Полиция капитаны М.С.Мукашев 12 страница

    Күдіктің мәні бойынша мыналарды айта аламын:

    Мен, Қазтаев Нұрлан Қасымжанұлы «Бизнес ЛТД» ЖШС-ның атқырушы директоры болып табыламын, бұрын сотталмағанбын, басымда жарақатым жоқ, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрмаймын.

01.09.20__ жылы біздің фирма өте беделді бір фирмамен мәміле жасады, мәміленің құпиялығы туралы келісім жасау себебіне байланысты осы мәмілені егжей-тегжейлі айтып бере алмаймын,

Осы оқиғаны біз фирма ұжымымен атап өтуды ұйғардық. Сол күні біз 15 адам Энск қаласының Магнитогорский көшесінің 8-үй мекенжайы бойынша орналасқан «Фарт» кафесіне келдік. Әдетте мен алкогольді көтере алмайтындығыма байланысты спиртті қолданған емеспіз, бірақ өз әріптестерімнің қолдауымен мен спиртті ішіп көрдім.

Қандай-да бір қымбат коньяктың үш рөмкесін ішкенім есімде, бірақ атын есіме түсіре алмаймын. Бұдан кейін не болғаны есімде жоқ.

Келесі күні мен емдеу-сауықтыру мекемесінде бірақ ояндым және қылмыс жасағаныма байланысты ұсталғанымды естідім.

Жасалған қылмыс туралы ештеңе есімде жоқ.

Кейіннен мен аталған кафеде мен өзімнің танысым К.Т.Талғатованы биге шақырғаным белгілі болды. Сол сәтте менің қасыма бұрын маған таныс емес бір азамат келген, анкеталық деректерін кейін мен полицияда ғана естідім, есімде сақталғаны А.К.Жанатов екен. Ол маған қарсылық танытып ол да қызды биге шақырған көрінеді. Мен өзімнің бұдан кейінгі әрекеттеріме сенбеймін, бірақ Талғатованың сөзі бойынша мен кенеттен үстел үстіндегі бөтелкені ала салып сындырған екенмін және пайда болған өткір ұштарымен оған қолдарына және А.Б.Болатовтың денесіне әртүрлі жарақаттар салған екенмін. Әйтсе де мен болған іске ішім ашиды, өкінемін және өзім де ойламаған жерден болған қызбалықтан емдеуге көмек көрсетулеріңізді сұраймын. _______________ (қолы)

Адвокат Б.К. Мукановтың сұрағы: Сізде бұрын басқа адамдардың ауызынан еститін өзіңіз ұстап тұра алмайтын немесе ашу шақыратын мінез-құлықтарыңыз болып па еді?

 Жауап: Жоқ, әйтпесе мен дәрігерлің көмегіне жүгінген болар едім.

_______________ (қолы)

 

Адвокат Б.К.Мукановтың сұрағы: жарылған шарапты, сынған үстелдіесепке ала отырып, келтірілген зиын мен жәбірленушінің емделуіне кеткен шығындар сомасы 247 000 теңгені құрайды. Сіз оны өтеуге дайынсыз ба?

Жауап: Егер мен шын мәнінде менен күдіктенген қылмысты жасаған болсам, мен кез келген зиянды өтеуге дайынмын. _______________ (қолы)

Жауап алу басталар алдында, оның барысында не болмаса аяқталған кезде күдікті қандай да бір өтініш жазудан бас тартты. 

Өтініш мазмұны: ____________________________________________

                                  (түсті, түспеді)

Күдікті: Н.К. Қазтаев                                                                                                                     _______________ (қолы)

Қорғаушы Правозащитов В.К.                                                                                                    _______________ (қолы)

Хаттама оқылды _______________________________________________

(тергеуші өзі немесе дауыстап)

 

Хаттамаға ескерту жоқ

Күдікті: Н.К. Қазтаев                                                                                                                     _______________ (қолы)

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

 

Күдіктіні және оның қорғаушысын

сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстыру

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

                                                  

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Энск қаласы ІІБ полиция бөлімінің ТБ ұй-жайында №313 кабинетінде ҚПК-нің 199, 113, 294, 296-баптарының талаптарын сақтай отырып, күдікті Данияр Ертайұлы Казбековті және оның қорғаушысы Е.С.Болатовқа Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыптау ісінің барлық материалдарын 94 парақтан тұратын бір томда тігілген және нөмірленген түрінде таныстыру үшін көрсетті.

Таныстыруды бастау алдында күдіктіге және оның қорғаушысына Қазақстан Республикасының КПК-нің 64, 296-баптарында көзделген құқықтар түсіндірілді, оның ішінде, олар кез келген мәліметтерді және кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардан көшірмелер жасауға, оның ішінде техникалық құралдар арқылы көшірме жасауға құқылы.

Күдікті Д.Е.Казбеков және оның қорғаушысы Е.С.Болатов іс материалдарымен бірге танысты.

Материалдармен таныстыру басталды:

11 сағат 00 минут, 10.10.20__ жылы.

Таныстыру аяқталды:

11 сағат 40 минут, 10.10.20__ жылы.

Күдікті мен оның қорғаушысыіс материалдарымен танысқаннан кейін, олар тергеулі толықтыру туралы және нақты немен толықтыру туралы өтініш білдіреме деген сұраққа күдікті Д.Е.Казбеков және оның қорғаушысы Е.С.Болатов былай мәлімдеді:

№15631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстық, мәлімдемелер, шағымдар мен өтініштер жоқ.

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, ескертулер жоқ.

Күдікті:                                                                       10.10.20__ жылы

(қолы) Д.Е.Казбеков

Қорғаушы:                                                                          10.10.20__жылы

    (қолы) Е.С.Болатов

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Қазақстан Республикасының ҚК 68 бап талаптарын түсіндіру

ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, жәбірленуші Сағындық Нұрланұлы Касперовқа Қазақстан Республикасының ҚК 68 бабының «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату»талаптарын түсіндірді.

1.Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады. 2. Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады. 3. Қылмыстық құқық бұзушылықпен қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірілген жағдайларда, осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам, егер ол шынайы өкінсе және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. 4. Осы баптың ережелері абайсызда адам өліміне не екі және одан да көп адамдардың өліміне әкеп соққан қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмыс, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.

Сондықтан, Қазақстан Республикасының ҚК 68 бабының заңдық негіздерінің күші бар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ҚПК 35 бабы 1 бөлімі 12 тармағына сәйкес, жәбірленуші қылмыстық құқық бұзушылық тұлғамен татуласқан жағдайда, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылуы мүмкін,.

Жәбірленуші /______ _Касперов С. _____/, көрсетілген заң талаптарымен танысып болғасын айтты:

Татуласуға келіспейтіндігін, қылмыстық жауапкершілікке және сот отырысында қарастыру туралы білдірді.

Жәбірленушінің қолы: ___________________(Касперов С.)

Құқығың түсіндірген:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен

жәбірленушіні таныстыру

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

                                              

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, полиция бөлімінің ТБ үй-жайында №313 кабинетінде ҚПК-нің 71, 295-баптарының талаптарын сақтай отырып, жәбірленуші Мади Кенжебекұлы Елубаевқа №15631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын 94 парақтан тұратын бір томда тігілген және нөмірленген түрінде таныстыру үшін көрсетті.

Материалдармен таныстыру басталды:

10 сағат 00 минут, 10.10.20__ жылы.

Таныстыру аяқталды:

10 сағат 30 минут, 10.10.20__ жылы.

Жәбірленуші сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысқаннан кейін, ол тергеулі толықтыру туралы және нақты немен толықтыру туралы өтініш білдіре ме деген сұраққа жәбірленуші былай мәлімдеді:

04.06.1994 ж.т. Данияр Ертайұлы Казбековті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыптау бойынша №15631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстым, мәлімдемелер, шағымдар мен өтініштер жоқ.

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, ескертулер жоқ.

 

Жәбірленуші:

10.10.20__ жыл

(қолы) М.К.Елубаев

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Жәбірленушіні және оның өкілін

сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстыру

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, полиция бөлімінің ТБ үй-жайында №313 кабинетінде ҚПК-нің 71, 295-баптарының талаптарын сақтай отырып, жәбірленуші Мади Кенжебекұлы Елубаевқа және оның заңды өкілі – Сара Нұрланқызы Сағатоваға №16631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын 94 парақтан тұратын бір томда тігілген және нөмірленген түрінде таныстыру үшін көрсетті.

Материалдармен таныстыру басталды:

10 сағат 40 минут, 10.10.20__ жылы.

Таныстыру аяқталды:

10 сағат 55 минут, 10.10.20__ жылы.

Жәбірленуші сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен танысқаннан кейін, ол тергеулі толықтыру туралы және нақты немен толықтыру туралы өтініш білдіре ме деген сұраққа жәбірленуші С.Н.Сағатова былай мәлімдеді:

04.06.1994 ж.т. Данияр Ертайұлы Казбековті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыптау бойынша №15631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстым, мәлімдемелер, шағымдар мен өтініштер жоқ.

Жәбірленуші өкілі – С.Н. Сағатова былай мәлімдеді:

04.06.1994 ж.т. Данияр Ертайұлы Казбековті Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен көзделген қылмысты жасады деп айыптау бойынша №16631003103716 сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарымен таныстым, мәлімдемелер, шағымдар мен өтініштер жоқ.

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, ескертулер жоқ.

Жәбірленуші:                                                   10.10.20__ жыл

(қолы) М.К.Елубаевқа

Жәбірленушінің өкілі: 10.10.20__жыл

                                                                                (қолы) С.Н.Сағатова

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейнебайланыс режимінде (қашықтықтан жауап алу)

жәбірленушіден жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, 06.01.20__ жылғы шығ. №3-10-245-19587 сәйкес №160064814873 қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 197, 199, 212-баптарының талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 208, 209, 210, 212, 213, 214-баптарын басшылыққа алып, бейнебайланыс режимінде жауап алу үшін қажетті дайындық әрекеттер жасады.

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 213-бабы 2-бөлігінің талаптарына сәйкес қашықтықтан жауап алған кезде ғылыми-техникалық құралдар мен технологияларды пайдалану бейне мен дыбыстың тиісті сапасын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс, осыған байланысты тергеуші Т.Н. Сұлтанбеков қажетт техникалық параметрлерді тексеріп, тестілік режимде Энск қаласындағы тергеуші А.Т. Макинға сыртқы микрофон арқылы жауап алынып отырған адамнан «Өзіңізді таныстырыңыз, жеке басыңызды куәландыратын құжатты көрсетіңіз» деп ұсынды. Осылай, Энск қаласындағы тергеушіден дыбыс және бейнеберу сапасы туралы деректер алып, Энсктегі тергеуші басқа желідегі тергеушіден қызметтік куәлігін көрсетуді сұрады. Тергеуші өзінің қызметтік куәлігін көрсеткеннен кейін Web-камераға Қазақстан Республикасының азаматы Т.Н. Сариндың жеке куәлігін көрсетіп, техникалық құралдар – «_Windows__» стационарлық компьютерді, түгендеу нөмірі 00125, «Бейнеконференцбайланыс» компьютерлік бағдарламасын, Web-камера мен «__Сenon__» фирмасының сыртқы микрофонын пайдаланып, жеке бөлінген компьютерлік байланыс арнасы арқылы бейнебайланыс режимінде куә ретінде келесі адамнан жауап алды:

Тегі, аты әкесінің аты: Жанар Айтбекқызы Контарбаева,

Туған күні, айы және жылы: 08.08.1960 ж.т., 

Туған жері: Қарағанды обл. Осакаров ауылы Талжанов көш.

Ұлты: қазақ, 

 Білімі: орта,

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының азаматы,

Отбасы жағдайы: тұрмыс құрмаған,

Соттылығы: бұрын сотталмаған,

Тұратын жері: Энск ауылы, Н. Әбдірова көш., 21/5 - үй,

Жұмыс (оқу) орны: мұғалім,

Жауап алуды бастаудың алдында жауап алынатын Ж.А. Контарбаеваға Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 78-бабымен көзделген куәнің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, атап айтқанда: куә қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға; өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге; аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға; өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге, өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқылы; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге; тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті

Жәбірленуші _____________  Ж.К. Контарбаева

Бұдан басқа куә __________________айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін оған Қазақстан Республикасының ҚПК-yің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін екені түсіндірілді.

Жәбірленуші _____________  Ж.К. Контарбаева

Куә өзіне Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 78-бабымен берілген құқықтармен, оның ішінде: қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын), жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тарту; өзiнiң ана тiлiнде айғақтар беру және қауіпсіздік шараларын қолдану құқықтарын пайдаланғысы келе ме деген сұраққа, былай мәлімдеді:

«______________________________________________________________».

Жәбірленуші _____________  Ж.К. Контарбаева

Бір мезгілде маған Қазақстан Республикасының ҚК-нің 420, 421-баптары бойынша жалған айғақтар беру немесе айғақтар беруден бас тарту үшін қылмыстық жуаптылық туралы және айғақтар беруден жалтару немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

Жәбірленуші _____________  Ж.К. Контарбаева

Істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша жәбірленуші Ж.К. Контарбаева келесіні көрсетті: Қазіргі уақытта мен жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша тұрып ж атырмын. Менің үйімнің ауласында борты жасыл түсті мотороллер кузовы тұрған, ол маған тиесілі. Бұл кузовта раманың өзі, рөл, барлық үш дөңгелегі, артында кішкентай борты болды. Бұл кузов маған осыдан екі жыл бұрын менің ұлым Вячеслав Мауерден қалған. Ол маған бұл кузовты көмек ретінде тегін қалдырып кеткен, оны менің иелігімге берген, керегіне жаратарсын, не сатарсын не бірденеге айырбастап аларсын деген. Менің ұлым Дәулет Қарабалық ауданында тұрады, сонда дәрігер болып жұмыс істейді. Бұл мотороллер кузовына менің ешқандай құжаттарым жоқ, оны менің ұлым ешқандай құжаттарсыз сатып алған. Бұл мотороллер кузовы менің үйімнің ауласында шауп тасталған ағаштардың артында үнемі тұратын, ол кузов менікі. 05.01.2016 жылы таңертең шамамен 08.30 сағатта мен далаға шыққанымда, осы аталған мотороллер кузовының жоқ екенін байқадым, қоршаудың қақпасы жабық болды. Бұдан кейін мен үйімнің ауласын қарап шықтым, мотороллер ешқайда болмады. Осылай, мен белгісіз адамдардың менің үйімнің ауласынан менің мотороллерімді ұрлап кеткенін түсіндім. Бұл мотороллер кузовының құнын мен 50 000 теңгеге бағалаймын, сондықтан маған келтірілген зиян елеулі болып табылады деп есептеймін, өйткені мен бір зейнтақыма ғана өмір сүремін, оны мөлшері бір айда 19 200 теңгені құрайды. Осы оқиға бойынша мен полицияға жүгіндім, сол күні полиция қызметкерлері менен ұрланған мотороллер кузовын Нысанқұлов Омар Серікұлының үйінен тапты, ол оны менің үйімнің ауласынан ұрлап, өзінің үйінің жаңына қойған екен, сол күні мотороллер кузовы сақтау қолхат бергеннен кейін, маған қайтарылды. Нысанқұлов Омар Серікұлы – менің жақын туысым болып келеді, ол менің үйіме жиі келіп тұрады, менің үйімнің ауласына еркін кіруіне мүмкіндігі бар. Осыдан бір күн бұрын, яғни 03.01.2016 жылы мен бүкіл күні бойы өзімнің шаруаларыммен көрші ауылында жүріп, үйімде болмағам, үйдің есігі кілттелген болатын.

Жауап алу аяқталғаннан кейін, жауап алуды жүргізу бейнежазбасы түгендеу нөмірі 3254586 «__________» стационарлық компьютердің жүйелік блогынан «__________» маркалы CD-ROM-ға көшірілді, жәбірленуші Ж.К. Контарбаева көрсетілді. Қаралғаннан кейін бейнежазба конвертке салынып, мөрмен мөрленді және тергеуші _______________ қолтаңбасымен бекітіліп, куәдан жауап алу хаттамасына қосымша ретінде қоса тіркелді.

Хаттаманы мен оқыдым, менің сөзімнен дұрыс жазылды, ескертулер, өзгертілер мен толықтыруларым жоқ. Бейнежазба қаралды, ескертулерім жоқ.

Жәбірленуші _____________ Ж.К. Контарбаева

 

Жауапалу хаттамасы қосымшасымен бірге (бейнежазба) 20__ж.____ шығ. № ___________ ___________________ жіберілді.

 

Жауап алған:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Беттестіру

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, №160061600005458 қылмыстық іс бойынша Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199және 218-баптарының талаптарын сақтай отырып, Энск ауданы Энск ауылы, Құнаев көш. 25 мекен жайы бойынша орналасқан Энск АІІБ ғимаратында №8 қызметтік кабинет бөлмесінде бұрын жауап алынған куә Сартабаев Жанат Бахтиярұлы мен күдікті Ч.С. Карипбековпен, адвокат Қ.Қ. Ільясовтың қатысуымен беттестіруді жүргізді. Беттестіру алдында оған Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 78-бабымен көзделген куәнің құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: