Ерiк жайлы негiзгi теориялар. 13 страница

       Естiң әр адамда даралық ерекшелiктерi болады. Бiреулер түрiн жақсы еске сақтайды да, сөздердi тез ұмыта бередi. Бiреулер әңдердi тез еске сақтайды, бiреулер қимылдарды. Ал қазақ ақындарында мен жырауларында естү есi жақсы дамыған болытын едi. Осындай ерекшелiктерiне орай естiң типтерiн бөлiнедi. Есте қалдыру мен ұмытудың шапшаңдығына, олардың баяулығына орай төрт типке бөлiнедi: есте қалдыру                ұмыту

       Бiрiншi - шапшаң                      баяу

       Екiншi - баяу                           баяу

       үшiншi - шапшаң                      шапшаң

       төртiншi – баяу                            шапшаң

Бiрiншi типтегi адамдар оқыған немеес жаттаған нәрсесiн бiр реттен ақ есiнде жақсы қалдырады. Естi дамытуға әр кезде болады.

       Адамға бiлiм алу үшiн әр кезде ес керек болып жатады. Оқудың сапасын көтеру үшiн естi дамытуға қажет. Бiздiң көргенiмiздiң, естiгенiмiздiң және сезiнгенiмiздiң көбiсi ұмытылып кетедi, өйткенi оған зейiнсiз қараймыз. Ес зейiн, қабылдау және ойлау құбылыстарымен тығыз байланысты болады.  Сондықтан, есте сақтауды жақсартамын десеңiз байқағыштықты, таңдаушылықты, елестету мен түсiнудi және санаға жеткiзудi жетiлдiру қажет.

        Психологтарменен өте көп тәсiлдер ашылған. Осыларды колданғанда, мысалы, шетел тiлдердi тез жаттауға болады немесе емтихандарға дайындалуға көмектеседi. Бұл мнемотехникалар:

       ВИЗУАЛИЗАЦИЯ. Жаттаған сөздерден бейненi құрастырып жаттау. ''the sun shines’’ дегенде ‘’күн шықты’’ деп жаттамай, орнына күннiң жарқырағанын елестетiңiз.

       УАҚЫТҚА БАұЫТ-БАұДАР ҚОЮ. Егер есте сақталатын мәлiметтi тек емтихан тапсырғанға дейiн деп сақтаса, ол тез ұмытылады. Ал сол мәлiмет болашақ мамандық бойынша жұмыс iстегенде керек болады деп сақтаса, ол көп уахытқа қалады.

       АССОЦИАТИВТi ЕСТЕ САҚТАУ. Есте сақталатын сандарға, сөздерге, қимылдарға т.б. ассоциативтi байланыстарды табу. Мысалы, телефонның номiрiн сақтағанда, сандарды әйгiлi жылдармен байланыстыру. Бiр сөздерде, сойлемдерде белгiлi көшелердi немесе орындарды елестету. Қимылдарда бiр аңдармен байланыстыру.

       ‘ ’МИНУСТЫ’’ ‘’ПЛЮСҚА’’ АУЫСТЫРУ. Бiр нәрсенi еске сақтағыңыз келсе оны жақсы көңiл күйiңiзбен байланыстырыңыз. Немесе жаттайтын нәрсенiң қабылдауын жағымды қылып өзiңiзге көрсетiңiз. Сол кезде ол көпке дейiн сақталады.

       ФАМИЛИЯЛАРДЫ ЕСКЕ САҚТАУ. Басқа адаммен танысқанда фамилиясын немесе атын дұрыс еске сақтамасаңыз, сол адамды ренжiтiп аласыз. Сiзде сөздердердi еске сақтау қабылеттiң дамымағанын ол қайдан бiлсiн. Сол үшiн ең алдыменен айтылғанда дұрыс естiп алыңыз. Түсiнбесеңiз тағы қайталауды сұраңыз. Онда түрған еш нәрсе жоқ. Содан барып сол сөздiң мәнiн түсiнүге тырысыңыз немесе өзiңiз өте жақсы бiлетiн ұқсас атты адамдармен байланыстырыңыз.  

       ТӘУЛIК БОЙЫ ЕСКЕ САҚТАУЫМЫЗ ӨЗГЕРЕДI. Табиғи адамда әр кезде жұмыс қабылетi өсiп немесе төмен түсуi қалыптасқан. Есте де күшеюi немесе әлсiреуi болады. Сонымен түнде, сағат 2-4 дейiн және күндiз сағат 12-14 арасында есте сақтауымыз нашарлайды. Ал таң ертең сағат 8-12 дейiн және күндiз 14-17 дейiн еске сақтауымыз күшеедi. Бiрақ кейбiр кездерде адамның кеш уақыттарында ойлау және еске сақтау жұмысы жақсарады.

       ӨЗ ТIЛI³Е АУДАРУ. Еске сақтау мәлiметтi өзiңе түсiнiктi ұғымдармен, өз сөзiңе ауыстыру. Өзiiнiң тәжиребеңнен алынған нәрселерге байланыстырғанда еске сақтау жақсарады.

 

ОЙЛАУ

  Ойлаудың табиғаты және негiзгi түрлерi

     Бiздiң қоршаған дүние туралы бiлiмдерiмiз түйсiк пен қабылдаудан басталады. Бiрақ таным олармен ғана шектелмейдi. Түйсiктер мен қабылдау арқылы алынған мәлiметтер сезiмдiк шектен шығып, ойлау арқылы бiздiң таным шекарасын кеңейтедi. Себебi ойлауда қабылдауда берiлмеген нәрсенi ой қорытындылары арқылы жанама түрде ашуға мүмкiндiк беретiн қасиет болады. Ойлау негiзiнде адамның қоршаған дүние жөнiндегi танымы тереңдей түседi.

     Ойлау дегенiмiз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуi.

     Түйсiктер мен қабылдау ақиқат дүние құбылыстарының жеке қасиеттерiн көбiне ретсiз кездейсоқ түрде бейнелендiредi. Ал ойлау адамға заттар мен құбылыстардың қасиеттерi мен олардың өзара қатынастарын салыстырып, ажыратуға, олардың сезiмдiк түрде берiлмеген қасиеттерiн, жаңа қатынастары мен қырларын ашады. Сөйтiп, ойлау сезiм мүшелерi арқылы алынған мәлiметтердi өңдейдi.Сонымен, жекеден жалпыға және жалпыдан қайта жекеге көпсатылы ауысу ерекше психикалық процесс – ойлау негiзiнде жүзеге асады.

     Ойлау процесi елестермен де тығыз байланысты.

     Ойлау проблемасын қарастырған А.А. Смирнов ойлау және интеллектуалдық процестердiң ассоциативтi ағымын ажырату қажеттiлiгiн атап көрсеткен. Мұның себебi ойлау iс-әрекетiнде бiз ассоциацияларды өте кең қолданамыз - олар ойлау есептерiн шығаруға елеулi септiгiн тигiзедi. Мысалы, бiз қазiр тап болған жағдайға ұқсаса оқиғаларды жиi арнайы еске түсiремiз. Мұнда пайда болған ассоциациялар бiздiң ой мәселесiн шешуiмiзде пайдаланылады. Олар бiздi одан алыстатпай, оның жауабына, шешiмiне жақындатады.

     Адамның ойы әрқашан да сөз арқылы бiлдiрiледi. Бiреу екiншi бiреуге пiкiрiн бiлдiргенде, өзiн естiсiн деп дауыстап сөйлейдi. Ой толық сөз күйiнде бiлдiрiлгенде ғана айқындалып, дәйектелiп, дәлелдене түседi. Ойлау мен сөйлеудi бiрдей деп, бұлардың арасына теңдiк белгiсiн қою дұрыс емес. Ой сыртқы дүниенi бейнелеудiң ең жоғарғы формасы болса, ал сөз ойды басқа адамдарға жеткiзетiн құрал болып табылады.

     Бала тiлi шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниенi бiрiншi сигнал жүйесiнiң қызметi арқылы танып, бiледi. Ойлаудың бұл түрi оның танымын онша кеңiте алмайды. Баланың тiлi шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана, оның ойлау шеңберi кеңейетiн болады.

     Ойлау адамның сыртқы дүниемен қарым-қатынас жасау процесiнде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтiн – объективтiк шындық. Адамға мақсат қойып, оған жетуге ұмтылдыратын – оның қажеттiлiктерi.

     Ойлау - өзiндiк iшкi қарама-қайшылықтарға толы процесс. Бұл қайшылықтар ойлау дамуының және iске асуының қозғаушы күштерi болып табылады, яғни ойлау осы қарама-қайшылықтарды, басқаша айтқанда, проблемалық жағдаяттарды шешу барысында өрбидi.

     Ойлау танымдық теориялық iс-әрекет ретiнде әрекетпен тығыз байланысты. Адам әсер ету арқылы ақиқатты таниды, дүниенi өзгерту арқылы оны түсiнедi. Әрекет ойлау жүзеге асуының бiрiншi реттi формасы болып табылады. Ойлау операцияларының барлығы (анализ, синтез және т.б.) ең алғашында практикалық операциялар түрiнде пайда болып, содан соң барып, теориялық ойлаудың операцияларына айналды. Яғни ойлау еңбек iс-әрекетi барысында практикалық операция ретiнде немесе практикалық iс-әрекеттiң бiр компонентi ретiнде туындап, содан кейiн барып, дербес теориялық iс-әрекетке айналады. Бiрақ тәжiрибе әрқашан да ойлау ақиқаттығының негiзi, мәндi критериi болып табылады. Бiрақ егер де бiз бiр есептi тек практикалық түрде ғана шешетiн болсақ, онда оның тек көрнекi жеке мазмұнымен әрекет жасап, оны тек берiлген жеке жағдаятты ескере отырып шешемiз. Ал әрбiр келесi жағдайларда қайтадан есептi шешуге тура келедi, және тағы да бұл жеке мiндеттi ғана шешу болып табылады. Ал егер берiлген есептiң жалпыланған мазмұнын құрастырып, оны шешудiң жалпыланған тәсiлiн табатын болсақ, бұл есеп өзiнiң тек белгiлi бiр жағдайға сәйкес болатын, практикалық - шешiмiн ғана емес, сонымен қатар, теориялық та, яғни принциптiк бiртектi жағдайлардың барлығына ортақ шешiмiн таба алады.

     Iс-әрекетпен байланыса отырып, теориялық ойлаудың өзi жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге, құбылыстан мәнге, мәннен құбылысқа өту процесi болып табылады. Шынайы ойлау – ол ойдың ағымы. Ол тек iс-әрекет пен оның өнiмiнiң бiрлiгi негiзiнде түсiнiледi.

     Сонымен, ойлау - аса күрделi психикалық процесс. Оны зерттеумен бiрнеше ғылымдар айналысады. Солардың iшiнде логика мен психологияның орны ерекше. Бiрақ осы екi ғылымның ойды зерттеудегi әдiс-тәсiлдерiнде өзiндiк айырмашылықтары бар. Мысалы, егер психология әр түрлi жас шамасындағы адам ойлауының пайда болуы, дамуы мен қалыптасу жолын, яғни тұлға ойлауының даму ерекшелiктерi мен заңдылықтарын қарастыратын болса, ал логика бүкiл адамзатқа ортақ ойлау iс-әрекетiнiң заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойлауының нақты нәтижесi болып табылатын ұғым, пiкiр, ой қорытындылары сияқты ойлау формаларының табиғатын зерттейдi.

Ойлаудың физиологиялық негiздерi И.П. Павловтың бiрiншi және екiншi сигнал жүйесi жөнiндегi iлiмiне байланысты түсiндiрiледi. Ойлау – ми қыртысының күрделi формадағы анализдiк-синтездiк қызметiнiң нәтижесi, мұнда екiншi сигнал жүйесiнiң уақытша жүйке байланыстары жетекшi рөл атқарады. Екiншi сигнал жүйесiнде жүйке қызметiнiң өз алдына дербес заңдары бар деуге болмайды. Сигнал жүйелерiнiң мидағы заңдылықтары бiрдей. Бiрақ, олардың айырмашылықтары мынада: егер бiрiншi сигнал жүйесiндегi реакциялар нақтылы құбылыстарға байланысты туса, екiншi сигнал жүйесi оларды жалпылап отырады. 

     Адамның ойлауы әр түрлi деңгейдегi ойлау операцияларынан тұрады. Ал олардың әрқайсысы әр түрлi танымдық мәнге ие. Мысалы, баланың өз алдында кездестiретiн қиындықтарын жеңуде жүзеге асыратын қарапайым ойлау әрекетi мен ғалымның қандай да бiр ғылыми мәселенi шешуде қолданатын ойлау операцияларының жүйесiн салыстыруға келмейдi. Сондықтан, жалпылау деңгейiне, құбылыстардың терең мәнiн түсiнiп, бiлуге байланысты ойлаудың жоғарғы немесе төменгi дейгейлерiн ажыратуға болады. Осындай әр түрлi деңгейдегi ойлаудың түрлерi ретiнде қарапайым көрiнiстегi көрнекi ойлау мен берiлген көрiнiс шегiнен шығатын теориялық ойлауды бөлiп көрсетуге болады.

 

Осылайша, шығу тегi мен пайда болуы (генезi) бойынша ойлау келесi түрлерге жiктеледi:

1. Көрнекi-әрекеттiк ойлау -мәселенi шешу жағдаятын шынайы түрлендiретiн бақыланатын қозғалыстық әрекет арқылы iске асатын ойлау түрi.

2. Көрнекi-бейнелiк (бейнелiк) ойлау – жағдаят тек бейне жоспарында ғана түрленетiн ойлау түрi.

3. Сөздiк-логикалық (пайымдаушы) ойлау –тiлдiң және тiлдiк құралдардың көмегiмен шығарылатын ұғымдарды, логикалық құрылымдарды пайдаланумен сипатталатын ойлаудың негiзгi түрлерiнiң бiрi.

Сонымен қатар, психологияда ойлаудың қос классификациясы да танымал.

1. Мәселенiң түрiне байланысты:

1) Теориялық ойлау -ғылыми ұғымдарды пайдалану негiзiнде заңдар мен ережелердi танып-бiлуден тұратын ойлаудың жоғары дамыған түрi.

2) Практикалық ойлау - ақиқатты физикалық түрде өзгертуге дайындық күйiн (мақсат қою, жоспар, жоба, схема құру) бiлдiретiн ойлау түрi. Бұл ойлау түрi кеңес ғалым-психологы Б.М. Тепловпен едәуiр көп зерттелiнген.

     2. Таным түрi бойынша:

1) Эмпирикалық ойлау -теориялық ойлаумен салыстырғанда, қарадүрсiн, жағдаяттық жалпылаулармен байланысты болатын ойлаудың түрi.

2) Теориялық ойлау - ғылыми ұғымдар негiзiнде заттар мен құбылыстардың мәнiн танып-бiлу.

3. Рефлексия немесе саналау деңгейi бойынша:

1) Интуитивтiк ойлау - тез өтетiн, анық кезеңдерi жоқ, көбiнесе саналанбайтын ойлаудың түрi. Бұл ойлау түрi кеңестiк психологияда Я.А. Пономаревпен, Л.Л. Гуровпен және т.б. зерттелiнген.

2) Рационалдық ойлау (аналитикалық немесе логикалық) ойлау - уақыт бойынша кең таралған, айқын кезеңдерi бар, ойлаушы субъектiнiң санасында едәуiр көрiнiс табатын ойлау түрi.

4. Әрекеттiң тәсiлдерi негiзiнде:

1) Вербалдық (сөздiк) ойлау -тiлдiк құралды пайдалану арқылы адамның өз пiкiрiн тұжырымдауы, бiлдiруi.

2) Көрнекi ойлау – мәселенi шешу нақты бейнелi түрде көрiнуiнде жүзеге асатын ойлау түрi.

5. Ойлау бағыттылығымен байланысты:

1) Шынайы (немесе реалистiк) ойлау – ақиқат шындыққа басым түрде бағытталған, логикалық заңдармен реттелетiн ойлаудың бiр түрi.

2) Аутистiк ойлау - адамның ниеттерiн жүзеге асырумен байланысты болатын ойлау түрi. Осыған ұқсас келетiн эгоцентрлiк ойлаудың ерекшелiгi - адамның басқа бiреудiң позициясында тұра алмауы.

6. Ойлау iс-әрекетiнiң өнiмiне байланысты:

1) Продуктивтiк ойлау - адамның ойлау iс-әрекетiнiң жаңа өнiмiн шығару.

2) Репродуктивтiк ойлау – ойлау iс-әрекетi барысында өмiрде бар бiлiмдердi пайдалану.

     7. Ойлаудың функцияларына байланысты:

1) Творчестволық ойлау – ақиқат дүниеге жаңалықты тудырумен, жаңа бiлiмдердi тауып, негiздеумен байланысты болатын ойлаудың түрi.

2) Критикалық ойлау - заттар мен құбылыстарды терең зерттеу негiзiнде, солар жөнiндегi көзқарастар мен пiкiрлердегi қайшылықтар мен кемшiлiктердi таба бiлумен байланысты болатын, ғылыми дәйектелген сындық пiкiрден тұратын ойлаудың бiр түрi.

8. Ерiктiк күштiң жұмсалуына байланысты:

1) Ырықсыз ойлау - түс көру бейнелерiн ырықсыз трансформациялау.

     2) Ырықты ойлау – проблемалық жағдаяттарды, ой есептерiн мақсатты түрде шешу.

 

Ойлаудың негiзгi формалары

Ойлау ой операцияларымен қоса, ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледi. өғым дегенiмiз - заттар мен құбылыстар туралы ой. өғымда заттардың жалпы және негiзгi қасиеттерi бейнеленедi. өғымдар жеке және жалпы болып бөлiнедi. Бала мектепке келгесiн ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның бiлiм, дағдыларының арта түсуi ғылым негiздерiн меңгеруге қолайлы жағдай туғызады. Сондықтан ұғымдарды меңгеруге адамның бiлiм ортасындағы түрлi ғылымдар негiздерiн игеру әсер етедi. Сол барысында адамның қоршаған дүние заттарының ұғымдары жөнiнде бiлiмдерi қалыптасады.

Шындықтағы заттардың қарапайым байланысы пiкiрлерден көрiнедi. Пiкiр - бұл бiр зат туралы мақұлдау не оны жоққа шығаруда көрiнетiн ойлаудың формасы. Мысалы: ңАстана - Қазақстанның астанасың шындыққа сай пiкiр.

Саналау мен түсiну ойлаудың негiзгi белгiсi болып табылады.

Адамның ойлау әрекетiнде шындықтағы заттар мен құбылыстардың негiзгi қасиеттерiн, ерекше белгiлерiн, мәнiн түсiне бiлудiң маңызы зор. Бiз айналамыздағы заттардың себеп-салдарлы байланыстарын, бiр-бiрiне тәуелдiлiгiнiң шығу тегi мен даму жолын түсiну арқылы ғана ажыратамыз. Түсiну шындықтағы заттар мен құбылыстармен танысудан, көрiп-бiлуден басталады. Өйткенi, қандай да бiр нәрсенi ұғыну үшiн оны эмпирикалық жолмен зерттеу қажет.

Түсiну сөз арқылы берiлетiндiктен, түрлiше формаларда тұжырымдалады. Түсiну қысқаша, жалпы, кең, деталдi және т.б. болып келуi мүмкiн.

Түсiнудiң екi түрi бар. Бiрiншiсi – тiкелей түсiну. Тiкелей түсiну - жанама түрдегi ой операцияларын керек етпейтiн, қабылдауға ұқсас процесс. Ал екiншi түрi – жанама түсiну. Жанама түсiну – түрлi фазалардан тұратын, ой операцияларын қажет ететiн, көмескi нәрсенi айқын етiп бейнелеуде бiрнеше ой қорытындыларын қажет ететiн процесс.

Жалпы, ойлау дегенiмiздiң өзi - мәселенi шешу, оның мәнiсiн түсiне бiлу деген сөз.

Ойлаудың ең күрделi және жоғарғы формаларының бiрi – ой қорытындылары. Ой қорытындылары дегенiмiз - бiрнеше пiкiрлерден жаңа пiкiрлер шығару тәсiлi. Қорытынды шығару үшiн оны белгiлi тәртiпке бiр-бiрiмен байланыстыруымыз қажет.

Ой қорытындысының негiзгi үш түрi бар:

1) дедукциялық, 2) индукциялық, 3) аналогиялық ой қорытындысы.

Дедукция дегенiмiз - жалпыдан жекеге қарай жүретiн ой қорытындысы. Мысалы: бiз тiрi организмдер оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды, ал балық тiрi организмнiң бiрi десек, олай болса, балық оттегi жоқ жерде тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыға келемiз.

Индукция - жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы. Гүлдер сусыз өмiр сүре алмайды, ағаштар да сусыз өмiр сүре алмайды десек, осы айтылғандардан жалпылап, сусыз өсiмдiктер тiршiлiк ете алмайды деген қорытындыны жасаймыз.

Аналогия дегенiмiз - ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау. Мәселен, И. Ньютон бүкiл әлемдiк тартылыс заңын тапқанда, аналогиялық ой қорытындысына сүйенген. Ол жер үстiндегi денелердiң қозғалуы, әсiресе құлауы мен аспан денелерiнiң қозғалуы арасындағы ұқсастықты түсiндiруде аналогияны келтiрдi. Аналогия ғылыми болжамдарды жасаудың маңызды алғышарты болып табылады.

Ойлаудың психологиялық теориялары

1. Ойлаудың ассоциативтiк теориялары.

Құрылымдық психологияға сәйкес, жеке сезiмдiк елестер психологиялық тәжiрибенiң бастапқы элементтерi болып табылады. Осындай жеке сезiмдiк елестер арасында ерекше байланыстар немесе ұқсастық, контрасттылық, уақыт пен кеңiстiкте сәйкес келу сияқты ассоциациялар орнайды. Осылайша, ассоциативтiк психологияда ойлау сезiмдiк елестердiң ассоциациясы ретiнде түсiнiледi. Бұл бағыттағы психологтардың негiзгi қойған мiндетi – ойлаудың белгiлi логикалық формаларын ассоциация заңына сәйкес түсiндiру. өғымдардың қалыптасуы елестердi ассоцияциялау барысында жүзеге асады деп есептелiндi. Пiкiр ұғымдарды ассоцияциялау, ал ой қорытындысы пiкiрлердiң ассоцациялау нәтижесi ретiнде түсiндiрiлдi.

Осылайша, мәндi мен жалпының арасына теңдiк белгiсiн қою тұтас ассоцианизмге тән құбылыс болды. Бұл бағыттағы теорияларға келесi тұжырымдар ендi.

1) Г. Мюллердiң ңдиффуздық репродукцияларң теориясы. Берiлген тұжырымдамаға сәйкес, екi (немесе одан да көп) елестердiң үйлесiмi былайша қалыптасады: субъектте олардың әрқайсысы судағы шеңберлер тәрiздi басқа елестермен ассоциацияларының ағымын тудырады (ал бұлар өз тарапынан дәл солай жаңа ассоциацияларды тудырады).

2) Ойлау үйрену ретiнде. Бұл жерде талдаудың негiзгi элементтерi болып, қозғалыстық реакция және оларды үйлесiмге келтiру заңдылықтары бөлiнiп, шығады. Жаңа стимул-реакциялық байланыстар, яғни шартталу механизмдерi интеллектуалдық мiнез-құлыққа тән емес. Сондықтан, ойлау бұл жерде үйрену, интеллектуалдық практикалық мiндеттi шешу дағдысын қалыптастыру болып табылады.

Адамның психикалық өмiрiнң әмбебап заңдылықтары ассоциация принципiмен байланысты. Ассоциацияның негiзгi заңы: ассоциация жиi қайталанған сайын, дұрыс әрi берiк болады.

Ассоциациялардың төрт негiзгi түрi бар: ұқсастық бойынша, контраст бойынша, уақыттық немесе кеңiстiктiк iргелестiк бойынша, қатынас бойынша.

Ассоциациялардың заңдылықтары Д. Гартли, Дж. Пристли, Дж. С. Милль, А. Бэн, Т. Цигень және т.б. еңбектерiнде зерттелiндi. Бұл жерде ассоциация психикалықтың бiрлiгi және түсiндiрушi принципi ретiнде қарастырылды. Ассоцианистер ойлау белсендiлiгiн түсiндiре алмай, оларды априорлы, яғни ассоциацияларға тәуелсiз ақыл-ойдың туа бiткен қабiлетi деп бiлген. Бұларда рационалдық сезiмдiкке баланып, субъекттiң iс-әрекет белсендiлiгi талдаудан тыс қалды. Бейне-елестердiң ырықсыз iлесуi кез-келген ақыл-ой процесiнiң жүзеге асу типi ретiнде ұғынылды. Осылайша, ассоцианистердiң пайымдауынша, ойлау – ассоциацияларды жинау процесi.

Идеялардың репродукциясы (қайта өңделуi) сауалы ақыл-ой iс-әрекетiнiң ассоциативтiк теорияның негiзгi мәселелерiнiң бiрi болып табылғандықтан, оны жиi репродуктивтiк психология деп атаған.

Отандық психологияда ассоцианистiк тұрғы Ю.А. Самарин, П.А. Шеваревпен зерттелiндi. Ассоциациялардың ойлау механизмi ретiндегi мәнi А.Ф. Эсауловпен ерекше аталды.

2. Вюрцбурлық мектеп. Вюрцбурлық мектеп - сана психологиясын зерттеген бағыттардың бiрi. Бұл мектептiң негiзiн салушылар – О. Кюльпе және К. Бюлер, ал өкiлдерiне жататындар – Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц және т.б.

Вюрцбурлық мектеппен зерттелiнген негiзгi мәселелер: а) ойлаушы субъекттiң белсендiлiгiн анықтайтын ұғымдарды шығару; ә) ерекше психологиялық ақиқат ретiндегi ойлаудың қасиеттерiн сипаттау және мазмұнын анықтау; б) ойлау процесiнiң психологиялық механизмдерiн түсiндiру.

Сәйкес әдiстеменi шығара отырып, Н. Ах ұғымдарды қалыптастырудың тәсiлдерiн таңдау процесi мен қолдану сипаты субъектпен шешiлетiн нақты мiндеттерге байланыстылығын атап өттi. Осылайша, вюрцбурлық мектептiң негiзгi қосқан үлесi – ңмiндетң ұғымын енгiзуi (В. Уайт). Вюрцбурлық мектеп өкiлдерi интроспекция әдiсiн өзгерттi. Субъекттiң өзiнiң iшкi ойлары, елестерi, күйзелiстерi жөнiндегi есебi белгiлi-бiр қойылған сұраққа жауапты iздеу, белгiлi-бiр мiндеттi шешу жолымен жүрдi. О. Кюльпе ңОйлау психологиясың еңбегiнде ойлау мен ерiктi зерттеуде интроспекциялық әдiстi қолданды. Зерттеген мәселелерi: ңэмпирикалық ойлауң деп аталатын және формалдық логика заңдарына сүйенетiн ңтаза ойлаудың ң нақтылы жүзеге асуын көрсететiн психикалық акттер мен күйлер. Н. Ахтың тағы бiр қосқан үлесi - ңдетерминациялық тенденцияларң тұжырымдамасын шығарып, негiздеуi. Басқаша айтқанда, бұл – себептендiру теориясы. Адамның бойындағы осындай детерминациялық тенденциялары адамды түртiп отыратын, санадан тыс процестерге жатады. Ойлау өзiнен-өзi пайда қалыптаспайды. Ол тiкелей сыртқы орта әсерiнен пайда болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: