Сарапшыдан (маманнан) жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитан Н.Н.Мукашев, ІІБ №7 қызметтік кабинетінде Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 79, 210, 212, 285-баптарын басшылыққа ала отырып сарапшыдан (маманнан)жауап алдым:

 

Тегі, аты әкесінің аты: __Мусин_Жеңіс Берікұлы_____________

Туған күні:        __17.09.1961_________________________

Туған жері:        __Энск қаласы____________________

Ұлты:        __қазақ________________________________

Азаматтығы:      __Қазақстан Республикасының_________________________________

Білімі:                __ жоғары_____________________________

Отбасы жағдайы: __ үйленген______________________________

Жұмыс орны, лауазымы _ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Энск қалас сараптама бюросының  сарапшысы

Тұрғылықты жері:      __Энск қаласы, Мир көш., 156, 36_____ 

Байланыс телефоны: __46-39-03_____________________________

Паспорты немес басқа құжаттар: _жеке куәлігі №145632 Қазақстан Республикасының ІІМ 14.02.2001 жылы берген

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 79-бабының 7-бөлігіне сәйкес сот сараптамасы органдарының қызметкері болып табылатын сарапшы өз қызметінің сипатына қарай өзінің құқықтарымен және міндеттерімен танысқан және көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертілген деп есептеледі.

Жауапалуды бастаудың алдында маман _____________________ Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 80-бабының 3,4 және 5-бөліктерінде көзделген оның құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Маманның қолы                       _______________ 

    Бір мезгілде маманға дәлелдi себептерсiз өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы түсіндірілді.

Маманның қолы                                 _______________

Істің белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұраққа сарапшы (маман) ___________ келесіні көрсетті

Мәні бойынша келесіні түсіндіремін, 01.01.20__ жылы Сот сапатамасы институтына Энск қалас ІІБ-ден И. Ивановқа қатысты қылмыстық іс бойынша сот-фонографиялық сараптаманы тағайындау туралы қаулымен бірге мөрленген конверт түсті.

Түскен пакетті қарап-тексеру кезінде ол тұтас, тергеуші мөрлеген, бүлінген жерлері болмаған, оны цифрлық фотоаппарат арқылы бекітіліп, сарапшының қорытындысына қоса тіркелді. Пакетті ашқан кезде онда жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде алынған Иванов сөз сөйлеуінің еркін үлгілері қамтылған «Гном» маркалы цифрлық диктофон, сондай-ақ Ивановтың дауысы мен сөздерінің эксперименталды үлгілері қамтылған «Олимпус» маркалы цифрлық диктофон болды.

Салыстырып зерттеу барысында «Гном» маркалы цифрлық диктофонға жазылған дауыстың И.И. Ивановқа тиесілі екені анықталды. Осыдан кейін мен Иванов әңгімесі мәтінінің сөзбе-сөз мазмұнын зерттедім, ол 01.01.20__ жылғы №158 сараптама қорытындысында келтірілген.

Тергеушінің сұрағы: 01.01.20__ жылғы №158 қорытындыда Сіз берілген дыбысжазбадағы 7 мин. 30 секундтан бастап 8 мин. 02 секундқа дейінгі кезеңдегі әңгіменің мазмұнын бөтен шуға байланысты анықтау мүмкін болмады деп көрсетісіз. Бұл неге байланысты болуы мүмкін?

Жауап: Стенограмманың мәтіндік мазмұнындағы осы ақау жазып отырған құрылғы микрофонының шу көздеріне жақын орналасуына, сондай-ақ аппаратураның уақытша бұзылып қалуына байланысты туындауы мүмкін еді. Бір мезгілде сонымен бірге, жанама белгілер осы кезеңде әңгіменің болмағанын да көрсетеді.

Жауап алған: 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

 

 (құпиялылық белгісі)

Жасырын тергеу әрекетіның нәтижелерін зерттеу

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н. Мукашев, полиция бөлімі әкімшілік ғимаратының № 24 қызметтік кабинетінде Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 47, 124, 199 және 238-баптарының талаптарын сақтай отырып, Энск қаласы Байтұрсынов көш., №89 үйдегі №16 пәтерге кіру және тексеру – жасырын тергеу әрекетіның Micro flash SD флеш-картасы жеткізгішінде қамтылған нәтижелерін зерттеуді жүргізді, ол туралы осы хаттаманы жасады.

Зерттеу объектісі Micro flash SD флеш-картасы болып табылады, ол дербес қызметтік компьютерде Media Player бағдарламасы арқылы көрсетіледі, цифрлық жазбаның ұзақтығы 12 минутты құрайды. 

Бейнежазбада екі бөлмелі пәтерді қарап-тексеру үзінділері бар, онда ас бөлмесіндегі шаруашылық заттар, №1 жатын бөлмедегі төсек пен шкаф, №2 жатын бөлмедегі төсек, сондай-ақ балконда тұрған Самсунг маркалы тоңазытқыш пен Сони маркалы теледидар анық көрінеді.

Қарап-тексеруден кейін бейнежазба жеткізгіші конвертке қапталды, ол желімделді және «пакеттер» үшін мөрімен бекітілді.

Конвертке мынадай жазу жазылды: «16777999111 қылмыстық іс бойынша бейнежазба материалы».

    Конверт тергеушінің қолтаңбаларымен бекітілді.

Осымен тергеу әрекеті аяқталды.

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды, тергеу әрекетін жүргізу бойынша және хаттаманың мазмұны бойынша ескертулер мен толықтырулар

_______________________________________________________________

________________________________________________________________

Хаттаманы жасаған:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

========================================================

        

Алу

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199, 253, 254, 256-баптарының талаптарын сақтай отырып, Энск қаласы ІІБ КБЖ криминалист маманы полиция капитаны Қ.Сейлхановтың қатысуымен және иесі Д.С.Нүркеновтың қатысуымен Энск қаласы, 11мөлтек аудан 36 үй, 2 пәтер мекен жайында тұратын 1986 ж.т. Дархан Мәдиұлы Асхатовтың атына берілген жүргізуші куәлігін алуды жүргізді.

Тергеу әрекетін жүргізу алдында Д.С.Нүркеновке тергеушінің барлық әрекеттері кезінде қатысуды және тергеу әрекеттері бойынша хаттамаға енгізілуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасау; өзi қатысқан тергеу әрекетiнің хаттамасымен танысу; қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағым келтіру құқықтары түсіндірілді.

Сондай-ақ алу жүргізу кезінде оның барысы мен нәтижелерін техникалық құралдар арқылы тіркеу қолданылатыны туралы ол ескертілді.

Криминалист маман Қ.Сейлхановқа Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 80-бабында көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсіндірілді және оған дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы ескертілді________________ Қ.Сейлханов 

Алуды бастаудың алдында Д.С.Нүркеновке 2016 ж. 2 қаңтардағы алуды жүргізу туралы қаулы көрсетіліп 1986 ж.т. Д.М.Асхатовтың атына берілген жүргізуші куәлігі өз еркімен беру ұсынылды.

Бұдан кейін Д.С.Нүркенов пәтердің төргі бөлмесіне өтіп, теледидардың астындағы тумбаның шыны есігін ашып, 1986 ж.т. Дархан Мәдиұлы Асхатовтын атына берілген «В» санатындағы FU №072569 жүргізуші куәлігін алып шығып, оны тергеушіге өз ергімен берді, алынған жүргізуші куәлігі тергеуші полиэтилен пакетіне салып, буып-түйіп, №1 «пакеттер үшін» жазуы бар мөрмен бекітілді.

Алу барысында «Кэнон» маркалы цифрлық фотоаппаратқа суретке түсіру жүргізілді.

Алу барысында қандай да бір ескертулер болған жоқ.

Алу жүргізілген адам                       _____________ Д.С.Нүркенов 

Криминалист маман                  _____________ Қ.Сейлханов 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев 

 

=========================================================

4 – БӨЛІМ. ХАБАРЛАМА ЖӘНЕ ӨЗГЕДЕ ПРОЦЕСТІК ҚҰЖАТТАР

шығ.№2-8/5-15

__.01.2016ж.                                                           

Энск қ. прокуроры

Ғ.И.Омаровқа

сотқа дейінгі тергеп-тексеру

басталғандығы туралы

ХАБАРЛАМА

 

 

Энск қаласы                                                             2016 ж. "_05_" қантар                                                                                          

 

Қазақстан Республикасының ҚПК 179 бабының 1 бөліміне сәйкес, 05 қантар 2016 жылы Энск қ. ІІБ- ның бастығы Ж.А.Сағатов, аз.Д.О.Сарсенбаевтің арызы бойынша «Динара» есімді қыз вокзал маңайында, алдау және сенімге кіру арқылы жалға пәтер беремін деп, ұялы телефонын ұрлап кеткен, қылмыстық құқық бұзушылық құрамы көрсетілген 05.01.2016ж. № 15001 қылмыстық құқық бұзушылық туралы, арыздың, хабардың Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің біріңғай тізіліміне тіркелген және сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғандығы туралы Сізге хабарлаймын.

Қосымша: қылмыстық істі өз өңдірісіме қабылдау туралы қаулы 1 бетте.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев 

=========================================================

Энск қаласының прокуроры

әділет кеңесшісі                    Т.С. Байдуллаевқа

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы

ХАБАРЛАМА

 

 

    Энск қ.                                                           20___ж. 13 қаңтар

 

20__ жылғы 13 қаңтарда Энск қ. ІІБ ТБ бастығының 20__ жылғы 12 қаңтардағы тапсырмасы бойынша И.Р.Мырзабаеваның 20__ жылғы 12 қаңтарда Энск қ. ІІБ ТБ түскен арызы бойынша №505 алдын ала тергеу (анықтау) нысанында сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сонымен, 20__ жылы 12 қаңтарда шамамен 03.00-де Достық көшесі 30 үйдің жанында болған белгісіз біреу ашық түрде тез қимылмен азаматша И.Р.Мырзабаеваның қолынан құны 150 000 теңге тұратын «Сони-Ериксон» маркалы ұялы телефонын тартып әкеткен.

Қазақстан Республикасының ҚК 191-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді Энск қ. ІІБ тергеушісі С.Жорабаев 20__ жылғы 13 қаңтарда сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне №909 нөмірмен енгізген.

Қазақстан Республикасының ҚПК 179-бабының 1-бөлігі тәртібінде хабарланады.

=========================================================

шығ.№2-8/5-15

__.01.2016 ж.                                                           

Энск қаласының прокуроры

Г.И.Омаровқа

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғандығы туралы

ХАБАРЛАМА

 

 

Энск қ.                                                            2016ж. "__" қантар                                                           

Хабарлаймын, «___» қантар 2016 жылы, маған Энск қ. ІІБ бастығы берген тапсырма бойынша, менімен «__15_» қантар 2016 жылы аз. С.Н.Касперовтың арызына сәйкес, 15.01.2016жылы «Динара» есімді қыз вокзал манайында алдау арқылы бір тәулікке жалға пәтер беремін деп кепіл ретінде «Nokia 105» маркалы ұялы телефоның алып қашып кетпен №15020 қылымыстық іс бойынша сотқа дейінгі жеделдетілген басталғандығы туралы.

Алаяқтық туралы 05.01.2016 жылы орын алған аз. С.Н.Касперовтың арызы бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеп-тексеру басталғандығы туралы Сізге хабарлаймын, бұрын ішкі істер органдарына хабарламаған.

Азамат С.Н.Касперовтың сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізіліміне 2016 жылдың 15-ші қаңтарында тіркелген №15020 арызын қарап, онда Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190 бабы 1 бөлімінде көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша мәліметтер бар.

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 179 бабының 1 бөліміне сәйкес хабарланады.

Қосымша: қылмыстық істі өз өңдірісіме қабылдау туралы қаулының көшірмесі 1 бетте.

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев 

=========================================================

ШАҚЫРУ ҚАҒАЗЫНЫҢ ТҮБІРТЕГІ Шақыру кімнің атына аз(ша) Данияр Омарханұлы Сарсенбаев «_» қантар 2016 жыл сағат«10:00» Энск қ. Крылова көшесі №10 мекен жайында орналасқан Энск қ. ІІБ № 310 кабинетке келу (тергеп-тексеру органы) Жәбірленуші ретінде жауап алу үшін (процессуальдық әрекет) Қылмыстық іс № 15011                                                      (номер)   АЛДЫ _________________________________ (шақыру қағазын алған тұлғаның қолы _________________________________ Және Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 157 бабының мазмұнын түсіндіру, _________________________________ Қазақстан Республикасының ҚК –нің 421 бабы)  (басқада мәліметтер, алғандығын дәлелдеитін немесе танысқандығы)   Шақыру қағазын тапсырды_________ Тергеуші___________________К.С.Алимханов (тұлғанын қолы)   «__» қантар 2016 жыл ШАҚЫРУ ҚАҒАЗЫ Аз. (ша)       Данияр Омарханұлы Сарсенбаев (фамилия, имя, отчество) Мекен жайы:  Кутузов қ. Зональная көшесі № 91 үй 10 пәтер Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 208 банынын талабына сәйкес Сіз міндетті түрде «11» қантар 2016 жылы «10:00» сағ. № 310 кабинетке келу керек Энск қ. ІІБ Крылов көшесі 10 (наименование и адрес органа досудебного расследования, средства связи) ________________________________________________________ Жәбірленуші ретінде жауап алу үшін (процессуальдық әрекетінің атауы) Қылмыстық іс №   15011                            (номер) Жәбірленуші ретінде (процессуальдық мәртебесі,)      Шақыруға келмеген жағдайда 157-бап. Күштеп әкелу Себепсіз күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә, жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда, олар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның, соттың уәждi қаулысы бойынша күштеп әкелінуі (мәжбүрлеп жеткізілуі) мүмкін, сонымен қатар 421-бабында көрсетілген куәнің немесе жәбiрленушiнiң айғақтар беруден бас тартқан жағдайда     Тұлғаның шақыруға келмеуіне себептері:   1) ауырған кезде; 2) туыстарынын қайтыс болған кезде; 3) табиғи аппаттар; 4) басқада себептер, шақырудын уақытында келмеу мүмкіндігі.   Тергеуші _______________________К.С.Алимханов                 м.п. «_» қантар 2016 жыл  

 

=========================================================

Энск қ.

Сейфулин көшесі 63 үй

Қ.А.Бакировқа

 

Күдіктіні ұстап алу туралы

ХАБАРЛАМА

 

Энск қ.                                                          20__ ж. 16 шілде                                                                     

Қазақстан Республикасының ҚПК 135-бабына сәйкес 20__ жылғы 16 шілдеде 20 сағат 30 минутта Қазақстан Республикасының ҚПК 128 және 131-баптары тәртібімен 10. 12. 1991 ж.т. Дамир Қайратұлы Бакиров ұстап алынғанын хабарлаймын.

 

Ұстап алынған: Д.Қ.Бакиров Энск қ. ІІБ УҰИ жатыр.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитан                                        (қолы)  Н.Н.Мукашев 

=========================================================

 

Қазақстан Республикасының

Бас прокуратурасы

Көшірмесі:Қазақстан Республикасының

Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасының

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қазақстан Республикасының


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: