Методологиясы мен логикасы 3 страница

Жиынтық - оларға қатысты қорытындылар жасағымыз келетін адамдардың, ұйымдардың, бізді қызықтыратын оқиғалардың кез келген тобы (7).

Іріктеу - талдау үшін белгіленген жағдайлар (объектілер) жиынтығының кез келген тобы.

Жалпы жиынтық - талдаудың соңғы нәтижелері жобаланатын зерттеудің бүкіл объектісі. Іріктеудің негізделгендігі жалпы жиынтық туралы толық ақпаратқа ие болуды білдіреді. Олар статистикалық жинақтар, әр түрлі облыстық бөлімшелердің (жұмыспен қамту орталығы) мәліметтері болуы мүмкін. Қоғамдық пікір мониторингінің жалпы жиынтығын республиканың барлық кәмелетке толған халқы құрайды.

Мысал:

 “N” қаласында 100 мың адам тұрады. Зерттеудің жалпы жиынтығын анықтау үшін қалалықтардың жалпы санынан 18 жастан кіші адам санын алып тастау қажет. Алынған сан аталмыш зерттеудің жалпы жиынтығы болып табылады. Есеп мына формула бойынша жүргізіледі:, N = B - C, мұнда N - жалпы жиынтық, B - халықтың жалпы саны, ал C - 18 жасқа дейінгі халық. Сонда, мынаны аламыз: 100 000 - 35 000 = 65000. Сонымен, жалпы жиынтық 65 000 адам құрайды.

Іріктеу жиынтығы - дәлме-дәл ереже бойынша таңдап алынған жалпы жиынтық элементтерінің белгілі бір саны. Зерттеу кезінде ол жалпы жиынтықтың ықшам үлгісін білдіреді, яғни іріктеу жиынтығының құрылымы зерттелетін негізгі сапалы сипаттамалар мен бақылау белгілері бойынша жалпы жиынтық құрылымына сәйкес келуі тиіс.

Іріктеу көлемі зерттеудің талдамалық міндеттерімен, ал оның репрезентативтілігі - бағдарламаның мақсатымен анықталады (8).

Іріктеу көлемі - бұл респонденттердің белгіленген жалпы саны. Зерттеу іріктеуі репрезентативтілік принципіне сәйкес болуы тиіс.

Сипатты есептеу

Іріктеудің сипаттылығы - бұл зерттелетін құрамның көрсетілген өлшемдерінің (белгілерінің) жалпы жиынтықтағы пропорцияға сәйкестілігі.

Мысалы, іріктеу жиынтығының көлемі мына формуламен анықталады: V=N*0,001; мұнда V - іріктеу көлемі, N - жалпы жиынтық, ал жалпы жиынтықтағы зерттелетін белгінің үлесі - 0,001-ге тең. Сонда, 65 000*0,001=65 болады. Сонымен, зерттеудің іріктеу жиынтығы 65 адам құрайды.

Іріктеу саны зерттелетін объектінің біркелкілігі немесе әр тектілігі деңгейіне байланысты. Мәселен, біздің қарастырып отырған мысалымызда зерттелетін объект (“N” қаласының кәмелетке толған халқы) айтарлықтай біркелкі (бір үлкен емес елді мекенде тұру) және зерттеу мақсаты (халықтың қалалық билік органдарының қызметіне көзқарасын анықтау) іріктеудің аз көлемімен (65 адам) шектелуге мүмкіндік береді. Зерттеу көп мақсатты болған жағдайда, іріктеу ұлғаюы мүмкін. Сонда зерттелетін белгінің үлесі 0,002-ге дейін ұлғаяды (мысалы, 65 000*0,002 =130).

Қоғамдық пікірдің көп мақсатты мониторингі түрінде қарқынды социологиялық зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу кезінде (мысалы, әлеуметтік-экономикалық проблемалар немесе қоғамдық-саяси жағдай зерттеледі) зерттелетін объект (республиканың кәмелетке толған халқы) айтарлықтай әр текті болады (14 облыс, Астана және Алматы қалалары), сондықтан іріктеу жиынтығының көлемі едәуір - 2000 адам болады. Осы жағдайда іріктеу жиынтығының өсуі мақсатқа лайықты емес, өйткені ол “қайталанған” респонденттердің себебіне айналуы мүмкін. Ал қайталанбайтын квоталық іріктеуді пайдалануда оған жол берілмейді.

Аймақтарда сұрау жүргізу кезінде сұхбат алушының іріктеу жиынтығын бұзуы республика бойынша сұраудың жалпы қорытындыларында көрініс береді.

Қоғамдық пікір мониторингін ұйымдастыру үшін қайталанбайтын іріктеудің квоталық және кездейсоқ деген екі негізгі әдістерінің бірін пайдаланған жөн.

 

Квоталық және кездейсоқ зерттеу әдістері

Квоталық іріктеу әдісі респонденттердің іріктеп таңдалуы (жынысы, ұлты, жасы, білімі, әлеуметтік-кәсіби мәртебесі) жүретін бірнеше белгілер (мысалы, бес белгі) бойынша анықтауды қажет етеді. Бұл әдіс зерттеу басталғанға дейін жалпы жиынтық элементтерінің бақылау белгілері туралы статистикалық мәліметтер болған жағдайда қолданылады. Қайсы бір бақылау белгілері туралы мәліметтер квота ретінде, ал олардың жеке сандық мағыналары - квота өлшемдері ретінде алға шығады.

Квоталық іріктеу кезінде респонденттер сұхбат алушымен квота өлшемдерінің сақталуымен мақсатты түрде іріктеп таңдалады.

Мысал:

 “N” қаласы халқының билік органына көзқарасын тексеру бойынша зерттеуде іріктеу және жалпы жиынтық құрылымдарының 5 белгісі: жынысы, жасы, білім деңгейі, ұлты, әлеуметтік-кәсіби жағдайы бойынша сәйкес болуы белгіленеді. Осы белгілер бойынша қала халқының жалпы жиынтықтағы бөлінуі белгілі (статистикалық мәліметтер негізінде) және пайызбен көрсетілген.

 

Іріктеу жиынтығы элементтерінің құрылымы

Іріктеу жиынтығы элементтерінің қажетті белгілер бойынша бөлінуінің құрылымы оның пайыздық тұрғыдағы жалпы жиынтық элементтерінің бөлінуі құрылымына тепе-тең, мөлшерлес болатындай құрылуы тиіс.

Қоғамдық пікір мониторингін іріктеу өте күрделі, екі сатылы құрылымды білдіреді, онда 1-ші сатысы бойынша іріктеудің аумақтық принципі есепке алынады (1-кестені қараңыз):

 

1-кесте

 

(р/н Облыстар атауы Барлық халықтың саны (мың адам) Іріктеу жиынтығы
1. Ақмола 836,2 110
2. Ақтөбе 682,5 90
3. Алматы 1558,5 200
4. Атырау 440,2 60
5. Шығыс Қазақстан 1531,0 210
6. Жамбыл 988,8 130
7. Батыс Қазақстан 616,8 80
8. Қарағанды 1410,2 180
9. Қостанай 1017,7 130
10. Қызылорда 596,2 80
11. Маңғыстау 314,6 60
12. Павлодар 806,9 110
13. Солтүстік Қазақстан 725,9 140
14. Оңтүстік Қазақстан 1978,3 240
15. Алматы қаласы 1129,3 120
16. Астана қаласы 319,3 60
  Барлығы   2000

2-ші сатысы бойынша - квоталық принцип, этникалық және кәсіби өлшемдер негізінде. Іріктеудің мұндай құрылымы репрезентативтіліктің аумақтық принципін, сол сияқты республиканың жалпы жиынтығының репрезентативтілігін қамтамасыз етіп, іріктеу жиынтығын орнықтыруға мүмкіндік береді.

Мысал түрінде “ұлты” деген белгі бойынша “N” қаласының социологтары жүргізген іріктеу есебін қарастырайық (2-кестені қараңыз).

2-кесте

Негізгі этникалық топтар Жалпы жиынтық Іріктеу жиынтығы
1. қазақтар 53,0% (34450 адам) 53,0% (34 адам)
2. орыстар 30,0% (19500) 30,0% (20 адам)
3. басқалар 17% (11050) 17% (11 адам)
Барлығы 100% (65000) 100% (65 адам)

 

Есеп (n*p)/100 формуласы бойынша жүргізіледі, мұнда n - іріктеу жиынтығы, p - пайызбен көрсетілген халық үлесі (статистикалық мәліметтер бойынша). Бөлшектік мағына болған кездегі ондықтар 5-тен кіші болса - “0”-ге дейін, 5-тен үлкен болса - “1”-ге дейін жинақталады.

Осы секілді кестелер мөлшерлестік принцип негізінде құрылатын басқа да өлщемдер бойынша жасалынуы мүмкін. “N” қаласының мысалында негізгі сегіз әлеуметтік-кәсіби өлшемдер (ауыл шаруашылық жұмысшылары жоқ, өйткені сұрау қалада жүргізіледі) бойынша іріктеуді қарастырайық (3-кестені қараңыз). Әрбір квотаның мәні белгілі (статистикалық жинақтар) және пайызбен көрсетілген. Социологтың міндеті жоғарыда берілген формула бойынша сұралуға тиісті респонденттер санын есептеу.

3-кесте

 

№№ р/н Әлеуметтік-кәсіби категориялар Жалпы жиынтық (%) Іріктеу жиынтығы (адамдар саны)
1. Кәсіпорын, ұйым басшысы 3 2
2. Өнеркәсіп, құрылыс, транспорт, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысшылары 25 16
3. Бюджеттік сала қызметкерлері (мемлекеттік қызметкерлер, білім беру, ғылым, деңсаулық сақтау, мәдениет, қызметкерлері) 19 12
4. Кәсіпкерлер, фермерлер, сауда қызметкерлері 15 10
5. әскери қызметкерлер, полиция, сот, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері 6 4
6. Студенттер 5 3
7. Зейнеткерлер 13 9
8. Жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер 14 9
  Барлығы 100 65

 

Квоталық іріктеу бойынша сұрау жүргізу кезінде сұхбат алушыға респонденттерді жынысы, жасы және білім деңгейінің белгісі бойынша таңдауда біршама еркіндік беріледі. Қоғамдық пікір мониторингінің тәжірибесіне негізделе отырып, жыныстық белгі бойынша квоталардың бөлінуі келесідей: әйелдер - 53 %, ерлер - 47 %. Өзіндік зерттеулерді ұйымдастыру кезінде іріктеуді нақтылы аймақ, аудан бойынша соңғы статистикалық мәліметтер негізінде есептеу керек екенін ескеру қажет.

Кәмелетке толған халық арасында сұрау жүргізген кезде талдау және мониторинг бөлімінің мамандары пайдаланатын жас мөлшерінің деңгейін негізге алған жөн (4-кестені қараңыз). Кестеде формула бойынша (жоғарыда көрсетілген) зерттеу үшін халықтың жас құрамы жөніндегі статистикалық мәліметтерді пайдалану арқылы “N” қаласының социологтары жүргізген іріктеудің есебі көрсетілген. Квоталарды бөлу статистикалық мәліметтерге мөлшерлес жасалынады.

 

4-кесте

 

Жастық өлшемдер Жалпы жиынтық (%) Іріктеу жиынтығы (адам саны)
1. 18-ден 30-ға дейін 26,9 17
2. 31-ден 45-ке дейін 40,6 26
3. 46-дан 60-қа дейін 20,9 14
4. 61-ден жоғары 11,6 8
Барлығы 100 65

 

Қоғамдық пікір мониторингінің іріктеуін есептеген кезде пайдаланылатын өлшемдердің бірі респонденттердің білім деңгейі болып табылады. Бұл жағдайда статистикалық жинақтардан алынған материалдар да пайдаланылады. “N” қаласының социологтары жүргізген зерттеулерге сәйкес параметр бойынша іріктеудің есебін қарастырайық. Отандық социологияда пайдаланылатын классикалық градациялар бойынша жоғарыда көрсетілген стандартты формула қолданылады (5-кестені қараңыз).

 

 

5-кесте

 

Білім деңгейі Жалпы жиынтық (%-бен) Іріктеу жиынтығы (адам саны)
1. толық емес орта 4,7 3
2. орта 18,8 12
3. арнайы орта 31,0 20
4.аяқталмаған жоғары 10,7 7
5. жоғары 34,8 23
барлығы 100 65

Іріктеу репрезентативтілігінің сақталуын қамтамасыз етіп, сұхбат алушының жұмысын жеңілдету үшін негізгі, өзара байланысты өлшемдер бойынша есептеу жүргізіледі (6-кестені қараңыз).

6-кесте

 

№№ р/н Әлеуметтік-кәсіби категориялар қазақтар орыстар басқалар
1. Кәсіпорын, ұйым басшысы 1 1 0
2. өнеркәсіп, құрылыс, транспорт, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмысшылары 4 7 5
3. Бюджет саласының қызметкерлері (мемлекеттік қызметкерлер, білім беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау қызметкерлері) 5 4 3
4. Кәсіпкерлер, фермерлер, сауда қызметкерлері 5 2 3
5. әскери қызметкерлер, полиция, сот, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері 2 1 1
6. Студенттер 2 1 0
7. Зейнеткерлер 2 4 3
8. Жұмыссыздар, үй шаруасындағы әйелдер 2 3 4
  Барлығы 34 20 11

 

Мұндай кестелер қоғамдық пікір мониторингін жүргізу кезінде алғашқы мәлімет жинауда пайдаланылады. Өз зерттеулерін ұйымдастыру кезінде социолог аймақтың өзіне тән ерекшелігін ескеруі тиіс, яғни іріктеу жиынтығын есептеуде нақтылы елді мекен (облыс) жөніндегі статистикалық мәліметтерге сүйену қажет.

Кездейсоқ іріктеу әдісі - зерттелетін жиынтықтың барлық бірліктерінің зерттеуге түсуінің тең ықтималдылығын қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Кездейсоқ іріктеу әдісі көп еңбекті қажет етпейді, көбінесе экспресс-сұраулармен және телефондық сұхбат жүргізу кезінде қолданылады (АТС және қала немесе ауыл абоненттерінің саны жөнінде мәліметтер болғанда).

Іріктеу жиынтығының көлемін анықтау кезінде жоғарыдағы әдісте қарастырылған технология пайдаланылады. Таңдау қадамы (К) мына формула бойынша есептелінеді: K=N/n, мұнда N - жалпы жиынтық көлемі, n - іріктеу жиынтығының көлемі.

Мысал:

 N = 1500 адам, ал n = 150 адамға болса, онда: 1500/150=10 болады. Бұл тізімнен әрбір ондық бірлік алынуы тиіс екенін білдерді.

Есептеу алфавиттік тізімнің басынан да, соңынан да жүзеге асырылуы мүмкін. Респонденттерді таңдауға арналған мұндай тізімдер ретінде сайлаушылар, кәсіпорын жұмысшылары, оқу орындарының тізімдері немесе үй кітапшасындағы жазбалар пайдаланыла алады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Әлемнің жетекші елдерінде қазіргі заманғы социология теориясы бойынша ең соңғы басылымдардың бірін толық шолып қарауға болады. Онда кез келген басқа түсініктерге қарағанда, “марксшілдік теория”, “марксшілдік”, “марксшілдік социология” териминдеріне сілтеулер саны жағынан көбірек және кітапта марксшілдік түсіндірмелік социологиялық теорияның рөлі жөнінде жоғары баға беріледі. Ритцер Дж. Современные социологические теории. 5-е изд. - СПб.: Питер, 2002.

2. Ритцер Дж. Современные социологические теории. 5-е изд. - С. - 459.

3. Социология. Основы общей теории: учебное пособие / Г.В.Осипов и др. / под ред. Г.В. Осипова, Л.Н. Москвичева. - М.: Аспект Пресс, 1996. - С. 353; Ядов В.А. Стратегия социологического иссле­дования. Описание, объяснение, понимание социальной реальности. - М.: “Добросвет”, “Книжный дом “Универмитет”, 1998. - С.70.

4. Фрейм - адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарды ұйымдастыру принциптері //Ритцер Дж. Современнные социологические теории. - С. 272-273.;

5. Болжамдардың сипаттамалары мына кітапта жақсы корсетілген: Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. Описание, объяснение, понимание социальной реальности. - С. 100-103.

6. Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. - С.106.

7. Джарол Б.Мангейм, Ричард К. Рич. Политология. Методы исследования. М., 1997.

8. Ядов В.А. Социологические исследования: методология, программа, методы. М., 1995.


2-тарау. СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ, БАҒЫТТАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ

Социологиялық зерттеулерді жіктеу

 

Нақтылы, өлшеуге және тексеруге болатын ақпаратқа, фактілерге сүйену, айтарлықтай тәжірибелік нәтижелерге бағыт алу - социологияның ғылым ретінде пайда болуынан бастап ерекше белгілері. Қоғамтанудың ешбір өзге саласында эмпирикалық зерттеулердің осыншама бай, алуан түрлі және мұқият жүйеленген тәжірибесі жинақталмаған. Бүгінде социологиялық зерттеулердің әдістері оларды жасаған ғылым шеңберінен әлдеқайда аттап өтті. Олар экономика, психология, саясаттану, құқықтануда кеңінен қолданылады. Социологиялық ақпарат тұтынушылары, яғни социологиялық зерттеулердің қайсы бір түрлеріне тапсырма берушілер мемлекеттік органдар мен жеке фирмалар, бизнесмендер мен саясаткерлер, қайырымдылық қорлары мен діни ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары болып табылады.

Қоғамдық пікірді зерттеу өз алдына дербес ғылыми-қолданбалы салаға айналды. Қоғамдық пікірді сұрау қазіргі заманғы қоғамдардың міндетті атрибутына, ал оларға қатынас - саяси мәдениет пен демократия деңгейінің маңызды көрсеткішіне айналды.

Социологиялық зерттеулермен бірге жалпы объект - адамның белгілі бір әлеуметтік бірліктің өкілі ретіндегі жүріс-тұрысы - маркетингтік зерттеулерге ие. Адамдардың пікірлері, көңіл-күйлері, үміттері, қажеттіліктері, талғамдары, ұнатулары - мұнын барлығын кез келген әлеуметтік бағытталған іс-әрекеттің табысы үшін білу қажет. Нарық - бұл индивидтердің жүріс-тұрыстары әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілген өзіне тән қоғамдық орта. Екіншіден, идея, саяси бағдарлама - ол да өзгеше бір тауар, ал рухани өндірістің өнімдері, материалдық өндірістің өнімдері сияқты жүзеге асырылуының өз жолдарына ие болуы қажет.

Сонымен, адамдардың тауарлар мен қызмет көрсету нарығындағы жүріс-тұрысы олардың әлеуметтік жүріс-тұрысының бір бөлігі болып табылады. Эмпирикалық социологиялық және маркетингтік зерттеулердің жалпы әдістемелік, технологиялық және ұйымдастырушылық базасы осымен анықталады.

Социологиялық зерттеулерсіз қазіргі заманғы менеджмент мүмкін емес. Шынында, менеджмент - бұл социология мен гуманизмге негізделген басқару. Еңбек ұжымдарындағы қарым-қатынастар, басқарудың тиімділігі, ұйымдар мен фирмалардың сыртқы ортасы, олардың имиджі - мұның барлығы социологиялық әдістердің көмегімен зерттелінеді.

Социологиялық ақпарат макроэкономикада да қажет. Әсіресе ол әлеуметтік қолдау, әлеуметтік механизм мен экономикалық реформалардың әлеуметтік салдары мәселелеріне қатысты.

Социологиялық зерттеу әдістемелерінің аса ірі тұтынушысы - бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) мен “Төртінші билік” жарнамасының саласы (ал БАҚ билігі көпшілік мақұлдаған түсінікке қарамастан, саясатта ғана емес, адамдардың экономикалық және әлеуметтік жүріс-тұрысында басым) өзінің құзыретінің әрдайым тексерілуін немесе қарапайым тілмен айтқанда, өзінің тиімділігін байқап отыруын қажет етеді.

Социологиялық және маркетингтік зерттеу әдістемелерінің қазіргі жиынтығы өте кең және әр алуан. Сондықтан, зерттеулерді бірқатар негіздер бойынша жіктеуге болады, атап айтқанда:

- қарқыны мен күрделілігі бойынша;

- шапшандығы мен уақыт шегі бойынша;

- зерттеу объектілері мен қолдану саласы бойынша;

- социологиялық және маркетингтік ақпарат жинаудың қолданылатын негізгі әдістері бойынша; 

Аталған типтердің біріншісі бойынша сипаттау және жіктеу үшін қарқын мен күрделіліктің бір шамасын көз алдымызға елестетейік. Осы шама негізінде пилотаждық зерттеу орналасады, батыс әдебиетінде “pіlot research” терминінен гөрі “pre-test” термині жиі қолданылады. Пилотаж, әдетте екі жағдайда жүргізіледі: көбінесе сыналатын зерттеу ретінде, негізгі зерттеу құралдары жиынтығын тексеру үшін, ал зерттеу проблемасын, пәні мен объектісін, жұмыс болжамдарын айқындау үшін сирек қолданылады.

Пилотаж үшін іріктеу үлкен емес, егер негізгі зерттеу бұқаралық сұрау болса, әдетте - 10-50 адам.

Зерттеудің қорытындысы бойынша пилотаждық есеп жасалынады, оның негізінде бағдарлама мен құралдар жиынтығы жетілдіріледі.

Күрделілігінің деңгейі бойынша зерттеудің келесі түрі экспресс-сұрау болып табылады. Мұнда социологиялық ақпарат теориялық қорытындылау мен іс-тәжірибелік ұсыныстар үшін негіз болмай,, өзін-өзі үшін жиналады.

Экспресс-сұрау - бұл қоғамдық пікірдің, қоғамдық көңіл-күйлердің лезде суретке түсірілуі. Мұндай сұрауларға, әдетте, бұқаралық ақпарат құралдары тапсырыс береді және олар не маңызды оқиғалар қарсаңында, не ізін суытпай өткізіледі.

Одан ары қарай “күрделілік шамасында” сипаттамалық немесе дискриптивтік зерттеу орналасады. Ол зерттелетін объектінің ішкі құрылымы мен оның сыртқы байланыстарын, қоршаған ортамен нақтылы және потенциалды өзара әрекеттесуінің сипаты мен бағытын анықтауды міндет етіп қояды. Сипаттамалық зерттеу “не, қайда, қандай, қалай?” деген сұрақтарға жауап береді.

Компания - тауар өндірушісі немесе сатушысы қайсы бір нарыққа шығу перспективасын бағалауға тырысатын маркетингтік зерттеу социологиялық әдістемелердің қолдануымен сипаттамалық зерттеудің қарапайым мысалын білдереді. Компания оның тауарын кім сатып алады, кім елемейді деген сұрақтарға жауап алады. Тұтынушыларды сұрауда алынған мәліметтер негізінде нарықтың көлемі есептелінеді, тауардың түрлері мен маркаларының позициялары айқындалады. Соңында, кім тауарды сатып алуға дайын (әйелдер немесе ерлер, жасы келгендер немесе жастар және т.б.), қандай дүкендерде сатып алуды қалайды, қанша және қандай бағамен сатып алады деген сұрақтарға жауап беріледі.



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: