Ішкі істер министрлігі

Қостанай облысының

Прокуратурасы

ХАБАРЛАМА

«Шет мемлекеттердің Қазақстан Республикасы аумағындағы дипломатиялық өкілдіктеріне тиісті мемлекеттер азаматтарының ұстап алынғаны және қамаққа алынғаны туралы хабарлау тәртібі туралы» 1993 жылғы 6 сәуірдегі №15/7/19203/1295/31 нұсқаулықтың 1.3-тармағына сәйкес 20___ жылғы7 қыркүйекте сағат 18.00-де Қазақстан Республикасының ҰҚК Қостанай облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасының ҚПК 128-бабы тәртібімен Қазақстан Республикасының ҚК 24-бабы 3-бөлігінде, 286-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасады деген күдік бойынша Қырғызстан Республикасының азаматы, 1985 жылғы 18 желтоқсанда туған, Сағатбек Әбдірасулұлы Әбдірасулов ұстап алынғанын хабарлаймыз, ол Қырғыз Республикасы Баткен облысы Сулюта қаласының тумасы, мына: Қырғыз Республикасы, Бішкек қаласы, Новостроека ауданы №27 үй мекен-жайы бойынша тұрады.

Паспортқа қосымша AN3 962240 көші-қон карточкасына сәйкес Қырғыз Республикасының азаматы, С.А. Әбдірасулов Қазақстан Республикасына 20___ жылғы 5 қыркүйекте Жамбыл облысы «Қордай» КП арқылы кірген.

Болу мақсаты - транзит

Департамент бастығы (қолы)              И.Бидайбаев

 

=========================================================

Ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы

ҚОЛХАТ

 

 

Энск қ.                                                                          20__ ж. 20 қаңтар                                                                                                                               

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК 141-бабына сәйкес – күдікті Дамир Қайратұлы Бакировтан ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат алды, ол 16.05.1989 ж.т. мына: Энск қ., Жанқожа батыр көш., 24 үй, 52 пәтерде тұрады, қолхатқа сәйкес:

Мен, Д.Қ.Бакиров анықтаушының, тергеушінің немесе соттың рұқсатынсыз тұрақты немесе уақытша тұрғылықты жерімді (елді мекенді) тастап кетпеуге, істі тергеп-тексеруге және сотта талқылауға кедергі келтірмеуге, қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша белгіленген мерзімде келуге міндеттеме аламын.

Қазақстан Республикасының ҚПК 140-бабы 4-бөлігіне сәйкес алдын алу үшін Қазақстан Республикасының ҚПК 141, 142, 143, 144, 145 және 146-баптарында көзделген шаралар қолданылатын әрекеттер жасалған жағдайда бұлтартпаудың барынша қатаң шарасы қолданылатыны туралы ескертілдім.

Бакиров Дамир Қайратұлы ____________

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев 

 

=========================================================

Энск қ. ІІБ

ТБ тергеушісі

полиция аға лейтенанты

Ж.Мухтаровқа

 

Қ.Ж.Бакировтан

Н.Б.Бакировадан

(Д.Қ.Бакировтың ата-анасы)

әкесінің туған жылы:11.01.1952ж.

анасының туған жылы: 15.05.1954ж.

бұрын сотталмаған

мына мекенжайда тұрады: Энск қ., Жанқожа батыр көш., 24 үй, 52 пәтер

әкесінің жұмыс орны:

«Ақнар» ЖШС

лауазымы: бас директордың орынбасары

анасының жұмыс орны:

үй шаруасында

тел.: 8/7132/555555,

ұял. тел: 8777 555 55 55

ИИН: 8787654654687

 

ӨТІНІШХАТ

(Қазақстан Республикасының ҚПК 142-бабы 2-бөлігі тәртібімен)

Біз, күдікті Д.Қ.Бакировтың ана-анасы, қызымызбен бірге мына: Энск қ., Жанқожа батыр көш., 24 үй, 52 пәтер мекенжайы бойынша тұрамыз, Д.Қ.Бакировқа қатысты жеке кепілгерлік түрінде бұлтартпау шарасын таңдауды сұраймыз.

Біз қызымыздың тиісті мінез-құлық көрсететініне және қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келетініне міндеттеме аламыз және осыған кепіл боламыз.

 

Күдікті келісті:                     (қолы)     Д.Қ.Бакиров

                                  (қолы)       Қ.Ж.Бакиров

                                 (қолы)        Н.Б.Бакирова

Қосымша: неке туралы куәліктің көшірмесі

20__ ж. «___» қаңтар

=========================================================

Энск қ. ІІБ ТБ тергеушісі

З.Мухтаровқа

Гулшат Асетқызы Иманбаевадан, 11.01.1977 ж.т.,

Жоламан Исатайұлы Иманбаевтан, 25.04.1975 ж.т.

Мына мекенжайда тұрады: Энск қ.,

11 шағын аудан, 23-үй, 203-пәтер

Жұмыс орны: «экспресс –Энск» ЖШС

лауазымы: жүргізуші

тел.: 8/7132/555555,

ұялы.тел.: 8777 555 55 55

ЖСН: 8787654654687

(кәмелетке толмаған адамның ата-анасы:Асхат Жоламанұлы Иманбаев Петров, 01.01.2001 ж.т.)

Мына мекенжайда тұрады:                                              Энск қ.,11 шағын аудан, 23-үй, 203-пәтер

ӨТІНІШХАТ

(Қазақстан Республикасының ҚПК 144-бабының 2-бөлігіндегі тәртіпте)

 

Біз кәмелетке толмаған, Қазақстан Республикасының ҚПК 188-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасауда күдікті, онымен бірге мына мекенжайдағы: Энск қ.,11 шағын аудан, 23-үй, 203-пәтерде тұратын Асхат Жоламанұлы Иманбаевтың ата-анасы Сізден біздің ұлымызға қатысты кәмелетке толмаған адамды ата-анасының қарауына беру түрінде бұлтартпау шарасын таңдауды сұраймыз.

Біз кәмелетке толмаған адамның қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз оның үйден тысқары болуын шектеу және басқа жерлерге баруын болдырмау бойынша тиісті мінез-құлқын және қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша оның келуін қамтамасыз ету бойынша міндеттенеміз және кепілдік береміз.

 

Кәмелетке толмаған адамның ата-анасы_______________ Ж.И.Иманбаев

                                                                              (қолы)

                                                                    _______________.А.Иманбаева

                                                                     (қолы)

Қосымша: неке туралы және туу туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері 2 парақ.18.01.20__ ж.

 

=========================================================

Күдіктінің жеке кепілгерлігі және тиісті мінез-құлқы мен қылмыстық процесті жүргізуші органга шақыру бойынша келуі үшін

Міндеттемесі туралы

ҚОЛДАУ ХАТЫ

Энск қ.                                                                    20__ж.12 қаңтар                                                           

                                                                          

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасы ҚІК 142-бабының 3-бөліміне сәйкес – Энск қаласы, Сейфулинакөшесі, 24-үй, 58-пәтерде тұратын 11.01.1952 жылы туған Ж.Ж. Бакировтан және 15.05.1954 жылы туған Н.Н.Бакировадан мыналарға сәйкес жеке кепілгерлігі туралы қолдаухатты қабылдады:

Біз, Ж.Ж. Бакиров және Н.Н.Бакирова күдікті Д.Д.Бакировтың тиісті мінез-құлқы және тағайындалған мерзімде қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуі үшін, тергеуге және сотта іс қарауға бөгет болмауға міндеттенеміз және кепілдік береміз.

Біз кепiлгер болып отырған адамға қатысты күдіктің мәні, алдын алу үшін осы бұлтартпау шарасы қолданылған әрекеттерді жасаған жағдайда ҚПК 160-бабына сәйкес біздің ақшалай өндіріп алуды қолданудан тұратын жауапкершілігіміз бізге түсіндірілді.

Сонымен қатар Бізге Қазақстан Республикасының ҚПК 142-бабының 4-бөліміне сәйкес біз қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сәтінде кепілгерліктен бастарта алатындығымыз түсіндірілді. Бұл жағдайда бас тарту сәтінен бастап қырық сегіз сағат ішінде ҚПК 136-бабы бірінші бөлігінің талаптары ескеріле отырып, бұлтартпаудың өзге шарасы таңдалатын болады.

Бұдан басқа Қазақстан Республикасының ҚПК 140-бабының 4-бөлігіне сәйкес Дамир Қайратұлы Бакиров алдын алу үшін Қазақстан Республикасының ҚПК 141, 142, 143, 144, 145 және 146-баптарында көзделген шаралар қолданылған әрекеттерді ол жасаған жағдайда оған алдын алудың анағұрлым қатаң шарасы қолданылатындығы ескертілді.

Біз кепілгерлік беретін адамға қатысты күдіктің мәні және оның құқықтық салдарлары түсіндірілді:

______________ кепілгер Қ.Ж.Бакиров

    ______________ кепілгер Н.Б.Бакирова

таныстым:

Күдікті __________________ Д.Қ.Бакиров

                        (қолы)

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев 

=========================================================

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізу деректерін жария етпеу туралы

ҚОЛХАТ

Энск қ.                                                                       2016 ж. 11 қантар.

        

Мен, 16.01.1977 ж.т. Данияр Омарханұлы Сарсенбаев, Кутузов қ. Зональная көшесі 91 үй 10 пәтер мекен жайында тұрамын, 05.01.2016ж. № 15003 қылмыстық құқық бұзушылық сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне тіркелген материалы бойынша менін қатысуымен болған тергеп-тексеру өңдірісінде маған мәлім болған ақпараттарды Энск қ. прокурорының рұқсатынсыз іс жүргізу деректерін жария етпеу туралы. 201-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерiн жария етуге жол бермеу.

1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуге тиіс. Олар, егер бұл тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол көлемде жария етiлуi мүмкiн.

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам қорғаушыға, куәларға, жәбiрленушiге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге немесе олардың өкiлдерiне, сарапшыға, маманға, аудармашыға, куәгерлерге және тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде қатысқан басқа да адамдарға өзiнiң рұқсатынсыз iстегi мәлiметтердi жария етуге жол берiлмейтiнi туралы ескертедi, бұл туралы көрсетілген адамдардан жауаптылық туралы ескертіле отырып қолхат алынады.

    Прокурордың рұқсатынсыз сотқа дейінгі тергеп-тексеру іс жүргізу деректерiн жария еткендігім туралы Қазақстан Республикасының ҚК 423-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылатындығым туралы ескертілдім.

    Жәбірленуші______________

 

    Қол хатты алған

    Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы) Н.Н.Мукашев 

 

=========================================================

 

Қазақстан Республикасының ҚК 68 бап талаптарын

ТҮСІНДІРУ – ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев,  жәбірленуші Данияр Омарханұлы Сарсенбаевқа Қазақстан Республикасының ҚК 68 бабының «Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату»талаптарын түсіндірді.

    1.Қылмыстық теріс қылық немесе қазаға ұшыратумен байланысты емес онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады. 2. Қазаға ұшыратумен немесе адамның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес ауыр қылмысты алғаш рет жасаған кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектер, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдер, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектер, егер олар жәбірленушімен, арыз берушімен татуласса, оның ішінде медиация тәртібімен татуласса және келтiрiлген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан босату кезінде кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпалы бар мәжбүрлеу шаралары қолданылады. 3. Қылмыстық құқық бұзушылықпен қоғамның және мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтірілген жағдайларда, осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көрсетілген адам, егер ол шынайы өкінсе және қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне келтірілген зиянды қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. 4. Осы баптың ережелері абайсызда адам өліміне не екі және одан да көп адамдардың өліміне әкеп соққан қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмыс, террористік қылмыс, экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға қолданылмайды.

   Сондықтан, Қазақстан Республикасының ҚК 68 бабының заңдық негіздерінің күші бар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының ҚПК 35 бабы 1 бөлімі 12 тармағына сәйкес, жәбірленуші қылмыстық құқық бұзушылық тұлғамен татуласқан жағдайда, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы шығарылуы мүмкін,.

    Жәбірленуші /_______Сарсенбаев Д.О._____/, көрсетілген заң та лаптарымен танысып болғасын айтты:

    Татуласуға келіспейтіндігін, қылмыстық жауапкершілікке және сот отырысында қарастыру туралы білдірді.

    Жәбірленушінің қолы: ___________________(Сарсенбаев Д.О.)

 

Құқығың түсіндірген:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев 

=========================================================

 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жариялауға


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: