Ерiк жайлы негiзгi теориялар. 16 страница

Эмоционалдық құбылыс құрылымында үш компоненттi көрсетуге болады: пәнi, эмоционалды уайым және қажеттiлiк (мотив-түрткiлер).

Эмоция пәнiне адамның өмiрiнде эмоционалдық уайымдардың тууына байланысты кез-келген адамға мәндi құбылыстардың көрiнiсi. Олар мынадай болуы мүмкiн: емтиханда алған баға, жұмысқа кешiгу, табиғат құбылысы, бiреулердiң қылығы және ой-пiкiрлер т.б. Мұндай мағыналы уақиғалар мен жағдаяттар эмоциогендiк деп аталады. Бұл эмоциогендiк жағдайлар кездейсоқ ойламаған (стихиялық) немесе бiреудiң көздеген ойынан тууы мүмкiн. Уайымдар эмоция пәнiнiң мазмұнын анықтайды.

Эмоционалды уайымдар эмоционалдық құбылыстардың негiзгi компонентiн құрайды, яғни адамдардағы эмоциогендiк жағдаяттарда кездесетiн қақтығыстар: түсiнбеушiлiк, шошу, таң қалу т.б. субьективтi реакциялар туғызады. Эмоционалдық уайымдар адамдарда әрқашан ырықсыз және ырықты саналы түрде туып отырады. Эмоционалды уайым түрлi деңгейде саналы және адамның iшкi рухани әлемiн (зейiнiн, ойлауын, есiн, қабылдауын), физиологиялық процестерiн (жүрек қан—тамырларын, тыныс алу, ас қорыту т.б.) өзгертедi.

Қажеттiлiк эмоционалды құбылыстың үшiншi компонентiн құрайды. Қажеттiлiк адамның iшкi психологиялық негiзi (көрсеткiштерi) болып бағаланады. Болып жатқан немесе өтiп кеткен жағдаяттардың мәнi қәзiргi жағдайда өзектi қажеттiлiгiмен белгiлi бiр мөлшерде байланысы, қажеттiлiктерге кедергi немесе қанағаттандыруға жағдай жасау. Мағыналық әрқашанда қажеттiлiктермен белгiленедi. Мағыналық жағдайлардың болмауында эмоция көрiнбейдi. Мысалы, аш адамда эмоциялық уайымдармен байланысты көп жағдаяттар туындайды. Бiрақта сол жағдаяттар тек тамақ қажеттiлiгiн қанағаттандырғаннан кейiн адамға мағынасы мәнсiз болуы мүмкiн.

Қорыта айтқанда, эмоционалды уайымды адамға мағыналы қажеттiлiктердi қанағаттандыру үшiн және адамның өмiрлiк түрлi жағдаяттарының түрткiлерiне субьективтi реакция болып қарастырылады.

Тұрақсыз әлеуметтiк, экономикалық, саяси, экологиялық жағдай өскелең ұрпақтың және тұлға дамуындағы әртүрлi ауытқулардың өсуiне бейiмделтедi.       Бiрiншiден, зорлық-зомбылық, ұрыс-тартыс, қажеттiлiктерiн қанағаттандырмаған жағдайда, криминалды оқиғалар жиi ұшырасқанда адамдарда эмоционалды шиеленiсу болады. Екiншiден, әлеуметтiк ортадағы жағымсыз, қолайсыз оқиғаларды көрсету психикалық денсаулыққа, психикалық көңiл-күйге, яғни осы өмiрге деген қорқыныш, сенiмсiздiк пайда болады. Мысалы, қоғамда қауiптiжағдай кездескен жағдайда, мен өзiмдi осы жағдаймен күресудiң әдiс-тәсiлдерiн, ыңғайын iздестiруiм керек.

 

Эмоцияның қызметтерi

Эмоциялар адамның әлеуметтiк болмысын қамтамасыз ететiн маңызды психологиялық құрал болып табылады. Сондықтан да олар адамда оның iшкi (жан) дүниесiнiң қажеттi жағы ретiнде пайда болады және онда өмiр сүредi. Эмоциялар мынадай функцияларды атқарады: бағалаушы, сигналдық, оятушы және коммуникативтi, сонымен қатар физиологиялық және танымдық процестерге әсер ету функциясын атқарады.

Эмоцияның алгашқы және маңызды функциясы адам үшiн қоршаған заттардың, құбылыстардың адамдардың әсерлi оқиғалардың өз ойларының жоспарларының шешiмдерiнiң және т.б. субъективтi мәнiн бастапқы бағалау болып табылады. Эмоциялар адам үшiн әртүрлi өмiрдегi оқиғаларда, адамдарға және өзiне, заттар мен құбылыстарға жылдам және сенiмдi бағдар жасауға мүмкiндiк беретiн өзiнше бiр iштегi компас ролiн атқарады. Бiзге эмоциялық бағалаулар интеллектуалды бағалауға қарағанда сенiмдiрек және жеке мәнге ие болады. Сондықтан да бiз оларға сенуге және бағынуға бейiмбiз. Мысалы, кез-келген темекi шегетiн адам никотиннiң зияндығын бiле тұрса да, темекiнi тастамайды. Бұл бiлiмi оған қатысы жоқ абстракция сияқты болады. Адамның темекiге деген қарым-қатынасын өзгерту үшiн сол адам темекiнiң зияндығын эмоциялық тұрғыда басынан кешiру керек.

Эмоциялар адамға оның қажеттiлiгiнiң күйi туралы сигнал берiп тұрады. Бiр нәрсеге деген мәжбүрлiк өзектiлiгiнен, сәйкесiнше эмоциялық күйзелiстер (ашығу, қызығу) туады. Олар қажеттiлiктер деп аталады. Қажеттiлiктiң күйiне байланысты күшеюi, азаюы, мүлдем жоғалып кетуi, белгiсi бойынша қарама-қарсыға ауысуы мұмкiн. Қажеттiлiктiң өмiр сүруiнiң эмоциялық негiзi мен субъективтi формасын құрайды.

Эмоциялар оятушы фукцияларды да атқарады, яғни белсендiлiктiң қайнар көзi болып табылады. Эмоциялардың оятушы мүмкiндiктерi тiкелей олардың күшi мен белгiсiне байланысты. Мысалы, бұл жерде қатты және жай ауруды, үрейдi, ұятты және кез-келген басқа эмоцияларды салыстыруға болады. Белсендiлiктiң бағыты эмоцияның белгiсiмен анықталады. Жағымды эмоциялар эмоциялық жағдайға бағытталған әрекеттердi оятады.

 Әсiресе қуаныш эмоциясы осы жөнiнде ғалым Р.Х.Шакуров өте жақсы айтып кеткен. (Психология эмоции. Новый подход – журнал ңМир психологииң, 2002, N4). Бiздiң бойымызда қуанышымыз өмiрге деген қызығушылығымызды шақырады және сол арқылы дем бередi. Қоғамға пайдалы шындық бiздiң бойымызға қуаныш әкеледi.

Жағымды эмоциялар адам өмiр жолын таңдау барысында өмiрлiк бағдар бередi (×уприкова Н.И. Эмоциональные сигналы, Определяющий выбор жизненного пути. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 44-47).

Жағымсыз эмоциялар керiсiнше ояту функцияларын орындайды.

Эмоциялар адамның физиологиялық функцияларына өте қатты әсер етедi, себебi эмоция олармен қосылып ортақ психофизиологиялық жүйенi құрайды. Сондықтан да эмоциялар әрқашанда ағзаның азды-көптi өзгерiстерiмен бiрге жүредi. Физиологиялық фукнцияларды эмоция арқылы реттеу мүмкiндiктерi өте көп. Олар әртүрлi бағытта ондаған, жүздеген есе өзгеруi мүмкiн: күшеюi, әлсiреуi, тiптен толық өшiп қалуға дейiн, жақсаруы, паталогияға дейiн нашарлауы, жылдамдауы, баяулауы және т.б. Көптеген аурулар және уақытынан бұрын қартаю немесе жасару эмоциялық негiзде пайда болады.

Эмоциялар адамның санасы мен танымдық процестерiне де дәл осылай әсер етедi. Эмоциялардың әсерiмен олардың мүмкiндiктерi мен фукнциялық сипаттамалары қатты өзгерiске үшырай алады (жақсарады немесе нашарлайды). Мысалы, адам қатты стрестiң әсерiнен ойлауы, есте сақтауы, зейiнiн тұрақтандыруы, нашарлауы, өзi әрекеттерiн саналы бақылауының төмендеуi мүмкiн. Эмоциялық механизмдердiң негiзiнде творчествалық ойлау мен қиял жұмыс iстейдi. Эмоциялық күйде болмаған оқиғалар бейтарапқа қарағанда жақсырақ есте сақталады.

Эмоцияның бұл функциялық ерекшелiктерiнiң практикалық мәнi маңызды.

Эмоциялар iшкi психикалық процестер болып табылады. Бiрақта олар сырттай жақсы көрiнедi: мимикадан, көзқарасынан, әрекеттерден, қимылдан, елестен, интонациядан және сөйлеудiң басқа да ерекшелiктерiнен. Бұл басқа адамдардың эмоциялық күйiн түсiнуге және олармен нәтижелi қарым-қатынас жасауға мүмкiндiк бередi.

 

Эмоцияның формалары және негiзгi түрлерi

Көрсеткен қасиеттерi теориятикалық жағынан есепке алып, эмоцияның формаларын және сансыз көп түрлерiг айқындауға болады. Бiрақ белгiлi жақсы кербiреулерi ғана жеткiлiктi суреттелген. Мысалы, американдық психолог К.Изард фундаменталды он эмоциялардың түрлерiн көрсеткен.

Қызығушылық-қозу жағдаяттарға сыйю, ой-өрiстi кеңейту, бiлу, зерттеу ықыласы, бiреуге немесе бiр нәрсеге әуесқойлық және сезiм құшағында күйзелу. Тиiмдi, әсiресе, танымдық мотив (түрткi) iс-әрекеттiң мағынасына сәйкес және күштiлiгi жеткiлiктi көрiнедi. Қызығушылыққа қарама-қарсы эмоцияны зерiгу деп атаймыз. Ол монотондық жағдайда туады. Субъектiнiң тиiстi пәнiмен немесе ақпараттармен ерекше қарым-қатынас және жаңа жағдаяттармен қақтығысқанда қызығушылық эмоция күшейедi. Таңырқау, қызығу эмоциясына жақындау, қарама-қайшылық, ерекшелiк, жаңа ұқсас жағдаяттарда туады. Бiрақ, тез уақытта өтетiн эмоция болып көрiнедi. Күштi танымдық мотив ретiнде көрiнедi, соңғы әрекеттердi итермелейдi, яғни, айқындау, бiлу, анықтау, көз жеткiзу т.б.

Қуаныш эмоциясы адамның мүмкiншiлiктерi және негiзгi тұлғалық қасиеттерiн жүзеге асыруда пайда болады. Қоршаған әлеммен және басқа адамдармен, өзiмен қанағаттану сезiмiмен және өмiрге қанағаттану күйi. Оптимизм және мүмкiншiлiгiн кеңейту күштiң көбею сезiмiнен байқалады.

Эмоция азабы өмiрлiк мақсатқа жетуге ұмтылысқа керi әсерiн тизе отырып туындайды. Азапқа, жеке ар-намысқа тию, адамдардың қорлауы, алаяқтық, қуаныш күйiн талдау, адам құндылықтарын келеке етуiне себеп болуы мүмкiн. Адамдарғы азапқа қарысы болып, кек алу мақсаты күш бередi. Күштi азап аффектiге және ашық күреске айналып кетуi мүмкiн. Бұл жағдайда адам өзiндiк бақылауын, саналы түрде басқару мүмкiншiлiгi шектеледi, тiптi өз әрекетiн жоғалтады. Көп жағдайда азап басқа адамдарға қарсы бағытталуы, сондай-ақ ол бағыт өзiне бағытталуы мүмкiн.

өялу эмоциясы субъект өзiне, көзқарасына, ойына, тұлғалық қасиетерiне, қатынастарына, сыртқы ерекшелiгiне сәйкес емес әрекеттерiн жасаған кезде туады. Бұл күйзелiсте субъект өзiн басқалармен салыстырғанда жаман, қолынан ештеңе келмейтiн, әлсiз, кiшкентай, ешнәрсеге жарамайтын, ақымақ, тартымсыз, жол болмағандай сезiнедi. Оған басқалар оның кемшiлiктерiн көрiп, жек көретiндей көрiнедi. Сондықтан ол басқа адамдардан өзiн алшақ ұстап, жат жүруге даяр болады. өялудың жеңiл формасы қызару. өялу интеллект жұмысын тоқтатады, адамның әрекетi мен қылықарына қатты әсер етедi, сананы жаулап алады. Тұлғаны қорғаныш механизмдерi белсендiредi. Өмiрдегi түрлi  жағдайлар ұялу мен одан адамгершiлiк деңгейде  құтылу – тұлғалық борыш.

өялуға қарама-қарсы эмоциялық күй – мақтаныш эмоциясы. Ол моральдық-эстетикалық талаптардың жоғары деңгейiнде туындайды. Ол өзiнiң мағыналығын, артықшылығын, құндылығын басқа адамдардан жақсы лебiздер естiген кезде сезiнедi. өялу мен мақтаныш эмоциясы негiзiнде адамда өзiне қатысты тұрақты дамуы жүредi.

Айну эмоциясы субъектiнiң моральдық-эстетикалық талабына сәйкес емес жағдайларда, объектiлерге, құбылыстарға немесе адамдарға туындайды. Бұл адамның қылықтары, ойлары, тiлектерi, нақты заттары, iс-әрекет кемiстiгi және т.б. Айну эмоциясы сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады.

Жек көру эмоциясы айнуға мағынасы ұқсас келедi, бiрақ өзiнiң қосымша ерекшелiгi бар. Ол сәйкес объектiнi өзгертудi, жақсартуды, жетiлдiрудi, жою немесе алшақ жүрудi тудырады. Сонымен қатар ол жек көрген адамнан немесе топтан өзiн алшақ ұстап, өзiнiң артықшылығын, ар-намысын сезiнедi.

Өзiн кiнәлау эмоциясында адам өзiнiң кiнәсiн мойындайды, өзiнiң оған қатысын немесе шығынға жауапкершiлiгiн, басқа адамдардың жайсыздығын, жолының болмауына өзiн кiнәлi сезiнедi. Бұл кезде ол өзiн-өзi кiнәлайды және өкiнедi (үлгерген жоқпын, iстей алмадым, ескерте алмадым, кең пейiлдiк көрсете алмадым және т.б.), көбiнесе өзiнiң кiнәсiн ақтауға тырысады (зардап шегiнуге көмектесу, кешiрiм өтiну, түсiндiруге тырысу). Тұлғаның негiзгi кемелдену көрсеткiшi – ол өзiнiң қылығына жауап беру және кiнә сезiмiн сезiну, кiнәсiн ақтауға тырысу.

Қорқыныш эмоциясы адамның тұлғалық немесе дене бiтiмiне өмiрiнде қауiптiң төнуi кезiнде пайда болады. Қауiп төну деңгейiне байланысты сенiмсiздiк жағдай, мазасыздану, жамандықты сезiну, қауiптiлiгiн қамтамасыз ете алмау, қауiп, күштi қорқыныш бақылауға келмейтiн аффектiге айналуы мүмкiн. Адам өзiнiң күштiлiгi немесе батылдығы осы сезiмдерден өткенде бағалайды.

Кез-келген адамның өзiнiң қайталанбас эмоционалдық қоры болады. Бұл нақты эмоциялық бейiмдiлiкте: қуанышта, қайғыда, қызығуда, кiнәнi сезiнуде көрiнедi. Эмоционалдық таңдауына байланысты тұлғаның эмоционалдық типтерiн анықтауға болады.

 

 

Эмоциялық күйзелiстердiң негiзгi қасиеттерi

Адамның эмоциялық өмiрi бiрiнен соң бiрi келетiн күйлердiң әр-алуандығымен және қайталанбайтындығымен ерекшеленедi. Бiрақ та эмоциялар әр-алуандығына қарамастан мынадай ортақ қасиеттермен сипатталады: сапалы белгi, интенсивтiлiгi мен ұзақтығы. Олардың қасиеттерiмен арақатынасына байланысты эмоцияның түрлерi мен формаларын ажыратуға болады.

Эмоцияның көрiнiсi – бұл әрбiр күйзелiске өзгешелiк пен қайталанбастық беретiн сапалы сипаттама. Ол эмоцияның негiзiнде жатқан қажеттiлiктiң сипатымен анықталады. Әрбiр қажеттiлiк жеке, тек соған ғана тән эмоциялық бояумен бiрге жүредi. Мысалы, тамаққа деген қажеттiлiк эмоциялық бояудың бiр типiн, танымдық - екiншiсiн, жыныстық - үшiншiсiн тудырады. Сәйкесiнше боялуына байланысты эмоцияларда қажеттiлiк қанша болса, қажеттiлiк соншама болады.

Эмоциялық көрiнiстi сөзбен жеткiзу мүмкiн емес. Оны тiкелей бастан өткiзу керек.

Эмоцияның белгiсi эмоция қандай болса да субъективтi жағымды және жағымсыздығына сәйкес келедi. Ол сәйкес эмоциогендi жағдаяттың пайдалы-зияндығының субъективтi көрсеткiшi болып табылады. Белгiсiне байланысты жағымды, жағымсыз және екi жақты (амбиваленттi) эмоцияларды атайды.

Жағымды эмоциялар ситуацияны және оқиғаның адам үшiн пайдалы екендiгiн көрсетедi Олар қажеттiлiктер қанағаттанғанда немесе осыған септiгiн тигiзетiн жағдаяттарда пайда болады. Жағымды эмоциялар адамға пайдалы. Бiздiң рахаттануға деген талпынуымызда осыдан қанағаттанбаушылықтан туатын жағымсыз эмоциялар адам үшiн сәйкес жағдаяттар мен оқиғалардың зияндығын көрсетедi. Олар қажеттiлiктердiң ұзақ қанағаттанбауынан және соған кедергi келтiретiн жағдаяттарда пайда болады. Олар сәйкес жағдаяттардан шығу, жеңу немесе жоюға бағытталған әрекеттердi оятады. Екi жақты эмоциялар белгiлi бiр арақатынаста жағымды да, жағымсыз да күйзелiстердi қатар алып жүредi. Олар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасының күрделiлiгiн және қарама-қайшылықтығын көрсетедi.

Эмоцияның күштiлiгi- бұл олардың сандық сипаттамасы. Ол екi фактормен анықталады: сәйкес қажеттiлiктiң қанағаттанбағандық деңгейiмен және оның қанағаттануына әсер еткен жағдайлардың күтпеген жерден болғандығымен.

Бұл жердегi заңдылық мынада: қажеттiлiк және субъект үшiн оның қанағаттануына кедергi келтiрген жағдайлардың ойламаған жерден болуы қандай күштi болса бұл жердегi эмоцияның күйзелiсте сондай күштi болады. Осы факторлар арқылы адамның эмоциялық реакцияларын басқаруға болады, яғни олардың күшеюi немесе әлсiреуiне әсер етуге болады. Күштiлiгiне байланысты эмоциялардың көп түрiн бөлуге болады. Аз көрiнетiн және нашар сезiлетiн түйсiнудiң эмоциялық жағынан бастап, күштi, қысқа уақыттық, бақылауға және басқаруға келмейтiн аффектермен аяқтауға болады.

өзақтық эмоцияның уақытша сипаттамасы болып табылады. Ол адамның эмоциогендi жағдаяттармен (шынайы немесе ойдағы) байланысының ұзақтығына байланысты және сәйкес қажеттiлiк қанағаттанбаған күйде тұрған уақытқа байланысты. Осы факторлар арқылы эмоцияның ұзақтығын алдын-ала өзгертiп, яғни оның созылуына немесе қысқаруына әсер етуге болады. Созылу уақытына байланысты эмоцияның түрлерi өте көп, қысқа уақыттың аффективтi реакциядан бастап бiрнеше күнге созылатын эмоциялық күйлермен аяқтауға болады. Мысалы ретiнде көңiл-күйдi алуға болады.

Қазiргi кезде балалар эмоциясына көп әсер ететiн теледидардағы бағдарламалар мен компьютерлер. Қазiргi адамның өмiрi түрлi техникалар мен электроникалар адам тұрмысы мен өмiр сүруiн жеңiлдетедi, бiрақта ар-намысына тырысып, биiк деңгейде өмiр сүру үшiн не керек? Рухани, моралды құндылықтармен байытып (жәрдем беру, адамгершiлiк, өнерге, әдебиетке, поэзияға т.б.) толықтыру қажет. Мысалы, адамдардың өмiрiн компьютермен салыстырсақ, компьютердiң адамдарға қарағанда мүмкiншiлiктерi бiршама артық. Компьютер адамдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында, өндiрiсте, оқуда тиiмдi (жеңiлдету, тездету, тереңдету) жағдайларды туғызады, техникалық, экономикалық прогреске жол ашады. Бiрақта ақыл-ой еңбегiн жеңiлдете отырып, ол адамның жалпы дамуын шектейдi, яғни ақыл-ой дағдылары тиiстi деңгейге көтерiлмейдi. Балалардың қиялына, логикалық ойлауына, ырықты ес процестерiне тиiстi тосқауыл қояды. Компьютер балалардың iшкi әлемiн өз экраны сияқты тарылтады. Олардың ақыл-ойын қарапайым сезiмсiз интегралды сұлбаға айналдырады. Компьютердiң есiнде жан, жоғары сезiм туралы түсiнiк жоқ. Тек қана жан адам баласының ойын мынадан: өзара тақыр есептесуден сақтайды. Жан ғана адамның ақыл-ойын жоғары сезiмдермен (жоғары махаббат, адамдарға ақ ниетпен қарау, әлемдi сүю т.б.) сәулелендiредi. Дамыған жан адамның ақыл-ойын қатыгез, салқынқандық, адамзатқа зиян келтiретiн ойлардан сақтайды. Осыны түсiне отырып, белгiлi немiс жазушысы Ремарк былай деп жазған: ң Мен ғажап уақытта өмiр сүргенмiн, талай ғылым жетiстiктерiне (газ пешi, электрлi тұрмыс құралдары т.б.) куәгерi болдым. Көп қиындықтарды ғылым арқылы жеңдiк. Бiрақ та адамдар осы уақыттың арасында өзгерген жоқ. Адамдар бiр-бiрiне жақын болғысы келмейдi және жақсармады.

Қорыта айтқанда, адамдардың сезiмдерiн байытуда ғылымның, техиканың түрлi жетiстiктерi басты рол арқармайды. Адамдарға жоғары сезiмдер ақыл-ой, адамгершiлiк, эстетикалық сезiмдер қажет.

Жоғары сезiмдер

Ақыл-ой сезiмi адамның таным қажеттiлiктерiмен тығыз байланысты. Таным қажеттiлiктерiн оятатын көркем әдебиет, теледидар, өнер, компьютер бағдарламалары. Кiтап арқылы адам өзiн және басқа адамдарның эмоциялық әлемiн таниды, өзiнiң эмоционалды күйiн бағалайды және реттейдi, өзiн өзгертедi, өмiр талабына сай қалыптастырады. Бiрақ кiтап адам өмiрiнiң барлық кезеңiн көрсете алмайды, тек ерекше, есте қаларлық жағдайларды бередi. Ол адамдардың эмоциялық қуаттарын - қалыптасқан ойларды жинақтайды, тұтынушы, насихаттаушы және ұйымдастырушы қызметтерiн атқарады. Қоғамның эмоциялық жағдайларына бағыт-бағдар бередi (Бездидко А.В. Книга эмоциональной сферы человека. Журнал ңМир психологииң, 2002, N4, стр. 85-89).  

Эстетикалық сезiм адамдардың сұлулыққа, әсемдiлiкке, табиғатқа деген сезiмiн ояту. Өнер, музыка, көркем шығармалар, шешендiк өнер, поэзия, республикада кең таралған көрермендердiң көңiлiнен шыққан, жүрегiне жол тауып баурап алатын ақындар сайысы, адамның жан дүниесiн тереңдетiп оны шабыттандыра түседi.

Адамгершiлiк сезiм демократия және гуманистiк, гуманитарлық үстемдiк ететiн қоғамдағы адамгершiлiк сезiмдер – борыш сезiмi, әр адамның өз халқы алдындағы азаматтық қасиеттерiн құрмет тұтуы. Мысалы, адамзатқа белгiлi тарихи тұлғалар өздерiнiң кең рухани байлықтарымен және адамсүйгiштiк қасиеттерiмен қадiрлi болған. Олар Сократ, Платон, Аристотель, Мухаммед Пайғамбар, Ибн-Сина, Әл-Фараби, Абай, Алтынсарин, Шоқан, Ыбырай т.б. Қазiргi кезеңде өрiс алып кетуiне байланысты жастарымыздың сана-сезiмiн уландырып, ұлттық менталитетiмiзге жат жәйттердi, құбылыстарды болдырмау үшiн жасөспiрiмдердiң жоғарыда айтқандай биiк сезiмдерiн жаңа бiлiм, тәрбие технологиялары арқылы сусындап, қаруландыруымыз қажет.

 

Сезiмдердiң психологиялық сипаттамасы

Сезiмдер деп тұрақты, эмоционалды боялған тұлғалық құрылымдарды айтамыз, онда адамның бiреуге немесе бiр нәрсеге деген қатынасы бейнеленедi: бiреуге деген махаббат сезiмi, патриотизм сезiмi, ұят сезiмi, т.б. Сезiм мәндi эмоционалды бастан кешiрулердiң жалпылау аккумуляциялау механизiмi негiзiнде пайда болады. Сәйкес эмоциялар формасында оларды адам саналайды. Мысалы, егер бiр адамның әрекеттерi ылғи да бiзде жек көру эмоциясын тудырса, бұл сол адамға кездескен сайын (ол өзiн дұрыс немесе дұрыс емес ұстаса да) әркез тұрақты жек көру сезiмiнiң пайда болатынына алып келедi. Әрбiр сезiмде сәйкес эмоцияларды бастан кешулердiң жеке тәжiрибелерi шоғырланған. Сезiм қаттырақ болған сайын, онда эмоционалды күш те көбiрек болады. Сондықтан сезiмдер ылғи да өз-өзiнiң мәнiн құрайтын терең интимдi тұлғалық құрылым ретiнде бастан кешiрiледi. Оларды тұлғаның эмоционалды негiзi ретiнде анықтауға болады. Әйгiлi орыс психологы В.И. Мясищев қатынастарды тұлғаның құраушы компоненттерi ретiнде, ал тұлғаны қатынастар жүйесi ретiнде қарастырды.

Сезiмдер ояту, мағыналық бағасы, жүрiс-тұрысты реттеу, ағза жұмысын реттеу, адамның жан дүниесiн реттеу (арман, ой, тiлек, шешiм, еске түсiру, т.б.) сияқты қызметтердi атқарады. Сезiмдердi функциялар, заттық мазмұн, эмоционалды бояу, күш, тұрақтылық, саналау деңгейi, белгi сияқты параметрлермен сипаттауға болады.

Нақты адам, әлеуметттiк топтар және қоғамдастықтар, мемлекет, отан, құдай, эстетикалық объектiлер, iс-әрекет, бiлiмдер, мәдениет т.б. барлық мүмкiн заттары сезiмдер мазмұны бола алады. Осыған сәйкес өнегелiк сезiмдердi (махаббат, сыйлау, жек көру және т.б.), патриоттық сезiмдердi, дiни сезiмдердi, эстетикалық сезiмдердi, практикалық сезiмдердi, интеллектуалды сезiмдердi т.б. бөлуге болады. Сезiмдердiң эмоционалды боялуы бастан кешулердiң сапалық боялуымен анықталады. Сезiмдердiң эмоционалды боялу диапазоны өте кең. Эмоциялар қанша болса, олар да сонша көп. Сезiмнiң күшi мен тұратылығы сезiм бағытталған сәйкес объектiнiң адам үшiн маңыздылығымен, онда жиналған эмоционалды бастан кешулердiң санымен анықталады. Сезiм объектiсi қаншалықты маңызды болса және онда бастан кешулер қаншалықты көбiрек жинақталған болса, ол яғни сезiм соншалықты күштi және тұрақты болады. Ең күштi және тұрақты сезiмдер оның көзқарастарын, құндылық бағыттарын, пiкiрлерiн, яғни тұлға ядросын (орталығын) құрайды. Сезiмдер саналанудың тұрлi деңгейiне ие және белгi бойынша ерекшеленедi.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: