Тері ішіне инъекцияны орындау 7 страница

12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту:  - егер де науқаста алмалы-салмалы протезді тістері болса, онда оны шешіп, сумен шайқаңыз.

- Ыстық тағамның температурасы шамамен 570 С - 620С, салқын -150 С- кем емес!

Халі ауыр науқасты мұрын-асқазан зонды арқылы тамақтандыру

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: жарақат, тілдің, жұтқыншақтын, көмекейдің, өңештің зақымдануы және ісіктері, жұтынудың және сөйлеудің бұзылуы, ессіз жағдай, психикалық ауруда тамақтан бас тарту, өңештің түйнелуі немесе тарылуы, қақпақшықтың тарылуы. Өңеш және асқазан-ішек жолдарына операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: асқазан ойық жара ауруы өршу сатысында.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған, бір рет қолданылатын жіңішке асқазан зондын, 200 мл оймышты немесе Жане шприцін, салфеткаларды, фурацилин ерітіндісін, қысқышты, фонендоскопты, 3-4 стакан жылы сұйық тамақты 600-800 мл мөлшеріндегі, лотокті, жабысқыш пластырді, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа және туыстарына емшараның барысын түсіндіріп, олардың келісімін алыңыз.

2.Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргіңіз.

3.Енгізетін зондтың ұзындығын анықтаңыз: сантиметрдегі науқастын бойынан 100 см алыңыз

4.Қолғапты киіңіз.

5.Фурацилин ерітіндісін лотокқа құйыңыз және оған зондты белгіге дейін салыңыз (зондты суландыру үшін).

6.Науқасты арқасына жатқызыңыз, басының және мойынының астына жастықты салып, басын қырына қарай бұрыңыз, кеудесіне салфетканы жабыңыз.

7.Қолғапты киіңіз, мұрын жолдарын қараңыз.

8Төменгі мұрын жолы арқылы жіңішке асқазан зондын 15-18 см тереңдікке енгізіңіз. Сол қолдың саусағымен оның қалпын мұрын-жұтқыншақтан анықтап, жұтқыншақтың артқы қабырғасына қысыңыз, зондты белгіленген белгісіне дейін, жұтуын сұраңыз (немесе оң қолмен жылжытыңыз).

9.30-40л ауаны Жане шприціне сорып алып, оны зондқа жалғастырыңыз.

10.Фонендоскоптың басын асқазан аймағы үстіне қойыңыз.

11.Фонендоскоптың бақылаумен ауаны зондт арқылы асқазанға енгізіңіз (дыбысты естіңіз).

12.Зондтқа қысқышты салыңыз немесе тығынмен жабыңыз, шприцті алыңыз. Зондтың сыртқы шетін лотокқа салыңыз.

13.Зондты жабысқыш пластырьмен мұрынға немесе бетіне бекітіңіз. Жане шприціне даярланған жылы сұйық тамақты сорып алыңыз, шприцтен ауаны шығарыңыз.

14.Зондтқа қысқышты (тығынды) алып, оймышты немесе Жане шприцін поршенсіз зондтың бос шетіне жалғастырыңыз, оларды асқазан денгейіне дейін түсіріңіз.

15.Оймышты немесе Жане шприцін сәл еңкейтіп, оған даярланған тамақты құйыңыз, ақырындап оймышты көтеріңіз, тек қана оймышты аузында тамақ қалмағанша.

16.Асқазан деңгейіне дейін оймышты түсіріңіз және асқазанға тамақ енгізуді қайталаңыз.

17.Тамақтандырғаннан кейін зондты шаймен немесе қайнатылған сумен жуыңыз.

18Зондтың шетіне қысқышты (тығынды) салыңыз, оймышты алыңыз. Зондтың шетін залалсыздандырылған салфеткамен ораңыз, (немесе оны науқастың киіміне түйреуішпен жапсырыңыз).

19.Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: жасанды тамақтандырудың барлық кезеніңде зондты 2-3 аптадай қалдырады, шырышты қабықтың ойылуының алды алуын жүргізеді:

-38-400 су моншасында тамақты жылытады;

қарсы көрсетілімдері болмаса, науқас отыру қалпында болады;

 науқастың ес түсі болмаса, басы қырына бұрылған, жатқан қалыпта болады;

- зонд кеңірдікке түскенде науқас көгереді, жөтеледі, ентігеді, бұл жағдайда зондты жылдам шығару қажет.

Гастростома – асқазан мен іш пердесінің алдынғы қабырғасын жалғастыратын асқазан тесігі.

Тыртықталып тарылу, жаңа өспе, күю немесе жарақаттану салдарынан болатын өңеш түйнелісі бар науқастардың асқазанына тесік жасалады. Гастростома арқылы енгізілген түтік бойынша науқасқа тамақтандыру жүргізіледі.

Өте сирек, асқазан арқылы тамақтандыру мүмкін болмаса, онда аш ішекке ұқсас тесік – еюностома салынады.

Екі жағдайда да қуысты мүшеге (асқазан, аш ішек) іш пердесінің алдынғы қабырғасына тігілген, резеңке түтік енгізіліп, іш пердесінің алдынғы қабырғасына – тігіспен немесе ұзындығы 15-16 см жалпақ жабысқақ пластырьмен бекітіледі.

Лапаратомиялық жаранын негізіне жақындатып тас жабық тігілген түтік енгізіледі.

Таңуды жасаған уақытта қадағалау қажет. Екі жаранын арасында жанасу болмау керек, неге десең лапаротомиялық жара бірден өң бітумен жазылуы керек, ал түтік шығарылған жерде біраз уақыт өткен соң ұлпаларды бөгде затпен тітіркендіру нәтижесінде резеңке түтік іріңдей бастайды.

Кейде түтік жанында ішперде қабырғасындағы канал бойынша асқазан және ішек ішіндегі заттар өтеді.

Тану процесінде түтіктін қалпын ұқыпты қадағалау қажет. Түтікті бекіткенде әсіресе жалпақ бинтті ауыстырған уақытта. Оны орнында ұстап тұруды. Егер де түтік түсіп қалса, онда тез дәрігерге хабарлау қажет. Күтімнің қиындығы мынада, гастростома және еюностома айналасында тері былжырайды.

Науқасты гастростома арқылы тамақтандыру

Мақсаты: науқасты тамақтандыру.

Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінің өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жақ-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми жарақатында, қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйігінде.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шыны оймышты, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі), 35-450С дейін жылытылған ыдысты, сұйық тамақ пен қысқышты, жабысқыш пластырьді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2.Науқасты алда болатын тамақтандыруға дайындаңыз.

3.35-450С дейін жылытылған жартылай сұйық тамақты даярлаңыз.

4.Науқасқа жоғарғы Фаулер қалпын беріңіз.

5.Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

6.Кіретін тесікті жабатын салфетканы және қысқышты резеңке түтіктен алыңыз.

7.Резеңке түтікке шыны оймышты жалғастырыңыз.

8.Оймышты сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жоғары көтеріңіз.

9.Даярланған тамақты аз порциямен асқазанға оймыш арқылы енгізіңіз.

11.Шайды ішкізіп болған соң оймышты және резеңке түтікті жуыңыз.

12.Оймышты алып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

13Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылған сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.

14.Гастростомаға күтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).

15Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Гастростоманы күту

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: операциядан кейінгі жағдай.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: 3-4 дана пинцеттерді, Кунер қайшысын, таңғыш материалды, қолғапты, лотокті, Жане шприцін, 0,5% калий перманганат ерітіндісі бар флаконды, шпательді, жылытылған түрдегі Лассар пастасын; лейкопластырьді, пайдаланған таңғыш материалдарға арналған лотокті, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

3. Ұзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз және науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеңіз.

4. Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта шаригімен тазартыңыз, құрғақ шарикпен мұқият кептіріңіз.

5. Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындағы теріге жағыңыз.

6. Пастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесіліп, залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканын кесілген жағы төмен, 2-кесілген жағы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).

7. Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікті шығару үшін).

8. Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз.

9. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

10. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, таңғыш материалдарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

11. Тануды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне және асқазанға баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе құйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде залалсыздандырылған ерітінді құйылады. Егер де түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.

VII. Қарапайым физиотерапиялық әдістер

Сүлікпен емдеу. Оттегімен емдеу. Жылытқышты қолдану.

Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.

Қолдану көрсетілімдері: қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды зондтағанда, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.

Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада.

Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу.

Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы.

Дайындаңыз: резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның емшара жасауға рұқсатын алыңыз.

2. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз.

3. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынында су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз.

4. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

5. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

7. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз.

8. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз.

9. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек).

10. Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз.

11. Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз.

12. Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз.

13. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту: жылытқышты жиі немесе ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің салдарынан тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз.

Мұзды мұйықты қолдану

Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату.

Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең.

Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок.

Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы.

Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз.

2. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз.

3. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз.

4. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

6. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз.

7. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз.

8. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз.

9. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз.

10. Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз.

11. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады.

Қыша қағаздарын қою

Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары,гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.

Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы

Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.

Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышаның иісі сақталуы тиіс).

4. Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.

5. Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жабыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).

6. Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.

7. 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).

8. Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.

9. Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

10. Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.

11. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

Ескерту:

- қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;

- қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға дейін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.

 

 

Аяққа қыша ваннасын жасау

Мақсаты: аяқтардың қан тамырларын рефлестік кеңейту.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары (пиодермия, терінің іріңді аурулары, нейродермит, экзема).

 

Дайындаңыз: 50 г құрғақ қыша 10 л жылы суға (400-450  С): емшарадан кейін аяқты жууға арналған жылы суды, сүлгіні, ақ жайманы, аяқты орауға арналған көрпені.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқастан қышаны көтере алатынын анықтаңыз. Егер де қышаны көтере алмаса, тек жылы су қолданылады.

2. Терісін қараңыз қарсы көрсетілімдері жоқтығына көзіңізді жеткізіңіз.

3. Жылы суда қышаны ерітіп, қыша ваннасын даярлаңыз.

4. Аяқты тізеге дейін 20-30 минутқа ваннаға салып, табанының терісі қызығанға дейін салыңыз.

5. Емшарадан кейін аяқты жылы суда жуыңыз, сүлгімен сүртіңіз. Ваннадағы температура тұрақты 400 -450 С шамасында болуын қадағалаңыз.

6. Аяқты ақ жаймамен және көрпемен 30-60 минутқа ораңыз (қымтаңыз).

Ыстық ылғалды компресті қою

Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу.

Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауыруларында.

Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы.

Дайындаңыз: ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз.

2. Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

4. 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз.

5. Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз.

6. Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз.

7. Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды).

8. Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

9. Науқасты жылы жабыңыз.

10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады.

Салқын компресті қою

Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері.

Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде.

Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок.

Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз.

4. Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз.

5. Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз.

6. Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызуы дененің қызуымен тез теңесіп кетеді.

7. Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз.

 

Ескерту: бүкілемшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін.

Ылғалды қыздыру және дәрілік компрестерді қою

Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау.

Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте.

Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиялық ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде.

Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю.

Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-250С суды, қайшыны, қолғапты.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: