Порта-кавальды анастомоздар. 12 страница

Қабырғақасылық веналар:

1.vv.lumbales dextrae et sinistrae-әр жағынан төртеуден, аттас артерияларға сәйкес келеді, омыртқалық өрімдерден анастомоздар қабылдайды; олар өзара бойлық сабаулармен-vv.lumbales ascendens-қосылады

2.vv.phrenica inferiors бауыр жүлгесінен өтер жерде төменгі қуыс венаға құяды.

Ішкі ағзалар веналары:

1.vv.testiculares- еркектерде (v.ovaricae-әйелдерде) атабез аймағында басталып, аттас артерияларды өрім түрінде (plexus pampiniformis) шырмап алады; оң жақ v.testicularіs тікелей сүйір бұрыш жасай төменгі қуыс венаға құяды, ал сол жақ v.testicularіs тік бұрыш жасай сол жақ бүйрек венасына құяды.

2.vv.renales-бүйрек веналары

3.v.suprarenalis dextra-бүйрек веналарынан жоғарылау, бірден төменгі қуыс венаға құяды.

4.vv.hepaticae-бауыр веналары

Сыңар және жартылай сыңар веналар

Сыңар вена,v.azygos, мен жартылай сыңар вена, v.hemiazygos, іш қуысында бел веналарын бойлық бағытта байланыстыратын белдің өрлеме веналарын -vv.lumbales ascendens түзіледі. Олар m.psoas major артында жоғары жүріп, көкет аяқшаларының бұлшықет шоғырлары арасында кеуде қуысына: v. Azygos –оң жақтағы n.splanchnicus-пен бірге, v.hemiazygos сол жақтағы n.splanchnicus немесе симпатикалық сабаумен бірге өтеді.

v.azygos кеуде қуысында өңештің артқы қабырғасына тығыз жанасып, омыртқа бағанасының оң бүйір жағын бойлай жоғары көтеріледі. Ол IV немесе V омыртқа деңгейінде омыртқа бағанынан ажырап, оң жақ өкпе түбірінен асып, иіліп өтіп, жоғары қуыс венаға құяды. Көкірекаралық ағзаларынан қанды әкететін тармақтардан басқа, сыңар венаға тоғыз оң жақ төменгі қабырғааралық вена және солар арқылы омыртқалық өрімдердің веналары құяды.Сыңар вена оң жақ өкпе түбірінен иіліп асып өтетін жерге жақын жоғарғы үш оң жақ қабырғааралық веналардың қосылуынан түзілетін v.intercostalis superior dextra-ны қабылдайды.

Омыртқа денелерінің сол жақ бүйір беттерінде төмен түсетін кеуде қолқасының артында v.hemiazygos жатады. Ол тек VII немесе VIII кеуде омыртқасына дейін көтеріліп, кеуде қолқасы мен ductus thoracicus артында омыртқа бағанасының алдыңғы бетімен қиғаштай жоғары өтіп, v.azygos-қа құйылады.Ол өзіне көкірекаралық ағзалардан тармақтар мен төменгі сол жақ қабырғааралық веналары, сондай-ақ омыртқа өрімдері веналарын қабылдайды. Жоғарғы сол жақ қабырғааралық веналар v.hemiazygos accessory-ға құйылады, ал ол да v.hemiazygos сияқты омыртқа денелерінің сол жақ бүйір бетінде орналасып, жоғарыдан төмен қарай жүріп, не v.hemiazygos-ке немесе оңға қарай иіліп VII кеуде омыртқасы денесінің алдыңғы беті арқылы тікелей v.azygos-қа құйылады.

  Кава-кавальды анастомоздар

Бауырда қан ағыны үшін кедергі пайда болғанда (цирроз)қақпа венасы жүйесінен айналма жол ретінде қан ағу үшін маңызы портокавалды және кавокавалды анастомоздар пайда болады.Мұндай кезде кіндік айналасындағы веналар кеңейіп өзіне тән түрге ие болады(медузаның басы)

Артқы жағында, бел аймағында, тоқ ішектің мезоперитонеалды бөлімдер веналары (қақпа венасы жүйесінен) мен қабырғақасылық- vv.lumbales (v.cava inferior жүйесінен) түбірлері арасында.

Сонымен қатар, артқы құрсақ қабырғасында vv.lumbales түбірлері (v.cava inferior жүйесінен) мен v.lumbalіs ascendens арасында кавокавалды анастомоз бар. v.lumbalіs оі жағында сыңар венаға,сол жағында жартылай сыңар венаға жалғасады, ал олар v.cava superior-ға барып құйылады.

Vv.lumbales және мойын аймағында жоғары қуыс венаның түбірлері болып табылатын омыртқааралық веналар арасындағы кавокавалд анастомоз.

 

 

1.3.10 Жалпы және ішкі мықын артериялары: топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымдары.

Жауабы:

Жалпы мықын артериясы, a.iliaca communis. Оң және сол жақ артериялар IV бел омыртқа деңгейінде орталық сызықтан шамалы солға таман қолқа бөлінетін екі соңғы тармақтар болып табылады, сондықтан оң жақ мықын артериясы сол жақтағыға қарағанда 6-7 см ұзындау. Қолқаның екіге бөлінетін жерінен (bifurcation aortae) aa.iliacae communes сүйір бұрыш (еркектерде ажырасу бұрышы шамамен 60º,ал әйелдерде жамбас астауы жалпақтау болғандықтан 63-70º болады) жасай бөлініп, төмен латералды жүріп, сегізкөз-мықын буынына келіп, сол жердің деңгейінде әрқайсысы екі соңғы тармаққа бөлінеді:a.liaca interna жамбас астауының қабырғалары мен мүшелері үшін және a.liaca externa негізінен аяқтар үшін. Шығу тегі жағынан aа,iliaca communes ұрықтың кіндік артерияларының бастапқы бөліктері болып табылады; қалған жолдың барлығында дерлік ұрықтың aa.lumbales ересек адамда қабысып-бітеліп, lig.umbilicalia mediales-ке айналады.

Ішкі мықын артериясы,a.iliaca interna, жалпы мықын артериясының төменгі шетінен сегізкөз-мықын буыны деңгейінде басталып, кіші жамбас астауына түсіп, үлкен шонданай тесігінің жоғарғы жиегіне дейін созылады. Оның қабырғақасылық және висцералды тармақтарға бөлінуі ол көбіне үлкен шонданай тесігінің жоғарғы жиегі деңгейінде алдымен негізгі екі сабауға –aa.iliolumbalis.sacralis lateralis, glutae superior беретін артқы сабауға және a.iliaca internae-ның қалған барлық тармақтары шығатын алдыңғы сабауға бөлінеді.A.iliaca interna өз жолында ішастармен жабылады,ал алдыңғы жағынан оның бойымен несепағар төмен түседі.

A.iliacae internae-нің қабырғақасылық тармақтары:

1.a.iliolumbales-мықын-бел артериясы,fossa iliaca-ға келіп, сол жерден a.circumflexia ilii profunda-мен (a.iliaca externa-дан шығатын) жалғасады.

2.a.sacralis lateralis-жоғарғы сегізкөз артериясы,m.levator ani және piriformis-ті,сегізкөз өрімінің нерв сабауларын қанмен жабдықтайды.

3.A.glutea superior-жоғарғы бөксе артериясы,ішкі мықын артериясының артқы сабауының жалғасы болып табылады, n.gluteus superior-ға қосарлана foramen suprapiriforme арқылы жамбас астауынан бөске бұлшықеттерінен шығады.

4.A.obturatoria-жапқыш артериясы, жапқыш тесігіне бағытталады. Жапқыш өзегінен шыққаннан кейін ол m.obturatorius externus-ті аддукторларды қоректендіріп және ramus acetabularis-сан буынына өтіп, lig.capitis femoris пен ортан жіліктің басын қоректендіреді.

5.A.glutea inferior- төменгі бөксе артериясы, foramen infrapiriforme арқылы a.pudenda interna және n.ischiadicus-пен бірге өтеді, соңғыға ұзын жіңішке тармақша- a.comitans n. Ischidici-береді. A.glutea inferior жамбас астауы қуысынан шыққаннан кейін бөксе және басқа ең жақын жердегі бұлшықеттерге тармақшалар береді.

А.iliaca interna-ның висцералды тармақтары:

1.a.umbilicalis-кіндік артериясы,ересек адамда кішкене бөлігінде ғана (басталатын жерінен жоғарғы несепқуық артериясы шыққан жерге дейін ғана) тесік қуысы сақталады да, оның сабауының кіндікке дейінгі қалған бөлігі бітеліп, lig.umbilicale-ге айналады.

2.a.rami uretici –несепағарға шығады

3.aa.vesicales superior et inferior-жоғарғы несепқуық артериясы a.umbilicalis-тің бітелмеген бөлігінен басталып, несепқуықтың жоғарғы бөлігінде тармақталады; төменгі несепқуық артериясы А.iliaca interna-дан басталып, несепағар мен қуықтың түбін қанмен қамтамасыз етіп, сондай-ақ қынапқа (әйелдерде),қуықасты безі мен ұрық қуықшаларына (еркектерде)тармақтар береді.

4.a.ductus deferentis –шәует шығаратын түтік артериясы (еркектерде), ductus deferens –ке келіп, онымен бірге testis-ке дейін созылып, оған да тармақтар береді.

5.a.uterin-жатыр артериясы(әйелдерде), a.iliaca interna сабауынан немесе a.umbilicalis-тің бастапқы бөлігінен медиалды жаққа қарай шығып, несепағарды қиып өтіп, lig.latum uteri-дің екі жапырағы арасында жатыр мойнының бүйір жағына жетіп, осы жерден төмен қарай қынап қабырғаларына тармақ-a.vaginalis (тікелей a.iliaca interna-дан шығуы да мүмкін)-беріп, өзі жалпақ байламның жатырға беку сызығы бойымен жоғары қарай бұрылады.Жатыр түтігіне ramus tubarius және анабезі – ramus ovaricus-тармақтарын береді; бала туғаннан кейін a.uterine өте иректі пішін алады.

6.A.rectalis media-ортаңғы тік ішек артериясы, не a.iliaca interna немесе a.vesicalis inferior-дан шығып, тік ішектің қабырғаларында тармақталып, aa.rectales superior et inferior-мен жалғасады,сондай-ақ несепағар мен қуыққа,қуықасты безіне, ұрық көпіршіктеріне,әйелдерде –қынапқа тармақтар береді.

7.A.pudenda interna-ішкі жыныс артериясы, жамбас астауында ең жақын бұлшықеттер мен plexus sacralis түбіршектеріне кішкене тармақшалар береді, негізінен diaphragma pelvis-тен төмен орналасқан мүшелер мен шатты ғана қанмен жабдықтайды.Жамбас астауынан foramen infrapiriforme арқылы шығады да, spina ischiadica –ның артқы жағынан орай өтіп, кіші шонданай тесігі арқылы қайтадан жамбас астауына кіреді және нәтижесінде fossa ischiorectalis –ке келеді. Ол бұл жерде артқы тесік аймағындағы rectum-ның төменгі бөлімін (a.rectalis inferior), несеп шығаратын өзекті, шат пен қынапты(әйелдерде), бульбоуретралдық бездерді (еркектерде), сыртқы жыныс мүшелерін (a.dorsalis penis, a.clitorideus, a.profunda penis, s.clitorodis)қанмен жабдықтайтын тармақтарға ыдырайды.

 

2.1.1 Маңдай және төбе сүйектері:құрылысы, қызметі.

Маңдай сүйегі- os frontale: ми сауытының алдыңғы бөлігін, аздап негізін құрастырады. Төрт бөліктен тұрады: қанбыршақтық, екі көздік және мұрындық. Маңдай қабыршақтық бөлігі, squama frontalis, сыртқы, екі самайлық және милық беттері болады. Сыртқы беті, facies externa, тегіс, алға шығыңқы. Қабыршақтық бөлік алдыңғы жағынан көз ұя үстілік жиек, margo supraorbitalis  түзіп көзұялық бетке, facies orbitalis-ке ауысады. Көз ұя үстілік жиектің ішкі 2/3 бөлігінде көз ұя үстілік тілік, incisura supraorbitalis болады. Көз ұя үстілік жиектен сәл жоғары қас үсті доғасы, arcus superciliaris шығады. Әр қас үсті доғасының үстінде маңдайлық төмпек болады, tuber frontale. Маңдай төмпектері арасында сәл жоғарырақ глабелла, glabella жазықтығы болады. Көз ұя үстілік жиек латеральды бағытта үшбұрыгтанып беттік өсіндісі, processus zygomaticus пен аяқталады. Осы сызықтан жоғры айқын байқалатын самай сызығы, linea temporalis шығады, ол қабыршақтың самайлық бетін, facies temporalis шектейді. Ішкі бетінде, facies interna, орта сызық бойымен жоғарғы сагитальды қойнау жүлгесі, sulcus sinus sagittalis superior, өтеді, ол төменгі жағында маңдай қырқасына аяқталады, crista frontalis.

Көз бөліктері, partes orbitaies,  төменгі ойыс бетімен- көзұясына, жоғары бетімен бассүйек қуысына қараған, ал артқы жиегімен сына тәрізді сүйекпен байланысқан, горизонталды орналасқан екі табақша. Милық бетінде саусақтық батыңқылар, impressions digitate бар.

Төменгі беті, facies orbitalis, көзұясының жоғарғы қабырғасын құрайды, онда көздің қосалқы тесіктерінің жанасқан іздері болады; бет өсіндісінде- көз жас безі шұңқыры, fossa glandulae lacrimalis, incisura supraorbitalis жанында-fovea trochlearis болады.

Мұрын бөлігі, pars nasalis, кеңсірік қалқасының түзілуіне қатысатын сүйір өсіндімен –spina nasalis, аяқталатын қырқашық байқалады. Қасүсті доғасының арт жағында сүйек қабатында өзгермелі маңдай қуысы, sinus frontalis орналасқан.

 

1. Самай сүйегі:құрылысы, қызметі.

Самай сүйегі – os temporal, жұп сүйек, бас сүйегінің бүйір қабырғасы мен негізінің бір бөлігін құрайды, онда тепе-теңдік пен есту мүшелері орналасқан. Үш бөліктен тұрады 1) қабыршақты бөлік,pars squamosa; 2) дабылды бөлігі, pars tympanica; 3) тасты бөлік, pars petrosa.

Қабыршақты бөлік, pars squamosa, бас сүйектің бүйір бетін түзуге қатысады. Оның ми бетіне, facies cerebralis, мидың іздері, саусақтық батыңқылар, impressions digitatae болады. Қабыршақтың сыртқы беті тегіс, самай шұңқырын құрауға қатысады да facies temporalis деп аталады. Одан бет сүйегімен қосылуға алға қарай бет өсіндісі, processus zygomaticus шығады.Басталар жерінің астында төменгі жақ сүйекпен байлансуға қажет шұңқыр, fossa mandibularis, орналасады. Алдыңғы түбірдің төменгі бетінде ауыз қатты ашылғанда төменгі жақтың алға қарай тайып кетуіне кедергі жасайтын буын төмпешігі, tuberculum articulare бар.

Дабылды бөлігі, pars tympanica сыртқы дыбыс жолының алдыңғы және артқы жиегінің бір бөлігін түзеді. Сыртқы дыбыс жолы,meatus acusticus externus, ішкі және біршама алға қарай бағытталған және дабыл қуысына апаратын сыртқы дабыл тесігі, porus acusticus externus болады.

Тасты бөлік, pars petrosa, бас сүйегінің негізін құрауға қатысады және есту мен тепе-теңдік мүшелерінің жайғасатын орны. Екінші атауы пирамида деп аталады. Пирамиданың үш беті бар; алдыңғы, артқы және төменгі. Алдыңғы беті ортаңғы бассүйек шұңқырының түбінің құрамына кіреді; артқы беті артқа және медиальды бағытталып, артқы бас сүйек шұңқырының алдыңғы қабырғасының бір бөлігін құрайды; төменгі беті бас сүйек негізінің сыртқы бетіне ғана кіреді. Пирамидада ортаңғы және ішкі құлақ жайғасады, нерв пен тамырлар өтеді. Пирамиданың алдыңғы бетінде, шекеге жақын жерде үшкіл нерв түйінінің батыңқы ойысы, impressio trigemini байқалады. Одан сыртқа қарайекі жіңішке жүлге; медиалды sulcus n.petrosi majoris,және латералды hiatus canalis n.petrosi majoris, және латералды hiatus canalis n.petrosi mainoris. Тесіктерден сыртқа қарай доғатәрізді қырат, eminentia arcuata байқалады.

Пирамиданың артқы бетінде ішкі дыбыс тесігі porus acusticus internus, орналасады, ол ішкі дыбыс жолына meatus acusticus internus-қа жалғасады. Приамиданың төменгі бөлігінде біз тәрізді өсінді procrsus styloideus, шығады. Бізтәрізді мен емізік тәрізді өсінділердің арасында біз-емізіктәрізді тесік, foramen stylomastoideum жатады.Бізтәрізді өсіндіден терең мойындырық щұңқыры fossa jugularis, медиалды орналасқан.

Пирамиданың үш жиегі бар; алдыңғы, артқы және жоғарғы. Қысқа алдыңғы жиек қабыршақпен сүйіп бұрыш түзеді. Бұл бұрышта бұлшықеттік құбырлы өзектің тесігі, canalis musculotubarius, байқалады. Бұл өзек пердемен жоғарғы және төменгі бөлікке бөлінеді. Жоғарғы, кішілеу, жартыөзек, semicanalis m. tensoris tympani, ал төменгі, үлкендеу, semicanalis tube auditivae ауданы бөлінеді.

Пирамиданың алдыңғы және артқы беттерін бөлетігн жоғарғы жиегімен жақсы байқалатын жүлге, sulcus sinus petrosi superioris, аттас веналық синустың ізі өтеді.

Пирамиданың артқы жиегі алға қарай сүйектің базилярлы бөлігімен қосылып, осы сүйекпен бірге sulcus sinus petrosi inferoris- төменгі тастақтық веналық синустың ізін түзеді.

Ол төмен қарай емізік тәрізді өсіндіге, processus mastoideus-ке айналады. Емізіктәрізді өсіндінің медиалды жағында терең емізік тәріщді тілік, incisura mastoidae болады.

 

2. Сүйек қосылыстарының анатомиялық жіктелуі: сүйектердің үзіліссіз қосылыстары.

Сүйектер қосылысын негізінен екі топқа бөінеді:

- Үзіліссіз қосылыстар-синартроздар

- Үзілісті қосылыстар-диартроздар

Екі топтың арасында ауыспалы түрде болатын жартылай буындар симфиздер деп аталады.

Синартроздар, бұл қосылыстарда сүйектер арасындағы саңлауды қандай да бір тін толтырып жатады, бұндай қосылыстар арқылы біріккен сүйектер қозғалмайды. Сүйектер арасындағы саңлауды толтыратын тініне байланысты үш түрі бар:

- синдесмоздар

- синхондроздар

- синостоздар

Синдесмоздар немесе фиброзды қосылыстар деп аталады, бұл қосылыста сүйектер бір-бірімен талшықты дәнекер тіні арқылы байланысады, оларға байламдар, lіgamentum, жарғақтар, membrana, жіктер, suttura, жатады. Байламдар омыртқа доғаларының арасында кездеседі, жарғақтар білек және сирақ сүйектерінің арасында орналасады. Жіктердің үш түрін ажыратамыз: тісті, қабыршақты және тегіс. Тісті жіктер бассүйек күмбезі сүйектерінің арасында түзіледі. Қабыршақты жік самай мен шеке сүйектерінің арасында түзіледі. Тегіс жік бет сүйектерінің арасында түзіледі.

Синхондроздар сүйектердің шеміршек тіні арқылы байланысуы. Олар уақытша және тұрақты болып бөлінеді, уақытша синхондроздар белгілі бір жасқа дейін ғана болып, одан кейін синостозға өтеді. Мысалы: жамбас сүйектерінің арасындағы қосылыс. Тұрақты синхондроздар бүкіл өмір бойында сақталады, мысалы: самай пирамидасы мен сына сүйектерінің арасындағы қосылыс.

Синостоз сүйектердің сүйек тіні арқылы байланысуы. Мысалы: сегізкөз омыртқалары арасындағы қосылыс.

Егер синхондроздың ортасында буындық беттері мен қапшығы бар нағыз буын қуысы сипаты жоқ тар саңлау түзілсе, онда мұндай қосылулар үзілістіден үзілістіге өтпелі болады да, ол симфиз деп аталады. Мысалы: шат симфизі.

 

3. Бастың бет бөлігінің сүйектері:құрылысы, қызметі.

Жоғарғы жақсүйек, maxilla, құрылысы күрделі жұп сүйек. Ол сезім мүшелеріне арналған қуыстар – көзұя мен кеңсірік, кеңсірік пен ауыз арасында қалқа түзуге, сондай-ақ шайнау аппаратының жұмысына қатысады.

Жоғарғы дақсүйек денесінен төрт өсіндісінен тұрады.

Дене,corpus maxillae, үлкен ауалы қуыс sinus maxillaries (немесе Гайморов қуысы) бар, ол кең тесігі, hiatus maxillaris-арқылыкеңсірікке ашылады.

Төрт бетін ажыратады: алдыңғы беті, facies anterior, төменгі жағында ұяшықты өсіндіге айналады, ол жерге тіс түбірінің ұяшықтары, juga alveolaria, байқалады. Одан жоғары және латералды иттіс шұңқыры, fossa canina, орналасқан.жоғары жағында көзұя асты жиегімен, margo infraorbitalis, бөлінген. Алдығы бетінің медиалды шекарасы мұрын тілігі, incisura nasalis.

Төменгі самайлық бет, infratemporalis, алдыңғы беттен бет өсіндісі арқылы бөлінген және онда жоғарғы жақ сүйектің төмпешігі,tuber maxillae орналасқан.

Мұрындық беті, facies nasalis, төменгі жағында таңдай өсіндісінің жоғарғы бетіне айналады. Онда төменгі мұрын қалқаны, crista conchalis crista conchalis үшін қыр байқалады. Маңдай өсіндісінің артында көзжасы жүлгесі, sulcus lacrimalis бар.

Көздік беті, facies orbitalis, үшбұрыш пішінді.

Өсінділері: маңдай өсіндісі, processus frontalis, ұяшықты өсінді, processus alveolaris, таңдай өсіндісі palatinus, бетсүйек өсінді, processus zygomaticus бар.

Бетсүйек бөлігінің сүйектеріне жататындар:

1. Төменгі мұрын қалқаны,concha nasalis inferior, жұп сүйек; торлы сүйектің құрам бөлігі болып табылады

2. Мұрын сүйегі, os nasale, өзіңің жұптасына жанасып, мұрын негізінде мұрын арқашығын түзеді.

3. Көзжас сүйегі, os lacrimalе,

4. Өре сүйек, vomer, тақ сүйек; мұрын сүйектерінің пердесі құрамына кіретін бұрыс төртбұрышты табақша болып табылады.

5. Бет сүйегі, os zygomaticum, жұп, бет сүйектерініңішіндегі ең мықтысы; үш беті, екі өсіндісі бар. Бүйір бет, facies lateralis. Самай шұңқырына қараған бет, facies temporalis. Көздік бет facies orbitalis. Сүйектің жоғарғы өсіндісі, processus frontalis, маңдай сүйегінің бет өсіндісімен және сына тәрізді сүйектің үлкен қанатымен байланысады. Латералды өсінді, processus lateralis, самай сүйегінің бет өсіндісімен қосылып бет доғашығын түзеді.

 

5. Шықшыт буыны:құрылысының ерекшеліктері,байламдары, қанмен қамтамасыз етілуі, қызметі.

Бас сүйектегі бірден бір диартроз төменгі жақсүйекті бассүйектің негізімен байланыстыратын жұп шықшыт буыны болып табылады.

Шықшыт буыны, articulation temporomandibularis, самай сүйегініңfossa mandibularis және  caput mandibulae түзеді. Буындасатын беттер олардың арасындағы өздерінің жиектері арқылы буын қапшығымен бітісіп өсіп, буын қуысын екі оңашаланған бөлімге ажырататын буын ішіндегі талшықты шеміршекпен, discus articularis толығады. Буын қапшығы fossa mandibularis жиегімен fissure petrotymponica-ға дейін tuberculum articulare-ні қаусырып бекиді, ал төменгі жағында collum mandibulae-ні қамтиды. Шықшыт буынында 3 байлам бар, олардан буынның бүйір жағында самай сүйегінің бетсүйектік өсіндісінен төменгі жақсүйектің айдаршықты өсіндісінің мойнына қарай қиғаш келетін lig. Laterale-ның ғана буынға тікелей қатысы бар, қалған екеуі (lig.sphenomandibulare et lig.atylomandibulare) буынынан қашықтау орналасады.

Буын айдаршықты буынға жатады, сондықтан үш бағытта қозғалыс жасайды. 1) бір мезгілде ауызды ашып, жауып, төменгі жақсүйекті көтеріп түсіру; 2) төменгі жақсүйекті алға және артқа қарай жылжыту; 3) бүйір қыймылдары.

 

6. Құрылымы мен пішініне байланысты буындардың жіктемесін жазыңыз. Буындардардың жазықтықтарда қоғалу түрлері.

 

Буындардың жіктелуі. Буындар буын беттерінің саны мен пішіні бойынша және қызметіне байланысты жіктеледі.

І. Буын беттерінің саны бойынша:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: