Порта-кавальды анастомоздар. 17 страница

Жоғарғы басы, caput superior ол сына сүйектің үлкен қанатының төменгі самайлық бетінен және төменгі самайлық қырқасынан, crista infratemporalis басталады.Төменгі басы сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің латеральды табақшасының бүйір бетінен басталады.Бұлшықеттің жоғарғы басы мен төменгі басының бұлшықеттік талшықтары жинақталып, артқа қарай бағытталып, төменгі жақ сүйектің қанатты шұңқыршасына, fovea pterygoidea барып бекиді.

Қызметі: бір жақты жиырылған кезде төменгі жақ сүйегі қарсы жағына қарай ауытқыса, екі жақты бұлшықет бір уақытта жиырылса төменгі жақ сүйегі алға қарай қозғалады.

Нервтендірілуі: V жұп үшкіл нервтің,n.trigeminus қанатты бұлшықеттік нерві,n.pterygoideus medialis арқылы нервтендіріледі.

Қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы альвеолярлық артериялар,aa.alveolaris superior, бет артериясы,a.facialis арқылы.

4. Қанат тәрізді медиальді бұлшықет, m.pterygoideus medialis.

 

34. Ымдау бұлшықеттері: құрылысы және қызметі.

Жауабы: Беттің бұлшықеттері,mm.facialis, немесе ымдау бұлшықеттері, дененің басқа басқа бұлшықеттерінен айырмашылығы: эмбрионалдық дамуы өзгешелеу, тері астына орналасып, фасциялық қабықшасыз, сүйектік нүктелерден басталып, теріге барып бекиді жиырылған кезде беттің терісінде адамның көңіл күйін білдіретін қатпарлар пайда болады

Топографиялық орналасуына қарай ымдау бұлшықеттері: көздің, ауыздың, мұрынның, құлақ қалқанының төңірегіндегі және бас сүйектің қақпағының маңындағы бұлшықеттерге бөлінеді

1.Бассүйек қақпағының бұшықеттері, m.epicranius ол жалпақтау келіп, бас сүйек қақпағын жауып орналасқан апонеаротикалық табақшадан тұрады. Орналасуына қарай: шүйде-маңдайлық,апоневротикалық табақшадан, самай-төбелік бұлшықеттерден тұрады:

a) шүйде-маңдайлық бұлшықет,m.occipitofrontalis ол маңдай сүйектің жоғарғы қастық доғасынан,arcus superciliaris, шүйде сүйегінен, linea nuche suprema, басталып апоневрозға ұласады.Бұлшықет маңдайлық,venter frontalis және шүйделік қарыншадан6 venter occipitalis тұрады, қарыншалар бір-бірімен өзара жалпақтау келген апо, қарыншалар бір-бірімен өзара жалпақтау келген апоневрозды табақша арқылы жалғасқан.

ә)самай-төбе бұлшықеті, ол бас сүйектің самай бөлігінде орналасқан. Бұлшықеттер талшықтары құлақ қалқанының шеміршегінің алдыңғы қапталынан басталып, бастың апоневроз табақшасына ұласады.

Қызметі: шүйде бөлігінің қарыншасы жиырылғанда бастың терісін артқа қарай тартады, маңдай қарыншасы жиырылғанда көздің қабағы мен қасты көтереді.

Нервтендірілуі: VII жұп бет нерві,n.facialis арқылы нервтендіріледі

Қанмен қамтамасыз етілуі: шүйде артериясы,a.occipitalis құлақ қалқанының артқы артериясы,a.auricularis posterior самайдың беткей артериясы, a.temporalis superficialis және көз шарасының жоғарғы артериясы a.supraorbitalis арқылы.

2.Құлақ қалқанының алдыңғы бұлшықеті, m.auricularis anterior,ол самай бұлшықетінің фасциялық қабықшасы мен шүйде-маңдайлық бұлшықетінің апоневрозды қабықшасынанбасталып, құлақ қалқанының терісіне барып бекиді

Қызметі: құлақ қалқанын алға қарай қозғалту

Қанмен қамтамасыз етілуі: беткей самайлық артериясы, a.temporalis superficialis арқылы.

3.Құлақ қалқанының жоғарғы бұлшықеті,  m.auricularis superior ол шүйде-маңдай бқлшықетінің апоневрозды қабықшасынан басталып, құлақ қалқан шеміршегінің жоғарғы қапталына барып бекиді

Қызметі: құлақ қалқанын жоғары қарай тарту мен қатар, бастың апоневрозды қабықшасын керу

Қанмен қамтамасыз етілуі: беткей самайлық артериясы, a.temporalis superficialis мен құлақ қалқанының артқы артериясы, a.auricularis posterior арқылы.

4.Құлақ қалқанының артқы бұлшықеті ол желкелік бұлшықеттердің фасциялық қабықшасынан басталып құлақ қалқаны терісінің артқы бөлігіне барып бекиді.

Қызметі: құлақ қалқанын артқа қарай тарту

Қанмен қамтамасыз етілуі:құлақ қалқанының артқы артериясы

5.Көздің дөігелек бұлшықеті, m.orbicularis oculi, сыртқы пішіні жалпақтау келіп,көз шарасының маңында шеңбер бағытта орналасқан. Топографиялық орналасуына қарай көз қабақтық, көз шарасының және көзжас бұлшықеттерңне бөлінеді

а) Көз қабақтық, pars palpebralis, көз қабағының медиальды байламынан және көз шарасының ішкі қапталынан басталып, көз шарасының латеральды бұрышындағы сүйектік қабықшасына барып бекиді

ә)Көз шарасының бөлігі, pars orbitalis, ол маңдай сүйегінің мұрындық бөлігінен, жоғарғы жақ сүйектің маңдайлық өсіндісінен және көздің қабағының медиальды байламынан басталып шүйде-маңдайлық бұлшықеттің маңдайлық қарыншасы, venter frontalism. occipitofrontalis мен қасты түюші бұлшыұетке, m.corrugator supercilii, ұласады

б) Көзжас бөлігі, pars lacrimalis, ол көз жас сүйегінің латеральды бетінен және бұл сүйектің артқы қырқасынан басталып, көз жас қапшығына бекісе шамалы бөлігі қабақтық бөлігінің бөлшықетіне ұласады

Қызметі: а) көздік бөлігі жиырылған кезде, көздің саңылауын жұмып, маңдайдың көлденең қатпарларын құрайды; ә) көздің қабағының бұлшықеті көздің саңылауын тарылтады; б)бұл бұлшықеттің көздік бөлігі жиырылғанда қасты төмен тартып, ұрттың терісін жоғары көтереді; в) бұл бұлшықеттің көз жас бөлігі жиырылған кезде, көз жас-мұрын өзекшесінің өту жолы кеңейіп, жастың мұрын қуысына өтуіне ықпал жасайды.

Нервтендірілуі: VII жұп бет ми нерві n.facialis арқылы

Қанмен қамтамасыз етілуі: бет артериясы, a.facialis самайдың беткей артериясы,f.temporalis superficialis, және көз шарасының жоғарғы және төменгі артериялары, a.supraorbitalis et infraorbitalis арқылы.

5. Қасты түю бұлшықеті,m.corrugator supercilii, ол маңдай сүйектің мұрын бөлігінен және көз жас сүйегінен басталып, қастың медиальды қапталына барып бекиді

Қызметі: екі жақтық қасты бір-біріне түйістіріп, аралығында вертикаль бағытта орналасқан сызықшаны құрайды.

Қанмен қамтамасыз етілуі: маңдайлық артерия, a.frontalis  көз шарасының жоғарғы артериясы,a.supraorbitalis, самайдың беткей артериясы,a.temporalis superficialis арқылы.

6. Тәкәппар бұлшықеті,m.procerus ол мұрын сүйегінің қырынан немесе мұрын бұшықетінің апоневрозынан басталып, кеңсірік үстілік жазықтықтың маңындағы теріге барып бекиді.

Қызметі: екі жақты бөлігі бірдей жиырылғанда, мұрын қырының түбірі маңындағы теріде көлденең сызықша пайда болады

Қанмен қамтамасыз етілуі: құлақ қалқанының артериясы,a.auricularis, көз шарасының жоғарғы артериясы,a.supraorbitalis, арқылы.

7. Ауыздың дөңгелек бұлшықеті, m.orbicularis oris ол еріндердің терең қабатында шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттер талшықтарынан тұрады. Бұл бұлшықеттердің талшықтар орналасуына қарай иектік және еріндік болып екі топқа бөлінеді.

Қызметі: ауыз тесігін қысып, ерінді сыртқа қарай ығыстырады.

Қанмен қамтамасыз етілуі: еріннің жоғарғы және төменгі артериясы, aa.labiales superior et inferior, мен иектік артерия,a.mentalis, арқылы.

8.Үлкен бетсүйектік бұлшықет,m.zygomaticus major ол бетсуйектің сыртқы бетінен басталады. Бұлшықеттің талшықтары ауыздың езуінің маңындағы теріге және ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттің талшықтарын құрауға қатысады.

9.Кіші бетсүйектік бұлшықет, m.zygomaticus minor, ол бетсүйектің алдыңғы бетінен басталып ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықетіне ұласады.

10.Жоғарғы ерінді көтеретін бұлшықет,m.levator labii superioris, ол көз шарасының төменгі жиегінен басталып, ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттеріне ұласады.

11.Жоғарғы ерін мен мұрынның танауын көтеретін бұлшықет,mm.levator labii superioris et alaegue nasi, ол жоғарғы жақ сүйектің маңдайлық өсіндісінің негізінен басталып, бір бөлігі жоғарғы еріннің шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттің талшықтарына ұласса, екінші бөлігі мұрын танауының терісімен бітісе жалғасады.

Қызметі: жоғарғы ерінді көтерумен қатар,мұрынның танауын керіп, жоғары қарай көтереді

Қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы және төменгі ерідік артериялар,aa.labiales superior et inferior мен ұрттың артериясы,a.buccalis арқылы.

12.Ауыздың езуін көтеретін бұшықет,m.levator angulus oris, ол кө шарасының төменгі жиегінен және оның тесігінен,foramen infraorbitalis, басталып, езудің терісі мен ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықет талшықтарына ұласады.

Қызметі:Ауыздың езуін жоғары көтеріп, латеральды бағытта тарту.

Қанмен қамтамасызетілуі:көз шарасының төменгі артериясы мен ұрттық артериялар,aa.infraorbitalis et buccalis, арқылы.

13.Ұрт бұлшықеті,m.buccalis, ол төменгі жақсүйегінің ұрттық қырқасынан,crista buccinatoria, және жоғарғы жақсүйегінің аз тістер маңындағы доға тәрізденген сызықшасынан және сына сүйектің қанат тәрізді өсіндісінің ілмегі мен төменгі жақсүйегі аралығындағы фиброздық тігістен, raphe pterygomandibularis басталып, ауыз қуысының шырышты қабықшасы мен жоғарғы ерін мен төменгі еріннің шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттеріне ұласады.

Қызметі: езуді сыртқа қарай тартып, еріндерді тістермен жанастырып еріндерді кереді.

Қанмен қамтамасыз етілуі: ұрт артериясы,a.buccalis арқылы.

14.Күлкі бұлшықеті,m.risorius тұрақсыз.Ол шайнау бұлшықетінің фасциялық қабықшасынан және мұрын мен еріннің терілік қатпардан басталып, еріннің езуінің маңындағы теріге барып бекиді.

Қызметі: езуді көтеріп, сыртқа қарай тарту.

Қанмен қамтамасыз етілуі: Бет артериясы,a.facialis, беттің көлденең артериясы,a.transversa faciei арқылы.

15.Езуді төмен түсіруші бұлшықет,m.depressor anguli oris, ол төменгі жақ сүйегінің бетінен, иектік тесіктен төменірек жерден басталып, ауыз езуінің маңындағы теріге бекісе, біраз бұлшықет талшықтары езуді көтеретін бұлшықеттің талшықтарына ұласады.

Қызметі:езуді төмен түсіріп, артқа қарай тарту

Қанмен қамтамасыз етілуі: төменгі еріндік артерия,a.labialis inferior, мен иектік және төменгі иектік артериялары,aa.mentalis et submentalis, арқылы.

16.Ерінді төмен түсіруші бұлшықет,m.depressor labii inferioris, ол төменгі жақ сүйегі денесінің сыртқы бетінен және иектік тесіктің алдыңғы қатарынан басталып, төменгі иек пен еріннің терісіне барып бекиді.

Қызметі: төменгі ерінді төмен қарай тарту

Қанмен қамтамасыз етілуі: төменгі еріндік артерия,a.labialis inferior, мен иектік және төменгі иектік артериялары,aa.mentalis et submentalis, арқылы.

17.Иектік бұлшықет,m.mentalis, ол төменгі жақ сүйегінің күрек тістерінің маңындағы альвеолярлық көтеріңкілерінен басталып, иектің терісіне барып бекиді.

Қызметі: төменгі ерінді сыртқа қарай айналдырып, иекті жоғары көтеру.

Қанмен қамтамасыз етілуі: төменгі еріндік артерия,a.labialis inferior, мен иектік артерия,a.mentalis, арқылы.

18.Иектің көлденең бұлшықеті,m.transversus menti, тұрақсыз шағын келген бұлшықет. Көлденең бағытта орналасып, езуді төмен тартатын бұлшықеттің тікелей жалғасы болып саналады.

19. Мұрын бұлшықеті,m.nasalis, ол жоғарғы жақ сүйегінің ит тіс пен латеральды күректістік көтеріңкілерден басталып, бұлшықет талшықтары: сыртқы және ішкі бөліктерге бөлінеді.

а)Сыртқы немесе көлденең бөлігі,pars transversa, мұрын қырының апоневроз тканына ұласады

ә)Ішкі нмесе танаулық бөлігі,pars alaris, танаудың шеміршектік бөлігіне барып бекиді.

Қызметі:танаудың тесігін тарылту.

Қанмен қамтамасыз етілуі:жоғарғы еріндік артерия,a.labialis superior, арқылы.

20.Мұрынның аралық қабырғасын төмен тартушы бұлшықет,m.depressor septi nasi, ол жоғарғы жақ сүйегінің альвеолярлық медиальдыкүрек тістік өсінділерінен және осы маңға орналасқан ауыздың шеңбер бағытта орналасқан бұлшықеттік талшықтарынан басталып, мұрын қуысының аралық қабырғаларының шеміршектік бөлігінің алдыңғы қапталына барып бекиді

Қызметі: мұрын қуысының аралық қабырғасын төмен қарай тарту.

Нервтендірілуі:Бет нерві,n.facialis, арқылы.

Қанмен қамтамасыз етілуі: жоғарғы еріндік артерия, a.labialis superior, арқылы.

 

35. Жұтқыншақ: топографиясы, бөлімдері, құрылысы, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.Линфоэпителиальды сақина құрылысы.

Жауабы: Жұтқыншақ,pharynx мойын мен бастың маңында орналасқан сыртқы пішіні конус тәрізді келген ас қорыту жүйесі мен тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлігі. Жұтқыншақ топографиялық орналасуына қарай: мұрындық бөлікке,pars nasalis ауыздық бөлікке, pars oralis және көмейлік бөлікке, pars laryngea, бөлінеді.

Топографиясы: Жұтқыншақ бассүйектің негізінен басталып, VI- мойын омыртқасының тұсында өңешке, esophagus, жалғасады.Артқы қабырғасы мойын омыртқаларымен, бүйір қабырғасы:мойын маңында орналасқан ірі қантамырлармен және кезбе нервпен,n.vagus, шектеседі, алдыңғы қабырғасы: хоан тесігі,choana, арқылы мұрын ұуысымен,аран,isthmus faucium арқылы ауыз қуысымен, алмұрт тәрізді қалта арқылы көмеймен шектеседі.

Жұтқыншақтың мұрындық бөлігі, pars nasalis, бассүйектің негізінен жұмсақ таңдайға дейінгі аралықта орналасқан.Қабырғалары:

-Жоғарғы қабырғасы:сынатәрізді сүйек пен шүйде сүйегінің төменгі бетімен шектеледі.

-Артқы қабырғасы: І-ІІ мойын омыртқасы мен және жұтқыншақ бадамшасымен,tonsillar pharyngealis, шектеледі

-Алдыңғы қабырғасы жоқ, хоан тесігі арқылы мұрын қуысымен байланысады.

-Бүйір қабырғасында: түтік буылтығы,torus tubarius, және есту түтігінің сыртқы тесігі,ostium pharyngeum tubae auditivae, сыртқы есту түтігі мен таңдай пердесінің аралығында түтік бадамшасы,tonsilla tubaria, айқын байқалады.

-Төменгі қабырғасы жоқ, жұтқыншақтың ауыздық бөлігіне жалғасады.

Жұтқыншақтың ауыздық бөлігі,pars oralis, ол жұмсақ таңдай мен көмей бөбешігінің,epiglottis, аралығында орналасқан

Қабырғалары:

-Алдыңғы қабырғасы жоқ, аран,fauces, арқылы меншікті ауыз қуысымен, cavum oris propria, байланысады.

-Артқы қабырғасы бірінші, екінші мойын омыртқаларымен шектеледі.

-Жоғарғы, төменгі қабырғалары жоқ, себебі жұтқыншақтың мұрындық және көмейлік бөліктеріне жалғасады.

Жұтқыншақтың көмейлік бөлігі,pars laryngea, ол көмей қақпағының тұсынан басталып, VI-мойын омырқасының тұсында өңештің мойындық бөлігіне жалғасады.

Қабырғалары:

-Алдыңғы қабырғасы көмеймен шектескендіктен жұтқыншақтың көмейлік бөлігі деп аталынады.Мұнда жұтқыншақтың алмұрт тәрізді орналасқан қалтасы,recessus piriformis, айқын байқалады.

-Жоғарғы және төменгі қабырғалары жоқ, ол жоғарыда жұтқыншақтың ауыздық бөлігіне жалғасса, төменгі бөлігі алтыншы мойын омыртқаның тұсында өңешке жалғасады.

Жұтқыншақтың қабырғаларының құрылысы:

Жұтқыншақ қабырғалары: шырышты, бқлшықеттік және дәнекер тінді қабаттан тұрады.

-Шырышты қабығының,tunica mucosa pharynges, мұрындық бөлігі кірпікшелі эпителиймен, ауыздық және көмейлік бөліктері көпқабатты эпителиймен қапталған.Жұтқыншақтың шырышты қабығы нашар дамуына байланысты қатпарлар түзбейді, шырышты бездерге өте бай.

-Жұтқыншақтың бұлшықеттік қабығы: бойлық және дөңгелек қабат көлденең жолақты бұлшықеттерден тұрады.

1.Жұтқыншақтың бойлық қабат бұлшықеттері:

а)Бізжұтқыншақ бұлшықеті,m.stylopharyngeus, ол самай сүйектің біз тәрізді осіндісінен,processus styloideus, басталып, жұтқыншақтың бойлық қабат бұлшықет қабығын құрайды.Қызметі: тамақты жұтқаннан кейін жұтқыншақты қалыпты деңгейге әкелу.

ә)Таңдай-жұтқыншақ бұлшықеті,m.palatopharyngeus, ол жұмсақ таңдайдың фиброзды қабықшасынан басталып, тілдің көлденең бұлшықетіне жалғасады.Қызметі: тамақты жұтқаннан кейін жұмсақ таңдайды төмен тартып, ауаны мұрын қуысынан көмейге қарай еркін өткізу.

2.Жұтқыншақтың дөңгелек қабаты немесе қысқыш бұлшықеттері.Бұл топ бұлшықеттері 3 жұп бұлшықеттен тұрады.

а)Жұтқыншақтың жоғарғы қысқыш бұлшықеті,m.constrictor pharyngis superior, ол сынатәрізді сүйектің қанатты өсіндісінің медиальды табақшасының артқы жиегінен, оның ілмегінен, hamulus pterygoideus, және төменгі жақтіласты сызықшасынан,linea mylohyoidea, тілдің түбірінен басталып, жұтқыншақтың бүйір қабырғасынан орай артқы қапталына қарай өтіп, қарсы жағындағы бөліммен өзара айқасып, жұтқыншақ бұлшықетінің тесігін, raphe pharyngis, құрайды.Қызметі:тамақты қысып, жұтқыншақтың аралық қысқыш бұлшықетіне қарай өткізу.

ә)Жұтқыншақтың ортаңғы қысқыш бұлшықеті, m.constrictor pharyngis medius ол тіласы сүйегінің үлкен және кіші мүйізінен басталып, жұтқыншақтың артқы бетінде жұтқыншақтың тігісін құрап аяқталады.Қызметі: жұтқыншақтың ауыздық бөлігіндегі тамақты, көмейлік бөлігіне қарай жылжыту.

б) Жұтқыншақтың төменгі қысқыш бұлшықеті, m.constrictor pharyngis inferior қалқанша шеміршектің сыртқы беті мен жүзіктәрізді шеміршектің бүйір қапталынан басталады. Бұлшықет талшықтары, ортаңғы бұлшықеттің төменгі бөлігін жауып, жұтқыншақтық тігісті құрайды. Қызметі: жұтқыншақтың ауыздық бөлігінен тамақты өңешке жылжыту.

-Жұтқыншақтың дәнекер тінді қабығы, tunica adventitia жұтқынтақтың сыртқы қабығы болып саналады.

Қанмен қамтамасыз етілуі: Жұқыншақты жоғарылаған жұтқышақ артериясы, a.pharyngea ascendens жұтқыншақтық тармақтар(қалқанша-мойын сабауының тармағы) rr.pharyngeales;(бет артериясының тармағы, жоғарылаған таңдай артериясынан) rr.pharyngeales арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Жұтқыншақтан веналық қан жұтқыншақ өрімі,plexus pharyngeus, кейін жұтқыншақ веналары,vv.pharyngei, арқылы ішкі мойындық венасына,v.jugularis interna, ағады.

Жұтқыншақтың нервтенуі: IX жұп тіл-жұтқыншақ нервінің,n.glossopharyngeus, X жұп кезбе нервтің,n.vagus, тармақтарымен нервтендіріледі.

Бадамшалары: бадамшалары,tonsilla, лимфопоэтинальды тіндерден тұрады.Ауыз қуысының бадамшаларына: таңдай,тіл,жұтқыншақ және түтік бадамшалары жатады. Бұл бадамшалар бір-біріне өте жақын іргелес орналасып, Пирогов-Вальдейер атты лимфопоэтинальды сақинаны құрайды.

-Таңдай бадамшасы,tonsilla palatina, жұп бадамша, бадамшалар шұңқырында,fossulae tonsillares, орналасқан. Алдыңғы қабырғасы таңдай-тіл доғашығымен,arcus palatoglossus артқы қабырғасы таңдай-жұтқыншақ доғашығымен,arcus palatopharyngeus, сыртқы қабырғасы жұтқыншақтың жоғарғы қысқыш бұшықетімен,m.constrictor pharyngissuperior, және ішкі ұйқы артериясымен,a.carotis interna, шектеседі.

-Тіл бадамшасы,tonsilla lingualis, ол тіл түбі мен көмей бөбешігінің аралығында орналасқан жұп бадамша.

-Түтік бадамшасы,tonsilla tubaria ол есту түтігінің жұтқыншақтық тесігі мен таңдай пердесінің аралығында орналасқан жұп бадамша.

-Жұтқыншақ бадамшасы,tonsilla pharyngealis, жұтқыншақтың мұрындық бөлігінің жоғарғы қабырғасының артқы қабырғаға өткен жерінде орналасқан.Сонымен қатар бадамшалар иммундық жүйенің шеттік бөлігіне жатады.

 

36. Өңеш: топографиясы, бөлімдері, тарылулары, құрылысы, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: