Секретин гормоны сипатталады

 а) он екі елі ішектің шырышты қабаты бөліп шығарады, гидрокарбонаттар мен ферменттері жоғары концентрациялы панкреас сөлінің секрециясын үдетеді;

б) он екі елі ішектің шырышты қабаты бөліп шығарады, жоғары концентрациялы гидрокарбонаттар мен ферменттік қасиеті төмен панкреас сөлінің секрециясын үдетеді;

в) он екі елі ішектің шырышты қабаты бөліп шығарады, гидрокарбонаттар мен ферменттері аз концентрациялы панкреас сөлінің секрециясын үдетеді;

г) он екі елі ішектің шырышты қабаты бөліп шығарады, аз концентрациялы гидрокарбонаттар мен ферменттік қасиеті жоғары панкреас сөлінің секрециясын үдетеді;

д) аш ішектің шырышты қабаты бөліп шығарады, гидрокарбонаттар мен ферменттері жоғары концентрациялы ішек сөлінің секрециясын үдетеді.

 

 

14. Кезбе және симпатикалық жүйкелерді тітіркендіру панкреас сөлінің секрециясына қалай әсер етеді?:

  а) кезбе жүйкені тітіркендіру тежейді, симпатикалық жүйкені тітіркендіру үдетеді;

  б) кезбе және симпатикалық жүйкелерді тітіркендіру тежейді;

  в) кезбе жүйкені тітіркендіру үдетеді, симпатикалық жүйкені тітіркендіру тежейді;

  г) кезбе және симпатикалық жүйкелерді тітіркендіру үдетеді;

  д) кезбе және симпатикалық жүйкелерді тітіркендіру панкреас секрециясына әсер 

      етпейді.

     

15. Қандай итте асқазан секрециясының күрделі рефлексті кезеңін таза күйде бақылауға болады?:

а) Гейденгайн бойынша кіші қарыншасы бар;

б) асқазанына фистула қойылған, эзофаготомиялық;

в) асқазанына фистула қойылған;

г) Павлов бойынша кіші қарыншасы бар;

д) Павлов бойынша кіші қарыншасы бар және кезбе жүйкесі кесілген.

 

 

16. Он екі елі ішекте тұз қышқылын бейтараптандыруға қатыспайтын сөл:

а) дуоденалды (бруннер) бездер сөлі;

б) панкреас сөлі;

в) өт;

г) ішек крипталары(либеркюн бездері) сөлі;

д) тоқ ішек сөлі.

 

 

17. Адреналин мен ацетилхолин оқшаулап алынған ішек кесіндісі қозғалысына қалай әсер етеді?:

а) адреналин тежейді, ацетилхолин үдетеді;

б) екеуі де үдетеді;

в) екеуі де әсер етпейді;

г) қозғалысына фазалық өзгеріс ендіреді;

д) адреналин арттырады, ацетилхолин тежейді.

 

18. Асқазан сөлінде болмайтын фермент:

а) липаза;

б) трипсин;

в) пепсин;

г) желатиназа;

д) пепсиноген.

 

 

19. Трипсиноген  сипатталады:

а) асқазан сөліндегі трипсин ферментінің әрекетсіз түрі, ішек сөлінің энтерокиназасымен белсендіріледі;

б) панкреас сөліндегі трипсин ферментінің әрекетсіз түрі, панкреас сөлінің химотрипсинімен белсендіріледі;

в ) панкреас сөліндегі трипсин ферментінің әрекетсіз түрі, ішек сөлінің энтерокиназасымен белсендіріледі;

г) ішек сөліндегі трипсин ферментінің әрекетсіз түрі, ішек сөлінің энтерокиназасымен белсендіріледі;

д) панкреас сөліндегі трипсин ферментінің әрекетсіз түрі, ішек сөлінің липазасымен белсендіріледі.

 

 

20. Энтерокиназа сипатталады:

а) асқазан сөлі ферменті, әрекетсіз пепсиногенді белсенді пепсинге айналдырады;

б) ішек сөлі ферменті, әрекетсіз пепсиногенді белсенді пепсинге айналдырады;

в) панкреас сөлі ферменті, трипсинді химотрипсинге айналдырады;

г) ішек сөлі ферменті, әрекетсіз трипсиногенді белсенді трипсинге айналдырады;

д) панкреас сөлі ферменті, әрекетсіз трипсиногенді белсенді трипсинге айналдырады.

 

 

21. Химотрипсиноген  сипатталады:

а) асқазан сөліндегі трипсин ферментінің әрекетсіз түрі, ішек сөлінің энтерокиназасымен белсендіріледі;

б) панкреас сөліндегі химотрипсин ферментінің әрекетсіз түрі, ішек сөлінің, панкреас сөлінің трипсинімен белсендіріледі;

в) панкреас сөліндегі химотрипсин ферментінің әрекетсіз түрі, ішек сөлінің энтерокиназасымен белсендіріледі;

г) ішек сөлінің химотрипсиноген ферментінің әрекетсіз түрі, ішек сөлінің энтерокиназасымен белсендіріледі;

д) панкреас сөліндегі химотрипсин ферментінің әрекетсіз түрі, ішек сөлінің липазасымен белсендіріледі;

 

22. Ұйқы безі секрециясының ішектік кезеңін арттыратын гормондар:

а) холецистокинин және глюкагон;

б) глюкагон және секретин;

в) секретин және холецистокинин;

г) холецистокинин және гастрин;

д) секретин және гастрин.

 

 

23. Ана сүтімен қоректенетін балалар мен жасөспірімдерде асқазан ішіндегі құрылымның эвакуациясын айтарлықтай тежейтіндер:

а) емшектегі балаларда - белоктар, жасөспірімдерде – майлар;

б) емшектегі балаларда - майлар, жасөспірімдерде – белоктар;

в) емшектегі балаларда - белоктар, жасөспірімдерде – көмірсулар;

г) емшектегі балаларда - көмірсулар, жасөспірімдерде – майлар;

д) емшектегі балаларда - майлар, жасөспірімдерде – көмірсулар.

 

 

24. Ана сүтімен қоректенетін балалардағы мембраналық (қабырғалық) ас қорытудың  ерекшеліктері (1 жасқа дейін):

а) аш ішектің шырышты қабырғасының ферменттік белсенділігі төмен болғандықтан қабырғалық және қуыстық ас қорытулар қарқынсыз жүзеге асады;

б) аш ішектің шырышты қабырғасының ферменттік белсенділігі жоғары болғандықтан қабырғалық және қуыстық ас қорытулар қарқынды жүзеге асады;

в) аш ішектің шырышты қабырғасының ферменттік белсенділігі жоғары болғандықтан қабырғалық ас қорыту аса қарқынды жүріп, қуыстық ас қорыту қарқыны төмендігінің орынын толтырады;

г) аш ішектің шырышты қабатының ферменттік белсенділігі төмен болғандықтан қабырғалық ас қорыту жеткіліксіз жүреді, оның орынын қуыстық ас қорыту қарқыны артып толтырады;

д) аш ішектің шырышты қабатының ферменттік белсенділігі төмен болғандықтан қабырғалық ас қорыту аса қарқынды жүріп, қуыстық ас қорыту қарқыны төмендігінің орынын толтырады.

 

 

25. Бауырлық өттің қасиеттері:

а) қою, мөлдір, қоңыр, рН = 7,3 - 8,0

б) сұйық, мөлдір, сарғылт-қызыл түсті, рН =7,3-8,0

в) сұйық, күңгірт,қоңыр, рН = 6,0 - 7,0

г) қою, мөлдір, сарғылт-қызыл түсті, рН = 6,0 - 7,0

д) сұйық, күңгірт, қоңыр, рН = 7,3 - 8,0

 

 

26. Өт атқармайтын қызмет:

а) май эмульгациясы;

б) өт түзу және өт бөліп шығаруды үдету;

в) әрекетсіз трипсиногенді әрекетті трипсинге айналдыру;

г) панкреастық және ішек сөлі ферменттерін, әсіресе липазаны белсендіру;

д) майда еритін витаминдердің сіңірілуіне ықпал жасау.

 

27. Өттің өт қапшығында сақталуы барысында қоюлануы түсіндіріледі:

а) қапшықтың қабырғасы арқылы муцин сіңірілуінен;

б) қапшықтың қабырғасы арқылы су мен минералды тұздардың сіңірілуінен;

в) қапшықтың қабырғасы арқылы гидрокарбонаттардың сіңірілуінен;

г) қапшықтың қабырғасы арқылы өт қышқылдары тұздарының сіңірілуінен;

д) қапшықтың қабырғасы арқылы белоктар мен амин қышқылдары сіңірілуінен.

    

28. Өт қапшығы жиырылғанда өттің он екі елі ішекке өтуінің реті:

а) басында қапшықтағы, онан соң бауырдағы, соңында – жалпы өт өзегіндігі өт құйылады;

б) басында жалпы өт өзегіндігі, онан соң бауырдағы, соңында қапшықтағы;

в) басында бауырдағы, онан соң өт өзегіндігі, соңында қапшықтағы;

г) басында өт өзегіндігі, онан соң қапшықтағы, соңында бауырдағы;

д) басында - қапшықтағы, онан соң өт өзегіндегі, соңында бауырдағы.

    

 

29. Кезбе және симпатикалық жүйкелерді тітіркендіру өт түзілуіне қалай әсер етеді?:

  а) кезбе жүйкені тітіркендіру тежейді, симпатикалық жүйкені тітіркендіру үдетеді;

  б) кезбе және симпатикалық жүйкелерді тітіркендіру тежейді;

  в) кезбе жүйкені тітіркендіру үдетеді, симпатикалық жүйкені тітіркендіру тежейді;

  г) кезбе және симпатикалық жүйкелерді тітіркендіру үдетеді;

  д) кезбе және симпатикалық жүйкелерді тітіркендіру панкреас секрециясына әсер

      етпейді.

     

 

30. Өт шығаруға әсері әлсіз зат:

а) сүт;

б) ет;

в) майлар;

г) жұмыртқа сарысы;

Д) су.

 

 

31. Тоқ ішектің функциясына жатпайды:

а) тоқ ішек микрофлорасы әсерінен көмірсулардың ыдырауы;

б) нәжістің қалыптасуы;

в) судың қарқынды сіңірілуі;

г) қоректік заттардың полимерлер күйінен мономерлерге ыдырауы;

д) К және В топқа жататын витаминдер синтезі.

32. Өт өт қапшығында жиналып тұрғанда оның қасиеттері қалай өзгереді :

а) қоюланады, қоңырланады, рН төмендейді;                                  

б) сұйылады, лайланады, рН төмендейді;

в) қоюланады, мөлдір күйде қалады, рН артады;

г) қоюланады, мөлдір күйде қалады, рН төмендейді;

д) разжижается, мөлдір күйде қалады, рН артады.

 

33. Өттің бөлінуін тежейді:

а) холецистокинин;

б) гастрин;

в) глюкагон;

г) секретин;

д) бомбезин.

    

34. Қапшықтағы өттің қасиеттері:

а) қою, мөлдір, қоңыр, рН = 7,3 - 8,0

б) сұйық, мөлдір, сарғылт-қызыл түсті, рН =7,3-8,0

в) сұйық, мөлдір, қоңыр, рН = 6,0 - 7,0

г) қою, мөлдір, сарғылт-қызыл түсті, рН = 6,0 - 7,0

д) қою, мөлдір емес(күңгірт), қоңыр, рН = 6,0 - 7,0

 

35. Жаңа туған балаларда асептикалық кезең (асқазан-ішек жолының стерильді фазасы) созылады:

 а) туғаннан 1-5 сағатқа дейін;

б) туғаннан 5-10 сағатқа дейін;

в) туғаннан 10-20 сағатқа дейін;

г) туғаннан 24-48 сағатқа дейін;

д) туғаннан 48-72 сағатқа дейін.

 

 

36. Ана сүтімен қоректенетін сәбилерде байқалатын стеатория (нәжісінде майдың пайда болуы) себебі неде?:

а) өт қышқылдарының концентрациясы жоғары болғандықтан майлар қарқынды сіңіріледі;

б) өт пигменттерінің концентрациясы төмен болғандықтан майлар сіңірілуі жеткіліксіз;

в) өт қышқылдарының концентрациясы төмен болғандықтан майлар сіңірілуі жеткіліксіз;

г) өт пигменттерінің концентрациясы жоғары болғандықтан майлар қарқынды сіңіріледі;

д) витаминдер концентрациясы төмен болғандықтан майлар сіңірілуі жеткіліксіз.

 

Ас қорыту жүйесі физиологиясы

1. Шырышты сілекей бөлетін бездерінің қатарына жататындар:

а) тіл түбі бездері мен таңдай бездері;

б) шықшыт безі мен тілдің бүйірінің шағын бездері;

в) тіл асты безі мен жақ асты безі;

г) жақ асты безі мен тілдің бүйірінің шағын бездері;

д) тіл асты безі, тіл түбі мен таңдай бездері.

 

 

2. Серозды сілекей бөлетін бездерінің қатарына жататындар:

а) тіл түбі бездері мен таңдай бездері;

б) шықшыт безі мен тілдің бүйірінің шағын бездері;

в) тіл асты безі мен жақ асты безі;

г) жақ асты безі мен тілдің бүйірінің шағын бездері;

д) тіл асты безі, тіл түбі мен таңдай бездері.

 

 

3. Пепсиногендер сипаты:

а) асқазанның айнала қоршалған безді жасушаларында бөлінеді, асқазандық  

протеазалардың белсенді түрі болып саналады;           

б) асқазанның негізгі безді жасушаларында бөлінеді, асқазандық протеазалардың 

белсенді түрі болып саналады;

в) асқазанның қосымша безді жасушаларында бөлінеді, асқазандық протеазалардың 

белсенді түрі болып саналады;

г) асқазанның қосымша безді жасушаларында бөлінеді, тұз қышқылы әсерінен белсенді

түрі – пепсиндерге ауысады;        

д) асқазанның негізгі безді жасушаларында бөлінеді, тұз қышқылы әсерінен белсенді түрі 

– пепсиндерге ауысады.        

4. «Жалған тамақтандыру» тәжірибесі – бұл:

а) сілекей безі өзегіне фистула қою және аш ішек қиындысын оқшаулау операциясы;

б) Павлов әдісімен кіші қарынша жасау операциясы және  эзофаготомия (өңешті кесу);

в) асқазан мен ішекке фистула қою;

г) өңешті кесу (эзофаготомия) және асқазанға фистула қою;

д) эзофаготомия және сілекей безі өзегіне фистула қою.

5. Асқазан секрециясының күрделі рефлекстік кезеңі байланысты:

а) ас кесегінің асқазанның күмбездік және пилорустық бөлімдеріне әсерімен;

б) аш және тоқ ішектен асқазан бездеріне афферентті әсермен;

в) тағамдық заттың көз, құлақ, мұрынды тітіркендіруі және қабылданған тағамның ауыз қуысы мен жұтқыншақ рецепторларына әсеріне жауап ретінде туындайтын шартты рефлекстермен;

г) қабылданған тағамның ауыз қуысы мен жұтқыншақ рецепторларына әсеріне және тағамдық кесектің асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруімен;

д) тағамдық кесектің пилорус сфинктеріне әсері мен он екі елі ішектің шырышты қабығы тітіркенуімен.

 

 

6. Парасимпатикалық жүйке ұшында бөлініп шығатын ацетилхолин қандай сілекейдің өндірілуіне ықпал жасайды?:

а) муцин мен ферменттерге бай аз көлемде қою сілекей;

б) муцин мен ферменттерге бай көп көлемде қою сілекей;

в) жоғары концентрациялы муцины бар көп көлемде сұйық сілекей;

г) муцин мен ферменттерге кедей аз көлемде қою сілекей;

д) төмен концентрациялы муцины бар көп көлемде сұйық сілекей.

 

 

7. Симпатикалық жүйке ұшында бөлініп шығатын норадреналин қандай сілекейдің өндірілуіне ықпал жасайды?:

а) муцин мен ферменттерге бай аз көлемде қою сілекей;

б) муцин мен ферменттерге бай көп көлемде қою сілекей;

в) жоғары концентрациялы муцины бар көп көлемде сұйық сілекей;

г) муцин мен ферменттерге кедей аз көлемде қою сілекей;

д) төмен концентрациялы муцины бар көп көлемде сұйық сілекей.

 

 

8.  Асқазан сөлі липазасының ерекшелігі:

а) майларды ыдыратпайды, ересек адам үшін маңызды;

б) сүттің эмульгацияға ұшырамаған майын ыдыратады, ересек адам үшін маңызды;

в) сүттің эмульгацияға ұшыраған майын ыдыратады; баланың ана сүтімен қоректенген кезеңінде аса маңызды;

г) асқазан сөліндегі пепсиндерді белсендіреді, ересек адам үшін маңызды;

д) шырышты ыдыратады, ересек адам үшін аса маңызды.

 

 

9. Гастрин сипаты:

а) асқазанның пилорусты бөліміндегі G-жасушалар бөліп шығарады, тұз қышқылы мен пепсиногендердің секрециясын тежейді;

б) асқазанның пилорусты бөліміндегі G-жасушалар бөліп шығарады, тұз қышқылы мен пепсиногендердің секрециясын белсендіреді;

в) асқазанның пилорусты бөліміндегі S -жасушалар бөліп шығарады, тұз қышқылы секрециясын белсендіреді, пепсиногендердің секрециясын тежейді;

г) асқазанның пилорусты бөліміндегі S -жасушалар бөліп шығарады, тұз қышқылы мен пепсиногендердің секрециясын тежейді;

д) асқазанның пилорусты бөліміндегі G- және S -жасушалар бөліп шығарады, тұз қышқылы секрециясын белсендіреді, пепсиногендердің секрециясын тежейді.

 

 

10. Асқазан секрециясының асқазандық кезеңі байланысты:

а) қабылданған тағамның ауыз қуысы мен жұтқыншақ рецепторларына әсеріне  және тағамдық 

       кесектің асқазанның шырышты қабығын тітіркендіруімен;

б) асқазан бездеріне аш және тоқ ішектің афферентті әсері мен секретин әсерінен;

в) тағамдық заттың көз, құлақ, мұрынды тітіркендіруі және қабылданған тағамның ауыз қуысы 

     мен жұтқыншақ рецепторларына әсеріне жауап ретінде туындайтын шартты рефлекстермен;

г) ас кесегінің асқазан қабырғасының механорецепторларын тітіркендіруі және асқазанның 

      пилорусты бөліміндегі G-жасушаларының гастрині әсерінен;

  д) тағамдық кесектің пилорус сфинктеріне әсері мен он екі елі ішектің шырышты қабығы 

        тітіркенуімен.

         

 

11. Ет белоктары асқазан сөлінің көмегімен балаларда қай уақыттан бастап қорытыла бастайды:

а) 2-3 айдан бастап;

б) 3-4 айдан бастап;

в) 4-5 айдан бастап:

г) 5-6 айдан бастап;

д) 11-12 айдан бастап.

 

 

12. Жаңа туылған баланың асқазан бездері бөліп шығаратын феталды пепсин, өзінің максималды белсенділігін қандай рН ортада көрсетеді:

а) 1,5;

б) 2,0;

в) 2,5;

г) 3,0;

Д) 3,5.

 

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: