Ерiк жайлы негiзгi теориялар. 14 страница

Сезiмдiк елестер мен ойлаудың арақатынасын түсiндiруде бұлар мынадай пiкiрде болды. Өз-өздiгiнен сезiмдiк елестер мен олардың кез-келген үйлесiмi тiптi оңай логикалық есептi шешiп бере алмайды. Себебi, есептi шешу үшiн берiлген мiндеттiң сезiмдiк көрiнiсiнен тыс, одан еркiн болатын, есептiң (мiндеттiң) шарттары мен мен талаптары арасындағы қатынастарды ашу мен саналау маңызды болып табылады.

Вюрцбурлық мектеп өкiлдерi ойлаудың басқа психикалық процестерден өзiндiк ерекшелiктерiн көрсеттi: тұтастылығы, белсендiлiгi, бағыттылығы, бейнесiздiгi және т.б.

Вюрцбурлық мектептiң негiзгi идеялары О. Зельцтiң еңбектерiнде жалғасын тапты. Ол ойлауды интеллектуалдық операциялардың қызмет етуi ретiнде анықтады. О. Зельц өз алдына ойлау iс-әрекетiнiң қандай да бiр нәтижесiнiң жүзеге асуындағы интеллектуалдық iс-әрекеттiң әрбiр сатысының қызметiн анықтау мақсатын қойды. Қатынастарды саналау әрекетi ретiндегi ойлауды түсiндiру үшiн оның мiндеттi шешуде жүзеге асырылатын әрекет немесе операция ретiнде қарастыру керек.

О. Зельц мiндеттi шешу барысы мен тәсiлдерiн сипаттауда үш ұғымды енгiздi:

1) Арнайы реакция, яғни берiлген жәйтта қойылған мақсатқа сәйкес келетiн объективтi қажеттi жауап.

2) Операция – осындай жауапты анықтайтын амал.

3) Әдiс, яғни субъектпен мiндеттi шешу тәсiлi ретiнде саналанатын және пайдаланылатын операция.

О. Зельц репродуктивтiк және продуктивтiк ойлау түрлерiн эксперименттiк зерттеуде ойлау процестерiнiң ерекше ңпроблемалық комплексң түрiндегi шешiлетiн мiндеттiң құрылымымыен себептенетiнi жөнiнде тұжырымға келдi. Бұл ңПроблемалық комплекстiңң ерекшелiгi – онда аяқталмағандық элементiнiң болуы. Осы аяқталмаған элементтi толтыру берiлген мiндеттi шешу нәтижесiн анықтайды. Мұның өзi негiзiнен антиципация схемасын жүзеге асыру, яғни әлi табылмаған шешiмдi алдын ала болжау негiзiнде iске асады. Бұл кезде субъектпен мiндеттi шешуге қажеттi интеллектуалдық операциялар жаңғыртылып, есептiң шешiмi табылады (комплекстi толықтыру, абстракция және ұқсастықтарды қайта келтiру әдiстерi арқылы).

Осындай, проблемалық жәйттiң құрылымының тұтастылығын қалпына келтiру идеясы кейiн гештальтпсихология өкiлдерiнiң зерттеулерiнде, сондай-ақ басқа да, мысалы, творчестволық ойлау зерттеулерiнде басшылыққа алынды.

3. Гештальтпсихологтар ойлау жайында. Гештальтпсихологияның өкiлдерi – Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин. Гештальтпсихологтар ойлаудың құрылымын, творчестволық астарларын қарастырды. Iзбелiнген шешiмдi оған қажеттi құрылымды табу арқылы шешудi ойлау деп атаған. Гештальтпсихологтар ойлауды формалды-логикалық операциялардан ажыратылатын әрбiр проблемалық жәйттi ескеру арқылы соған қарай танымдық құрылымдарды қайта құру, жаңадан ңорталықтандыруң нәтижесiнде жүзеге асатын продууктивтi психикалық процесс ретiнде түсiндiрдi. Олар тұтас құрылым ретiндегi проблемалық жәйттiң барлық құрауыштарын, олардың арасындағы қатынастарды бiрден ұғынуды инсайт деп атады.

Коффка бойынша, ойлау дегенiмiз – вюрцбурлық мектептегiдей қатынастармен әрекет ету емес, ал көрнекi жәйттардың құрылымдарын түрлендiру. Проблемалық жәйт – бұл өзiнiң көрнекi мазмұны теңестiрiлмеген феноменалдық өрiс тәрiздi. Бұл өрiстегi кейбiр толтырылмаған орындар проблемалық жәйтта белгiлi-бiр кернеу тудырады. Осы кернеу тұрақсыз көрнекi жәйттi басқасына ауыстырады. Осылайша, мiндет бiздiң бастапқы жәйттi басқаша көруiмiздiң нәтижесiнде шешiледi. Осы пiкiрлерден, Коффканың ойлауды ассоцианистер сияқты, көрнекi мазмұнға теңестiргенiн байқаймыз.

4. Психоанализ: Ойлау мотивтелген процесс ретiнде. Адам мiнез-құлқының мотивтерi ең алғаш психоанализбен қойылып, зерттелiндi. З. Фрейд бойынша, негiзгi мотивтер санасыз сипатта болады және әр түрлi көрiнiс табады: түс көру, сөзден жаңылу, ұмыту, аурулар симптомдары.

- Түстер – бұл ырықсыз жүзеге асатын, бейнелiк ойлаудың бiр түрi.

- Еркiн ассоциациялар әдiсi. Ырықсыз бейнелiк ойлау, еркiн ассоциациялар санасыз мотивтердiң көрiнiс табатын маңызды аумақтарының бiрi.

- Сублимация санасыз энергияны әлеуметтiк құпталған тәсiлдерге ауыстыруда iске асатын творчестволық ойлау процесi.

- Мотивтi саналау адамның өзiндiк саналауын, iшкi ойлау типiн қажет етедi.

Аутистiк ойлау тұжырымдамасы Э. Блейлермен шығарылған. Аутизм адамның iшкi өмiрiнiң басымдылығымен, сыртқы өмiрден кетумен байланысты. Әдетте, түс көру, ырымшылдық, аңыздарға сену, шизофрениялық ойлау – аутистiк ойлаудың көрiнiстерi. Бұларда ойлар аффективтiк ұғымдарға бағынады.

5. Ойлаудың когнитивтiк психологиясы (У. Найссер). Бұл тұрғы танымдық процестердi жасанды моделдеу негiзiнде белгiлi-бiр мiндеттердi шешу тәсiлдерiн табу мақсатымен қарастырған. Адам ақпаратты тасымалдау және өңдеу каналы, компьютерлiк жүйелердiң аналогы ретiнде ұғынылады. Есептердi шешу механизмдерi және оған қажеттi жағдайлар (саналы елестер, әлеуметтiк тәжiрибе, тұлғаның мағыналық аумағы және т.б.) ерекше когнитивтiк құрылымдар болып есептелiнедi. Танымдық ретiндегi адамның кез-келген iс-әрекетiн талдау тек жаңа, айрықша ғылыми нәтижелерге әкелумен қатар, бұрыс тұжырымдарды да өмiрге келтiредi. Осылайша, когнитивтiк психология тұрғысынан ойлау адам бiлiмдерiн жүйелейтiн, өңдейтiн, құрылымдайтын, реттейтiн танымдық процесс болып табылады.

 

Ақыл-ой операцияларының негiзгi түрлерi

Ойлау әрқашан анализ бен синтез процестерiнен басталады. Ойлау - түйсiк пен қабылдаудағы анализ бен синтездiң жаңа мазмұнға ие болған түрi. Анализ дегенiмiз ой арқылы түрлi заттар мен құбылыстардың мәндi жақтарын жеке бөлiктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың, құбылыстың барлық элементтерi бiрiктiрiледi. Анализ бен синтез – бiрiмен-бiрi тығыз байланысты, бiрiнсiз бiрi болмайтын құбылыс. Бұл екеуi – бiрiнен бiрi ешқашан ажырамайтын ойлау процесiнiң негiзгi компоненттерiнiң бiрi.

Анализ бен синтездiң негiзiнде салыстыру деп аталатын ойлау операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттерi айқындалады.

Ойлау операциясының күрделi түрi – абстракция және жалпылау. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы елеулi қасиеттерiн басқа қасиеттерiнен ойша бөлiп алуды абстракция деп атайды.

Абстракцияның келесi түрлерi бар:

1. Шеттетушi абстракция – белгiлi бiр тұтастылықтан құбылысты бөлiп алу.

2. Жалпылаушы абстракция - құбылыстардың жалпыланған сипатын беру.

3. Идеализация – шынайы-эмпирикалық құбылыстарды идеалды схемаға алмастыру.

Жалпы ұғымдар – абстракциялау принципiнiң нәтижесi.

Абстракцияға қарама-қарсы процестi нақтылау деп атайды. Нақтылау – абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетiн жеке ұғымдармен түсiндiру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой.

Жалпылау дегенiмiз – бiр тектi заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерiн оймен бiрiктiру. Жалпылау үшiн заттардың ерекше маңызды белгiлерiн таба бiлу керек. Жалпылаудың негiзiнде жаңа ғылыми ұғымдар, заңдар мен теориялар шығарылады.

Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгiлi-бiр принцип бойынша орналастыруды жүйелеу дейдi. Жүйелеудiң жоғары түрi топтастыру (классификация).

 Ойлау қасиеттерi

Кез-келген психикалық процес тәрiздi ойлаудың да өзiндiк параметрлерi - қасиеттерi болады. Осындай ойлаудағы жекедара ерекшелiктердi бiлдiретiн ойлаудың қасиеттерi сан-алуан болады. Солардың iшiнде негiзгiлерi мыналар:

Ойдың сыңдылығы – адамның өз және өзге адамның ойларын объективтi бағалай алу, барлық жасалатын қағидалар мен тұжырымдарды түпкiлiктi және жан-жақты тексере алу қабiлетi.

Ойлаудың асығыстығы – адам сауалды, мәселенi жан-жақты ойластырып алмай, оның бiр жағын бөлiп алып, асығыс шешiм қабылдауға тырысуы, белгiлi бiр дәрежеде ойластырылмаған жауаптар мен пiкiрлердi беруi.

Ойлаудың тездiгi – адамның жаңа жағдаятты тез түсiне алып, тез ойлау негiзiнде дұрыс шешiм қабылдай алуы.

Ойлаудың дербестiгi – адамның жаңа мiндеттердi, мәселелердi шығара алумен және басқа адамдардың көмегiнсiз өзi мәселенiң дұрыс шешiлу жолын табумен сипатталады.

Ойлаудың икемдiлiгi – ойлаудың оны шектейтiн жатталып қалған, таптаурын шешу тәсiлдерiнен тәуелсiздiк дәрежесiн бiлдiредi.

Ойлаудың тереңдiгi – күрделi сауалдардың мәнiне терең шоғырланып, зерттей алуы.

Ойлаудың кеңдiгi дегенiмiз – адамның зерттелетiн сауалдың маңызды жақтарын түсiрмей, тұтас қамтып, талдай алу қабiлетi.

 

 

Ойлаудың даму ерекшелiктерi

Кез-келген басқа да психикалық процестер ретiнде ойлау да онтогенез барысында бiртiндеп, қарапайымдыдан күрделiге қарай жетiледi. Жаңа туған балада ешқандай ойлау болмайды. Ойлау баланың сыртқы ортамен белсендi қарым-қатынас жасауының нәтижесiнде, оның өмiр тәжiрибесiмен қосақталып, дамып отырады. Мәселен, бiр жасар бала әжесiнiң саусағындағы жараға жағылған йод ерiтiндiсiне көз салады. Он бес айлық бала өзi сүйрей алмаған жәшiктiң iшiндегi нәрселердi көрiп, бiртiндеп оларды азайта бастайды, сонаң соң оны жылжытатын болады.

Тiлдiң шығуы бала ойлауының дамуында елеулi кезең болып табылады. Мектепке барғанға дейiн бала ойлауы ұзақ даму жолынан өтедi. Ойлау бұл кезеңде нақтылы-бейнелi болып, әрекетпен тығыз байланысып жатады. Балалардың ойлауын дамытуда мектептегi оқу-тәрбие процесi шешушi рөл атқарады.

Ойлау саласындағы дара айырмашылықтарға келетiн болсақ, адам ойлауына тән жалпы заңдылықтар болғанымен, тұлғаның ойлау әрекетi жекедара ерекшелiктерге толы. Әрбiр адам бiрiнен-бiрi ойының кеңдiгi немесе тарлығы, орамдылығы, ұшқырлығы, дербестiлiгi, логикалық жүйелiлiгi, сыншылдығы және т.б. сапалармен ажыратылады.

Ой өрiсi кең адам еркiн ойлайды, мәселенi ескi әдетпен, үйреншiктi жолмен шешпейдi. Ақыл-парасаты кең адам мәселенi түрлiше әдiстермен шешедi, бұрын қате деп сыналып табылған әдiске жоламайды.

Кейбiр адамдар мәселенiң барлық жақтарын көре бiледi, оны тез шеше алады, ойы аса сергек және белсендi келедi. Мұндай адамдар орынсыз асып-саспайды, жағдаймен санасады. Осындай қасиеттi ойдың ұшқырлығы дейдi. Бұған қарама-қарсы қасиет – ойдың асығыстық түрi. Мұндай адам ой жұмысымен онша басын ауыртпай ауырдың үстiмен, жеңiлдiң астымен жүредi. Бұл адамдар енжар ойлыққа әдеттенген, дайын тұжырымға жармасқыш, жеңiл ойлауға, мәселенi үстiртiн шешуге бейiм келедi.

Ойлауды зерттеудің бірнеше әдістері

              Ойлауды зерттеуде бірнеше әдістер бар.Олар: Ұғымның функционалды эквиваленттері Выготский -Сахаров әдістемесі,тексті аналитикалық блокты схемалық әдіс, Тізбекті ассоцативті әдіс және т.б. Солардың бірнешеуіне тоқталып кетсек.

Ұғымның функционалды эквиваленттері Выготский -Сахаров әдістемесі

       Жасанды ұғымның пайда болатынын зерттеудің классикалық моделі XXғасырдың 20жылдарында Л.С.Выготский және оның шәкірті Л.С.Сахаров екеуі Вюрцбург мектебінде ұсынылған әдістемелік тәсілдерді назарға ала отырып жасаған «екі стимулация» әдістемесі болып табылады.

       Жасанды ұғымдардың пайда болатындығы бастапқы кезде екі стимулмен көрсетіледі.Біріншісі- бұл бір бірінен бірнеше белгілерге сәйкес ажыратуға болатын, бірақ әрқайсысы өзінің параметрлеріне ие объектердің жиынтығы.Ах әдістемесінде мұндай объектілер ретінде формасы(куб,текше,цилиндр), түсі(сары,көк,жасыл), салмағы(ауыр,жеңіл), көлемі бойынша(үлкен,кіші) әртүрлі картонды геометриялық денелер алынды.Екінші стимул ретінде мағынасыз буындар мен сөздердің шартты жиынтығы.Осы екі жиынтықтарды қосу арқылы эксперименттер жасанды ұғымдарды құрады.

       Выготский- Сахаров әдістемесі- функционалды эквиваленттердің бастапқыда пайда болуы мүмкіндігін беретін ұғымдардың пайда болу процесін зерттеудің классикалық тәсілі болып табылады.

Тізбекті ассоцативті әдіс

       Бұл әдісте бір минут ішінде шығатын ассоцациялардың көлемі өлшенеді.Инструкцияны қатаң қадағалау нәтижесінде сыналушы айтқан сөздер оның ерік- жігерінсіз семантикалық ұяшықтарға қосылады.Мысалы,мына сөздер жиынтықтарда үш ұяшықты ажыратуға болады:ән,метал,алтын,көктем,гүл.Соған қарамастан семантикалық ұяшықтардың саны әртүрлі болады:бір ұяшықта өз ішінде бірден бірнеше сөздер қатарлары болады.

       Құрал жабдықтар:Сыналушының жауабын жазып отыратын магнитафон және тізбекті ассоцацияның бір қатарына кеткен уақытты өлшеуге арналған секундомер қолданады.

       Жұмыс барысы: Мұнда экспериментатор және сыналушы болады.Әрбір сыналушымен бір минуттан 3-5 тәжірибе жүргізіледі.тәжірибелер арасында 15-20 минут өту керек.Тәжірибе басталмас бұрын сыналушыға мынандай нұсқау береді: «Бір минут ішінде ойыңызға келген кез келген сөздерді айтыңыз және алдын жаттап алған сөздерді айтпаңыз».

       Мәліметтерді өңдеу:

1.Ассоцация қатарының ұзындығын анықтау,ол үшін бір мин. арасында айтқан сөздерді санап шығамыз.

2.Ассоцация қатарының құрамын анықтаймыз, ол үшін семантикалық ұяшықтарды санап, кейін ұяшықтардың көлемін анықтаймыз.

3.Ассо-я қатарының орталық ұзындығын(яғни бір минут ішіндегі сөздердің орташа санын;семантикалық ұяшықтардың орт.көлемін және олардың орташа санын).

 

ҚИЯЛ

Қиялдың жалпы сипаттамасы және оның психикалық іс-        әрекеттегі ролі

Адам әрдайым өзін қоршаған ортамен байланысқа түседі. Секунд сайын біздің сезім органдарымызға ондаған және жүздеген әртүрлі стимулдар әсер етеді, олардың көпшілігі адамның есінде көпке шейін сақталады. Адам психикаcының ең қызықты феномендерінің бірі, шынайы әлемдегі құбылыстардан алған әсер адамның есінде ұзақ уақыт сақталып қана қоймай, сонымен бірге белгілі-бір өңдеуден өтеді. Бұндай феноменнің өмір сүруі, адамның қоршаған ортаға ықпал етуі мен оны мақсатты түрде өзгертуге себепті болады.

Айта кету керек, жануардың сыртқы ортаға ықпал етуі мен сыртқы ортаның адам арқылы өзгеруінің бірқатар айырмашылығы бар. Жануардан айырмашылығы, адам қоршаған ортаға жоспарлы түрде, алдын-ала қойылған мақсатқа өз күш-жігерін жұмсай отырып, іс-әрекет етеді. Еңбек процессінде шынайылықтың бұндай сипаттағы өзгеруі, адам өз іс-әрекетінің нәтижесінен не алғысы келетінін санада алдын-ала елестеуіне әкеледі.

Мысалы: өрмекшілер тігіншілердің операциясын еске түсіретін белгілі-бір операцияларды жасайды, ал аралар өздерінің ұяшықтарын жасай отырып, құрылысшыны көз алдына келтіреді. Алайда кез-келген ең жаман маман ең жақсы арадан немесе кез-келген өрмекшіден өзінің алдын-ала құрылған жоспарымен ерекшеленеді. Осылайша, адам арқылы қандай да бір жаңа нәрсені жасау процесін қарастыра отырып, біз адам психикасының тағы бір феноменіне кезігеміз. Оның мәні адамдардың өз санасында шынайы өмірде әзірге жоқ образды жасауында, ал бұндай образды жасауға біздің өткен тәжірибеміз әсер етеді.

  Адам минда бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа обыраз жасау процессі –қиял деп аталынады. Сонымен қиял-нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі жасайтын, түсініктерді қайта жасау процессі. Қиял, еңбек процесінде адамның белгілі-бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің туы негізінде пайда болды деп есептелінеді. Мысалы: адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек құралдарын ала отырып, басқа еңбек операциясын жасау үшін қажет өзінің көзқарастарына сәйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында яғни дәл қазір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.

       Қиялдың ғылыми техникада және көркем Шығармада қажетті күрделі формасы пайда бола бастады. Алайда, бұл жағдайда да қиял шынайы өмірден алынған, көріністердің қайта жасалуының нәтижесі ретінде ғана роль атқарады.

       Қиял екі психикалық процесспен-ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса біз қиял туралы айтамыз.

       Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау жолымен жасалынады. Мысалы: Фантастикалық романдарды оқи отырып, сіз ойдан жасалынған кейіпкерлер  (жезтырнақ, дәу) бәрі бір өзінің түр-келбетімен бізге танымал обьектілерге ұқсас екенін аңғарған боларсыз. Өзіміз қандай да бір нәрсені немесе оқиғаны елестете отырып, біз оны толықтай көз алдымызға елестете алмаймыз. Оқиға бір-бірімен байланыссыз фрагменттер түрінде емес, тұтастай және үздіксіз көрінуі тиіс. Осылайша, материалдардың өзіндік қайта өңделуі жүреді, яғни өндіру процессінде біздің қиялымыздың іс-әрекеті көрінеді.

       Көп жағдайда қиялдардың іс-әрекеті біз ешқашан қабылдамаған объектілер мен құбылыстардың объектісін қалыптастыруда көрінеді. Тап осылайша, біз ешқашан болмаған табиғи зоналар туралы немесе әдеби кейіпкердің образы туралы көрініс пайда болады.

       Қиялдардың іс-әрекеті адамдардың эмоциялық көңіл күйімен тығыз байланысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі-бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Яғни қиял біздің іс-әрекетімізді реттеуде үлкен роль атқарады.

       Қиял біздің ерікті іс-әрекеттердің жүзеге асуымен де байланысты. Қиял біздің еңбек іс-әрекетерінің кез-келген түрінде кездеседі, себебі қандай да бір нәрсені жасау үшін, жасалынатын нәрсе туралы хабардар болуымыз қажет. Онымен қоса біз шығармашылыққа жақындай түссек, қиялдың маңызы да соғұрлым жоғарлай түседі.

       Қиялдың физиологиялық негізі, нерв жүйесінің байланысының актуализациясы, оның ыдырауы қайта топтасуы, жаңа жүйеге бірігуі болып табылады. Осылайша, бұрынғы тәжірибемен сәйкес келмейтін, бірақ одан толықтай ажырамаған образдар пайда болады. Қиялдың күрделілігі, олардың эмоциямен байланысы, олардың физиологиялық механизмнің құрылымдарымен өте тығыз байланысты екенін көрсетеді. Бұл жерде көп жағайда гипоталамо-лимбикалық жүйе үлкен роль атқарады.

       Қиял көптеген органикалық процесстер мен қозғалыстарға әсер етеді. Ішкі органдарың іс-әрекетіне зат алмасу процесіне т.б. Мысалы: дәмді түскі ас туралы көз алдымызға елестетсек, бізде сілекей бөлінеді, ал күйік туралы ойласақ біздің терімізде ң күйіктің ң шынайы белгілері пайда болғандай болады. Бұндай заңдылық баяғыдан белгілі және психоматикалық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады. Бір жағынан қиял адамдардың қозғалыс функцияларына ықпал етеді. Мысалы: Біз жарыс кезінде стадионда жүгіріп келе жатырмыз деп елестетсек, бұлшық еттеріміздің қозғалғаны да байқалады.

       Қиялдың органикалық процесстерге деген ықпалының тағы бір мысалы: қандай да бір физикалық жұмысты атқару кезінде газ алмасу процессінің өзгеруі болып табылады. Мысалы: біз өзімізді жарыста ауыр штанганы көтеріп жатырмыз деп ойлайық. Бұл жағдайда арнайы прибор газ алмасудың интенсивтілігінің ұлғайғанын көрсетеді. Бұл құбылыс біз штанга көтеріп тұрған адамды көрген кезде де байқалады.

       Осылайша, қиял адам организімінің процесстерін реттеуде де және олардың жүріс-тұрысын реттеуде де үлкен рөль атқарады.

 

Қиялдың түрлері

       Қиял процессі ес сияқты ерікті (мақсатты) немесе әдейі жасалынуы бойынша бөлінеді. Еріксіз (мақсатсыз) жасалынған қиялға түс жатады. Себебі, онда образдар әдейіленіп жасалынбайды, және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.

Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор. Қиялдың бұл түрі адамның алдында өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі-бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді. Бұл жағдайда қиял адамның өз арқылы бақыланады және бағытталады. Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр.

Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиял, шығармашылық қиял және арманды бөліп қарауға болады.

Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін обьектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұндай түрімен, географиялық орын немесе тарихи оқиға туралы суреттеуді оқыған кезде әдебиет кейіпкерлерімен танысу кезінде кезігеміз. Қиялдың бұл формасы тек қана көруімен ғана емес, сонымен қатар есту т.б. сияқты процесспен байланысты. А.С. Пушкиннің ң Полтава ң атты поэмасын оқи отырып, біз атылған оқтың дауысын, солдаттардың айқайын, барабандардың соғуын айқын көз алдымызға елестетеміз.

       Қайта жасау қиялмен біз көп жағдайда сөзбен сипаттау бойынша қандай да бір көріністі жасау қажет болған жағдайда кездесеміз. Алайда, біз бір нәрсені сөзбен емес, схема сызу негізінде жасау қажет болатын жағдайлар кездеседі. Бұндай жерде образды жасау, адамның кеңістіктегі қиялға қабілеттілігімен анықталады. Әрине, бұл қиял түрі адамның ойлау және ес процессмен тығыз байланысты.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: