Полиция капитаны М.С.Мукашев 10 страница

Соңымен қатар жәбірленуші Д.О.Сарсенбаевқа Қазақстан Республикасының ҚК-нің 419 бабы көрнеу жалған сөз жеткізу және Қазақстан Республикасының ҚК 421 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында айғақтар беруден бас тартқандығы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығым маған ескертілді.

    Жәбірленуші ________________________ Д.О.Сарсенбаев.

Жауап беруден бас тартпаймын және маған қатысты қауыпсіздік шарасын қолдану қажет етпеймін. Жауапты қазақ тілінде тілінде беремін, аудармашының көмегін қажет етпеймін.       

    Жәбірленуші ________________________ Д.О.Сарсенбаев.

Маған қойылған сұрақтарға төмендегіше жауап беремін, бұрын қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылған емеспін, тіркеуде ешқайда тұрмаймын.

01.01.2016 жылы сағат 15.00 шамасында мен өз жұмыстарымен Энск қаласына келдім, өзімде 6000 теңгедей ақша болған, оларды кешке дейін өзімнін керек жарақтарыма жұмсадым.

Өз жұмыстарымды аяқтағанан кейін, үйге қайтпқашы болдым, бірақ кеш болып кетті, Кутузов қаласына баратын таксилер болған жоқ, Энск қаласында менін тусыстарын жоқ, сондықтан вокзал манайынан бір түнге пәтер жалдамақшы болдым. Вокзал жаққа мен сол күні сағат 17.00 шамасында келдім, маған бейтаныс, 30-35 шамасында, орта бойлы, толық денелі, азият ұлтты, үстіне қара түсті капюшоны бар шуба киген, «Динара» есімді қыз келіп, пәтер жалдамайсызба деп сұрады. Мен пәтер жалдауға ақшам жоқ деп және үйіме қайтуға үлгермедім деп айттым. Содан кейін мен қызға кепіл ретінде өзімнің қара түсті «Nokia 6303», маркалы ұялы телефонымды және жеке бас куәлігімді беремін дедім ақша тауып алғанша, ол менің сөзіме келісті. Содан кейін мен өзімнің ұялы телефонымна сим-картамды алып, ұялы телефонымды бейтаныс «Динара» есімды қызға бердім. Ол өзінім телефонымен біреулерге қоңырау соғып, мені тосып алсын деді. Одан кейін «Динара» есімді қыз маған Ермеков көшесінде тоғыз қабатты үйде орналасқан «Три семерка» дүкенінің алдында тосып алады деді. Содан сон мен «Динара» айтқан мекен жайға келдім, бірақ мені ешкім күтіп алған жоқ. Сосын мен бірақ түсіндім, бейтаныс «Динара» есімді қыз мені алдаған екендігін, мен тез арада вокзалм жаққа жүгірдім, бірақ ол қызды іздеп таба алмадым. Түні бойы вокзалда болдым, келесі күні Кутузов қаласынан таксистерге қарызға отырып қайтым.

Мен құқық қорғау органдарына хабарласқан жоқпын, ойлағам өзім тауып аламын деп. Таба алмағандықтан 05.01.2016 жылы Энск қаласының ІІБ-на барып «Динара» есімді қызға қатысты арыз жазып, ұялы телефонымды қайтарып беру туралы.

«Nokia 6303», маркалы ұялы телефонды 2014 жылы Кутузов қаласындағы орталық базарында өзімнім туған күніме 28000тенге және көлемі 2 Гб флеш-картасын 2000 тенге сатып алғам, ұялы телефонын құжаттарын жоғалтып алғанмын. Өзімнін ұялы телефонымды танимын, өйткені телефоның артқы корпусынын ішкі жағының оң жағында кіші әріпен туған күнім жазылған. Мені алдап кеткен «Динара» есімді қызбен кездескенде танимын. Қылмыс салдарынан маған 30.000 теңге көлемінде шығын келтірілді.

Меннің айтқан сөздерімнен жазылды және өзім оқып таныстым.

________________________                                         11.01.2016 ж.

 (қолы)

           

Жауап алған:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

 

Жәбірленушіден жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                               2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, мына мекенжай бойынша орналасқан: Энск қ., Ермеков көшесі, 122, Энск қ. ІІБ-де №1 кабинетте ҚПК 115, 199, 214, 71-баптарына сәйкес жәбірленуші ретінде №15357203100555 қылмыстық іс бойынша жауап алды:

Тегі, аты, жөні: Аман Бүркітұлы Болатов

Туған жылы:               01.09.1979жылы туған

Туған жері:        Энск қ.

Ұлты:                  қазақ

Азаматтығы:      Қазақстан Республикасы

Білімі:                жоғары техникалық

Отбасы жағдайы: бойдақ

Жұмыс орны, лауазымы: «Строй ЛТД» ЖШС инженер

Тұратын жері:     Энск қ., Жамбыл көш. 9-11

Байланыс телефоны: 877735551515

Паспорт немесе басқа да құжаттар: жеке куәлік №987654321 07.07.2005ж.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі берген

Сотталғандығы:  сотталмаған

Жәбірленушінің күдіктіге қатысы: бейтарап

    Қазақстан Республикасының ҚПК-ның 110, 210, 214-баптарына сәйкес жәбірленуші                  А.Б.Болатовқа Қазақстан Республикасының ҚПК-ның 71-бабының талаптарына сәйкес іс үшін маңызы бар қандай да бір мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам айғақтар беру үшін жәбірленуші ретінде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкін екендігі туралы түсіндірілді.

Жәбірленушінің: келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; дәлелдемелерді ұсынуға; өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; өкілінің болуына; қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға; заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға; өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға; өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге; айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы; қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге; соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға; іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге және оларды қарауға қатысуға; өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге құқығы бар.

ҚПК-тің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушіге заң көмегі тегін көрсетіледі.

Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.

Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол ҚПК-тің 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған ҚҚПК-тің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн.

Жәбірленуші: А.Б.Болатов __________________

Жәбiрленушi айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергенi үшiн заңға сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.

Қылмыстық құқық бұзушылықпен өзіне мүліктік зиян келтірілген заңды тұлға жәбірленуші болып танылуы мүмкін. Бұл жағдайда жәбірленушінің құқықтары мен міндеттерін заңды тұлғаның өкілі жүзеге асырады.

Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, оның ішінде қорғалуға құқығы бар жәбірленушіге Қазақстан Республикасының ҚПК 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

Жәбірленуші: А.Б.Болатов __________________

    Жәбірленуші А.Б.Болатов құқықтарымен және міндеттерімен танысқаннан кейін: «Айғақ беруден бас тартпаймын, оны өзім еркін білетін орыс тілінде беремін, аудармашының және адвокаттың көмегін пайдаланбаймын, бұл менің материалдық жағдайыма байланысты емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына мұқтаж емеспін» деді.

Жәбірленуші: А.Б.Болатов __________________

Істің белгілі жағдайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша жәбірленуші А.Б.Болатов мынаны көрсетті:

Жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша жалғыз тұрамын, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұрған жоқпын.

20__ жылғы 1 қыркүйекте шамамен сағат 21:00-де мен өзімнің қызым Кәмшат Төлегенқызы Талғатовамен «Фарт» кафесінде кездестім. Сол кеште мен оған ұсыныс жасағым келген.

Дүйсенбі болғандықтан, мен мекемеде көп адам болмайды деп ойладым.

 Сонымен қатар, біз онда кездескен кезде, залдың екінші басында бізден басқа бір нәрсені тойлап жатқан 10-15 адамнан тұратын компания отырды. Сондықтан, мен қызыма кешкі ас ішіп, одан кейін үйіне жеткізіп салатынымды айттым.

Біз бір сағаттай әңгімелесіп отырдық, одан кейін біздің үстелімізге мас күйінде болған жас жігіт келіп, Кәмшатті биге шақырды.

Менің қызым бас тартты, бір мезгілде мен де оның жалғыз емес екенін және одан аулақ жүруін ескерттім. 

Алайда ол жігіт тұрып алды. Одан кейін мен оны өз компаниясына апарсам, олар оған қарайды деп ойладым. Өйткені жігіттің мас екені анық көрініп тұрды. Мен оны қолынан ұстап «Жүр достарыңа апарайын» деп айтқанымда ол қымбат шарапты алып үстелге ұрып сындырып, үшкір жағымен менің қолымды және ішімді жарақаттады. Қанды көргенде есімнен танып қалдым. Есімді жинаған кезде қасымда менің қызымнан басқа ешкім болған жоқ.

Күзетшілер жаңағы жігітті ұстап алыпты, ал оның қасындағы адамдар әкімшімен бірнәрсе туралы келіскілері келді.

_________________

Сұрақ: Сіз бұрын күдікті Н.Қ. Қазтаевты білетін бе едіңіз? Оны жақтырмайтындай жағдайдасыз ба?

Жауап: Жоқ. Н.Қ. Қазтаевты бұрын білген жоқпын. Оны жақтырмайтындай жағдайда емеспін, өйткені ол менің халімді білуге емханаға келіп, кешірім сұрады және есінде ештене жоқ екенін айтып, алкогольді көтере алмайтынын, ал оның әріптестері ішуге мәжбүрлегендерін түсіндірді. Бұдан басқа, ол менің емделуімді төлейтінін және келтірілген залалдың орнын толтыратынын айтты.

_________________

Сұрақ: Сіз Н.Қ. Қазтаевтың қылмыстық жауапкершілікке тартылуын қалайсыз ба?

Жауап: Жоқ, қаламаймын. Маған келтірілген залал өтелгеннен кейін онымен татуласқым келеді. _________________

Сұрақ: Өзіңізге келтірілген залалды қаншаға бағалайсыз?

Жауап: Емделуді есепке ала отырып, келтірілген залалды 227 000 теңгеге бағалаймын. _________________

Жәбірленуші: А.Б.Болатов _________________

Жауап алған, хаттама жасаған:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Жәбірленушіге азаматтық талап қою құқығын түсіндіру

ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев,  Энск қ. ІІБ-да 15.01.2016жылы сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне алаяқтық туралы тіркелген №15020 санды қылмыстық іс құжаттарын қарап шығып, сондай – ақ осының салдарынан жәбірленушіге Сағындық Нұрланұлы Касперовқа материалдық нұқсан келтіргендерін назарға ала отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 110, 166, 167, 169, 170,171 баптарының талаптарын сақтай отырып, Энск қалалық сотына жәбірленуші С.Н.Касперовқа осы қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қоюға құқығы бар екендігін түсіндіріп, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199 бабына сәйкес осы хаттаманы толтырдым.

С.Н. Касперовқа Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 73 бабында көрсетілген құқықтарым мен міндеттерін түсіндірілді: 1) күдіктің, айыптаудың мәнiн бiлуге; 2) дәлелдемелердi ұсынуға; 3) қойылған талап бойынша түсiнiктеме беруге; 4) қылмыстық iске қосып тігу үшiн материалдарды ұсынуға; 5) өтiнiшхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлiмдеуге, ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар мен түсiнiктемелер беруге; 6) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға, өкiлiнің болуына; 7) өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға; 8) өзiнiң өтiнiшхаты бойынша немесе өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша жүргiзiлген тергеу әрекеттерiне прокурордың, тергеушiнiң немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; 9) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн iстiң азаматтық талап қоюға қатысты материалдарымен танысуға және одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәлiметтi және кез келген көлемде жазып алуға; 10) өзiнiң мүддесiн қозғайтын қабылданған шешiмдер туралы бiлуге және мәлiмделген азаматтық талап қоюға қатысты процестік шешiмдердiң көшiрмелерiн алуға; 11) азаматтық талап қоюдың кез келген сот сатысында қаралуына қатысуға; 12) сот жарыссөздерiнде сөйлеуге; 13) сот отырысының хаттамасымен танысуға және оған ескертулер беруге; 14) қылмыстық процестi жүргізетін органның әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешiмдерiне шағым келтіруге; 15) соттың үкiмi мен қаулыларына азаматтық талап қоюға қатысты бөлiгiнде шағым жасауға; 16) iс бойынша азаматтық талап қою бөлiгiнде келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы бiлуге және оларға қарсылық беруге; 17) мәлiмделген шағымдар мен наразылықтарды соттың қарауына қатысуға; 18) осы Кодекстiң 173-бабының бірiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, келтiрiлген зиянның өтемақысын жәбірленушілерге зиянды өтеу қорының қаражаты есебінен алуға; 19) қауіпсіздік шараларын қолдану туралы мәлімдеуге құқығы бар.

Өзінің жоғарыда аталған құқықтарымен танысып шыққан жәбірленуші С.Н.Касперов азаматтық талап қоюды қалайтындығын (қаламайтындығын) туралы, «сот отырысында азаматтық талап беретіндігін білдірді».

  Жәбірленуші:   ________________________________________________

      Құқықтарын түсіндірді

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

 

Куәдан жауап алу

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Энск қаласы Молокова көш., 102 мекенжайы бойынша орналасқан Энск АІІБ ғимаратында №28 қызметтік кабинет бөлмесінде Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 60, 78, 110, 115, 197, 199, 208, 209, 210, 212, 214-баптарын басшылыққа ала отырып, мына төменде көрсетілген адамнан куә ретінде жауап алды:

Тегі, аты әкесінің аты: Каренкин Нұржан Бауржанұлы,

Туған күні: 19.03.1981 ж.т.;

Туған жері: Энск ауданы Қызылжар ауылы;

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының;

Ұлты: қазақ;

Білімі: жоғары;

Отбасы жағдайы: үйленген;

Тұратын жері: Энск ауданы Қызылжар ауылы,

ұ.т. 8-7017764478;

Жұмыс орны: құлысша;

Жеке басын куәландыратын құжаттар: жеке куәлігі №0010898779 Қазақстан Республикасының Әділет министрдігі 25.11.2008 жылы берген;

Соттылығы: сотталмаған

Куәның күдіктіге қатынасы: таныс емес

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 110, 214-баптарына сәйкес куә Н.Б. Каранкинға оның Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 78-бабының талаптарына іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн екені түсіндірілді.

Мыналар:

1) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешiмiн шығару кезiнде туындаған мәселелердi кеңесу бөлмесiнде талқылау барысында өздерiне белгiлi болған iстiң мән-жайлары туралы – судья, алқаби;

2) аралық судьяның немесе төрешiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – аралық судья немесе төрешi;

3) өзiнiң мiндеттерiн орындауына байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – күдіктiнiң, айыпталушының, сотталушының, сотталған адамның қорғаушысы, сол сияқты олардың заңды өкілдері, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердiң өкiлi, сондай-ақ куәнің адвокаты;

4) тәубаға келу үстінде өзіне белгiлi болған мән-жайлар туралы – дiни қызметшi;

5) өзiнiң жасының толмауына не психикалық немесе дене кемiстiктерiне байланысты іс үшiн маңызы бар мән-жайларды дұрыс қабылдауға және олар туралы айғақ беруге қабiлетсiз адам;

6) заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, медиацияны жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – медиатор;

7) ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жағдайларды қоспағанда, өз қызметін жүзеге асыруға байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы – ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысы куә ретінде жауап алынуға жатпайды.

Куәнiң:

1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соғатын айғақтар беруден бас тартуға;

2) өзiнiң ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге;

3) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;

4) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;

5) жауап алу хаттамасына айғақтарды өз қолымен жазуға;

6) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерiне қатысты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге құқығы бар.

Куәнің өз адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқығы бар. Адвокаттың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам белгілеген уақытта келмеуі куәдан жауап алуды жүргізуге кедергі келтірмейді.

Куәның қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде шеккен шығыстарын оған өтеу қамтамасыз етіледі.

Куә:

1) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге;

2) іс бойынша болғанның бәрін шынайы түрде хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге;

3) егер өзіне бұл туралы анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, іс бойынша өзіне белгілі мән-жайлар туралы мәліметтерді жария етпеуге;

4) тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

Куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куә, осы Кодекстiң 223 және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды.

Куә:______________ (Каренкин Н.Б.)

Куә жалған айғақтар бергенi, айғақтар беруден бас тартқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнде көзделген қылмыстық жауаптылықта болады. Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәға осы Кодекстің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

Куә:______________ (Каренкин Н.Б.)

    Бұдан басқа, куә _____________ Қазақстан Республикасының ҚК-нің 420, 421-баптары бойынша жалған айғақтар беруді немесе айғақтар беруденжалтару үшін қылмыстық жуаптылық туралы, сондай-ақ келуден немесе өзінің міндеттерін дәлелді себептерсіз орындаудан бас тарту немесе жалтару үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: