Порта-кавальды анастомоздар. 15 страница

7. N. obturatorius, жапқыш нерв жапқыш өзек арқылы санға өтіп сыртқы жапқыш бұлшықеті ұршық буынын және барлық келтіруші бұлшықеттерді, олардың үстіндегі теріні нервтендіреді.

 

 

23.Сегізкөз өрімі: түзілуі, топографиясы. Қысқа тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.

Сегізкөз өрімі, plexus sacralis, 4-5-ші бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан және сегізкөздің барлық алдыңғы тесіктерінен шығатын нервтерінің тармақтарынан құрылады. Шығатын тармақтары қысқы және ұзын болып бөлінеді.

Қысқа тармақтары.

1. Rammi muscularis m.piriformis m. obturatorius internus, mm. gemelli және quadrates femoris пен m. levator ani et coccyges нервтендіреді.

2. N.gluteus superior foramen suprapiriforme арқылы жамбас астауынан шығып m.gluteus medius, m. gluteus minimus және m. tensor fasciae latae- де тармақталады.

3. N. gluteus inferior foramen infrapiriforme арқылы шығып m.glutesu maximus пен жамбас-сан буынын нервтендіреді.

4. N. pudendus, жыныс нерві. foramen infrapiriforme арқылы шығып foramen ischiadicus minus арқылы кері жамбас астауына кері барады. Одан әрі fossa ischiorectalis-тің бүйір қабырғасында сыртқы қысатын бұлшықетті және артқы тесік айналасындағы теріні нервтендіретін n. rectalis inferiorsшығады. Шонданай бұдыры денгейде diaphragm urogenitalie арқылы жиегі қасында екі тармаққа; nn. рeronei және n. dorsalis penis (clitoridis) болып бөлінеді. Nn. рeronei алға қарай өтіп m. ischiocavernosus, m. bulbospongiosus және m.transversus perinea superficialis бұлшықеттерін, сондай-ақ бұтаралық терісін нервтендіреді. N. dorsalis penis (clitoridis),diaphragm urogenitalie-нің қасында m.transversus perinei profundus пен m. sphincter uretrae-ге тармақтар беріп жыныс мүшесінің арқалығына өтіп, glandus penis терісіне таралады.

 

 

24. Сегізкөз өрімі: түзілуі, топографиясы. Ұзын тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.

 

Сегізкөз өрімі, plexus sacralis, 4-5-ші бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан және сегізкөздің барлық алдыңғы тесіктерінен шығатын нервтерінің тармақтарынан құрылады. Шығатын тармақтары қысқы және ұзын болып бөлінеді.

Ұзын тармақтары.

1. N. cutaneus femoris posterior (S I-II-III) жамбас астауынан шонданай нервмен бірге шығып, төмен қарай m.gluteus maximus астымен санның артқы бетіне келеді. Өзінің медиалды жағынан ол бөксенің төменгі бөлігі nn. сlunium inferiors-тер мен бұт аралық терілеріне баратын rami perineales тармақшаларын береді. Санда артқы бұлшықеттердің бетінде орналасып, төмен қарай тақым шұңқырына жетіп, сан мен сирақтың артқы жағы терісіне тармақталатын төптеген тармақ береді.

2. N. ischiadicus, шонданай нерві дене нервтерінің ең ірісі, барлық түбіршіктерінің талшықтары болатын сегізкөз өрімінің тікелей жалғасы болып табылады. Үлкен шонданай тесігі арқылы m. piriformis-тен сәл төмен жамбас астауы қуысынан шығып, үлкен бөкселік бұлшықетпен бүркемеленеді. Ол тақым шұңқырында екі нервке: жуандау медиалды n. tidialis және жіңішке латералды peroneus (fibularis) communis тармақтарына бөлінеді.

Шонданай нерв тармақтары:

1. R. muscularis, санның артқы бұлшықеттеріне m.semitudinosus, m. semimembranosus және m. biceps femoris-ын басына, m/ adductor magnus-тың ұзын артқы бөлігіне барады.

2. N. tibialis, асықты жілік нерві (LIV-V, SI-III) тақым шұңқыры ортасында тақым тамырлары жолымен тік төмен түседі, содан кейін canalis cruropopliteus-ке енеді, медиалды толарсаққа жетеді. Медиалды толарсақ артында аттас жүлгелерінде өтетін сонғы тармақтарына nn. plantares lateralis et medialis-ке бөлінеді. Тақым шұңқырында асықты жілік нервінен m.soleus, m. gastrocnemus-ке және m. poplitus-ке бұлшықет тармақтары және тізе буындарына бірнеше тармақтар береді. Тақым шұңқырында асықты жілік нерві ұзын тері тармағын n. cutaneus surae medialis-ті береді. Сирақта  n. interosseus crucis шығады. Ол үш терең бұлшықетті m. tibialis posterior, m. fiexor hallicus longus және m. flexor digitorum longus-ті, сирақ аяқ ұшы буынын нервтендіріп, медиалды толарсақ артында өкше мен аяқ ұшына терілік тармақатар береді. N. plantaris medialis аттас артериямен бірге m. flexor digitorum brevis-тің медиалды жиегімен sulcus plantaris medialis-ке өтеді де, осы бұлшықетті және m.adductor hallucis пен m.flexor hallucis brevis –тің латералды басынан басқа медиалды топ бұлшықеттерін нервтендіреді. Соңында n,digitales plantares proprii-ге бөлінеді. Олардың біреуі бас бармақтың медиалды жиегіне қарай барып, жол-жөнекей бірінші және екінші m.lumvricales-терді жабдықтайды. Ал қалған алтауы үлкен бақайдың латералды жағынан бастап, Ivсаусақтың медиалды жиегімен, саусақтардың бір біріне қараған жағының терісін нервтендіреді. N. plantares lateralis аттас артерия жолымен sulcus plantares lateralis-ке келеді. Бұлшықеттік тармақтары табанның латералды тобының барлық үш бұлшықетін және m. quadrates plqntae- ні нервтендіріп, екі терең және беткей тармақтарға бөлінеді. Бірінші тармақ r. propundus  табанның артериялық доғасымен бірге жүріп, үшінші және төртінші mm.lumbricales пен барлық сүйекаралық бұлшықеттерді, сонымен қатар m.adductor hallucis және m.flexor hallucis-тің латералды басын нервтендіреді. Беткей тармақ r.superficialis табан терісіне тармақтар беріп, үш n.digitales plantares proprii-ке бөлінеді. Олар V бақайдың екі жағына және  IV башпайдың V-ке қараған жағына барады.

3. N. peroneus (fibularis) communis, жалпы кіші жіліншік нерві асықты жілік нервнен кіші жіліншік басына латералды келіп, сол жерде m.perenous longus-тың басын тесіп өтіп, беткей және терең тармақтарға бөлінеді. N. peroneus communis өз жолында сирақтың латералды жағының терісін нервтендіретін n.cutaneus surae lateralis-ті береді. Сирақтың ортасынан төмендеу жерінде n.cutaneus surae lateralis пен n.cutaneus surae medialis екеуі қосылып n.suralis – ті түзеді. Ол латералды толарсақты артқы жағынан айланып өтіп, өкше терісіне тармақтар r. calcanei lateralsберіп, содан кейін n. cutaneus dorsalis lateralis деген атпен аяқ ұшы үстінің латералды жиегімен жүріп, терісі мен кіші бақайдың бүйір жағын нервтендіреді.

Кіші жіліншік нервінің беткей тармағы n.pereneus superficialis кіші жілік бұлшық еттері арасымен canalis muscularis pereneus superior-ға түсіп, оларға бұлшықеттік тармақтар береді. Ол сирақтың ортанғы және төменгі 1/3-і шекарасында, тек тері нервісі ретінде шандырды тесіп өтіп, аяқ ұшы сыртының ортасына келіп, екі тармаққа бөлінеді. Олардың біреуі, n. cutaneus dorsalis medialis үлкен бақайдың медиалды жағымен ІІ және ІІІ башпайлардың бір-біріне қараған жиектерін n.digitalis dorsalis. Басқа тармағы n. cutaneus dorsalis intermedius II-V баұайлардың сыртқы бетінің бір-біріне қараған жақтарын нервтендіретін n.digitales-ке бөлінеді.

Кіші жіліншік нервісінің терең тармағы n. perineus profundus, m. tibialis anterior, m. extensor digitorum longus және m. extensor hallucis longus- ке тармақтар береді. Қысқа бақай жазғыштарын нервтендіреді. Сосын екі nn. sigitales dorsales-ке бөлініп, І және ІІ бақайлардың бір –біріне қараған беттерінің терісін нервтендіәреді.

 

 

25.Жүректің қанмен қамтамасыз етілуі. Жүректің артериялары, олардың жүрек қабырғаларына тармақталу ерекшеліктері. Веналары.

 

Жүрек артериялары оң және сол тәждік артериялары жартылай айшықты қақпақшалардың жоғарғы жиектерінен төмендеу басталады. Сондықтан систола кезінде жүрек артериялары кіреберіс қақпақшалармен жабылады да, артериялардың өздері жүректің жиырылған бұлшықетімен сығылады.осының әсерінен систола кезінде жүректің қанмен қамтамассыз теілуі кемиді. Қан тәждік артерияларына, қолқаның сағасында орналасқан осы артериялардың кіреберісі жартылай айшықты қақпақшаларымен жабылмайтын диастола кезінде келеді.

Оң жақ тәждік артерия- a. coronaria dextra- қолқадан оң жақ жүрекшенің сырт жағынан тәждік жүлгемен жүректің оң жақ жиегін орап өтіп, оның артқы бетіне ауысады. Ол бұл жерде артқы қарынша аралық тармаққа- r. interventricularis posterior-ға жалғасады. Артқы қарынша аралықө жүлгемен жүректің төбесіне дейін төмен түсіп, сол жерде сол жақ тәждік артерия тармағымен анастомозданады.

Оң жақ тәждік артерияның тармақтары оң жақ жүрекшені, оң жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының бір бөлігі мен бүкіл артқы қабырғасын, сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының кішкене бөлігін, жүрекшеаралық пердені, қарынша аралық перденің артқы 1/3, оң жақ қарыншаның емізікше бұлшықеттері мен сол жақ қарыншаның артқы емізікше бұлшықетін қанмен қамтамассыз етеді.

Сол жақ тәждік артерия- a. coronariasinistra- қолқаның сол жақ жартылай айшықты қақпақшасының қасынан шығып, сол жақ жүрекшенің алдыңғы тәждік артерияда орналасады. Ол өкпе сабауы мен сол жақ кішкене құлақша артында екі тармақ береді: жіңішкелеу, алдыңғы, қарыншааралық тармақ- ramus interventricularis anterior және ірілеу, сол жақты айналып өтетін тармақ- r.circumflexus.

Бірінші тармақ алғы қарыншааралықжүлгемен жүректің ұшына дейін түсіп, оң жақ тәждік артериямен анастомозданады. Осының нәтижесінде бүкіл тәждік жүлгесінде артериялық сақина түзіледі, одан жүрекке перпендикулярлы тармақтар шығады. Сол жақ тәждік артерияның тармақтары сол жақ жүрекшені, сол жақ жүрекшені, сол жақ қарыншаның бүкіл алдыңғы қабырғасының көп бөлігін, оң жақ қарыншаның алғы қабырғасының бір бөлігін, қарынша аралық перденің 2/3 бөлігін және сол жақ қарыншаның алдыңғы емізікше бұлшықетін қантамырлармен жабдықтайды.

Жүректің ағза ішілік артериялары, тәждік артериялары сабаулары мен олардың ірі тармақтарынан жүректін 4 камерасына сәйкес жүрекшелер, құлақшалар, қарыншалар тармақтаары, перделік тармақтар шығады.

Жүрек веналары ұсақ артерияларға қос вена, ірі артерияларға жеке вена қосарланып жүреді. Веналық қан ағысы үш жолмен жүреді. 1) тәждік қойнауға, 2) жүректің алдыңғы веналарына, 3) жүректің оң жақ бөлігіне тікелей құятын ең ұсақ веналар.

Тәждік қойнау-  sinus coronaries cordis – сол жақтағы ортақ кардиалды венаның қалдығы болып табылады және тәждік жүлгесінің артқы бөлімінде, сол жақ жүрекше мен сол жақ қарыншаның арасында жайғасқан. Өзінің оң жақ, қалыңдау ұшы арқылы қарыншалар арасындағы перде қасында, төменгі қуыс венасы мен жүрекшеаралық перденің арасыгндағы оң жақ жүрекшеге ашылады. Тәждік қойнауға мына веналар құяды: а) v.cordis magna,б) v. Obliqua atria sinistri, в) v.cordis media, г) v. cordis parva.

Жүректің алдыңғы веалары- vv. cordis anteriores –кішкентай веналар, оң жақ қарыншаның алдыңғы бетінде орналасқан және аздай мөлшерде қарынша қуыстарына құяды.

Жүректің ең ұсақ веналары – vv.cordis minimae - жүрек бетіне шықпай, капиллярлардан жиналып, тікелей жүрекше қуыстарына және аздай мөлшерде қарынша қуыстарына құяды.

 

 

26.Бет жүйкесі,кезбе және тіластылық жүйкелері: топографиясы, жүйкелендіретін аймағы.

Бет жүйкесі(VII)- n. facialis, өзіндік бет нерві мен аралық нервтерді қосады. Аралас нерв. Екігнші жеелбезек доғасы нерві ретінде одан дамыған бұлшықеттерді- барлық мимиккалық және тіласты бұлшықеттерінің бір бөлігін нервтендіреді және оның құрамында қозғалыс ядроларының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті талшықтар болады. Құраушы бөліктеріне сәйкес бет нерві көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс ядарос- nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы- nucleus solitaries және секреттік ядросы- nucleus salivatorius superius.

Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, linea trigeminofacialis-те шығады. Самай сүйегіне аттас өзегі бойында бет нерві мынадай тармақтар береді:

1. N.petrosus major- иін аймағынан басталып, hiatus canalis n. petrosis majoris арқылы шығады, содан кейін самай сүйегінің пирамидасы алдыңғы бетінде аттас жүлгемен жүріп симпатикалық нервпен, n.petrosus profundus-пен бірге canalis pterуgoideus-ке өтіп, ол нервпен бірге n.canali pterygoidei түзіп, ganglion pterigopalatinum-ге жетеді. Нерв түйінде үзіліп оның ташықтары мұрынның артқы және таңдай тармақтарымен ағзалардың шырышты қабатының бездеріне барады.

2. N. stapedius (бұлшықеттік)- m. stapedius-ті нервтендіреді.

3. Chorda tympani аралас тармақ- бет өзегінің төменгі бөлігінде бет нервнен бөлініп, дабыл қуысына өтіп, сол жерде дабыл жарғағының медиалды бетінде орналасып, содан кейін  fissure petrotymponica арқылы шығады. Саңлаудан шығып төмен және алға өарай жылжып тіл нервне қосылады.

Foramen stylomastoideum-нен шыққыннан кейін, бет нерві мынадай тармақтар береді.

1. N. auricularis posterior, m. auricularis posterior және venter posterior m.epicranii-ді нервтендіреді.

2. R. digastricus арқылы m. digastricus-тің артқы құрсақасты мен m. stylohyoideus- ті нервтендіреді.

3. Беттің мимикалық бұлшыөқеттеріне баратын көптеген тармақтар шықшыт безінде өрім, plexus parotideus, түзеді.

 

Кезбе жүйкесі (Х) n. vagus төртінші және келесі желбезек доғаларынан дамыған. Ең ұзын нерв.

Кезбе нервтің құрамына үш түрлы талшықтар кіреді:

1) Ішкі ағзалар мен мидың қатты қабығынан кей бір бөлігінен, сыртқы есту жолынан сезімтал ядроға келетін афферентті талшықтар.

2) Жұтқыншақ, жұмсақ таңдай мен көмейдің ерікті бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар және осы бұлшықет рецепторларынан шығатын талшықтары қозғалыс ядросынан алады.

3) Вегетативті ядродан, nucleus dorsalis кезбе нервтен шығатын эффереентті талшықтар.

 

Кезбе нерытің бас бөлігінің тармақтары.

1. Менингиалды тармақ- r. meningeus- артқы бассүйек шұңқырында мидың қатты қабығына барады.

2. R.auricularis- құлақтық нерв-сыртқы есту жолының артқы қабырғасы мен құлақ қалқаны терісінің бір бөлігіне барады.

Мойын аймағында.

1. R. pharyngei- тіл-жұтқыншақ нерві және симпатикалық сабау тармақтарымен бірге өрім түзеді.

2. R. laryngeus superior- дауыс саңылауынан жоғарылау көмей, тіл түбірі бөлігі мен көмей қақпағының шырышты қабығын сезімтал талшықтарымен, ал көмей бұлшықетінің бір бөлігі мен көмей қақпағының шырышты қабығын сезімтал талшықтарымен, ал көмей бұлшық етінің бір бөлігі мен жұтқыншақтың төменгі тарылтқышты қамтамассз етеді.

Кеуде бөлігінде:

1. N. Larungeus recurens- қайтарма көмей нерві кезбе нервтің қолқа доғасының немесе бұғана үсті артериясының алдында жатқан жерінен шығады. Нервтің, nç laryngeus inferior, соңғы ұшы көмей бұлшықеттерінің бір бөлігін, оның дауыс байламдарынан төмендегі шырышты қабығын, тіл түбірінің көмей қақпағы жанындағы шырышты қабығының бөлігін, сондай-ақ кеңірдек, жұтқыншақ, қалқанша және айырша бездерін мойынның лимфа түйіндерін, жүрек пен көкірекаралықты нервтендіреді.

2. R.cardiac thoracici – көмейдің қайтарма нерві мен кезбе нервтің кеуде бөлігінен басталып, жүрек өріміне барады.

3. R. Bronchiales et tracheales симпатикалық сабау тармақтарымен бірге бронхқабырғаларында өкпе өрімін түзеді.

4. R. еsophagei- өңеш қабырғасына барады.

Іш бөлігінде:

Кезбе нервтің өңештен жүретін өрімдері асқазанға созылып, алдыңғы және артқы сабаулар – truncı vagales-терді түзеді.

Өңештің алдыңғы жағынан асқазанның алдыңғы жағына қарай төмен түсетін сол жақ кезбе нервінің жалғасы асқазанның кіші иінінде орналасқан өрім plexus gastricus anterior- ды түзеді, оның симпатикалық тармақтарымен араласа асқазан қабырғасына тармақтар шығады. Оң жақ кезбе нерв асқазанның артқы қабырғасымен оның кіші иінінде өрім plexus gastricus posterior-ды түзеді. Олар артқы тармақтарды береді.

Тіласты нерві (ХІІ)- n. hipoglossus, нерв ядросының мида ғана емес жұлында да орналасуы, нервтің сопақша мидың алдыңғы латералды жүлгесінде жұлын жанында жайғасуы, одан көптеген түбіршік жіпшелермен шығуы, ansa cervicalis түрінде І және ІІ мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарымен қосылысы осылай түсіндіріледі.

Бұлшықеттік болып табылатын тіласты нервісінің тіл бұлшықеттеріне баратын эфферентті және осы бұлшықеттер рецепторларынан шығатын афферентті талшықтар бар. Онда жоғарғы мойын симпатикалық түйіндерінен шығатын симпатикалық талшықтар да өтеді. Нервтің сопақша мида орналасқан жалғыз сомалық-қозғалыс ядросы ромбтәрізді шұңқырдың trigonum n. Һypoglossi аймағында орналасады да, сопақша ми арқылы төмен түсіп, І-ІІ мойын сегменттерне жетеді. Ми негізінде пирамида мен олива арасында бірнеше түбіршік түрінде пайда болған бұл шйүде сүйектің аттас өзегі canalis hypoglossalis арқылы өтіп, a. carotis interna-ның латералды жағымен төмен түсіп, digastricus-тың артқы құрсағы астында өтіп, дөңесі төмен қараған доға түрінде m. hypoglossus –тың латералды бетімен жүреді. Бұл жерде тіласты нервінің доғасы үстіңгі жағынан Пирогов үшбұрышын шектейді.

Тіласты нервісінің доғасы жоғары орналасқанда Пирогов үшбұрышының ауданы үлкен, керсінше болады. M. hypoglossus-тың алдыңғы жиегінде тіласты нерві тіл етіне енетін соңғы тармақтарға ыдырайды. Тіласты нервінің талшықтарының бір бөлігі бет нерві тармақтарының құрамында ауыздың дөңгелек бұлшықетіне барады. Сондықтан нерв ядросы зақымданғанда бұлшықеттің қызметі де бұзылады.

Нервтің бір тармағы radix superior төмен түсіп, мойын өрімінің radix inferiori деген тармағына қосылып, мойын ілмегі ansa cervicalis түзеді. Осы ілмектің тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттер мен m.geniohyoideus-ті нервтендіреді. Тіласты нервінің тармағы түгелдей мойын өрімімен қосылған І және ІІ мойын нервтері талшықтарынан тұрады.

 

27.Үшкіл жүйкесі: топографиясы, тармақтары, жүйкелендіретін аймағы.

N. trigeminus, үшкіл нерв (аралас нерв) сезімтал талшықтары бет пен бастың алдыңғы бөлігінің терісін нервтендіреді, артқы жағынан мойын нервтерінің артқы тармақтары мен мойын өрім тармақтары үшкіл нерв аумағына енеді де, аралас нервтендіру шекаралық аумағы пайда болады. Үшкіл нерв сезім мүшелерінің арнаулы рецепторлары (І, ІІ, VII, VIII және ІХ жұптардан нервтендіріледі)болыып есептелетін ббөлімдерден басқа ауыз, мұрын, құлақ және көз коньюктивасы шырышты қабықтарының рецепторларынан сезімталдықты өткізгіш болып табылады. Үшкіл нервтің төрт ядросы бар, екеуі сезімтал және бір қозғалыс артқы мида, бір сезімтал ядро ортанғы мида жайғасқан. Қозғалыс ядросында, nucleus motorius жайғасқан жасушалардың өсінділері, нерв қозғалыш түбіршігін, radix motoria түзе мишықтың ортанғы аяқшасынан бөлінетін linea trigeminofacialis деп аталатын V және VII нервтердің мидан шығатын жерлерін қосатын сызықтан шығады. Сонымен бірге ми затына сезімтал түбіршік, radix sensorial, кіреді. Ек түбіршік үшкіл нерв сабауын құрайды.

Ол мидың шығысы мен ортаңғы бассүйек шұңқыры түбінің қатты қабығы астына өтіп, самай сүйегі пирамидасының жоғарғы бетіне, оның ұшы жанындағы impression trigemini жатқан жерге орналасады. Бұл жерде қатты қабық екіге бөлініп, ол үшін кішкене қуыс, cavum trigeminale түзеді. Бұл түйін жасушаларының орталық өсінділері radix sensoria түзіп, сезімтал ядроға: nucleus pontinus n. Trigemini, nucleus spinalis n. Trigemini mesencephalicus n. Trigemini-ларға барады. Ал шеткі өсінділер үшкіл нерв түйінінің дөңес жиегінен шығатын үш негізгі тармағы құрамына өтеді.

Бұлар мыналар: көз тармағы- n. ophthalmicus, жоғарғы жақсүйек тармағы- n. Maxillaries және төменгі жақсүйек тармағы- n. Mandibularis. Үшкіл нервтің әрқайсысы мидың қатты қабығына жіңішке тармақ береді.

N. ophtalmicus, көз нерві- fissure orbitalis superior арқылы бассүйек қуысынан көз ұясына шығады. Оған дейін тағы үш тармаққа бөлінеді.

1. N. Frontalis, маңдай нерві- көзұясы төбесі астымен foramen infra orbitalis арқылы маңдай терісіне келеді. Бұл жерде ол n. supraorbitalis деп аталып, жоғарғы қабақ пен көздің медиалды бұрышының терісіне тармақтар береді.

2. N.lacrimalis, көзжас нерві-  көзжас безіне барып, одан өтіп, көздің латералды бұрышындағы коньюктивасы мен терісінде аяқталады. Көзжасы безіне енгенге дейін n. lacrimalis, n. zygomaticus-пен қосылады.

3. N. nasocilliaris, мұрын кірпік нерві- мұрын қуысының алдыңғы бөлігін nn. Ethmoidales anterior et posterior, көз алмасы nn. Ciliaris longi, көздің медиалды бұрышының конюктивасы мен көзжасы қапшығын және терісін n. Infratrochlearis нервтендіреді.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: