Порта-кавальды анастомоздар. 18 страница

Жауабы: Өңеш,esophagus, жұтқыншақ пен асқазанның аралығында, алдынан артына қарай қабысып орналасқан, ұзындығы 25-30 см түтіктәрізді мүше. Өңеш орналасуына қарай: мойындық бөлікке,pars cervicalis, кеуделік бөлікке, pars toracica және құрсақтық бөлікке,pars abdominalis, бөлінеді.

Топографиясы:

-Өңештің мойындық бөлігі, pars cervicalis, ол VI- мойын омыртқа мен II- кеуде омыртқалардың аралығында орналасқан.Өңештің бұл бөлігінің алдыңғы беті кеңірдекпен,бүйір қапталы жалпы ұйқы артериясымен,a.carotis communis, және қайрылма көмей нервімен,n.laryngeus reccurens, шектеседі.

-Өңештің кеуделік бөлігінің, pars toracica, топографиялық орналасуы өте күрделі:

а)Өңештің жоғарғы 1/3 бөлігінің алдыңғы беті- кеңірдектің сол жағының артқы бетімен, сол қайрылма көмей нервімен,n.laryngeus reccurens, жалпы ұйқы артериясымен шектеседі; оң беті: көкірекаралық өкпеқаппаен,pleura mediastinalis; артқы беті омыртқа бағанасымен шектескен.

ә)Өңештің ортаңғы бөлігінің алдыңғы беті: кеуде омыртқаның тұсында кеңірдектің айырығымен,bifurcatio tracheae, және сол басты бронхпен шектеседі; артқы беті:кеуде түтігімен,ductus thoracicus; сол төменгі беті: қолқаның кеуделік бетімен,pars thoracicae aortae; оң беті: оң кезбе нервпен,n.vagus, және сыңар венамен,v.azygos, шектескен.

б) Өңештің төменгі бөлігінің артында және оң жағында қолқа, aorta; алдында жүрекқап, pericardium; сол кезбе нерв, n.vagus sinistra; артында жартылай сыңар венамен, v.hemyazygos, шектеседі

-Өңештің құрсақтық бөлігінің,pars abdominalis, алдыңғы және бүйір беттері ішастармен жабылып орналасқан; алдыңғы және оң беті бауырдың сол бөлігімен; сол беті көкбауырдың жоғарғы ұшымен шектескен.

Өңештің құрылысы: өңештің мойындық бөлігі кеңірдекпен жанасуына байланысты, оның өту жолы көлденең саңылау түрінде, кеуде бөлігінің өту жолы дөңгелек жұлдыз тәрізді болып келген, Өңештің қабырғасы ас қорыту жүйесінің тікелей жалғасы болғандықтан, қабырғаларының құрылысы: шырышты, шырышасты бұлшықеттік, сыртқы дәнекер тінді қабаттан тұрады.

-Шырышты қабығы,tunica mucosa, ол жұтқыншақтың шырышты қабығының тікелей жалғасы.Шырышты қабығы қалыңдау болып келуімен қатар бұлшықеттік қабығыда жақсы дамыған. Шырышты қабығының қуысқа қараған беті көпқабатты эпителиймен қапталған. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде өңеш бездері,glandulae esophageae, мен дараланып орналасқан көптеген лимфа түйіндері болады.

-Шырышасты негізі, tela submucosa, жақсы дамыған.Шырышасты негізі аралығында қантамыр өрімдері мен нервтер орналасқан іркілдеген жылжымалы дәнекер тіннен тұрады.Шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты, өңештің ішкі бетінде бойлық қатпарлар түзіледі.Бұл шырышты қатпарлар, өңештің көлденең кесіндісінде жұлдыз тәрізді болып келеді.Шырышасты негізінің әсерінен шырышты қабығы жылжымалы келіп, тамақтың өңеш арқылы өтуін жеңілдетеді.

-Өңештің бұлшықеттік қабығы, tunica muscularis, сыртқы бойлық, stratum longitudinale, және дөңгелек қабаттан, stratum circulare, тұрады. Құрылысы жағынан өңештің жоғарғы бөлігінгің бұлшықеттік қабығы көлденең-жолақты ерікті еттік қабаттан тұрады, ортаңғы бөлігінде –аралас, төменгі бөлігі бірыңғай салалы бұлшықеттік қабаттан тұрады.

Өңештің қанмен қамтамасыз етілуі: өңештің мойындық бөлігі төменгі қалқанша артериясының(a.thyroidea inferior) өңештік тармақтарымен, rr.esophagei кеуделік бөлігін кеуде қолқасының(aorta thoracica) тармағы, өңештік тармақтармен, rr.esophagei, құрсақтық бөлігін сол асқазан артериясының тармағы, өңештік тармақтармен, rr.esophagei, қандандырылады.

Өңештің анатомиялық тарылулары:

-Жұтқыншақтық тарылу, жұтқыншақтың өңешке өткен жерінде(6 мойын омыртқасы деңгейінде) орналасқан.

-Бронхтық тарылу, кеңірдектің бифуркациясының тұсында немесе өңештің сол жақтық бронхпен(5 кеуде омыртқасы деңгейі) шектескен жерінде орналасқан

Өңештің физиологиялық тарылулары:

-Қолқалық тарылу, өңештің қолқа доғасымен жанасқан жерінде орналасқан.

-Кардиальды тарылу, өңештің асқазанға өтетін жерінде орналасқан. Бұл тарылулар тірі адамда ғана байқалады.

 

 

37. Тіл: құрылысы, қызметтері.Тілдің бұлшықеттері. Тістің құрылысы. Тұрақты және сүт тістер. Тіс формуласы. Қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Жауабы: Тіл,lingua, бұлшықетті мүше. Ол ауыз қуысының ауыз қуысының төменгі қабырғасына жақын тіласты безі, мен жақ-тіл астылық бұлшықеттің үстінде орналасқан. Тіл ауыз қуысының сілекей бездерінің секреті арқылы ұнтақталған тамақты жұтыну актісі кезінде аран арқылы жұтқыншаққа өткізіп, сөйлеу және тамақтың дәмін анықтайтын күрделі мүше. Тілдің ұшы, денесі, және түбі ажыратылады.

Тілдің шырышты қабығының бүртіктері:

       1.Тілдің жіп тәрізді және конустәрізді бүртіктері, papillae filiformes et papillae conicae,тілдің бүкіл дорзалді бетін жауып,тіл ұшынан түбіне дейінгі аралықта орналасқан.Тілдің дорзалды бетінің немесе арқашығыныңбархыт тәрізді болып келуі осы бүртіктерге байланысты.Жіп тәрізді және конустәрізді бүртіктердің негізгі қызметі:жалпы сезімдерді қабылдау.

        2.Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер, papillae fungiformis, тілдің бүйір беттерінде,арқашығында шашыранды түрде,тіл ұшында топталып орналасқн.Мұндай бүртіктердің қызыл түсті болып келуі қан тамырлар капиллярларыныңбеткей орналасуына байланысты.

        Қызметі: тамақтың тәтті және қышқыл дәмін анықтау.

           3.Науашықтәрізді бүртіктер, papillae vallatae бүртіктердің жалпы саны 7 – 12-дей, олар тіл түбінің маңында шекаралық саланың алдында бұрыш құрап орналасқан.Науашықтәрізді бүртіктердің көлденең ені 2 – 3 мм-дей.Бүртіктердің ұшында дәм сезгіш рецепторлар орналасқан.

         Қызметі: дәмді сезу.

          4.Жапырақтәрізді бүртіктер,papillae foliatae, олар тілдің бүйір қабырғаларында орналасқан.

          Қызметі:тұзды, тәтті сезімдерде қабылдау.

          Тілдің шырышты қабығы тіл түбіне қарай өтіп,көпқабатты эпителиймен қапталған шырышты–қабыққа жалғасады.Тіл түбінің шырышты қабығын құрап,көмейдің бөбешігіне, epiglottis қарай өтіп,ортаңғы тіл–бөбешік қатпарын, plica epiglottis medialis,және латералды тіл-бөбешік қатпарын, plica epiglottis lateralis, аралығында орналасқан қорғаныш қызметін атқаратын тіл-бөбешік қалтасын құрайды.

           Тілдің төменгі бетінің шырышты қабығы бұрыш құрап орналасқан шашақтәрізді екі қатпарды құрайды.Шашақтәрізді қатпарлар,тіл ұшында бұрыш құрай түйісіп,ауыз қуысының түбінде алшақтай өтіп,аралығында тіл жүгеншігін, frenulum linguae, құрайды.Тіл жүгеншігінің төменгі бөлігінің бүйір қапталында,тіласты бүртігі,caruncula sublingualis,орналасқан.Бұл бүртіктің артқы бүйір қапталында,тіласты сілекей безінің меншікті түтіктері ашылатын тіласты қатпары, plica sublingualis, орналасқан.

            Тіл бұлшықеттері.

            Тіл бұлшықеттері,көлденең – жолақты ерікті бұлшықеттерден тұрады.

            Топогрофиялық орналасуына қарай тіл бұлшықеттері скелеттік және меншіктік бұлшықеттерге бөлінеді.

            Тілдің бұлшықеттері:

            1.Біз – тіласты бұлшықеті, m.styloglossus, самай сүйектің біз тәрізді өсіндісінен басталып,тіл түбінің маңында тілдің меншікті жоғарғы және төменгі бойлық бұлшықеттеріне жалғасады.

            Қызметі: тілді жоғары және артқа тарту.

            2. Тіласты – тіл бұлшықеті, тіласты сүйегінің денесінен және үлкен, кіші мүйіздерінен басталып,тілге қарай өтіп, тілдің көлденең бұлшықетіне жалғасады.

            Қызметі: тілді төмен және артқа қарай тарту.

            3.Иек – тіласты бұлшықеті, m.geniaglossus, ол төменгі жақсүйектің иектік қылқанынан, басталып, тілдің меншікті вертикалды бұлшықетіне жалғасады.

            Қызметі: тілді төмен және алға қарай тарту.

            Тілдің меншікті бұлшықеттері:

            1. Тілдің жоғарғы бойлық бұлшықеті,m.longitudinalis superior, тілдің біз – тіласты бұлшықетінің тікелей жалғасы. Бұлшықет тіл түбінің маңынан басталып, бойлай алға қарай өтіп, тіл ұшындағы фасциялдық қабыққа барып бекиді.

            Қызметі: тілді қысқартып, тіл ұшын жоғары көтеру.

            2. Тілдің төменгі бойлық бұлшықеті, m.longitudinalis inferior, бұл бұлшықетте біз – тіласты бұлшықетінің тікелей жалғасы. Ол тіл түбінің маңындағы фасциялдық қабыққа барып бекиді.

            Қызметі: тілді қысқартып,арқашығын жоғары көтеріп, тіл ұшын төмен түсіру. Біржақты жиырлғанда тілді бүйір жағына тартады.

            3. Тілдің көлденең бұлшықеті, m.transversus linguae, ол тілдің тіл асты – тіл бұлшықетініңбүйірқапталында орналасқанфасциялдықтінге барып бекиді.

             Қызметі: тілдің көлденең енін кішірейту.

             4.Тілдің вертикалды бұлшықеті,m.verticalis linguae, тілдің бүйір бөлігінде орналасқан,тілді жалпайтады.

             Тідің қанмен қамтамасыз етілуі

             Тіл сыртқы ұйқы артериясының тармағы тіл артериясымен, a.lingualis,қанмен қамтамасыз етіледі.

               Тіл нервтері бірнеше қайнар көздерінен қалыптасады. Тілдің бұлшықеттерін, тіл асты нерві, n.hypoglossus, нервтендіріледі.

                 Тілдің шырышты қабығының алдыңғы үштен екі бөлігі тіл нервісімен, n.lingualis, артқы үштен бірі IX жұп тілжұтқыншақ нерв талшықтарымен, тіл түбінің шырышты қабығы Х жұп кезбе нервтің жоғарғы көмей нервімен;алдыңғы үштен екі бөлігі VII жұп бет нервісінің дабыл ішегінің, талшықтары құрамында тіл нервімен нервтендіріледі.  

Тіс, dens, шайнау және сөйлеу аппаратының негізі болып саналады.Тіс: тіс сауытынан, corona dentis, мойнынан,cervix dentis және түбірінен,radix dentis, тұрады.

Тіс сауыты,corona dentis, қызылиектен жоғары орналасқан. Тіс сауытының тілдік беті,facies lingualis, кіреберістік беті, facies vestibularis, түйісу беті,facies contactus, артқы беті және қабысу беті, facies occlusalis, ажыратылады.

1.Тіс түбірі, radix пішіні конус тәрізді, жоғарғы жақ сүйек пен төменгі жақ сүйектің ұяшықтық өсінділерінде орналасқан.

2. Тіс мойны, cervix, тіс сауыты мен түбірінің аралығында орналасқан бөлік.Тіс сауытының ішінде шағын келген тіс сауыт қуысы бар Тіс сауыт қуысының ішінде тісті қандандырушы тамырлар мен нервтерге бай жұмсақ заты орналасқан. Тіс затының құрылысы:

а) эмаль

ә)Дентин

б)цемент

Тіс жалпы пішініне және атқаратын қызметіне қарай: күрек, ит, кіші азу және үлкен азу тістерге бөлінеді.

Тістердің арбір қатары симметриялы орналасқан. Тістердің сан түрінде белгіленген түрі тістердің формуласы деп аталады. Ересек адамның тұрақты тістерінің жалпы формуласында горизонталді сызықтың жоғарғы бөлігінде жоғарғы жақсүйектің тістері белгіленсе, төменде төменгі жақ сүйектің тістері, оң және сол жақ болып бөлінеді.

Тістердің қанмен қамтамасыз етілуі: тістерді жоғарғы жақсүйек артериясының артқы жоғарғы ұяшықтар артериясы, aa.alveolares superiors posteriores; Алдыңғы тістерді көзұясы артериясының тармақтары-aa.alveolares superiores anteriores; төменгі жақсүйек тістерін төменгі жақсүйек артериясының тармағы төменгі ұяшық артериясы a.alveolaris inferior, қанмен қамтамасыз етеді.

 

38. Мұрын қуысы: қабырғалары, мұрын жолдары, мұрынмаңы қойнаулары, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Жауабы:  Мұрын қуысы, cavum nasi, сыртқы мұрын мен бет сүйектерімен шектелген. Мұрын қуысы кіреберіс бөлігіне, vestibulum nasi, және меншікті мұрын қуысына, cavum nasi proprium, бөлінеді. Мұрын қуысы кіреберісі, vestibulum nasi, меншікті мұрын қуысынан мұрын қуысының босағасы, limen nasi, арқылы шектелген. Мұрын қуысы кіреберісінің терісінде май бездері мен тер бездері және шаштар немесе вибристер көптеп орналасқан. Меншікті мұрын қуысының, cavum nasi proprium, қабырғалары сыртқы мұрын мен бет сүйектерінен тұрады. Мұрын қуысының: жоғарғы, төменгі, латеральды және аралық қабырғалары ажыратылады.

-Жоғарғы қабырғасы: сыртқы мұрынның латеральді шеміршегінен, cartilage nasi lateralis, мұрын сүйегінен, os nasale, торлы сүйектің торлы табағынан, lamina cribrosa, сынатәрізді сүйек денесінен,corpus ossis sphenoidalis, түрады;

-Төменгі қабырғасы: қатты таңдай, palatum durum, мен жұмсақ таңдайдан, palatum molle, тұрады;

-Бүйір қабырғасы: сыртқы мұрынның латеральді шеміршегінен, жоғарғы жақсүйектің мұрын бетінен, facies nasalis maxillae, таңдай сүйектің перпендикулярлы табағанаң мұрын бетінен, lamina perpendicularis, торлы лабиринттің мұрын бетінен, facies nasalis labirinthi ethmoidalis, көзжас сүйегінен, os lacrimalis, және төменгі мұрын қалқанынан, concha nasalis inferior, тұрады.

Мұрын қуысының бүйір ұабырғасындағы үш мұрын қалқанының аралығында: жоғарғы, ортаңғы және төменгі мұрын жолдары және мұрын жанындағы қойнаулардың мұрын қуысымен жалғасатын тесіктері орналасқан.

1.Жоғарғы мұрын жолы, meatus nasi superior, жоғарғы және ортаңғы мұрын қалқандарының аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолы сынатәрізді сүйектің қойнауымен, sinus sphenoidalis және артқы торлы ұяшықпен, cellulae ethmoidalis posterior, байланысқан.

2.Ортаңғы мұрын жолы, meatus nasi medius, ортаңғы және төменгі мұрын қалқандарының аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолы маңдай қойнауымен, sinus frontalis, жоғарғы жақсүйек қойнауымен, sinus msxillaris, және алдыңғы, ортаңғы торлы ұяшықтармен, cellulae ethmoidalis anterior et medius, байланысқан.

3.Төменгі мұрын жолы, meatus nasi inferior, ол төменгі мұрын қалқаны мен таңдайдың аралығында орналасқан. Бұл мұрын жолына мұрын-көзжас өзегі, canalis nasolacrimalis, ашылады, және күрек тіс өзегі, canalis incisivus, арқылы ауыз қуысымен байланысады.

-Мұрын қуысының аралық қабырғасы: желбезек, vomer, пен мұрын қуысының аралық шеміршегінен,cartilage septi nasi, тұрады.

Мұрын қуысының шырышты қабығы, tunica mucosa, кірпікшелі эпителиймен көмкерілген, терең қабатында шырышты бездермен қатар күрделі ұяшықты, шырыш-сірлі бездер көптеп орналасқан.Сонымен қатар, шырышты қабықтың астында, төменгі және ортаңғы мұрын жолдарының тұсында ауаны жылытуға арналған қалқандардың үңгірлі веноздық өрімдері, plexus cavernosi concharum, орналасқан. Шырышты қабық топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай: мұрын қуысының жоғарғы мұрын жолының маңында орналасқан иіс сезу аймағына, region olfactoria және ортаңғы, төменгі мұрын жолының маңында орналасқан тыныс алу аймағына, region respiratoria, бөлінеді.

Қанмен қамтамасыз етілуі: мұрын қуысының шырышты қабығы (жоғарғы жақсүйек артериясының тармағы) сынатәрізді-таңдай артериясының тармақтарымен, a.sphenopalatina, және (көз артериясының тармағы) жұп алдыңғы және артқы торлы артериялар, aa.ethmoidalis anterior et posterior, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Нервтендірілуі: мұрын қуысы мен сыртқы мұрын үшкіл нервтің бірінші және екінші тармақтарымен нервтендіріледі. Мұрын қуысының шырышты қабығының алдыңғы бөлігін (үшкіл нервтің, n.trigeminus, бірінші тармағының) мұрынкірпіктік нервтің тармағы, n.nasociliaris, алдыңғы торлы нерв тармақтарымен, n.ethmoidalis anterior, қалған бөлігін – мұрын қалқанын (n.maxillaris, тармағы) мұрын-таңдай және артқы мұрын нервтерінің, nn.nasales posteriors et nasopalatinus, тармақтары, мұрын қуысының шырышты қабығының бездерін қанат-таңдай түйіні тармағы, мұрын таңдай нерві мен артқы мұрын тармақтары, rr.nasales posteriors et n.nasopalatinus, нервтендіреді.

 

39. Көмей: шеміршектері, дыбыстық байламдары, қуысы, дыбыс саңылауы, бұлшықеттері.

Жауабы: Топографиясы: Larinx 4, 5, 6 –мойын омыртқалар деңгейінде дәл тіласты сүйегінің астында, мойынның алдыңғы жағында орналасып, сыртқы жабын арқылы айқын қырат түзеді. Қызметі: тыныс алуға қатысады. Көмей арқылы шығатын ауа дауыс байламдарын тербелтіп, соның нәтижесінде дыбыс пайда болады.Құрылысы: 1. Шеміршектер 2. Буындар мен байламдар 3. Бұлшық еттерден тұрады.

Көмейдің бұлшық еттері: құрылысы, қызметтері.

Musculi laryngis 3–ке бөлінеді: 1. Дауыс саңылауын кеңейтетін. 2. Дауыс саңылауын тарылтатын 3. Дауыс байламын керетін.

5. Дауыс саңылауын кеңейтетін: 1) Артқы жүзік ожау бұлшықеті, m.cricoarytenoideus post. Жүзік тәрізді шеміршектің артқы бетінен басталып, ожау тәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне бекиді. Қызметі: жиырылған кезде бұлшықеттік өсіндіні артқа медиялді бұрады, дауыс саңылауын кеңейтеді. 2)Қалқанша-көмей қақпашығы бұлшықеті, m.thyroepiglotticis, Lig. Thyriepiglotticum-ның бүйір жағында орналасқан. Қызметі: көмейдің кіретін тесігін кеңейтіп ашу.

6. Дауыс саңылауын тарылтатын. 1) Латералды жүзік ожау бұлшықеті, m.cricoarytenoidea lateralis. Қызметі: дауыс саңылауын тарылтады. 2) Қалқанша-ожау бұлшықеті, m.thyroarytenoideus. Қалқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып ожау шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне бекиді. Қызметі: дауыс саңылауының жарғақтық бөлігін тарылтады. 3) Көлденең ожау тәрізді бұлшықет m.arytenoideus transversus. Ожау тәрізді шеміршектің артқы бетінде көлденең орналасқан. Қызметі: Шеміршектік бөлікті тарылту. 4) Қиғаш ожау тәрізді бұлшықет, m.arytenoideus obliquus, осы бұлшықеттің бетінде қиғаш орналасқан. Қызметі: көмей қақпашығын төмен тартады.

7.. Дауыс байламын керетін: 1) Жүзік қалқанша бұлшеті, m.cricothyroideus. Жүзік тәрізді шеміршектің доғасынан басталып, тік бөлігі – қалқанша шеміршек табақшасының төменгі бөлігіне, қиғаш бөлігі шеміршектің төменгі мүйізіне бекиді. Қызметі: ожау шеміршектің дауыстық өсіндісі мен қалқанша шеміршектің аралығын алшақтатады. 2) Дауыс бұлшықеті, m.vocolis, қалқанша шеміршек бұрышының төменгі бөлігінің өшкі бетінен басталып ожау тәрізді шеміршектің дауыстық өсіндісінің латералды қапталына бекиді. Қызметі: Дауыс байламын керу.

8. Көмейдің шеміршектері, құрылысы.

2-ге болінеді:

4. Жұп: 1) Ожаутәрізді шеміршек, сartilago аrytenoidea, 3 жақты пирамида тәрізді. Жоғарғы медиялды орналасқан ұшы –apex, Төменде негізі – basis, Алдыңғы медиялды беті – Facies mediales, ойыс артқы беті – Facies posterior, негіздің алдында дауыс байламына бекитін – processus vocalis, бүйір жағында бұлшықеттік өсінді – processus muscularis. 2) Мүйіз тәрізді шеміршек, cartilago Corniculata, ожаудың ұшында. 3) Сына тәрізді шеміршек, cartilago cuneiformis. Ожау көмей қақпағы қатпарының қабатында орналасқан, сынатәрізді шеміршекті құраушы эластикалық элемент.

5. Тақ: 1) Қалқанша шеміршегі, cartilago thyroidea. Жұп табақшадан тұрады. Бұлар бұрыш құрап орналасып ер адамда көмей шодырын құрайды. Алдыңғы жағында жоғарғы тілік, incisura sup, және төменгі тілік, Incisura inf, орналасқан. Ішкі және сыртқы беті бар. Сыртқы бетінде қиғаш сызыққа m. Sternohyoidei, m. thyrohyoidei бекиді. 2) Жүзік тәрізді шеміршек, cartilage crycoidea. Алға қарай орналасқан доға, артында төртбұрышт табақша орналасқан. 3) Көмей қақпашығы, epiglottis, Көмей кірісінің үстінде орналасқан. Қалқанша шеміршектің жоғарғы тілігіне жақындап, бекіп орналасқан көмей қақпашығының сабақшасы, petiolus epiglottidis бар. Алдыңғы беті – тілге қараған, артқы беті – көмей қуысына қараған.

6. Көмейдің байламдары мен буындарының құрылысы.

Буындары: 1) Жүзік – қалқанша, articulatio crycothyroidea, қалқанша шеміршектің төменгі мүйізімен жүзіктәрізді шеміршектің қалқаншалық буын бетімен арасындағы буын дауыс байламының күрделі қозғалысқа келіп, тербелуіне ықпал етеді. 2) Жүзік-ожау, articulatio crycoarytenoidea. Ожаудың ойыс пен жүзіктің дөңестеу буын бетінің арасында орналасқан. Әсем үн шығаруына ықпал етеді.

Байламдары: ligamentum thyrohyoideum medianum – қалқанша шеміршек + тіл асты сүйегі, ligamentum thyrohyoideum lateralis – Қалқанша шеміршектің жоғарғы мүйізі + Тіл асты сүйегінің үлкен мүйізі, ligamentum Vocale – Қалқанша шеміршен + ожау тәрізді шеміршектің дауыстық өсіндісі, ligamentum Hioepiglotticum – көмей қақпашығының алдыңгы беті + тіл асты сүйегі, ligamentum. Thyroepiglotticum – қалқанша шеміршек + көмей қақпашығы, ligamentum Cricotrahealis – кеңірдек + жүзік тәрізді шеміршек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: