Полиция капитаны М.С.Мукашев 9 страница

16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарын баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіруге және процестік келісімді жасасу;

17) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беру;

18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіру;

19) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғау;

20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіне сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру;

21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алу, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіру;

22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіру;

23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзін қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алу;

24) өзіне қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беру.

Ұстап алынған: Д.Қ.Бакировқа, Қазақстан Республикасының ҚПК 131-бабы 2-бөлігіне сәйкес ол өз денсаулығының жалпы жағдайын және дене жарақаттарының бар-жоғын анықтау үшін дәрігердің куәландыруынан өту туралы тиісті өтінішхатты мәлімдеу құқығы түсіндірілді.

Д.Қ.Бакировқа ______________________________

(ұстап алынушының қолы)

Дені сау, дене жарақаттары жоқ

(ұстап алынушының денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді көрсеті, медициналық куәландыру өткізілген жағдайда оның қорытындысы қоса беріледі)

 

Қазақстан Республикасының ҚПК 131-бабы 2-бөлігінің 4-тармағына сәйкес жеке тінту нәтижелерін көрсету:

тінту кезінде ештеңе табылған жоқ және ештеңе алынған жоқ

 

Хаттаманы жасаған:

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

Хаттама көшірмесін алдым:

Д.Қ.Бакиров _____________________________________________________

(қолы) (ұстап алынған адамның тегі, аты-жөні)

Ұстап алу туралы хабарлама прокурорға

20___ жылғы "16" шілдедегішығыс № 44/3- 14578 нөмірімен 20___ жылғы 16 шілдеде жіберілді.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

 

Ұстап алынған адамның жеке басын тінту

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Энск қ. ІІБ әкімшілік ғимаратының №17 қызметтік бөлмесінде Қазақстан Республикасының ҚПК 255-бабының талаптарын сақтай отырып, мына куәгерлердің қатысуымен:

1) Қйаратов Т.Н., 1989 ж.т., Энск қ., Байсерке көш., 7 үйде тұрады

2) Болатов З.К. 1990 ж.т., Энск қ., Мирзоян көш., 1 үйде тұрады.

Энск қ. ІІБ үй-жайында және куәгерлердің қатысуымен азамат Д.Қ. Бакировқа жеке басын тінту жүргізді.

Жоғарыда аталған адамдарға олардың тергеу әрекетін жүргізуге қатысуы; тергеу әрекеттеріне орай хаттамаға енгізуге жататын өтініштер мен ескертпелер жасау; өздері қатысатын тергеу әрекеттерінің хаттамасымен танысу; қылмыстық қудалау органының әрекетіне шағым келтіру; қылмыстық іс бойынша оны жүргізу кезінде олар шеккен шығыстарға өтем алу; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу құқықтары түсіндірілді. Оларға жеке тінту жүргізу кезінде қажетті жағдайларда оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары қолданылатыны туралы да хабарланды.

Оған қоса, куәгерлер Т.Н.Қайратов пен З.К.Болатовқа Қазақстан Республикасының ҚПК 82-бабына сәйкес қылмыстық қудалау органының шақыртуы бойынша олардың келу; тергеу әрекеттерін жүргізуге қатысу; бұл әрекеттер жүргізу, оның барысы мен нәтижелері фактісін тергеу әрекеті хаттамасында өзінің қолымен куәландыру; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарын жария етпеу; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде тәртіп сақтау міндеттері түсіндірілді және оларға өз міндеттерін орындаудан дәлелсіз себептермен бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының ҚПК 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылатыны туралы ескертілді. 

Куәгерлер:     1. (қолы) Т.Н.Қайратов   2. (қолы) З.К.Болатов

Жеке басын тінту алдында тергеуші 20__ 16 шілдедегі жеке тінту жүргізу туралы қаулыны көрсетті, одан кейін азамат Д.Қ.Бакировқа тыйым салынған не іс үшін маңызы бар заттарды өз еркімен беру ұсынылды, азамат Д.Қ.Бакиров: оның күртесінің сол жақ сыртқы қалтасында «Сони-Ериксон» маркалы ұялы телефон бар екенін мәлімдеді.

Бұдан кейін Энск қ. ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты Ж.Мухтаров жеке басын тінту жүргізуге кірісті.

Жеке басын тінту нәтижесінде Д.Қ.Бакировтың сол жақ сыртқы қалтасынан мынадай заттар табылды:

1) «Сони-Ериксон» маркалы ұялы телефон

Табылған заттар бойынша Д.Қ.Бакиров бұл телефонды ол 20___ жылы 16 шілдеде Төлеби мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында оған белгісіз жас жігіттен ұрлап алғанын айтты.

Жеке басын тінту барысында мыналар алынды:

2) «Сони-Ериксон» маркалы ұялы телефон

 

Барлық алынған заттар оралды, №2 мөрмен және куәгерлердің қолдарымен бекемделді.

Тінту барысында «Панасоник» маркалы бейнекамера қолданылды.

Жеке басын тінту барысында түскен ескертпелер: түскен жоқ

 

Куәгерлер:     Т.Н.Қайратов (қолы)

     З.К.Болатов (қолы)

Қатысқандар:

Жеке басын тінту жүргізілген адам

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

Жеке басын тінту хаттамасының көшірмесін алдым: Д.Қ.Бакиров (қолы)

Шағым беру тәртібі түсіндірілді: Д.Қ.Бакиров (қолы)

 

=========================================================

Адамды тану үшін көрсету

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, №151510031000__ қылмыстық іс материалдарын қарай отырып, ҚПК 199-бабы, 230-бабының 10-бөлігін сақтаумен, "Panasonic" М-3000 бейнекамерасын қолдану арқылы күндізгі жарықтың көмегімен жәбірленуші З.Мартбековқа күдікті 15.06.1989 ж.т. Дамир Қайратұлы Баировты тану үшін көрсету жүргізілді.

Ғылыми-техникалық құралдарды қолданар алдында ҚПК 199-бабы бөлігіне сәйкес тергеу әрекетін жүргізуге қатысатын адамдарға бұл туралы хабарланды.

Тергеу әрекетін жүргізуге қатысатын адамдардың қолдары ______________________.

230-баптың 1-бөлігіне сәйкес танылуға тиіс адам танушы адамға сыртқы түрі бойынша айқын айырмасы жоқ адамдармен бірге көрсетіледі:

1) Есенғарин Бахтияр Қалиұлы, 1989 жылғы 23 сәуірде туған, мына: Энск қ., 5 ықшамаудан, 34 үй, 45 пәтер мекенжайы бойынша тұрады, бойы 180 см., шашы қысқа, қоңыр түсті, қой көзді, қоңыр түсті күрте, ашық-қоңыр түсті шалбар және қара туфли киген;

2) Нұрсейітов Жамбыл Какешұлы, 1989 жылы 08 ақпандатуған, мына: Энск қ., Маресьев көш., 34 үй, 54 пәтер мекенжайы бойынша тұрады, бойы 175 см., шашы қысқа, қара түсті, көзі қара, қара түсті күрте, қою-сұр түсті шалбар және қара етік киген;

3) Бакиров Дамир Қайратұлы, 15.06.1989 жылы туған, мына: Энск қ., 12 ықшамаудан, 46 үй, 15 пәтер мекенжайы бойынша тұрады, бойы 177 см., шашы қысқа, қоңыр түсті, көзі қара, қою-жасыл түсті күрте, қою-көк түсті шалбар және қоңыр етік киген;

Тану жүргізудің басында Д.Қ.Бакировқа тану үшін көрсетілетін адамдардың арасынан кез келген орынды таңдау ұсынылды. Ол өз қалауы бойынша Ж.К. Нұрсейітовтың сол жағындағы шеткі орынға орналасты.

Оған қоса, тану басталар алдында жәбірленуші З.Мартбековқа ҚК 419-бабына сәйкес айғақ беруден бас тартқаны, көрінеу жалған айғақтар бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді, оған өзіне қарсы, жұбайына (зайыбына) және өзінің жақын туыстарына қарсы куәлік етпеу құқығы түсіндірілді. (қолы) З.Мартбеков.

    Барлық қатысушы адамдарға олардың құқықтары, міндеттері, жауаптылығы мен адамды тану жүргізу тәртібі түсіндірілді.

Танылушы:              ___________________ Д.Қ.Бакиров Өзге де қатысушы адамдар: ___________________ Б.Есенғарин                                           ___________________ Ж.Нұрсейітов                  

Одан соң танушы адам тану үшін көрсетілетін адамдар тұрған үй-жайға шақырылды.

Тану жүргізудің басында танушыға оның құқықтары, міндеттері, жауаптылығы мен адамды тану жүргізу тәртібі түсіндірілді.

       Танушы: ___________________ З.Мартбеков

Танушы бұрын тану үшін көрсетілетін адамдардың ішінен олардың бірін бұрын көрдіңіз бе, егер көрсеңіз қандай жағдайлар кезінде көрдіңіз деген сұраққа, З.Мартбеков тану үшін көрсетілетін адамдарды қарап, сол жақта шеткі тұрған адам 20__ жылғы 5 қаңтарда кешкі 17 сағатта вокзал маңындағы алаңда маған жалға пәтер ұсынды, алдау арқылы менің ұялы телефонымды алып кетті және маған 23 000 теңге залал келтірді деп мәлімдеді. Мен оны таныдым – бойы менен аласа, жасы шамамен 30-35-терде, тығыз денелі, бет әлпеті: көзі – қара, бастары қалың, сондай-ақ шаш қою мәнері: қысқа. Қылмыс болғанға дейін мен бұл қызды ешқашан көрген жоқпын, бірақ алаяқтық болған кезде оны жақсы еске сақтап қалдым. Бұл нақ сол адам екенін сенімді түрде растаймын".

       Танушы:    ____________________ З.Мартбеков

Тану нәтижесі: Дамир Қайратұлы Бакиров танылды.

Тану алдында, оның барысында не аяқталғаннан кейін қатысушы адамдардан арыз түскен жоқ.

Танушы: ____________________З.Мартбеков

       Танылушы:___________________Д.Қ.Бакриов       Өзге қатысушы адамдар:__________________ Б. Есенғарин                                                 __________________Ж.Нұрсейітов       Тану аяқталғаннан кейін тергеу әрекетінің хаттамасы оған қатысушыларға оқу үшін берілді.

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды. Хаттамаға ескертулер жоқ.

 

Танушы: ____________________З.Мартбеков

       Танылушы:___________________Д.Қ.Бакриов       Осы хаттама Қазақстан Республикасының ҚПК 199, 230-баптарына сәйкес жасалды.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

Кепілді қабылдау туралы

ХАТТАМА

 

Энск қ.                                                              2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

    Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Энск қ. ІІБ үй-жайында, № 35 кабинетте

____________________________________________________ қатысуымен

                                 (т.а.ә.а., лауазымы)

№ 151032001583 қылмыстық іс материалдарын қарап, 24.07.1985 ж.т. Д.З.Қанағатовқа қатысты кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулының негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК 145, 199 баптарына сәйкес мына адамнан кепілді қабылдау туралы осы хаттаманы жасады:

Кепілді беруші:                Заңғар Жұмабекұлы Қанағатов;

Туған жылы, айы, күні              28.09.1963 ж.т.,

Туған жері                        Энск қ.

Азаматтығы:                     Қазақстан Республикасы

Білімі:                               орташа

Жұмыс орны:                   жұмыс істемейді

Отбасылық жағдайы:       үйленген

Тұрғылықты жері:           Энск қ., 5-шағын ауданы, 16-үй, 21-пәтер      

Соттылығы:                      сотталмаған

Жеке басын

куәландыратын құжат               жеке куәлігі № 0035678932

                                          Қазақстан Республикасының ІІМ 23.05.2012 ж. берген

Заңды тұлғаның деректемелері__________________________________

Кепіл беруші Энск қ., 5-шағын ауданы, 16-үй, 21-пәтер мекен-жайында орналасқан үш миллион теңге соманы құрайтын жылжымайтын мүлік ұсынды.

Жылжымайтын мүлік түріндегі кепіл: Энск қ., 5-шағын ауданы,16-үй, 21-пәтер З.Ж.Қанағатовқа сақтауға берілді.

Кепілді беруші З.Ж.Қанағатовқа мыналар түсіндірілді:

1) шақыру бойынша күдіктінің (сотталушының) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырушы адамға, прокурорға немесе сотқа келуі туралы міндеті;

2) қандай да бір қылмыстық құқық бұзушылықты жасауда күдікті (күдікті, сотталушы) болып табылмайтын адам күдікті болса оған жасаған әрекеті үшін заңда көзделген жаза;

3) күдіктінің (сотталушының) тергеушінің, прокурордың немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұратын жерінен кетпеу, белгіленген мерзімде көрсетілген тұлғалардың шақыртуы бойынша келу, өзге жолмен қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге бөгет болмау міндеті;

4) күдіктінің (сотталушының) шақыру бойынша келуден жалтаруы жағдайында кепіл Қазақстан Республикасының ҚПК 145-бабының 11-б, белгіленген тәртіпте мемлекет кірісіне аударылатыны.

Хаттамаға Энск қ., 5-шағын ауданы,16-үй, 21-пәтер мекенжайы бойынша жылжымайтын мүлікке 20.09.2010 жылғы сатып алу–сату шарты, «Моторное бюро» ЖШС тәуелсіз сараптамасының жылжымайтын мүлікті бағалау актісі, Энск қалалық сотының 20.09.20__ ж. қаулысы қоса берілді.

Хаттама оқылды: ескертулер мен толықтырулар түскен жоқ.

 

Кепіл беруші                                       З.Ж.Қанағатов

 

Күдікті (сотталған)                             Д.З.Қанағатов    

 

Өзге де қатысушы адамдар                      _____________________   (тегі, аты-жөні, қолы)

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Адамдарды куәландыру

ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

                                                                          

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, №16481004101587 қылмыстық істі тергеуге байланысты жылғы 10 тамыздағы Энск қ. Прокуроры рұқсат еткен куәландыруды жүргізу туралы қаулысының негізінде, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 223, 224-баптарның талаптарына сәйкес, маман – соттық-медициналық сарапшы (дәрігер) С.Қ. Аймағанбетовтің, сондай-ақ қатысушы куәгерлер Энск қ. тұратын, Н. Әбдірова 7 үй 116 пәтер А.Ө. Смағұловтың қатысуымен, Энск қ. тұратын, Университет көш. 21 үй 105 пәтер, Р.С. Аршкеновтың қатысуымен:

куәландыру жүргізді: Д.Т. Әбішев, ол туралы Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199 және 224-баптарына сәйкес осы хаттама жасалды.

Тексеру барысында барлық қатысушыларға тексеру процесінде жүргізілетін барлық іс-қимылдар кезінде олардың болу, хаттамаға енгізуге жататын ескертулер жасау құқығы туралы түсіндірілді. Тексеру жүргізуге қатысатын адамдарға да Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 201-бабының талаптары: олардың жүргізілген процестік әрекеттері туралы мәліметті таратпау міндеттері туралы, сондай-ақ тіркеудің техникалық құралдарын, оларды пайдалану шарттары мен тәртіптерін қолдану туралы түсіндірілді:

«SONI» маркалы бейнекамера.

Куәгер:                                       ________________А.Ө. Смағұлов

                                                                     (қолы)

Куәгер:                                       ________________Р.С. Аршкенов

                                                                      (қолы)

Тергеуші Энск қ. прокуроры рұқсат берген Д.Т. Әбішевке куәландыруды жүргізу және оның өз еркімен куәландырудан өтуді ұсынғандығы туралы қаулыны ұсынды.

Жүргізілген куәландырумен мыналар белгіленді:

Д.Т. Әбішевте екі жоғарғы қол ұштарының, денесінің, сол жақ санының қанталауы, басының оң жақ бөлігінде қара жарақат, екі құлақ қалқаны, беті, сол жақ тізе буыны жарақаттары түрінде дене зақымдары белгіленді.

Анықталған іздер немесе ерекше белгілері фотосуретке түсірілді (бейнетүсіру пайдаланылды) одан кейін тергеу әрекеті бейнежазбасы бар СД-дискі № 1 конвертке салынып, оған сүргі соғылды. 

    Хаттамамен таныстым: Д.Т. Әбішев пен С.Қ. Аймағанбетовтің жеке оқуы арқылы

 

Қатысушылар:

1. Д.Т. Әбішев _______________               / ________________ /

                                                                                (қолы)

2. С.Қ. Аймағанбетов ___________                     / ________________ /

                                                                          (қолы)

 

Куәгерлер:

1. А.Ө. Смағұлов____________________                    / ________________ /

(қолы)

2. Р.С. Аршкенов____________________                    / ________________ /

(қолы)

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

 

Жәбірленушіден жауап алу

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

        

    Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК–нің 199,212 бап талаптарын ескере отырып, соңымен қатар Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 208-210, 214 баптарын басшылыққа ала отырып, Энск қ. ІІБ ғимаратында жәбірленушіден жауап алдым:

1. Аты, жөні, тегі: Данияр Омарханұлы Сарсенбаев

2. Туған жылы, айы, күні: 1977 ж.т.16.01.

3. Туған жері: Кутузов қ.

4. Ұлты: қазақ.

5. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

6. Білімі: орта.

7. Жан ұялық жағдайы: бойдақ

8. Соттылығы:  сотты емес.

9. Мекен жайы: Кутузов қ., Зональная көшесі 91 үй 10 пәтер

10. Жұмыс орны (оқу):  «Семсер» жеке меншік ұйымда, күзетші

Паспорт немесе басқа құжаттар:  Жеке бас куәлігі _№011238789 берілген күні 15.10.2013 ж Қазақстан Республикасының ІІМ.

    Жәбірленуші Д.О.Сарсенбаевқа Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 210 бабына сәйкес, жәбірленушіге Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 71 бабында көрсетілген құқықтпры мен міндеттері түсіндірілді 1) келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге; 2) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; 3) дәлелдемелерді ұсынуға; 4) өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; 5) аудармашының тегін көмегін пайдалануға; 6) өкілінің болуына; 7) қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға; 8) заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға; 9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; 10) өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; 11) сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға; 12) өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; 13) өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; 14) бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; 15) сот жарыссөздерінде сөйлеуге; 16) айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; 17) сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы; 18) қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге; 19) соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға; 20) іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге және оларды қарауға қатысуға; 21) өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; 22) тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге құқығы бар. Осы Кодекстің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушіге заң көмегі тегін ұсынылады. Жәбiрленушi міндетті: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi. Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол осы Кодекстiң 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: