Полиция капитаны М.С.Мукашев 15 страница

Энск қ. ІІБ КБЖ бөлімінің қызметкерлері Р.Р. Шмидт, К.К. Захаровтың, Туысы К.Б.Волковтың қатысуымен № 14550003100995 қылмыстық іс бойынша Энск қ. сотынының 2016 ж. «21» маусымдағы қаулысы негізінде және С.С. Волкованың ұлы К.Б.Волковтың келісімі немесе сот шешімінің _____________________ негізінде Қазақстан Республикасының ҚІК 227 бабына сәйкес (соттың атауы және шешім шығарылған күні)

03.03.1924 ж.т. Волкова Светлана Сергеевнаның мәйітін жерленген жерден – «Энск ОЖКХ» МКҚК қызмет көрсететін Энск қаласының православие зиратының № 8 қабірінен алып (эксгумация әрекетін жүзеге асырды), мәйітті қарады. 

Эксгумация басталғанға дейін эксгумацияға қатысатын адамдарға олардың құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі, сондай-ақ, эксгумацияны өткізу тәртібі және мәйітті қарау тәртібі түсіндірілді.

Эксгумацияға қатысатын тұлғаларға сондай-ақ «CVS-500» маркалы бейнекамера түріндегі техникалық құрал қолданылатындығы туралы айтылды. Эксгумация жүзеге асырылып, мәйіт бұлтсыз шуақ күні, табиғи жарықта қаралды.

Қазақстан Республикасының ДМ СМО РМКК Энск филиалының сот-медициналық сарапшысы (дәрігерге, өзге маманға) А.Ж.Сембековқа Қазақстан Республикасының ҚІК 79 (80) б. Көзделген құқықтар, міндеттер мен жауапкершілік түсіндірілді.

Эксгумацияға қатысқан өзге тұлғалар: /Воротова С.С./

 /Шмидт Р.Р./ _____________

/К.К.Захаров/______________

/Ким Э.Э./ ________________

/Волков К.Б./ ______________

Жерленген жерді көрсетіп беру үшін шақырылған ұлы Волков Клим Борисович 1924 ж.т. С.С.Волкованың Энск православиелік зиратының 5 саяжолындағы № 8 жерінде орналасқан, қара түсті металлдан жасалған дуалмен қоршалған, «Волкова Светлана Сергеевна 03.03.1924 ж.–02.06.20_ ж.» деген жазуы бар жерленген жерін көрсетті.

    Эксгумация жүргізіліп, мәйіт қаралған кезде анықталған мәліметтер: жер жұмыстарын жүргізген кезде жерленген жерден қара түсті материяға қапталған табыт қазып алынды. Табыттың қақпағын ашқан кезде енді ғана шіри бастаған еуропалық келбетті әйел адамының мәйіті табылды. Мәйітке қара түсті көйлекке және қара түсті өкшелі туфли кигізілген. Мәйітті эксгумацияға қатысқан К.Б.Волковқа көрсеткен кезде К.Б.Волков 02.06.2016 жылы қайтыс болған және 05.06.2016 жылы сол зиратта жерленген мәйіт – оның анасы – С.С.Волкованың мәйіті екендігін айтты. Мәйітті сырттай қарау кезінде ешқандай күштеп өлтіру белгілері мен дене жарақаттары байқалмады. Эксгумация жүзеге асырылып, мәйітті қарау әрекеті «CVS-500» маркалы бейнекамераға жазылып отырды.

Процессуалдық әрекеттің бейнежазбасы хаттамаға қосылады.

Эксгумацияны жүзеге асырып, мәйітті қараған кезде қара түсті матаға қапталған табыт қақпағымен алынды.

С.С.Волкованың мәйіті (оның бір бөлігі) Қазақстан Республикасының ДМ СМО РМКК Энск филиалына сот-медициналық сараптаманы жүргізіп, өлім себептерін анықтау үшін жіберілді.

Эксгумация әрекеті басталғанға дейін, эксгумация кезінде немесе эксгумация аяқталғанда эксгумацияға қатысқан тұлғалардан өтініштер, ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

Өтініштің мазмұны: ________________________________

Хаттама тергеу әрекетіне қатысқан барлық тұлғаларға танысып шығу үшін ұсынылды. ____________________________________________________    (тергеу әрекетіне қатысқан тұлғаның процессуалды жағдайы, тегі, аты, әкесінің аты)

өтініші бойынша тергеуші (анықтаушы) оған хаттаманы оқып берді.

    Хаттамаға ескертулер хаттама дұрыс жасалды.

Сот-медициналық сарапшы

(дәрігер, өзге маман)   ______ /Сембеков А.Ж./__

                 (қолы)

Маман                              Қ.Сейлханов _______

өзге тұлғалар:                                  (қолы)

Эксгумацияға қатысқан өзге тұлғалар: ________ /Воротова С.С./__

                                                                      (қолы)

_______/Шмидт Р.Р./ _______

_______/Захаров К.К./ _______

_______/Волков К.Б./ _______

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Эксгумациялаудан кейін адамның мәйітін жерлеу туралы

ХАТТАМА

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199, 228-баптарын басшылыққа ала отырып, «Энск ОЖКХ» МҚКК директоры С.С.Воротованың жұмыскерлер Р.Р. Шмидттің, К.К. Захарованың Энск қаласы ІІБ КБЖ маманы Қ.Сейлхановтың, туысы К.Б. Волковтың қатысуымен, №14550003100995 қылмыстық іс бойынша 2016 ж. 23 маусымдағы қаулының

 ______________________________________________________

                    (соттың атауы және шешім шығарылған күн)

сот шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 228-бабына сәйкес 03.03.1924 ж.т. Светлана Сергеевна Волкованың __________________________________

(марқұмның тегі, аты, әкесінің аты, жерленген жері)

мәйітін жерлеу жүргізілді.

Жерлеуді бастаудың алдында қатысып отырған адамдарға олардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі түсіндірілді.

Маман                              __________     Қ.Сейлханов

                                                                                                (қолы)

Өзге қатысып отырған тұлғалар: ___/ Воротова С.С. /_            (қолы)

      ______________________/ Шмидт Р.Р. /____                 (қолы)

___________________/ Захаров К.К. /___                       (қолы)

___________________/ Волков К.Б.. /___

 

Мәйітті жерлеу өзі бұрын 2016 жылы «22»_маусымда 03.03.1924 ж.т. Светлана Сергеевна Волкованың __________________________________

(марқұмның тегі, аты, әкесінің аты, жерленген жері)

мәйітін эксгумациялау болған жерге: ашық, күн сәулелі ауа-райы болғанда табиғи жарық кезде және ауа температурасы + 23 * С болғанда жүргізілді

(ауа температурасы, ауа-райы, жарық)

Жерлеу кезінде Энск қаласы ІІБ КБЖ маманы Қ.Сейлханов «СVS-500» маркалы бейнекамерасымен бейнежазу жасады

(фото түсіру, бейнежазба және басқа да техникалық тіркеу құралдары)

 

Хаттамаға мыналар қоса тіркеледі процестік іс-әрекет бейне жазбасы

                                                                                            (бейнежазба кассеталары және т.б.)

03.03.1924 ж.т. Светлана Сергеевна Волкованың мәйітін жерлеу барысында

(марқұмның тегі, аты, әкесінің аты, жерленген жері)

қатысушы адамдар - «Энск ОЖКХ» МҚКК директоры С.С.Воротовадан,

              (процестік немесе өзге жағдайы, тегі, аты, әкесінің аты, жерлеу орны әкімшілігінің атауы)

жұмыскерлер Р.Р. Шмидттен, К.К. Захаровадан, Энск қаласы ІІБ КБЖ маманы Қ.Сейлханов, туысы К.Б. Волковтан мәлімдемелер түскен жоқ.

Мәлімдеменің мазмұны: _________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Хаттама тергеу әрекетіна қатысқан барлық тұлғаларға танысу үшін көрсетілді.

__________________________________________________ өтініші бойынша

    (тергеу іс-әрекетіне қатысушының процестік жағдайы, тегі, аты-жөні)

хаттаманы тергеуші (анықтаушы) жариялады.

Хаттамаға ескертулер: хаттама дұрыс жасалды, ескертулер жоқ

                                        (ескертулердің мазмұны не олардың жоқ екендігін көрсету)____________________________________________________

Маман                              __________     Қ.Сейлханов

                                                                                                (қолы)

Өзге қатысып отырған тұлғалар: ___/ Воротова С.С. /_

                                                                                                    (қолы)

     ___________________/ Шмидт Р.Р. /____

                                                                                                    (қолы)

___________________/ Захаров К.К. /___

                                                                                                   (қолы)

___________________/ Волков К.Б.. /___

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

 

Сараптама үшін үлгілерді алу

ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитан Н.Н.Мукашев, № 16594603100001 санды қылмыстық іс материалдарын қарап, 2016 ж. «01» қаңтардағы үлгілерді алу туралы қаулының негізінде № 6 кабинетте Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 262-268 баптарының талаптарын сақтай отырып, криминалист - маман Энск қаласының ІІБ ЖКТ полиция капитаны Қ.Сейлхановтың қатысуымен Иван Иванович Ивановтан дауыс үлгілерін алды, ол туралы Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 269-бабына сәйкес осы хаттама жасалды. Тергеу әрекетін бастаудың алдында тергеуші 2016 ж. «01» қаңтардағы үлгілерді алу туралы қаулыны жариялады.

И.И. Ивановқа Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 64-бабына сәйкес оның құқықтары түсіндірілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 265-бабының 1-бөлігіне сай адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті емес ғылыми-техникалық құралдар қолданылуы мүмкін екені түсіндірілді.                (қолы)

Криминалист – маманға Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 80-бабымен реттелген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Криминалист - маман                         (қолы)

Күдікті И.И. Ивановқа қойылған сұрақтарға өз еркімен жауап беру және орын алған қылмыстың мән-жайлары туралы айтып беру ұсынылды.

Криминалист маман «олимпус» диктофонын пайдаланып, үлгілерді іріктеуді жүргізді, яғни И.И. Ивановтың дауысы диктофонға жазылды. Кейін дауыс үлгілері бар «олимпус» диктофоны қағаз конвертке бумаланды, ол мөрленді, және оған тергеуші мен И.И. Иванов қолдарын қойды.

Мәлімдемелер мен ескертулер: түскен жоқ.

Күдікті                              ________________ (қолы)

криминалист - маман       _________________(қолы)

 

Хаттама дауыстап оқылды (жеке немесе тергеуші (анықтаушы).

 

Үлгілерлі алуды жүргізген

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                   (қолы)             Н.Н.Мукашев

  

=========================================================

Сараптаманы тағайындау туралы қаулымен таныстыру

ХАТТАМАСЫ

 

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитан Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199 және 274-баптарын басшылыққа алып, осы хаттаманы жасады, ол бойынша күдікті И.И. Иванов «01» 01.20__ жылғы сот-фоноскопиялық сараптаманы тағайындау туралы қаулымен таныстырылды, сондай-ақ оған оның құқықтары түсіндірілді, атап айтқанда, оның: 1) сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өздеріне тиесілі құқықтарға түсіндірме алуға құқығы бар, бұл туралы хаттама жасалады;2) сарапшыға қарсылық білдіруді немесе сот сараптамасы органын сараптама жүргізуден шеттету туралы өтінішхатты мәлімдеуге;3) өздері көрсеткен адамдарды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін сарапшылар ретінде тағайындау, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтінішхат беруге;4) сарапшы алдына қосымша мәселелер қою немесе қойылған мәселелерді нақтылау туралы өтінішхат беруге;5) сараптама жүргізілген кезде қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен, осы Кодекстің 278-бабында көзделген тәртіппен қатысуға;6) сарапшының қорытындысымен не осы Кодекстің 284-бабында көзделген тәртіппен қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабармен танысуға құқығы бар.

    Сараптаманы тағайындау туралы қаулымен танысып, былай мәлімдеді:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Қаулымен таныстырылған адамның қолы: _________ И. Иванов

Қорғаушы:______________________________________________________

Құқықтарымен таныстырған және хаттаманы жасаған:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                   (қолы)             Н.Н.Мукашев  

=========================================================

Сарапшының қорытындысымен таныстыру

ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитан Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199 және 274-баптарын басшылыққа алып, осы хаттаманы жасады, ол бойынша күдікті И.И. Иванов «01» 01.20__ жылғы № 01 сарапшы қорытындысымен таныстырылды, сондай-ақ оған оның құқықтары түсіндірілді:

1) сараптама жүргізілгенге дейін оның тағайындалғаны туралы қаулымен танысуға және өздеріне тиесілі құқықтарға түсіндірме алуға құқығы бар, бұл туралы хаттама жасалады; 2) сарапшыға қарсылық білдіруді немесе сот сараптамасы органын сараптама жүргізуден шеттету туралы өтінішхатты мәлімдеуге; 3) өздері көрсеткен адамдарды немесе нақты сот сараптамасы органдарының қызметкерлерін сарапшылар ретінде тағайындау, сондай-ақ сараптаманы сарапшылар комиссиясының жүргізуі туралы өтінішхат беруге; 4) сарапшы алдына қосымша мәселелер қою немесе қойылған мәселелерді нақтылау туралы өтінішхат беруге; 5) сараптама жүргізілген кезде қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен, қатысуға, сарапшыға түсініктемелер беруге; 6) тергеушіге түскеннен кейін сарапшының қорытындысымен не қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабармен танысуға, өзінің ескертулерін беруге, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайта сараптама тағайындау туралы, сондай-ақ жаңа сараптамалар өткізу туралы өтініш білдіруге құқығы бар.

Сонымен бірге, сарапшының қорытындысы немесе оның қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабары, сондай-ақ сарапшыдан жауап алу хаттамасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанға дейін күдіктіге, айыпталушыға, жәбірленушіге не осы Кодекстің 274-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген өзге адамдарға ұсынылады, олар өз ескертулерін ұсынуға, сарапшының түйіндері бойынша қарсылықтарын мәлімдеуге, сарапшыдан жауап алу, қосымша немесе қайталама сараптама, сондай-ақ жаңа сараптамалар тағайындау туралы өтінішхаттарын мәлімдеуге құқылы. Мұндай өтінішхат қанағаттандырылған немесе қабылданбаған жағдайда, қылмыстық қудалау органы тиісті қаулы шығарады, ол өтінішхатты мәлімдеген адамға одан қолхат алып хабарланады.

    Сарапшының қорытындысымен танысып, күдікті былай мәлімдеді:

___ескертулер мен өтініштерім жоқ_______________________________

 

Сарапшының қорытындысымен таныстырылған адамның қолы:

_____ И. Иванов

Қорғаушы:__________________________________________________

Заңды өкілі (куә, жәбірленуші)__________________

Құқықтарымен таныстырған және хаттаманы жасаған: 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                   (қолы)             Н.Н.Мукашев  

=========================================================

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: