Абу Али Мохамед ибн ал-Хасан ибн аль-Хайсам 4 страница

Коперниктің жетістіктерінің дамуы мен қабылдануы бірнеше бағыттар бойынша қалыптасты. Ол жаңа ойлардың философиялық ұғымдарынан, қорытындыларын теориямен салыстыратын жүйелі зерттеулер мен бақылаулардан, сондай-ақ, табиғатты экспериментті оқуы болып табылатын тұжырымдамалық аппараттарды құрудан тұрды. Осы әрбір бағыттардың дамуы көпетеген ұлы ғұламаларды әкелуге себеп болды.

Коперниктік кезеңнен кейінгі физиканың дамуының бір міндеті шіркеулердегі дәстүрлерді ұстанып қалған сол кездегі оқымыстылардың ойларын өзгерту еді. Коперник теориясын сол заманның ақылгөйлері – Мартин Лютер, Тихо Браге, Френсис Бэкон қабылдаудан бас тартқан. Оған теріс қарағандардың қатарында католиктік шіркеу де бар. Ғылым және онымен байланысты философиялық ойларға белсенді насихат қажет болды.

Коперниктің еңбегі ғылымның алдына, ең алдымен астрономияның алдына бірнеше міндеттер қойды: теорияның эксперименттік дәлелденуін, эксперимент пен теорияның қайшылықтарының себептерін, теорияның егжей-тегжейіне дейін анықтау. Коперниктің ойы планеталарды не байланыстырады, қалай және неге олар қозғалады деген сұрақтарға жауап беретін теориялық негізді қажет етті. Бұл үшін механиканың дамуы қажет болды, алайда статика мен жаңа ғылым - динамикаға әкелетін ежелгі механика емес еді. Осы бағдарламаның барлығы эксперименттік және математикалық қамтамасыз етуді талап етті.

Бұл қиындықтар Коперниктің үлгісінің бірнеше жылға созылуына әкеп соқты. Бұл күрес өте ауыр болды, оның өз каһармандары мен азап тартушылары да болды. Сол ғылымның азап тартушыларының бірі 1548 жылы (Коперник дүниеден өткеннен кейін) дүниеге келген және 1600 жылы өртеліп қаза болған Джордано Бруно болды.

Бұл пікірталасты жақсы көретін білімді итальян бүкіл Еуропаны аралайды. Ол көптеген дәрістер оқып, диспуттарда қатысып, кітап жазатын. Ол Коперниктің ойын жақтағанменен ол әлі аяқталмаған деп санап, алға жылжу керектігіне нандыруға тырысқан. Бруно Бүкіл Әлем шексіз және әлемнің көптігін, салыстырмалы қазғалыс туралы айтып келген. Ол атомистер - Демокрит пен Эпикурдің философиясы деп түсінетін «ақиқат антикалық философияға» шақырады. Джордано Бруноның негізгі бағыты – жаңа әлемдік көзқарасты бекіту еді. Әрине, оның бұл әрекеті «шіркеу княздерінің» қарсылықтарын тудырды.

Дж. Бруно тағы да алхимиялық тәжірибелерді жасау үшін Мочениго ақсүйегінің шақыруымен Венецияға келгенінде инквизициямен (шіркеудің жазалау мекемесі) тұтқындалды, ол түрмеде өмірінің 7 жылдан астамын өткізіп, 1600 ж. 17 ақпанында Римде Гүлдер алаңында өртелінді. Қазір ол жерде оның ескерткіші тұр, католиктік шіркеудің алдыңғы қатарлы дін қызметкері – II Иоанн-Павел папа жіберген қателігі үшін өз аузымен кешірім сұраған делінеді. Дж. Бруноның алай-дүлей іс-әрекеті Н. Коперниктің еңбегінде жазылған жаңа ойларға Еуропаның ғылыми қоғамын дайындады.

 Коперниктік кезеңнен кейінгі ғылымның дамуының тағы бір бағыты астрономияны бақылаумен байланысты болды. Бұл жерде Коперник теориясын мойындамай, оның эксперименттік негізіне көп нәрсе жасаған белгілі дат астрономы Тихо Брагенің есімін атау керек. Астрономияны бақылаумен айналысып, ол орасан зор фактілерге негізделген материалдар жинаған, кейіннен ол материалдар оның ұлы шәкірті Иоганн Кеплерге табыс етілген.  

И. Кеплер бір жылға жуық Праж университетінде Т. Брагемен бірге жұмыс істеген. Оның өлімінен кейін И. Кеплердің қолында сол замандағы ең керемет аппаратуралардың көмегімен жасалған 35-жылдық астрономиялық зерттеулері бар журналдар қалды. И. Кеплер осы қалған алып материалды өңдеуге кірісті.

Ең алдымен Кеплер рефракцияға түзетулер енгізді, ал оның қорытындылары оптиканы оқып-үйренуге әкеп соқты. 1611 ж. И. Кеплердің «Диоптрика» атты шығармасы жарық көрді. Ол мұнда өзі ойлап тапқан телескоптың сипатталуын, линзалар және линзалар жүйесіндегі сәулелердің жүру жолдарын толық ашып жазған. Оның еңбектері өте қызықты еді. Мысалы, ол обскур-камерасы теориясын құрды. Осы Кеплер Альхазеннің қателігін түзеді, көрініс адам көзінің ішкі тор қабақтарында жиналатынын, ал көз жанары линзаның рөлін атқаратынын айтқан. Ол көру теориясын өңдеген. Ол кезде Кеплер жарықтың сыну заңын тұжырымдай алмады.

Қазір Кеплер түтігі атымен белгілі телескоптың аты да шықты. Ол екі дөңес линзадан тұрады, осынысымен Галилейдің телескопынан ерекшелінеді, бірінші кезекте – үлкейтілген кескін және көру өрісінің кеңдігі. Сонымен қатар, окуляр мен объектив арасындағы кескін жазықтығында айқасқан жіптерді орналастыруға болады және соның көмегімен сандық өлшеулерді іске асыруға болады. Міне Галилей түтігі осы үшін жарамсыз болып қалған.

7 сурет. - Кеплердің 2-заңы Алайда, Кеплердің негізгі табыстары гелиоцентрлік жүйедегі планеталардың қозғалысының теориясын құрумен байланысты. Оның ең алғашқы жетістіктерінің бірі планета орбиталарының эллипстік формасын бекіту: осындай эллипстің бір фокусында Күн жатыр. Көп уақыт Кеплер бұл орбиталарды шеңбер тәріздес деп санап келген. Тек көптеген ойланулар мен толғанулардан,  есептеулерден   кейін  ол

орбиталардың эллипс тәріздес екенін түсінді де, Кеплер әлемнің гелиоцентрлік жүйесін ғылыми мойындауына жол ашты (7-сурет). Планеталар орбита бойымен бірқалыпсыз қозғалатыны анық болды, аудандар заңына сәйкес олар Күнге жақындағанда олардың жылдамдықтары өседі, ал алшақтағанда азаяды. И. Кеплердің планеталардың Күнді айнала қозғалысы заңының ашылуы Николай Коперник теориясы мен астрономиялық бақылаулардың эксперименттік мәліметтердің сәйкессіздігі туралы келіспеушілікті жойды.

Коперник жұмыстарының үшінші бағыты зерттеудің математикалық және эксперименттік әдістерінің бекітілуімен байланысты болды. Бұл бағытпен XVII ғ. екі ұлы ойшылы – Френсис Бэкон мен Рене Декарт айналысты.

8 сурет. - Фрэнсис Бэкон   Френсис Бэкон (1561-1626 жж.) (8-сурет) Англияның көрікті мемлекет қызметкері, Яков I король кезіндегі лорд-канцлер. Бұл мансаптар оған философ ретінде ғылыми прогресс туралы ойлап және ол ойларын «Жаңа органон» деген 1620 ж. жарық көрген кітабына енгізуге ешбір кедергісін тигізген жоқ. Бэкон ғылымының мақсаты табиғаттағы адам билігін басым ете түсу еді. Ол танымдық процессті тежеп тұрған әсіресе, университеттік схоластиканы (діни философиялық ілім) үзілді-кесілді теріске шығарды. Ф. Бэкон физиканың және басқа да жаратылыстық ғылымдардың математикалануын құптады.

Екінші ұлы ойшылымыз Рене Декарт (1596-1650 жж.) (9-сурет) – математик, физик, ғылымның дамуының әдістемелік сұрақтарын құрастырушы оқымысты. Негізгі еңбектері – «Диоптрика», «Меторлар» және «Геометрия» деген қосымшалары бар «Әдісті талқылау» кітабы. Онда Декарттың философия, математика, физика облыстарындағы көзқарастары мазмұндалған. Философ ретінде Декарт – рационалист, шамамен аздап схоласт болды. Оның басты ұстанымы, қазіргі замандағы көп зерттеушілердің де ұстанымы болған – «күмәнданатын нәрседен арыл», яғни скетицизм еді. Мұндай философия Декартқа көптеген шәкірттерді өзіне тартқызды.

  9 сурет. - Рене Декарт   Декарт философияға қарағанда физикадан онша жолы бола қоймады. Декарт ұсынған кеңістікті алатын материяның құйынына негізделген ауырлық үлгісі керемет болды. Бірақ та, ауырлықтың бұл үлгісі ньютондық теориямен күреске түсті. Шарлардың соқтығысуын оқи келе, Декарт соқтығысудың 9 ережесін тұжырымдап шықты, соның тек біреуі ғана тәжірибе мәндерімен сәйкес келді. Десек те, ол кемпірқосақтың пайда болуын дұрыс түсіндірген. Бұл жұмысты оқымысты өз жұмыстарына сай, яғни эксперименттік әдістер мен математикалық есептеулер жүргізген. Декарттың өлімінен кейін оның шығармаларын «Тыйым салынған кітаптар индексіне» енгізілгеніне қарамастан оның ойлары, 

шығармалары тек кеңінен тарала бастады.

XVI-XVII ғғ. ғылымға жалпылама мінездеме берелік.

Ең алдымен бірінші ерекшелігі - білімнің жоғарылауы. Сол ғасырларда қоғам тек табынушы адамдардан тұрды. Солардың қатарында оқымыстылар да болды. Табынушылық пен білімді бірге алып жүру адам ойы мен миының екіге бөлінуі деп саналды.

XVI-XVII ғғ. ғылымның екінші ерекшелігі – антикалық оқымыстыларына белгісіз болған зерттеудің эксперименттік әдістерін енгізу болып табылады.

Үшінші ерекшелігі – ұйымдардың білімі, негізгі талабы ғылыммен айналысу, соның ішінде физика да болды. Ұйымдар деп отырғанымыз ғылым академиялары.

1645 жылдан бастап Лондонда жаратылыстық ғылыммен айналысушылар үйірмелері жиі-жиі жиналатын болды. Монархия қалпына келтірілгеннен кейін 1660 жыл 28-қарашада бұл ұйым Лондон Корольдары қоғамы (ЛКҚ) статусын алып, рәсімделді. Оның құрамына Роберт Боиль, Роберт Гук, Константин Рен және тағы басқа физиктер кірді.

ЛКҚ-мен тарихтағы бірінші физик-кәсіпкер пайда болды. Ол Роберт Гук еді. ЛКҚ-да ол эксперименттер кураторы қызметін атқарды. Оның міндеті – ЛКҚ отырыстарында (апта сайын) эксперименттік физикалық демонстрацияларды дайындау және көрсету.

Осыдан кейін 1666 жылы XVI Людовик Париж ғылыми академиясын бекітті. Оның құрамында Христиан Гюйгенс, Кассини және т.б. болды. Бұл академия Франциядағы болған жағдайларға байланысты бірнеше рет қайта құрылған, қазір ол белсенді жұмыс атқаруда.

1657 жылы Галилейдің оқушыларымен Итальян ғылым академиясы құрылды. Он жылдан соң италия ғылымы әлемдік қауымдастықтан қалып қойды.

1724 жылы 28 ақпанда I Петр бұйрығымен Россия ғылым академиясы бекітілді және бір жылдан соң оның әкесінің өлімінен кейін ғана жұмысқа кірісті. Қазір ол планетадағы беделді оқымыстылар ұйымдарының ішіне кіреді.

Академиялар жақсы жұмыс істеді, ал университеттер әлі де діндік қоғамда еді, бірақ сонда да университет жаратылыстық ғылымға бет бұрған болатын. Оған себеп болған университет профессорлары болып жүрген академия мүшелері еді. Мысалы, ЛКҚ президенті Исаак Ньютон 25 жылдан астам Кембридж университетінің профессоры болған.

XVI-XVII ғғ. аралығында ғылыми ақпараттармен оқымыстылар хат жазысып тұрған. Университтерде кітаптар шығарылып, дәрістер оқыла бастады. Бірақ бұл байланыс әдісі оқымыстыларға ұнамады.

Содан кейін нағыз журналдар да шыға бастады. Солардың біріншісі болған 1665 жылдан бастап шығатын ЛКҚ еңбектерін жариялайтын “Philosophical Transaction” журналы, одан кейін Париж ғылым академиясының еңбектері жарияланатын 1682 жылдан бастап Лейпницгте ғылыми журнал “Acta Eruditorum” шыға бастады.

Қазір де бұл баспасөз құралдары журналдар мен газеттер оқымыстылар арасындағы байланысты ұстап тұр. Ал қазіргі уақытта электрондық пошта арқылы хат жазысады.

Осы кезеңдерде ғылым тілі латынның басқа тірі тілдеріне ауысуын айта кеткен жөн. Сондай кітаптардың бірі Галилейдің «Әлемнің екі жүйесі туралы диалог» атты кітабы болды.

XVI-XVII ғғ. физикалық ғылымды толық алып қарасақ, сол кездегі ғылыми-техникалық төңкеріс екенін байқауға болады. Осы уақыттан бастап әлемге қазіргі заманғы ғылымның негізі құрылды. Көптеген оқымыстыларды – физиктерді әкелді, олардың ішінде жаңа заман ғылымының негізін салушы ұлы ғалым, оқымысты – Николай Коперниктің бейнесі ерекше көрінетінін тағы да бір мәрте айта кетсек артық болмас.

Николай Коперник (1473-1543 жж.) (10-сурет) әлемнің гелиоцентрлік жүйесін құрушы, атақты поляк астрономы 1473 жылы Торунь қаласында ірі көпестің отбасында  дүниеге  келген.  Ол  Краковск  университетінде   (1491-1495 жж.), сондай-ақ, Италиядағы Болоньи және Падуа университтерінде құқық пен медицинаны оқыған. 1503 жылы Коперник Феррарда құқық докторы дәрежесін алып, отанына қайтып келеді.

Ол Батыс Пруссиядағы Вармийский епархисяның бас қаласы - Фромборкте каноник (тәртіп құрушы) болады. Ол бұл жерде дәрігер, дипломат және мемлекет қайраткері лауазымдарын атқарып, өзінің соңғы күні 1543 ж. 24 мамырына дейін тұрады.

10 сурет. - Николай Коперник   Коперник 1473 жылы 19 ақпанда поляк елінің Торунь қаласында Германиядан келген саудагердің отбсында дүниеге келген. Ол отбасында төртінші бала болды. Ең алғашқы білімін үйінің жанындағы ев Яна мектебінен алды. Ол 10 жасына дейін тату–тәтті, бейбіт өмір кешті. Уайым қайғысыз өмірі кенеттен өзгерді. Бұған себеп болған Торунь қаласына жұқпалы аурудың (чума) тарауы, бұл аурудың бірінші құрбаны оның әкесі болды. Коперниктің кейінгі білім алуы мен өмірін анасының бауыры Лукаш Ваченроде қолына алды. Коперниктің отбасында одан басқа үш бала Андрей және екі қарындасы Барбара мен Катерина болды. Барбара шіркеуге кетті, ал Катерина тұрмыс

құрып, бес балалы болды.Николай Коперник оларға өмір бойы қамқор болды. 

Коперник 9 жасында әкесі мен анасынан айырылып, ағасы Луки Ватценроде қолында болып, 1491 жылы Краков университетіне тапсырып, математика, медицина, дін, әсіресе, астрономияға қызығушылық танытты.  

Университетті бітіргеннен кейін (1494) Коперник ешқандай ғылыми атаққа ие болмады да, отбасылық кеңес оған діни мансапқа көшуді ұсынды. Бұндай шешімге келуге ағасының ықпалы тиді. Коперник білімін ары қарай жалғастыру үшін 1497 жылы Италияға барып Болонский университетіне түседі. Құқық және ежелгі тілдермен қатар астрономиямен де шұғылдануға мүмкіндік туады.

Польшада Коперникті сырттай Вармада каноник етіп сайлайды.

1500 жылы Коперник университетті тастап, тағыда ешқандай ғылыми атақ пен дипломға ие болмай, Римға көшіп кетеді. Кейін Падуа университетінде медицинаны меңгереді.

1503 жылы Коперник оқуын аяқтап, Феррареге емтихан тапсырып диплом және Канондық құқық докторы атағына ие болады. Ол қайтуға асықпайды және ағасының рұқсатымен Падуада 3-жыл медицинамен айналысады.

1506 жылы Коперник ағасының ауырғаны туралы хабар алады. Италиядан отанына қайтады. Келесі 6 жылды ол Гейльсбергтегі епископтық сарайда астрономиялық бақылаулармен айналысуға және Краковта оқытушылық қызмет етуге жұмсайды. 1506 жылы Коперник бір уақытта дәрігер, хатшы және ағасы Лукостың сенімді серігі болады.

1512 жылы ағасы қайтыс болады. Коперник Фромборгке көшеді де, Белинский шығанағы жағалауындағы кішкентай қалада каноник болып саналып, діни парызға кіріседі. Ғылыми зерттеулерін жалғастыра береді. Сарайдың солтүстік-батыс жағы обсерватория болады.

1500 жылы астрономиялық жүйе туындылары нақты болды. Ол жаңа дүние моделін сипаттаумен кітап жаза бастайды. Өзінің идеяларын достарымен талқылайды (Тидеман Гизе, епископ Кульмский). 1503-1512 жылдары ол өз достары арасында теориялық қолжазбаларын («Аспан қозғалысына қатысты гипотезалар туралы шағын түсіндірмелер») ұсынады, ал оның шәкірті Ретик 1539 жылы гелиоцентрлік жүйенің мазмұнын түсінікті етіп жазды. Жаңа теория жайындағы мағлұматтар 1520 жылы кеңінен таралды. Басты еңбегіне 40 жылдай уақыт кетеді, Коперник жаңа астрономиялық есептеу кестесін енгізеді.

Ғылымның көп ғасырлар бойы қалыптастырған Жердің орталық жүйесіне қарсы шығып, жаратылыстану ғылымына өзгерістер енгізеді. Николай Коперниктің өміріндегі ең басты ісі болған - әлемнің гелиоцентрлік жүйесін құру болды, ол өзі қайтыс болар жылы жарық көрген «Аспан сфераларының айналысы туралы» атты кітабында мазмұндалған. 1616 ж. бұл кітапқа католиктік шіркеу тыйым салады, алайда ол өз дегеніне жетті. Аспан әлемінің қозғалысын зерттеп, жердің өз осінен айналатынын және барлық планеталар күнді айналатынын көрсетті. Коперник өз білімін католиктік шіркеу қарсылығына қарамастан (1616-дан 1828 дейін) «Аспан денелерінің қозғалысы» (1543) атты шығармасында қалдырған.

Жаңа астроном жайлы қауесет Еуропаға таралады. Лев Х әкей Коперникті күнтізбелік реформа дайындауға шақырады (1514 жылы), бірақ ол ұсыныстан бас тартады. Қажет болған кезде Коперник өзінің күшін практикалық жұмыста: Польшада оның жобасы жаңа тиындық жүйе ретінде, Фромборг қаласында гидравликалық машина құрастырды. 1519 жылы оба эпидемиясымен қарсы күресте дәрігер қызметінде жұмыс атқарады. Соғыс уақытында Тевстоский орденімен Ольштын қаласының қарулы күштерін басқарды. Осында ол ақша жүйесі жобасын жасайды.

1531 жылы 60-жастағы Коперник жұмыстарынан бас тартып кітабының аяқталуына кірісті. Сонымен қатар медициналық практикамен айналысты. Ол қиыншылықтарын жеңе алмаймын деп достарының арасында «Шағын түсіндірмелер» қысқаша конспектісін таратады. 1542 жылы ғалымның жағдайы нашарлап, оң жақ денесі сал ауруына ұшырайды.

 

11-сурет. Коперниктің өлімі

 

Коперник 1543 жылы 24 мамырда 70 жасында инсульттен қайтыс болады (11-сурет). Кейбір биогрофтар (Тидеман Гизе) автор өліміне дейін өз еңбегін басылған күйінде көрді деп есептейді. Бірақ басқалары Коперниктің соңғы айларында ауыр комада болғандығын айтады.

Коперниктің кітабы бізге адамзат ойы ретінде ескерткіш болып қалды. Николай Коперниктің еңбегі жаратылыстану ғылымының манифестіне айналды.

Студенттің өзіндік жұмысына арналған сұрақтар:

1. Кемпірқосақтың пайда болуы.

2. Оқымыстылар арасындағы байланысты ұстап тұрған байланыс құралдарының мәні.

3. Гелиоцентрлік жүйе үшін күрес.

4. Эксперименттік және математикалық әдістердің дамуы.

5. Ғылымның жаңа ұйымдастырылуы мен жаңға ғылымның әдісі.

6. Эксперименттік физиканың алғашқы жетістіктері.

7. Коперниктік кезеңнен кейінгі дамуға үлес қосқан ғалымдар

8. XVI-XVII ғғ. ғылыми төңкерісті қарастырған түрлі әдебиет көздеріндегі тарихи мәліметтерді салыстырып, талдау жасау.

9. Николай Коперник.

10. Иоганн Кеплер.

11. Френсис Бэкон.

12. Кеплер заңдарының Коперник теориясын бекітудегі рөлі.

13. Джордано Бруно.

5-дәріс

Ұлы ғалым – Ньютон және оның ғылыми жолы ( Эксперименттік жәнне математикалық тәсілдердің пайда болуы )

Физика тарихы ұлы есімдерге бай. Сол есімдердің бірі – ағылшын физигі, математик Исаак Ньютон (12-сурет). Оның шығармашылығы – адамзат ойының ғылыми шыңы еді. Біз оның бойынан физик-теоретик және эксперимент шеберін көре аламыз. Ол классикалық механиканың негізін салушы, ғылыми бағдарламалар авторы, сол бағдарламалар арқасында XVIII-XIX ғғ. физика дамыды.

Исаак Ньютон 4 қаңтарда 1643 жылы Линкольширде Вулсторп ауылында фермер жанұясында дүниеге келген. Әкесі Исаак дүниеге келмей өмірден өткен, ол 12 жасына дейін апасының тәрбиесінде болған. Ол кедейленген дворяндықтардың ұрпағы. Ньютонның жақын туған туыстары – шіркеу қызметкерлері, дәрігерлер отбасы, дәріханашы, фермерлер болды.

Ньютон оқуды, жазуды, санауды ауылдық мектепте үйренді. Кейіннен оны анасы Грэнтемдағы королевалық мектепке оқуға жібереді. Ньютонның әкесі ерте қаза тапқандықтан, анасы көрші қаланың шіркеу қызметкеріне күйеуге шығып, сол қалаға кетеді. Ньютонды Вулсторптағы апасының қолына қалтырады.

  12 сурет. - Исаак Ньютон 1656 жылы Ньютонның анасы тағыда жесір қалғандықтан, 1658 жылы үй шаруашылығына көмектесу үшін НьютонВульсторпқа қайтып келеді, бірақ үй шаруашылығына селқос қарайды. Бір күні Ньютонның шіркеуде істейтін ғалымағасы Эйскоу, жас Ньютонның аулада терең ойға батып, математикалық есептер шығарып отырғанын көрген. Ньютон қиын механикалық ойыншықтар, су диірменінің моделін, самокатты, су және күн сағаттарын құрастыруды ұнатқан. Ньютонның өзінің айтуы бойынша, оның бірінші физикалық эксперименті 36 жасында жасалған. Тәжірибенің жасалуы: ол дауыл кезіндегі желдің

күшін анықтамақшы болып, желге қарсы секіреді. Сол секірген кездегі өзінің секіру ұзақтығын өлшеу арқылы желдің күшін анықтаған.

Әрине, жас Ньютонның ғылымға деген ынтасы көрінбей қалған жоқ. 1660 жылы 18 жасар Ньютон қайтадан Грэнтем мектебіне оқуға барады және Кембридж университетіне түсуге қатты дайындалады. 1661 жылы 5 шілдеде атақты Тринити колледжіне қабылданады.

Ол екі жылдың ішінде арифметиканы, Эвклид бойынша геометрияны, тригонометрияны, діни ілімдерді және ежелгі тілдерді оқып үйренеді. Сол кезде Коперниктің жүйесімен танысады.

Ол Грантэма мектебінде оқып, одан соң Қасиетті Троиц (Тринити колледжі) колледжіне түсті.

Ол уақытта ағылшын университетінде жабық колледж қоғамы болды, яғни соның ішінде оқыды, тұрды және жұмыс істеген. Нашар тұратындар – сабсайзерлер деп аталды. Олар төлеуге шамалары келмегендіктен колледждің басқа студенттеріне қызмет еткен. 1661 ж. Ньютон университетке сабсайзер ретінде қабылданды.

Ньютонның оқытушысы профессор Исаак Барроу болды. Барроудың оптикадан берген дәрістері Ньютонды қызықтырды. Ол екеуі өте жақын достарға айналды.

1665 ж. И. Ньютон бакалавр дәрежесін, ал 1668 ж. магистр дәрежесін алды. Осы жылдары «оба» ауруы басталған еді. Адамдардың барлығы жан-жаққа кете бастады. Ал Ньютон Вулсторптағы үйде ешқайда шықпай жоғарғы белсенділікпен жұмыс істейді. Осы оба жалдарында Ньютонның ұлы ашулары пайда болды.

1669 ж. И. Барроу теологиямен айналысып кеткеннен кейін өзінің Лукасовский кафедрасын өзінің шәкірті Ньютонға тапсырады. Осы уақыттан бастап И. Ньютон көп жылдар бойы Кембридж университетінде профессор болып оптикадан дәрістер оқиды.

Ньютонның ғылыми жолы шағылатын телескопты ойлап шығаруынан басталды. 1668 ж. жасалған бұл телескоп Ньютонды физик ретінде елге танытты. Осыдан кейін Ньютонды Лондон корольдар қоғамына мүше етіп қабылдайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: