Тері ішіне инъекцияны орындау 6 страница

15. Ауыз айналасындағы теріні құрғақ сүрткімен сүртіңіз, залалсыздандырылған сүрткіге салфеткаға шпательмен вазелин жағып, еріндерін майлаңыз.

16. Құралдарды ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа, дәке тампондарды, сүрткілерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

17. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

- ауыз қуысын шаю іс-әрекеті халі өте ауыр науқастарға қолданылмайды, себебі сұйықтық науқастың жоғарғы тыныс жолдарына кетіп қалып, кенеттен өліп кету қауіпі бар;

- халі өте ауыр науқастардың ауыз қуысының шырышты қабығын және тістерін антисептикалық ерітіндімен күніне 2 рет сүртіп тазарту керек.

- Еріндерінде жарық болса, ауыз кергішті қолданбайды.

Алмалы- салмалы тіс протездерін күту

Мақсаты: тіс протездерін қолданғанда ауыз қуысының шырышты қабықтары және қызыл иектің қабынуын алдын-алу.

 

Дайындаңыз: ауыз қуысын күткендегі құралдарды және арнайы: протезді шешуге арналған сүрткіні (салфетканы), үлкен майлық орамалды, протезге арналған шыны аяқты, тіс щеткасын, тістік пастаны, бүйрек тәрізді лотокты, қағаз салфеткасын, қолғапты зарарсыздандыруға арналған ыдысты.

 

Міндетті жағдай емшара әрбір ауыз қуысын күтуде жүргізіледі.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

2. Науқастан тіс протезін шешуді (алуды) сұраңыз,оны арнайы шыны аяққа салыңыз.

3. Шыны аяқтағы тіс протездерін, тіс щеткасын, пастаны, үлкен шыны аяқты, салфетканы, сүлгіні, раковинаға жақындатыңыз.

4. Қағаз салфеткасын қолдана отырып, су құбырының шүмегін ашыңыз.

5. Тіс щеткасын салқын сумен суландырып, оған тіс пастасын салып, щеткамен тіс протездерін ұқыпты тазалаңыз, оны раковина үстінде қолға ұстап отыра, өзіннен щеткіні бағыттай отыра.

6. Ағынды судың астында тіс протездерін шайқаңыз.

7. Тіс протездеріне арналған шыны аяқты шайқаңыз.

8. Протездерді шыны аяққа салыңыз.

9. Қағаз салфеткасын қолдана отырып,су құбырының шүмегін жабыңыз.

10. Науқасқа көмектесіңіз тіс протездерін киюге.

11. Қолғапты шешіңіз, оларды зарарсыздандыруға арналған ыдысқа салыңыз.

12. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту:

- Егер де науқас өздігінен протездерді ала алмаса, онда салфетканмен алу қажет, үлкен және сұқ саусақтармен тіс протезін мықты ұстап, шайқалу (тербелеу) қозғалыспен ептеп протездіалып, шыны аяққа салыңыз.

- Түнгі уақытта протездер шыны аяқта болуы керек.

- Егер де науқас осы уақытта оларды кигісі келмесе – шыны аяққа протездерді қалдырып, оған су құю қажет, ол толығымен протезді жабу керек.

Қан қысымын өлшеу

Мақсаты: қан қысымының көрсетілімдерін анықтау және зерттеу нәтижесін бағалау; жүрек қан-тамырлар жүйелерінің функционалды ерекшеліктерін анықтау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бағалау.

Мүмкін болатын асқынулар: қолдағы артерияны ұзақ қысқаннан ауру сезімі болады.

Дайындаңыз: тонометрді, фонендоскопты, қағазды, қаламсапты, қызу парағын.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшараның мақсатын түсіндіріңіз, алдымен осындай емшара жүргізілгенін анықтаңыз, қандай нәтижелер болғанын науқас біле ме, өзін қалай жүргізу керек, қандай сезім болу керек.

2. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз, отыру немесе жату салмақты босаңсыған қалыпта, науқастың қолы жазылған қалыпта жатады (алақанмен жоғары), аппаратпен бір деңгейде. Артериальды қысымды әдетте 1-2 рет арасына 2-4 минут салып өлшейді.

3. Тонометрдің манжетасын науқастың жалаңаштанған иығына, шынтақтың иілген жерінен 2-3 см жоғары жүрек деңгейінде, оның арасына 1 саусақ өтетіндей қылып қондырады; манжетаны иыққа ілмек көмегімен (ілмек, жабысқыш лента) жұмсақ ұлпаны қыспай бекітіңіз.

4. Манометрді манжетамен бекітіңіз, оны манжетаға бекітіп, тілдің қалпын (сынап бағанасы) шкаланың нөл белгісімен турасын тексертіңіз.

5. Шынтақ шұңқыры аймағындағы шынтақ артериясынан тамыр соғуды анықтаңыз, фонендоскопты осы жерге қондырыңыз (фонендоскоптың басының қысуы сабырлы болуы керек, онда мәліметі басқаша көрсетіледі).

6. Алмұрт тәрізді баллоншадағы вентилді жауып, манжетаға баллоншамен ауаны толтырыңыз. Шынтақ артериясындағы пульсация жоқ болып кеткенше және манометр қалыптан жоғары (немесе осы пациентте) 20-30 мм сынап бағанасын көрсеткенше.

7. Вентильді ашыңыз және ақырын манжетадан ауаны жаймен босатып қоя беріңіз. Бағананың немесе тілдің жылдамдығының түсірілуін қараңыз, көрсеткіштер жылдамдығы 2 мм сынап бағанасынан өзгеріп отырады. Бір мезгілде көңіл қойып артериядағы дыбысты тындаңыз және манометрдің көрсеткішін қадағалаңыз.

8. Бірінші дыбыс пайда болған мезгілде манометрдің көрсеткішін белгілеңіз (жүрек жиырылған мезгілдегі артериальды қысымның көлемі) – систолалық қан қысымы және дыбыс жойылған мезгілде (жүректің босаңсыту мезгілдегі артериальды қысым) – диастолалық қан қысымы; манжетадан толығымен ауаны шығарыңыз.

9. Науқастың қолынан тонометрдің манжетасын шешіңіз.

10. Мәліметті сандық жазу түрінде бақылау парағына және бөлшек түрінде қызу парағына жазыңыз (алымы – систолалық қысым, бөлімі –диастолалық қысым).

11. Емшараны қайталап, алынған мәліметті салыстырыңыз.

12. Фонендоскоптың басын 2 рет 70% спиртпен зарарсыздандырыңыз.

13. Науқасқа өлшеген қан қысымының нәтижесін хабарлаңыз.

 

Ескерту:

Артериальды қысымды екі қолдан өлшейді, алынған сандарды салыстырады.

Артериальды қысымды науқастың өзі өлшейді. Науқасқа қан қысымын өлшеу ережесін және алынған мәліметке талдауды жүргізуге үйретіңіз.

-қалыптағы АҚ 120/80 мм с.б. 130/85 мм с.б.

-артериальды гипертензия (гипертония) қан қысымы жоғары АҚ 140/90 мм с.б.;

-артериальды гипотензия (гипотония) қан қысымы төмен АҚ 90/60 мм с.б.

Кәріжілік артериясынан тамыр соғуды анықтау

Мақсаты: тамыр соғудың негізгі қасиеттерін анықтау, жүрек-қан тамырлары жүйесінің жағдайын бағалау.

Қолдану көрсетілімдері: науқастың жағдайын бақылау.

Тамыр соғуын зерттейтін жерлер: кәржілік, шынтақ, ұйқы, самай, тізе асты, сан, аяқтың сыртқы артериялары.

Тамыр соғу параметрлері: ритмі, жиілігі, толысуы, кернеу күші, көлемі.

Дайындаңыз: сағатты (секундомерді), қағазды, қызыл түсті қаламсапты, қызу парағын.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз, тамыр соғуын анықтайтын жерді табыңыз.

2. Науқасқа ынғайлы қалыпты, отыру немесе жату босансыған жайлы қалыпты, сабырлы жағдайды беріңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

4. Бір мезгілде өз қолыныздың саусақтарымен науқастың білезігінен қамтып алып (кәржілік білезік буыны аймағын) былай ұстаңыз, 2, 3, 4 саусақтардың жұмсақ жастықшасы білектің алақан (ішкі) бетінде кәржілік артериясының проекциясында болуы керек (үлкен саусақтың негізінде),        1 саусақты білектің сыртқы бет жағына орналастырыңыз. Кәржілік артериясы кәржілік сүйегінің біз тәрізді өсіндісі мен кәржілік бұлшық етінің сіңірі арасынан пальпациялынады.

5. Кәржілік күре тамыр аймағын ұстаңыз. Оны сәл кәріжілік сүйегіне қарай қысыңыз, тамыр соғатын жерді анықтаңыз, қаннын тамырлар бойымен қозғалуына байланысты иілмелі соғу толқының сезесіз.

6. Науқастың оң және сол қолы күре тамыры қабырғасының кезеңді тербелісін салыстырыңыз. Тамыр соғу сәйкестігін анықтаңыз. Сәйкестілік – бұл екі қолдағы тамыр соққысы толысу бойынша тура келеді (егер де тамыр соғу сәйкестігі болса, онда бір қол бойынша сипаттама беріледі).

7. Тамыр соғу реттілігін анықтаңыз.

8. Тамыр соғу жиілігін анықтаңыз.

9. Тамыр соғу толысуын бағалаңыз.

10. Тамыр соғу кернеу күшін анықтаңыз.

11. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін қызу парағына – графикалық эдіспен, қызыл түспен, ал бақылау қағазына – сандық әдіспен жазыңыз.

12. Науқасқа зерттеу нәтижесін хабарлаңыз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту:

- қалыпты тамыр соғу ритмін екі қолдан бірдей сыйпалаумен табылады, ересек адамда тыныштық жағдайда тамыр соғу жиілігі минутына 60-80 соққы құрастырады;

- тамыр соғу ритмі тамыр соғу толқының арасындағы аралық бойынша аңықтайды. Егер де күре тамыр қабырғасының тамыр соғу тербелісі әрбір тең аралық уақытта пайда болса, онда тамыр соғуы ретті. Тамыр соғу реттілігі бұзылғанда, тамыр соғу толқынында ретсіз алмасу тамыр соғуы ретсіздігі байқалады;

- тамыр соғу жиілігін анықтау (егер де тамыр соғуы ретті болса). 1 минут ішіндегі тамыр соғу толқынының (соққынын) санын есептейді, сағат бойынша секундомерде уақытын қадағалап байқайды:

- қалыптағы тамыр соғу 1 минутта – 60-80 соққы

тамыр соғу 1 минутта 80 соққыдан көп болса – жиі – тахикардия.

тамыр соғу 1 минутта 60 соққыдан аз болса – жәй – брадикардия.

- артерияның қанмен толу дәрежесі бойынша тамыр соғу толысуын бағалаңыз, ол жүректің систолдық көлемімен байланысты. Тамыр соғу – толық, бос, жіп тәрізді болады;

- тамыр соғуды кернеу күші бойынша анықтайды. Кәржілік артериясын кәржілік сүйегіне қысу қажеттілігі. Тамыр соғудың жоқ болып кетуіне дейін және тамыр соғудың кернеу күшін бағалайды:

- тамыр соғу – қанағаттанарлық кернеу күші

- тамыр соғуы күшті (қатты)

- тамыр соғуы әлсіз (жұмсақ).

 

 Тыныс алу қозғалысының жиілігін санау

Мақсаты: дем алу қозғалысының жиілігін анықтау әдісіне үйрету және алынған нәтижені бағалау.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің функционалды жағдайын бағалау.

Дайындаңыз: секунді тілі бар сағатты, қызу парағын, көк стерженді қаламсапты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз (жату). Сізге оның кеуде торының жоғарғы бөлігін және ішін көру қажет.

4. Кәржілік артериясынан тамыр соғуды зерттегендей, оның көңілін аударуға  бір қолмен науқастың қолын алыңыз

5. Екінші қолыңызбен науқастың  қолын кеудесіне (кеуде түрімен дем алуда) немесе эпигастрии (төс шеміршегі мен кіндік аралығы) аймағына (іш түрімен дем алуда) қойыңыз.

6. Секундомерді қолдана отырып, бір минуттағы демді ішке алу немесе демді шығару санын есептеңіз.

7. Дем алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін және ритмін бағалаңыз.

8. Науқасқа дем алу қозғалысының жиілігін есептегеніңізді түсіндіріңіз, нәтижесін айтыңыз.

9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

10. Қызу парағына мәліметті тіркеңіз.

 

Ескерту:

- дем алу қозғалысының жиілігін науқасқа байқалмайтындай есептеңіз;

- 1 минуттағы дем алу қозғалысының саны – дем алу қозғалысының жиілігі деп аталады (ДҚЖ);

- дені сау ересек адамның қалыптағы дем алу қозғалысының жиілігі қозғалыссыз күйде минутына 16-20 санды құрастырады;

- тыныс алу қозғалысының жиілігі жүрек соғу жиілігімен орташа 1:4 қатынасында;

- дене температурасы 10С жоғарылағанда, дем алу қозғалысы 4 санға жиіленеді;

- Брадипноэ – 1 минуттағы дем алу жиілігі 16 саннан кем, сирек.

- Тахипноэ – 1 минутта 20-дан көбірек жиілік, жиі дем алу жиіленеді.

 

Дене қызуын қолтық астынан өлшеу.

Мақсаты: диагностикалық: ересек науқастың дене қызуын анықтау.

Қолдану кәрсетілімдері: организмнің функционалды жағдайын бақылау, аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.

Қарсы керсетілімдері: қолтық асты аймағының қабыну процесі, пысынаушылық, қолтық асты аймағының қызаруы.

Дене қызуын өлшейтін жерлері: қолтық асты ойысы, ауыз қуысы, шат аралық қыртыстар (балаларға), тік ішек.

Дайындаңыз: медициналық термометрді, лотокты, салфеткаларды, сағатты, қара түсті қаламсапты, қызуды тіркейтін журналды, қызу парағын, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, таза термометрлерді сақтауға арналған ыдысты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсатын және барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз.

3. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз.

4. Термометрді қолға алыңыз. Оның бүтіндігін тексеріңіз. Сынап бағанасы 350С-тан төмен резервуарға (сынап сақталатын сауытқа) түскенше сілкіңіз және қараңыз.

5. Қолтық асты ойысын қараңыз: егер де қызару, жергілікті қабыну процессі болса, онда дене қызуын өлшеу жүргізілмейді (термометрдің көрсеткіші дене қызуынан жоғары болады).

6. Науқастың қолтық асты ойысының терісін жеке салфеткамен құрғақтатып сүртіңіз (ылғалды тері термометрдің көрсеткішін өзгертіп жібереді).

7. Термометрдің сынап резервуарын қолтық асты ойысына салыңыз, ол денемен толық жанасуы керек (науқастан иығын кеудесіне қысуын сұраңыз).

8. Дене қызуын өлшеу уақытын белгілеп қойыңыз.

9. 10 минуттан кейін термометрді алып, оның көрсеткішін сынап бағанасы жоғарылауы бойынша анықтаңыз. Науқасқа алынған нәтижені хабарлаңыз.

10. Термометрдің көрсетілімін дене қызуын тіркейтін журналға сандық, ал қызу парағына графикалық қисық сызба түрінде жазыңыз (қара түспен).

11. Пайдаланған термометрді сілкіп, сынаптың резервуарға түскеніне көзіңізді жеткізіңіз.

12. Пайдаланған термометрді ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13. Ағынды судың астында зарарсыздандыратын заттын иісі кеткенше жуыңыз, салфеткамен құрғатып сүртіңіз, салфетка салынған лотокқа немесе шыны ыдысқа салып, құрғақ түрінде сақтаңыз.

14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


 

 

       Дене температурасын өлшегеннен соң, термометр көрсеткіштерін температуралық параққа тіркейді. Т-парағында шкала бойынша бір клетка 0,2 С тең.

       Стационарда болған күн графасын екіге бөледі:

«У» - таңертең, «В» - кешкі. Таңертеңгі деректер «У» графасында нүктемен белгіленеді.

«В» графасында кешкілік деректер белгіленеді. Нүктелерді бір – біріне қосқанда темперетуралық қисықтық пайда болады.

Су балансын анықтау және есептеу

 

Мақсаты: жасырынды ісіктерді анықтау, олардың қозғалыс күшін және диуретиктердің қолдану әсерлігін бақылау.

Дайындаңыз: сұйықтыққа арналған өлшемді бөлшек белгісі салынған шыны ыдысты және көлемі 0,5 л, 3 л зәрді жинауға арналған ыдысты, су балансын есептейтін парақты, қаламсапты, қызу парағын.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа су ішуге және зәрді жинауға арналған өлшемді ыдысты даярлаңыз.

2. Науқасқа емшара мақсатын және орындау іс-әрекетін түсіндіріңіз. Науқас бір тәулік бойы көлемі 3 л ыдысқа зәрді жинауы қажет және бір уақытта ішілген және шығарылған сұйықтыққа есеп жүргізеді.

3. Әдеттегі су-тамақ және қозғалыс тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасқа түсіндіріңіз.

4. Су балансын есептейтін параққа жазу тәртібі туралы науқасқа толық мәліметті беріңіз. Парақты толтыра білуіне көзіңізді жеткізіңіз.

5. Науқасқа таңертең сағат 6:00-де зәрін унитазға жіберу қажеттігін түсіндіріңіз.

6. Келесі зәрдің үлесін тәулік бойы 3 л бөлшек белгісі салынған ыдысқа келесі күннің таңертеңгі сағат 6.00 дейінгі зәрді қоса санап жинаңыз.

7. Өлшемді ыдыстағы зәрдің жалпы мөлшерін анықтаңыз. Осы -тәуліктік диурез болады.

8. Бөлінген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына жазыңыз.

 

Бөлінген сұйықтық

 

Бөлінген зәрдің уақыты Бөлінген зәрдің мөлшері мл (диурез)
   
   
Барлығы:  

 

9. Ішілген және организмге енгізілген сұйықтықтың мөлшерін есептеу парағына белгілеңіз.

 

Енгізілген сұйықтық

 

Сұйықтықты қабылдау немесе енгізу уақыты Ішілген және енгізілген сұйықтықтың мөлшері
   
   
Барлығы:  

10. Келесі күнгі таңертеңгі сағат 6.00-да науқас медбикеге есептеу парағын тапсырады.

Ішілген сұйықтық мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшері арасындағы айырмашылық организмнің су балансы көлемін құрастырады.

Медбикенің міндеттері:

 

- Науқастың сұйықтықты есептей білетініне көзіңізді жеткізіңіз.

- Зерттеуге дейін 3 күн бойы науқас диуретикті қабылдамағанына көзіңізді жеткізіңіз.

- Қанша мөлшерде сұйықтық қалыпта зәрмен бөлінуі керек екенін науқасқа айтып беріңіз.

- Енгізілген сұйықтықты есептеуді жеңілдету үшін тамақта судың барлық пайызды екенін науқасқа түсіндіріңіз (тамақтағы судың барлығы, енгізілген парентеральдық ерітінділер есептеледі).

- Қатты тамақтарда 60-тан80% дейін су бар.

- Бөлінген сұйықтықтың молшерін есептеуге тек қана зәр емес науқастың құсығы, үлкен дәреті кіреді.

- Бір тәулікте енгізілген сұйықтықпен шығарылған зәр мөлшерін медбике есептейді.

- Шығарылған сұйықтықтың % анықталады (80% - қалыптағы шығарылған сұйықтық мөлшері).

 

- Келесі формула бойынша су балансына есептеу жүргізуді: бір тәулікте шығарылған зәрдің жалпы мөлшерін 0,8 көбейтіңіз (80%) = қалыпта бөлінетін зәр мөлшері болады.

- Шығарылған сұйықтық мөлшері қалыптағы есептелген сұйықтық мөлшерімен салыстырылады.

- Егер де сұйықтық аз бөлінген болса, есептелгеніне қарағанда су балансы кері деп есептеледі.

- Егер де сұйықтық көп бөлінсе, есептелгеніне қарағанда су балансы оң деп есептеледі.

- Су балансын есептейтін параққа жазып, оны бағалайды.

Нәтижесінің бағасы:

80% - 5-10% қалыптағы шығарылуы (–10-15% - жылдың ыстық уақытында; +10-15% - салқын уақытта).

- Оң су балансы (>90%) емнің нәтижелі екенің және ісіктің кетуін куәлендырады (диуретиктарға реакция немесе жеңіл диетада болуы).

- Кері су балансы (<70%) ісіктің көбеюін немесе диуретикалық дәрілер мөлшерінің әсерлісіз екенін көрсетеді.

VI. Науқасты тамақтандыру

Халі ауыр науқасты тамақтандыру

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: Қатаң төсек жәнетөсек тәртібінде жатқан, хал-жағдайы ауыр науқас.

Дайындаңыз: сүлгіні, салфетканы, су беретін ыдысты, сұйықтық ішуге арналған түтікті, қасықты, тарелканы, жылы тамақты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқастан тамақты қандай реттілікпен қабылдауды ұнататынын сұраңыз.

2. Науқасқа қандай тағам дайындалғанын айтып беріңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

4. Науқастың кеудесі мен мойынын салфеткамен немесе сүлгімен жабыңыз.

5. Тумбочкіге немесе кереует жанындағы кішкене үстелге жылы даярлаған тамақты қойыңыз.

6. Науқасқа ыңғайлы жағдай жасаңыз, (Фаулер қалпын).

7. Науқастың басын көпшікпен бірге сол қолмен көтеріңіз (егер де отырғызу қалпына мүмкіндік болмаса), ал оң қолмен қасықты немесе су беретін ыдысты тамақпен ауызына жақындатыңыз.

8. Науқасты қасықпен аз мөлшерде немесе су беретін ыдыспен кішкентай жұтыммен тамақтандырыңыз.

9. Аузында қатты тағам болмаған жағдайда түтік арқылы сусынды беріңіз.

10. Сүлгіні сумен суландырып, науқастың еріндерін және иегін сүртіп, сосын сүлгінің құрғақ шетімен сүртіңіз.

11. Науқастың кеудесінен жапқан салфетканы, қолданған ыдысты алыңыз. Төсек орындағы қиқымды қағып, оны ыңғайлы жағдайда жатқызыңыз.



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: