Порта-кавальды анастомоздар. 19 страница

Көмей қуысы, cavum larynges, көмей кірісі тесігінен,aditus larynges, басталады. Көмей кірісінің алдыңғы қабырғасы: көмей қақпашығының жиегімен, артқы қабырғасы: ожаутәрізді шеміршектің үшы және ожауаралық қатпармен, plica interarytenoidea, бүйір қабырғасы: ожаукөмей қапшығы қатпарымен,plica aryepiglottica, шектеледі. Қатпарларының аралығында алмұрт тәрізді қалта,recessus piriformis орналасқан. Көмей жоғарғы кіреберіс бөліктен, vestibulum larynges, ортаңғы бөліктен,cavum larynges intermedium, және дауысасты қуысынан, cavum infraglotticum, тұрады.

-Кеңдеу келген жоғарғы бөлігі көмей кіреберісі, vestibulum laryngis. Ол көмей кірісінен, көмей қуысының бүйір қапталында орналасқан кіреберіс қатпрарына, plica vestibularis, дейінгі аралықта орналасқан. Қабырғалары: алдында-көмей қақпашығының артқы беті, артында-ожаутәрізді шеміршектің ұшы және ожауаралық қатпары, plica interarytenoidea, бүйір қабырғасы-талшықты эластикалық жарғақтан, membrane fibroelastica larynges, тұрады.

-Көмей қуысының ортаңғы бөлігінде дауыс аппараты, glottis, орналасқан. Көмейдің бұл бөлігі көмейдің кіреберіс бөлігі мен төменгі бөлігінің бүйір қапталында орналасқан. Ол жоғарғы кіреберіс және төменгі дауыс қатпарлары арқылы шектелген.

а) кіреберіс қатпардың, plica vestibularis, бір-біріне қараған жиектері көмей кіреберіс саңылауын, rima vestibularis, құрайды.

ә) дауыс қатпары, plica vocalis, кіреберіс қатпардан төмен, көмей қуысына жақын орналасқан. Бұл қатпардың терең қабаты дауыс бұлшықеттерінен, m.vocalis, тұрады, жиегі дауыс байламын, ligamentum vocale, құрайды. Дауыс байламының аралығы дауыс саңылауы, rima vocalis, деп аталады.Дауыс саңылауы топографиялық орналасуына қарай алдыңғы жағақаралық бөлікке, pars intermembranacea, және артқы шеміршекаралық бөлікке, pars intercartilaginea, бөлінеді. Кіреберіс және дауыс қатпарларының аралығындағы қуыс көмей қарыншасы, ventriculus larynges, деп аталады.

-Көмейдің төменгі кеңдеу бөлігі, cavum infraglotticum, жіңішкеріп, кеңірдекке жалғасады.

 

 

40. Кеңірдек және басты бронхылар: топографиясы, құрылысы, бронхтық ағаш. Қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Жауабы: Кеңірдек (trachea)іші қуыс,ауаны өкпегеөткізіп,ұзындығы орташа есеппен 9-11см,көлденеңі 15-18мм-дей түтік тәрізді мүше.Ол көмейдің тікелей жалғасы,6мойын омыртқасның төменгі жиегінен басталып,4кеуде омыртқаның тұсында айырылып,bifurcation traheaе,оң және сол бронхтарғ абөлінеді.

Кеңірдек топографиясы. Топографиялық орналасуына қараймойындырық және кеуделік бөліктерге бөлінеді. Кеңірдектің мойындырық бөлігінің, parscervicalis,алдыңғы беті қалқанша безбен, glandulatryoidea, және тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттер меншектелген, бүйір беті жалпы ұйқы артериямен a.carotiscommunis, ішкі мойындырық венамен,v jugularis interna,және кезбе нервпен,n.vagus, артқы беті оңешпен,esephagus шектелген.

Кеңірдектің кеуделік бөлігінің,pars thoracica,алдыңғы беті қолқа доғасымен, arcusaortae, айырша безбен, thymus, артқы беті өңештің кеуделік бөлігімен,бүйірқапталы оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектеледі.

Кеңірдек құрылысы. Кеңірдектің қабырғасы талшықты дәнекер тінді сақиналы байламдар,ligg.annularia, арқылы өзара байланысқан 16-20-дай жарылай сақиналы шеміршектерден тұрады.Кеңірдек шеміршектерінің артқы беті жалпақтау келген жарғақтар, pars membranaceus,арқылы байланысқан. Кеңірдектің ішкі беті,шырышты қабық шырышты бездер, glltracheales,ми лимфа түйіндеріне өте бай,кірпікшелі эпителимен қапталған. Сыртқы беті дәнекертінмен, tunicaadventita көмкерілген.

Кеңірдек төменгі қалқанша артериясының, a thiyroidea inferior,ішкі кеуде артериясының, a thiyroidea interna, және кеуделік қолқаның, aorta thoracicae,кеңірдектің тармақтарымен, rr.tracheales, қандандырылады.

Бронхтар

Кеңірдектің кеуделік бөлігі 5-ші кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінің тұсында оң және сол басты бронхтарға, bronchiprincipales,бөлінеді.

Оң басты бронх, bronchus principalis dexter, кеңірдектің тікелей жалғасы болғандықтан, тіктеу, өту жолы кең және қысқа, 6-8 жартылай сақиналы, шеміршектерден тұрады.Оң басты бронхтың ұзындығы шамамен 3см-дей.

Сол басты бронх, bronchus principalis sinister, оң басты бронхыға қарағанда бұрыш құрап, ұзындау және жіңішкелеу келіп, 9-12сақиналы шеміршектерден тұрады.

Оң басты бронх доға тәрізді иіліп, жоғарғы қуыс венаға, v.cavasuperior,бағытталған сыңар венамен, v.azygos шектесіп,сол басты бронхтың жоғарғы беті қолқа доғасымен, arcus aortae, беттесіп орналақан. Шырышты қабығы сұрғылт түсті, кеңірдектің бөлінген ішкі бетінде еркін қозғалатын қыры,carina болады.

Өкпенің басты бронхтарынан бастап,bronchus principalis соңғы бронхшаларға дейінгі бронхтардың жиынтығы бронхиалды тармақ, arbor bronhialis (ағаш) деп аталынады. Қызметі: тыныс алу кезінде ауаны өткізу.

 

41. Аналық бездер: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Жауабы: Аналық без, ovarium, жамбас астау қуысында орналасқан жұп без. Аналық безде аналық жыныс жасушалары дамып жетіледі және қан мен лимфаға әйел жыныс гормондарын бөледі. Аналық без сопақша пішінді, алдынан-артқа кішкене жалпиған. Аналық бездің түсі ақ-қызғылт. Аналық без салмағы5-8 г. Аналық бездің орташа көлемі: ұзындығы- 2,5 см, ені-1,5 см, қалыңдығы – 1 см-ге жуық. Аналық бездің екі бос бетін: Жамбас астау қуысына қараған медиалді, facies medialis, және жамбас астау қабырғасында жатқан латералді,facies lateralis, ажыратады.Аналық без беттері шығыңқы бос жиекке, margo liber, ал алдынан-аналық бездің шажырқайына бекитін шажырқайлық жиекке, margo mesovaricus, өтеді. Шажырқайлық жиекте науашықтәрізді ұңғыл- аналық без қақпасы, hilus ovarii, орналасқан. Ол арқылы аналық безге артерия мен нервтер кіріп вена мен лимфа тамырлары шығады.Аналық бездің ұзыны вертикальды орналасқан, соған байланысты жатыр түтігіне қараған жоғарғы түтіктік шетін, extremitas tubaria, және жатырлық шетін, extremitas uterina, ажыратады. Ол жатыр мен аналық бездің меншікті байламымен, ligamentum ovarii proprium, байланысқан. Бұл жалғама дөңгелек жіп түрінде аналық бездің жатырлық шетінен жатырдың латералді бұрышына дейін, жатырдың жалпақ байламының екі табағының аралығында орналасқан.Аналық бездің байламдық аппаратына, ligamentum suspensorium ovarii, жатады, құрамында аналық бездің тамырлары мен фиброзды талшықтар будалары орналасқан, ол кіші жамбас астау қабырғасынан аналық безге өтетін ішастардың қатпары. Аналық без ішастармен жабылмайды. Аналық бездің түтіктік шетіне жатыр түтігінің аналық без шашағы бекиді. Аналық бездің топографиясы жатырдың орналасуына, оның ұлғаюына байланысты.Аналық без кіші жамбас астауында орналасатын қозғалмалы мүшелерге жатады.

Аналық бездің қабырғаларының құрылысы:

Аналық без беті бірқабатты эпителиймен жабылған. Оның астында дәнекер тінді ақ қабық, tunica albuginea, орналасды. Аналық бездің дәнекер тіні эластикалық талшықтарға бай негізін, stroma ovarii құрайды. Аналық без паренхимасы сыртқы және ішкі қабаттарға бөлінеді. Аналық без орталығында, оның қақпасына жақын ішкі қабатын – милы зат, medulla ovarii, деп атайды. Бұл қабатта көптеген лимфа және қан тамырлар орналасқан. Аналық бездің сыртқы қабаты, оның қыртыс заты, cortex ovarii, өте тығыз. Оның дәнекер тінінде жетілген аналық түйіншелері, folliculi ovarici matures, және алғашқы аналық без түйіншелері, folliculi ovarici primarii орналасқан. Жетілген аналық без түйіншелерінің диаметрлері 1 см-ге жетеді, оның дәнекер тінді қабығы,theca folliculi, болады. Тeканың тығыз дәнекер тіннен тұратын сыртқы қабығы және қан мен лимфа капиллярлары, интерстициалды жасушалар орналасатын ішкі қабығы ажыратылады. Ішкі қабығына түйіршікті қабат, stratum granulosum, жанасады. Бұл қабаттың бір жері қалыңдап, аналық жыныс жасушасы,овоцит, ovocytus орналасатын аналық без төмпесін, cumulus ovophorus, құрайды.Жетілген түйіншенің ішінде фолликулярлық сұйықтығы,liquor follicularis бар қуыс болады. Аналық жыныс жасушасы, zona pellucida мен corona radiata, қоршалып, аналық без төмтесінде орналасады. Аналық бездің жетілген түйіншелері біртіндеп аналық бездің беткей қабатына шығады. Овуляция кезінде пісіп жетілген түйінше жарылып, аналық жыныс жасушасы фолликулярлық сұйықтықпен бірге ішастар қуысына түседі, кейін түтіктің шашақтары арқылы жатыр түтігінің іштік тесігіне өтеді.

Жарылған түйіншенің орнында қанға толы ұңғыл қалады, кейін онда сары дене, corpus luteum қалыптасады. Егер аналық без ұрықтанбаса, оның көлемі кішкентай 1,0-1,5 см-ге жуық, көп тұрмайды, сондықтан циклдік сары дене, corpus luteum ciclicum menstruationis, деп аталады. Ол болашақта дәнекер тінмен алмасып, ақ дене, corpus albicans, атауын алады.Егер аналық жыныс жасушасы ұрықтанып, жүктілік пайда болса, жүктіліктің сары денесі, corpus luteum graviditatis, қалыңдап, диаметрі 1,5-2,0 см-ге іріленіп, жүктілік кезеңінде өмір сүріп, ішкі секреторлық қызмет атқарады. Кейін ол да дәнекер тінді ақ денемен алмасады. Аналық бездің жарылған түйіншелерінің орнында қатпар және ұңғыл түрінде іздер қалады.

Қанмен қамтамасыз етілуі: аналық безді құрсақтық қолқаның тармағы-аналық без артериясы, a.ovarica және жатыр артериясының тармағы-аналық без тармақтары, rr.ovaricae, қанмен қамтамасыз етеді.Аналық безденвеналық қан аттас веналар арқылы ағады.

Нервтендірілуі: аналық без құрсақтық қолқа және төменгі құрсақасты өрімнен тармақталған нервтермен нервтендіріледі.

 

42. Жүрек: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі. 

Жауабы: Жүрек,cor, бұлшықет қабырғалары жақсы дамыған,конус пішінді қуысты ағза.Ол алдыңғы көкірекаралықтың төменгі бөлігінде, көкеттің сіңірлі орталығында, сол және оң өкпеқап қуыстарының аралығында орналасып,жүрекқаппен,pericardium,қапталып,ірі қантамырларменбекінген.Ерлерде жүректіңсалмағы мен көлемі әйелдерге қарағанда үлкен және оның қабырғалары қалыңдау.

          Жүректің артқы – жоғарғы кеңейген бөлігі жүрек негізі, basis cordis;оған ірі веналар ашылып,одан ірі артериялар шығады.Алдыңғы – төменгі бос бөлігі жүрек ұшы, apex cordis, деп аталады.

          Жүректің көкетке қараған беті жалпақ, артқы – төменгі – көкеттік бетін,facies diaphragmatica,төс пен қабырға шеміршектеріне қараған шеміршектерінеқараған беті дөңес,алдыңғы – жоғарғы - төс – қабырғалық бетін, facies sternocostalis,және оң – алдыңғы ұзын сол қысқа дөңгелек жиектерін ажыратады.жүректің бетінде үш жүлге бар.Тәждік жүлге – жүрекшелер мен қарыншалар шекарасында орналасады және алдыңғы, артқы бойлық жүлгелер бір қарыншаны екіншіден бөледі.

          Тәждік жүлгеде,sulcus coronaries, жүректің меншіті тамырлары жатады,тәждік жүлге төс – қабырғалық бетте өкпе сабауының жиегіне дейін жетеді.

          Алдыңғы қарынша - аралық, sulcus interventricularis anterior. Және артқы қарынша – аралық жүлгелерді, sulcus interventricularis posterior,ажыратады.Бұл жүлгелерде жүректің тәждік тамырларының тармақтары орналасады.

Жүрек қуысы

         Жүрек қуысы 4 камераға: оң жүрекше,atrium dextrum,оң қарынша, ventriculus dexter,сол жүрекше, atrium sinistrum, сол қарынша, ventriculus sinister, бөлінеді. Жүрекшелер бір-бірінен жүрекшеаралық қалқамен,septum interatriale, қарыншалар қарыншааралық қалқамен,septum interventriculare, бөлінген.

         Жүрекшелер,жоғарыда айтылғандай, сәйкес қарыншалармен жүрекше – қарынша тесігі, osita atrioventricularia арқылы байланысады.

          Оң жүрекше оң қарыншамен - оң жүрекше – қарынша тесігі, ostium atrioventriculare sinistrum, арқылы байланысады,

           Оң жүрекше,atrium dextrum, жүрек негізінің оң бөлігі аймағында орналасқан, дұрыс емес текше пішіндес,auricula dextra,құрайды.

            Оң жүрекшеде оңға қараған сыртқы, солға қараған ішкі, ол оң жүрекше мен сол жүрекшеге ортақ,жүрекше-аралық қалқа, және жоғарғы артқы, алдыңғы қабырғаларын ажыратады.Оң жүрекше – қарынша тесігі орналасқандықтан төменгі қабырғасы жоқ.Оң жүрекшенің ең кеңейген бөлігі, ірі веналық сабаулардың түсу орнын қуыс веналар қойнауы,sinus venarum cavarum, деп атайды. Жүрекшенің тарылған бөлігі алдынан оң құлақшаға,жалғасады.

             Жүрекшеің екі бөлігі сыртқы бетінде шекаралық жүлгемен, бөлінген. Оң құлақша,жүрекшенің ең дөңес бөлігі, жалпақ конус тәрізді,ұшымен солға, өкпе сабауына бағытталған. Құлақша өзінің ішкі иірімделген бетімен қолқа түбіріне бағытталған:Құлақшаның жоғарғы және төменгі жиектерінде сыртынан теңсіздік бар.

             Оң жүрекшеге екі – жоғарғы және төменгі қуыс веналар тәждік қойнау және жүректің ұсақ меншікті веналары ашылады

            а) Жоғарғы қуыс вена, v.cava superior, қанды бастан, мойыннан, қолдан және тұлға қабырғасынан жинап, жүрекшенің жоғарғы және алдыңғы қабырғаларының шекарасында, жоғарғы қуыс вена тесігімен, ostium venae cavae superioris, ашылады.

           б) Төменгі қуыс вена, v.cava inferior, қанды аяқтан, жамбас астауы және құрсақ қуысы ағзалары мен қабырғаларынан жинап, оң жүрекшенің жоғарғы және артқы қабырғаларының шекарасында, төменгі қуыс вена тесігімен, ostium venae cavae inferioris, ашылады.

          Төменгі қуыс вена тесігінің алдыңғы жиегінде жүрекше қуысы жағынан жартылай айтәрізді бұлшықеттік төменгі қуыс вена жапқышы, valvula venae cavae inferioris, орналасады.           Қуыс веналар тесігінің ара қашықтығы 1,5 минус 2 см-ге, жетеді. Жоғарғы және төменгі қуыс веналар ашылу жерлері аралығында, жүрекшелердің ішкі бетінде внеааралық төмпешік,tuberculum intervenosum, орналасқан.

           в)Тәждік қойнау, sinus coronarius - жүректі меншікті внеаларының ортақ коллекторы. Тәждік қойнаудың орны оң жүрекшенің медиалды және артқы қабырғалары арсында, төменгі қуыс вена жапқыншының астында, орналасқан.

           г)жүректің меншікті веналарынына жүрек қабырғаларынан жинайтын жүректің ұсақ веналары, vv.cordis minimae, жатады.

            Оң жүрекшенің ішкі бетінің рельефі әркелкі. Ішкі (сол) және артқы қабырғалары тегіс. Ал сыртқы (оң) және алдыңғы беттері кедір-бұдыр, себебі жоғары және төменгі бұлшықеттік бұдырлары бар қырлы бұлшықеттер,mm.pectinati, орналасқан; жоғарғы бударлары қуыс веналар тесігімен жүрекшенің жоғарғы қабырғасына,төменгілері тәждік жүлгеден жоғары қабырғасына, төменгілері тәждік жүлгеден жоғарығы оң қабырғаның төменгі жиегімен бағытталады.

           Оң құлақшаның ішкі беті тегіс емес; ол түрлі бағытта қиылысқан қырлы бұлшықеттерде орналасады.

            Жүрекшелер қалқасында сопақша пішіндес жалпақ ойық сопақша шұңқыр,fossa ovalis, бекітілген сопақша тесік, foramen ovalis, орналасқан.

Оң қарынша

         Оң қарынша,ventriculus dexter, сол қарыншадан алдыңғы және артқы қарынша аралық жүлгелермен; оң жүрекшеден тәждік жүлгемен бөлінеді.

           Оң қарынша дұрыс емес үшжақты пирамида пішіндес, негізгі жоғары оң жүрекше жағына, ұшы- төмен және солға қараған. Оң қарыншаның алдыңғы қабырғасыы дөңес, артқысы жалпақ.Оң қарыншаның сол, ішкі қабырғасы қарынша аралық қалқа,septum interventriculare, болып саналады; ол сол қарынша жағынан қысыңқы немесе оң қарынша жағынан шығыңқы.

            Жүрек ұшы денгейінің көлденең кесіндісінде оң қарынша қуысы алдан-артқа бағытталған созылған сыңылау, ол жоғарғы және ортанғы үштен бірінде үшбұрыш пішіндес, негізі болып қарынша аралық қалқа есептеледі.

          Оң қарынша қуысында екі бөлімді: кең артқы, меншікті қарынша қуысы және алдыңғы бөлімді ажыратады.

          Қарынша қуысының артқы бөлімі оңынан және артынан орналасатын оң жүрекше – қарынша тесігі, ostium atrioventriculare dextrum, арқылы оң жүрекше қуысымен байланысады. Бұл тесік оң жүрекше жағынан сопақша дөңгелек пішіндес.

             Шеңбер қарынша қуысының алдыңғы бөлімі, артериялық конус, conus arteriosus, цилиндр пішіндес, қабырғалары тегіс. Ал сыртқы беті жағынан дөңес.Оның қуысы өкпе сабауы тегісінің, ostium trunci pulmonalis, көмегімен жоғары бағытталып, өкпе сабауына, truncus pulmonalis, өтеді.

         Оң қарыншаның артқы және алдыңғы бөліктерінің арасында жақсы айқындалған бұлшықеттік буылтық, қарынша үсті қыры, crista supraventricularis, орналасады.

          Тесік айналымына жүректің ішкі қабығы – эндокардтың,endocardium дупликатурасы, оң жүрекше-қарынша қақпағы, valva atrioventricularis dextra, ол қанның оң қарыншадан кері бағытта оң жүрекше қуысыны өтуіне кедергі жасайды.

          Қақпақ қалыңдығында кішкене мөлшерде дәнекер эластикалық тіндер және бұлшықет талшықтары бар; бұлшықет талшықтары жүрекше мускулатурасымен байланысты.

         Үшжармалы қақпақ 3 ұшбұрыш пішіндес жармалардан,cuspides: қалқалық жарма,cuspis septalis, артқы жарма,cuspis posterior, алдыңғы жармадан,cuspis anterior, тұрады.Барлық үш жарма өздерінің бос жиектерімен оң қарынша қуысына енеді.

         Жармалар жиектеріне біртүкті бұлшықеттерден басталатын жіңішке, ұзындығымен қалыңдығы әр түрлі сіңірлі жіпшелер,chordae tendinea бекиді.

          Үш жармалы қақпақтың үш жармасына үш бүртікті бұлшықеттің сіңірлі жіпшелері бекиді, әрбір бұлшықет өздерінің жіпшелерімен екі көршілес жармамен байланысқан.

         Оң қарыншада 3 бүртікті бұлшықетті ажыратады: сіңірлі жіпшелері алдыңғы және артқы жармаларға бекиді;бұл бұлшықет алдыңғы бүртікті бұлшықет,m.papillaris anterior, қарыншаның алдыңғы қабырғасынан тарайды; қалған екеуі көлемі жағынан кіші, қалқа аймағында орналасады – қалқалық бүртікті бұлшықет,m.papillaris septalis және қарыншаның артқы қабырғасында – артқы бүртікті бұлшықет,m.papillaris posterior.

          Өкпе сабауының тесігі, ostium trunci pulmonalis, алдынан және солынан орналасып, өкпе сабауына әкеледі; оның жиегіне эндокарт дупликатурасынан құрылған жартыайлы, valvula semilunaris anterior, dextra et sinistra бекиді, бос жиектері өкпе сабауының ішіне енеді.

          Осы үш аталған жапқыштар өкпе сабауының қақпағын, құрайды.

Сол жүрекше

Сол жүрекше, atrium sinistrum, оң сияқты дұрыс емес текше пішіндес, бірақ оңға қарағанда қабырғалары жұқа.

            Сол жүрекшенің жоғарғы, алдыңғы, артқы және сыртқы қабырғаларын ажыратады.Ішкі қабырғасы – жүрекшеаралық қалқа.Төменгі қабырғасы болып сол қарынша қанша негізі саналады.

            Жүрекшенің алдыңғы-жоғарғы қабырғасынан сол құлақша,auricula sinistra, тарайды.Ол оңға қарай иіліп, өкпе сабауының,septum interatriale, негізін қапсырады.

            Жүрекшенің жоғарғы қабырғасының артқы бөлімінде өкпеден артериялық қанды әкелетін төрт өкпе веналарының тесігі, ostium venarum pulmonalim бар.

            Сол жүрекшенің төменгі қабырғасында, сол жүрекшені сол қарынша қуысымен, байланыстыратын сол жүрекше – қарынша тесігі,ostium atrioventriculare sinistrum орналасады.

            Сол жүрекшенің ішкі беті тегіс, тек ішкі қабырғасымен құлақшаларда өзгеше.Сол жүрекшенің ішкі қабырғасында жүрекшеаралық қалқада, сопақ тесікке,fossa ovalis сәйкес жалпақ ұңғыл,valve foraminis ovalis бар, ол қатпармен – сопақ тесік жапқышымен, қоршалған.

             Сол құлақшаның ішкі бетінде әр түрлі бағытта өзара қиылысқан көптеген қырлы бұлшықеттер,m.pectinati бар.

Сол қарынша

            Сол қарынша, ventriculus sinister, сопақша пішіндес, жүректің басқа бөлімдеріне қарағанда солға, артқа және төмен орналасқан.Сол қарыншаның тарылған алдыңғы – төменгібөлімі жүрек тің ұшына, apex cordis, сәйкес келеді. Жүрек бетінде сол және оң қарыншалар шекарасы алдыңғы және артқы қарыншаарлалық жүлгелерге, sulci interventriculares, сәйкес келеді.Сол қарыншаның сыртқы жиегі дөңгелек пішіндес, өкпелік беті, facies pulmonalis деп аталады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: