

А. қынап;

Б. жатыр;

В. жыныс ернеуі;

Г. аналық без;

Д. сүт бездерінің өсуі.

 

Ас қорыту жүйесі физиологиясы

1. Шырышты сілекей бөлетін бездерінің қатарына жататындар:

а) тіл түбі бездері мен таңдай бездері;

б) шықшыт безі мен тілдің бүйірінің шағын бездері;

в) тіл асты безі мен жақ асты безі;

г) жақ асты безі мен тілдің бүйірінің шағын бездері;

д) тіл асты безі, тіл түбі мен таңдай бездері.

 

 

2. Серозды сілекей бөлетін бездерінің қатарына жататындар:

а) тіл түбі бездері мен таңдай бездері;

б) шықшыт безі мен тілдің бүйірінің шағын бездері;

в) тіл асты безі мен жақ асты безі;

г) жақ асты безі мен тілдің бүйірінің шағын бездері;

д) тіл асты безі, тіл түбі мен таңдай бездері.

 

 

3. Пепсиногендер сипаты:

а) асқазанның айнала қоршалған безді жасушаларында бөлінеді, асқазандық  

протеазалардың белсенді түрі болып саналады;           

б) асқазанның негізгі безді жасушаларында бөлінеді, асқазандық протеазалардың 

белсенді түрі болып саналады;

в) асқазанның қосымша безді жасушаларында бөлінеді, асқазандық протеазалардың 

белсенді түрі болып саналады;

г) асқазанның қосымша безді жасушаларында бөлінеді, тұз қышқылы әсерінен белсенді

түрі – пепсиндерге ауысады;        

д) асқазанның негізгі безді жасушаларында бөлінеді, тұз қышқылы әсерінен белсенді түрі 

– пепсиндерге ауысады.        

4. «Жалған тамақтандыру» тәжірибесі – бұл:

а) сілекей безі өзегіне фистула қою және аш ішек қиындысын оқшаулау операциясы;

б) Павлов әдісімен кіші қарынша жасау операциясы және  эзофаготомия (өңешті кесу);

в) асқазан мен ішекке фистула қою;

г) өңешті кесу (эзофаготомия) және асқазанға фистула қою;

д) эзофаготомия және сілекей безі өзегіне фистула қою.

5. Асқазан секрециясының күрделі рефлекстік кезеңі байланысты:

а) ас кесегінің асқазанның күмбездік және пилорустық бөлімдеріне әсерімен;

б) аш және тоқ ішектен асқазан бездеріне афферентті әсермен;

в) тағамдық заттың көз, құлақ, мұрынды тітіркендіруі және қабылданған тағамның ауыз қуысы мен жұтқыншақ рецепторларына әсеріне жауап ретінде туындайтын шартты рефлекстермен;

г) қабылданған тағамның ауыз қуысы мен жұтқыншақ рецепторларына әсеріне және тағамдық кесектің асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруімен;

д) тағамдық кесектің пилорус сфинктеріне әсері мен он екі елі ішектің шырышты қабығы тітіркенуімен.

 

 

6. Парасимпатикалық жүйке ұшында бөлініп шығатын ацетилхолин қандай сілекейдің өндірілуіне ықпал жасайды?:

а) муцин мен ферменттерге бай аз көлемде қою сілекей;

б) муцин мен ферменттерге бай көп көлемде қою сілекей;

в) жоғары концентрациялы муцины бар көп  көлемде сұйық сілекей;

г) муцин мен ферменттерге кедей аз көлемде қою сілекей;

д) төмен концентрациялы муцины бар көп көлемде сұйық сілекей.

 

 

7. Симпатикалық жүйке ұшында бөлініп шығатын норадреналин қандай сілекейдің өндірілуіне ықпал жасайды?:

а) муцин мен ферменттерге бай аз көлемде қою сілекей;

б) муцин мен ферменттерге бай көп көлемде қою сілекей;

в) жоғары концентрациялы муцины бар көп көлемде сұйық сілекей;

г) муцин мен ферменттерге кедей аз көлемде қою сілекей;

д) төмен концентрациялы муцины бар көп көлемде сұйық сілекей.

 

 

8.  Асқазан сөлі липазасының ерекшелігі:

а) майларды ыдыратпайды, ересек адам үшін маңызды;

б) сүттің эмульгацияға ұшырамаған майын ыдыратады, ересек адам үшін маңызды;

в) сүттің эмульгацияға ұшыраған майын ыдыратады; баланың ана сүтімен қоректенген кезеңінде аса маңызды;

г) асқазан сөліндегі пепсиндерді белсендіреді, ересек адам үшін маңызды;

д) шырышты ыдыратады, ересек адам үшін аса маңызды.

 

 

9. Гастрин сипаты:

а) асқазанның пилорусты бөліміндегі G-жасушалар бөліп шығарады, тұз қышқылы мен пепсиногендердің секрециясын тежейді;

б) асқазанның пилорусты бөліміндегі G-жасушалар бөліп шығарады, тұз қышқылы мен пепсиногендердің секрециясын белсендіреді;

в) асқазанның пилорусты бөліміндегі S -жасушалар бөліп шығарады, тұз қышқылы секрециясын белсендіреді, пепсиногендердің секрециясын тежейді;

г) асқазанның пилорусты бөліміндегі S -жасушалар бөліп шығарады, тұз қышқылы мен пепсиногендердің секрециясын тежейді;

д) асқазанның пилорусты бөліміндегі G- және S -жасушалар бөліп шығарады, тұз қышқылы секрециясын белсендіреді, пепсиногендердің секрециясын тежейді.

 

 

10. Асқазан секрециясының асқазандық кезеңі байланысты:

а) қабылданған тағамның ауыз қуысы мен жұтқыншақ рецепторларына әсеріне  және тағамдық 

       кесектің асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруімен;

б) асқазан бездеріне аш және тоқ ішектің афферентті әсері мен секретин әсерінен;

в) тағамдық заттың көз, құлақ, мұрынды тітіркендіруі және қабылданған тағамның ауыз қуысы 

     мен жұтқыншақ рецепторларына әсеріне жауап ретінде туындайтын шартты рефлекстермен;

г) ас кесегінің асқазан қабырғасының механорецепторларын тітіркендіруі және асқазанның 

      пилорусты бөліміндегі G-жасушаларының гастрині әсерінен;

  д) тағамдық кесектің пилорус сфинктеріне әсері мен он екі елі ішектің шырышты қабығы 

        тітіркенуімен.

         

 

11. Ет белоктары асқазан сөлінің көмегімен балаларда қай уақыттан бастап қорытыла бастайды:

а) 2-3 айдан бастап;

б) 3-4 айдан бастап;

в) 4-5 айдан бастап:

г) 5-6 айдан бастап;

д) 11-12 айдан бастап.

 

 

12. Жаңа туылған баланың асқазан бездері бөліп шығаратын феталды пепсин, өзінің максималды белсенділігін қандай рН ортада көрсетеді:

а) 1,5;

б) 2,0;

в) 2,5;

г) 3,0;

Д) 3,5.

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: