Тері ішіне инъекцияны орындау 9 страница

3. Дәрілік препараттың жарамдылығын тексеріңіз (дәрінің атын, (дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз).

4. Науқасқа дәрі-дәрмектер туралы қажетті мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

6. Капсуланы немесе таблетканы ораудан босатып алыңыз немесе оны қабынан (конвалютадан) қайшымен кесіп босатып алыңыз.

7. Науқастан ауызын ашуын сұраңыз.

8. Таблетканы, капсуланы, дражені немесе пилюляны науқастың тілінің түбіріне салыңыз.

9. Науқастан дәрілік препаратты аз мөлшердегі сумен ішуін сұраңыз.

Ескерту:

- қабығы бар таблетканы науқастың жұтынуы қиын болса, онда оны сумен ылғалдатуға болады;

- науқас таблетканы жұта алмай қиналса, онда мейірбике оларды ұнтақтап беруі қажет;

- дражелер, капсулалар, пилюлялар өзгермеген түрде қолданылады.

- ашқарынға тағайындалған дәрі-дәрмектерді таңертеңгі тамаққа 30-60 минут бұрын қалғанда үлестіру керек;

- тамаққа дейінгі тағайындалған дәрі-дәрмектерді тамақ қабылдағанға дейін 15 минут бұрын үлестіру керек;

- тамақ қабылдаған уақытқа тағайындалған дәрі-дәрмектерді науқас тамақпен ішеді.

- тамақтан соң тағайындалған дәрі-дәрмектерді науқас тамақты қабылдағаннан кейін 15-20 минут аралығында ішуі керек.

- ұйықтататын дәрі-дәрмектерді науқасқа ұйқыға дейін 30 минут қалғанда береді.

Түндырманы,қайнатпаны,микстураны (қоспалы сұйық дәріні) қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрі-дәрмектерді, бөлшек белгісін салған мензурканы немесе шай, десерт, асханалық қасықтарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Емшараның мақсаты мен барысын науқасқа түсіндіріп, дәрілік препарат туралы мәлімет беріңіз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (ерітіндінің атын, сақталу мерзімін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

4. Дәрігердің тағайындаған дозасындағы дәрілік ерітіндіні мензуркаға немесе қасыққа құйыңыз:

- 1 шай қасықта – 5 мл

- 1 десерт қасықта – 7,5- 10 мл

- 1 ас қасықта – 15 мл

5. Науқастан дәрілік ерітіндіні ішуін сұрап, сумен ішкізіңіз.

6. Қолданылған мензурканы немесе қасықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

 

Тұнбаны, экстрактыларды (шырсөлді)қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Даярлаңыз: дәрілерді, тамызғышты, мензурканы, қайнатылған суды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

2. Дәрі-дәрмектерді қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

3. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін, мөлшерін оқыңыз, ерітіндінің сыртқы түрін байқаңыз).

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз.

5. Мензуркаға қажет мөлшердегі дәрілік ерітіндінің тамшысын алыңыз.

6. Аз ғана мөлшерде суды қосыңыз.

7. Даярланған ерітіндіні науқасқа ішкізіңіз.

8. Қолданылған мензурканы зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

Науқасқа ұнтақты қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілік ұнтақты, қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес ұнтақ дәріні таңдап алыңыз.

2. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.

3. Дәрілік ұнтақтың жарамдылығын тексеріңіз (атын, дозасын сақталу мерзімін, оқыңыз).

4. Науқасқа дәрілік ұнтақ туралы қажет мәліметті беріп, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазатыңыз.

6. Дәрілік ұнтақты ораған қағазды бүктеуінен жазып, оған ойық түр беріңіз.

7. Науқастан басын көтеруін, аузын ашуын, тілін шығаруын сұраңыз.

8. Науқастан тілінің түбіріне абайлап ұнтақты себіңіз.

9. Ұнтақты ішуге суы бар стаканды беріңіз.

 

Ескерту: ұнтақты алдын ала суға ерітіп, сосын науқасқа ішкізуге болады.

 

Дәрі-дәрмектерді сыртқы жолмен енгізу

Мұрынға дәрілік тамшыны тамызу

Мақсаты: емдік

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, көз тамызғышын, мақта домалақтарын, мақта турундаларын, дәрілік препаратты, қолғапты, вазелин майын, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). Дәрілік ерітіндіні су моншасында t-36-37°С дейін жылытыңыз.

3. Науқасты сәл басын артқа қарай шалқайтып, қырына қарай бұрып, тамшы тамызатын екінші мұрын жолына қарама-қарсы немесе жастықсыз арқасымен жатқызыңыз.

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

5. Мұрын жолдарын қараңыз, егер де бөлініс немесе қабыршақ болса, мұрын қуысына күтімді жүргізіңіз (стандартты қараңыз).

6. Пластикалық флакондағы мұрынға арналған залалсыздандырылған тамшыны қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз (аударыңыз) және тамызғанда оның қабырғасын қысыңыз.

7. Оң қолға мақта домалақтарын алып, оларды V саусақпен алақанға қысыңыз.

8. Оң қолға тамызғышты алып, мұрынның екі жағына есептей отырып, дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.

9. Сол қолдың ІV саусақтарын науқастың маңдайына қойып, ал үлкен саусақпен мұрынның ұшын жоғары көтеріңіз.

10. Мұрын жолына 1-1,5 см тереңдікке тамызғышты енгізіңіз, оның қабырғасына тигізбеуге тырысыңыз.

11. Мұрынның шырышты қалқасына 4-5 тамшы дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.

12. Мұрынның қанатын сүйек қалқасына мақта шаригімен қысып, жеңіл қозғалмалы айналысты жасаңыз.

13. Дәрілік ерітіндіні енгізген жағына қарай науқастың басын еңкейтіңіз.

14. 2 минуттан кейін екінші мұрын жолында дәрілік ерітіндіні сол тізбектілікпен тамызыңыз. Науқастан хал-жағдайын сұраңыз.

15. Қолыңызды жуып кептіріңіз. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған мақта домалақтарын, мақта турундаларын, қауіпсіз жиналған және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

 

Ескерту: -майлы ерітіндіні мұрынға тамызғанда науқас тамшының дәмін сезуі қажет және бірнеше минут жатуы қажет, тамшы жұтқыншақтың артқы қабырғасына түсуі керек (мұрын қанатын сүйек қалқанына баспаңыз).

- пластикалық флаконның тығынына тамызғыш қондырылған дәрілік ерітінді тек қана бір науқасқа қолданылады.

Көзге тамшы тамызу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, тамызғышты, дәке тампондарын, дәрілік ерітіндіні, колғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, су моншасын, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, дәрінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлық дәрежесін, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз, дәрілік ертіндінің сыртқы түрін бағалаңыз). «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

3. Науқасты бетін жарыққа қаратып, басын аздап қана артқа қарай шалқайтып отырғызыңыз немесе шалқасынан көпшіксіз жатқызыңыз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

5. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған көз тамшыларын қолданғанда, оның түбін жоғары қаратып төңкеріңіз және тамызғанда оның қабырғасын басыңыз.

6. Оң қолыңызбен тамызғышты алып, екі көзге тамызатын ерітіндінің мөлшері есебінен дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз.

7. Сол қолыңызға дәке тампонын ұстап, көздің төменгі қабағын төменге қарай тартыңыз және науқастан жоғары қарауын сұраңыз.

8. Дәрілік ерітіндінің бір тамшысын көздің астыңғы қабына, кірпікке және қабаққа тамызғышты тигізбей, көздің ішкі бұрышына жақынырақ, көзден 1,5 см қашықтықта ұстап тамызыңыз.

9. Науқас көзін ақырын ғана жауып, көз алмасын айналдыруын сұраңыз (дәрілік ерітінді ақпауы тиіс) бірнеше секундтан кейін манипуляцияны қайталаңыз, екінші тамшыны осы көзге тамызыңыз.

10. Көздің ішкі бұрышында қалған тамшыны тампонмен сүртіңіз.

11. Екінші көзінде тамшыны сол тізбектілікпен тамызыңыз.

12. Тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа, пайдаланған дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

13. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:

- екі тамшыны бір көзге бір мезгілде тамызғанда әдетте 1 тамшы ағады;

- бір науқасқа тамызғыштың саны дәрілік ерітіндінің санымен байланысты: әрбір дәрі үшін жеке тамызғыштар болуы керек;

- егер де көзден іріңді бөліністер бөлінсе, әуелі көзді жуыңыз, сосын дәрілік ерітіндіні тамызыңыз.

Төменгі қабаққа көз майын жағу

(тюбиктен, шыны таяқшамен)

Мақсаты: емдік

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: көз майын, шыны көз қалақшаларын, дәке тампондарын, мақта домалақтары, қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес майдың жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, тюбиктің бүтіндігін анықтаңыз).

3. Шыны таяқшаның бүтіндігін тексеріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

5. Науқасты ыңғайлы жағдайда отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, басын артына қарай шалқайтып, науқастың көз қарасы жоғарыға қарай бағытталған болу керек.

6. Оң қолға шыны қалақшаны алып, оның жалпақ шетіне майды жағып алыңыз. Ол бүтін қалақшаны жабу керек.

7. Шыны таяқшаны самай жағынан бетінен көздің тесігіне қарай жағыңыз (оң көзді сол қолмен, сол көзді оң қолмен). Қалақшаны майымен төмен қарай ұстаңыз.

8. Қалақшаны көзге көлденең орналастырыңыз, жалпақ шетімен кеңсірікке.

9. Сол қолға дәке тампонын алып, төменгі қабақты төмен тартыңыз және оған қалақшадағы майды көз алмасына жақындатып салыңыз, ал бос беті қабаққа қарай бағытталуы керек.

10. Төменгі қабақты жіберіңіз, науқастан сәл қабақтарын сығылыстыруын сұраңыз.

11. Сығылыстырылған қабақтан самай бағыты бойынша қалақшаны алыңыз. Сәл жабылған қабақтарын мақта шариктерімен уқалаңыз, май көздің шырышты қабығына бір қалыпты таратылуға тиіс.

12. Екінші көзіне де майды осы тізбектілікпен салыңыз.

13. Көз майын тікелей тюбиктен де салуға болады.

14. Сол қолыңызға дәке тампонын алып, төменгі қабақты тартыңыз.

15. Тюбикті көздің ішкі бұрышына ұстап, онан майды төменгі көздің сілемейлі қабығының іркістеріне сығып шығарыңыз, майдың цилиндрі ұзын бойына барлық қабаққа орналастырылады.

16. Шыны қалақшаны зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

17. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.

18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

 

Құлаққа дәрілік ерітіндіні тамшылатып тамызу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы – құлақтағы ауру сезімі және қабыну процесі.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокты, тамызғышты, мақта шариктерін және турундаларын, дәрілік ерітінділерді қолғапты, қайнатуға арналған ыдысты, су моншасын, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқасқа емшара барысын мен мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік ерітіндінің жарамдылығын тексеріңіз (атын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, флаконның бүтіндігін анықтаңыз; дәрілік ерітіндінің сыртқы түрін бағалаңыз).

3. «Су» моншасында 36-370С температурасына дейін дәрілік ерітіндіні жылытыңыз.

4. Науқасты отырғызыңыз немесе қырына қаратып жатқызыңыз.

5. Науқастың басын сау қырына қарай бұрыңыз.

6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

7. Құлақтан шыққан бөлініс болса, құлақ жолын мақта турундасымен тазалаңыз.

8. Тамызғыштың бүтіндігін тексеріңіз. Пластикалық флакондағы залалсыздандырылған құлақ тамшысын қолданғанда, оны төңкеріп аударып, тамызғанда оны қабырғасынан қысыңыз.

9. Оң қолға тамызғышты ұстап, оған дәрілік ерітіндіні оған сорып алыңыз.

10. Сол қолмен науқастың құлақ сырғалығынан артқа және жоғары қарай тартып, (сыртқы құлақ жолын түзету үшін) ал оң қолмен тамызғышты ұстап, 2-3 тамшы дәрілік ерітіндіні құлақ жолына тамызыңыз.

11. Құлақ пердесіне тамшының жанасуын күшейту үшін құлақ қалқанын бірнеше рет саусағыңызбен басыңыз.

12. Науқастың сыртқы құлағына мақта домалағын енгізіп, 10-15 минуттай басын еңкейген қалыпта ұстап тұруын сұраңыз, кейін осы құлақты залалсыздандырылған мақтамен сүртіңіз.

13. Қолғапты шешіңіз.

14. Науқастың басын ауыратын құлақ жағына енкейтіңіз, құлақ жолын мақта домалағымен құрғатыңыз.

15. Пайдаланған турундаларды, мақта домалақтарын, қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге, ал тамызғышты қайнатуға арналған ыдысқа салыңыз.

16. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз.

 

Жеке ингаляторды қолдану

Дәрілік затты тыныс жолдарына дем алғанда ауыз арқылы енгізуге науқасты үйрету

 

Мақсаты: емдік және оқулық, науқасқа ингаляторды өздігінен қолдануды үйрету.

Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу органдары ауруларында дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: 2 қолданылған қалта ингаляторын, 3-дәрілік заты бар ингаляторды, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара жүргізу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

2. Науқасқа өз-өзіне ингаляторды қолдануын үйрету.

3. Науқасқа жоғары Фаулер қалпын беріңіз немесе науқастың жағдайы мүмкіндік берсе, емшараны тұрып орындағаны жақсы, өйткені өкпенің дем алыс экскурсиясы әсерлі.

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз

5. Науқасқа және өзіңізге бос ингаляторды алыңыз.

6. Дәрісіз ингаляторды қолдана отырып, науқасқа емшараның орындалуын тізбектілікпен көрсетіңіз.

7. Ингалятордың мундштугінен қорғаныш қалпағын алыңыз.

8. Ингаляторды аэрозольмен түбін жоғары қаратып бұрып, бірнеше рет жігерлі сілкілеңіз.

9. Науқасқа асықпай ауыз арқылы терең демді шығаруды сұраңыз.

10. Ингаляторды аэрозольмен қолыңызға алып, ауызға жақындатып, ингалятордың мундштугін еріндерімен қамтып ұстап, басын сәл артқа қарай шалқайтуын сұраңыз.

11. Науқастан терең дем алуын сұрап, бір мезетте ингалятордың түбін басыңыз – осы мезгілде ауыз қуысына дәрінің дозасы аэрозольді түрде түседі.

12. Науқасқа аэрозольді ішке тартуын, 10-12 секундтай демін ұстауын сұраңыз. Ауызынан ингалятордың мундштугін шығарып, сосын науқас ақырын мұрын арқылы демін шығарады.

13. Ингалятордың мундштугіне қорғаныш қалпағын кигізіңіз.

14. Науқасқа өздігінен емшараны орындауын ұсыныңыз, ең алдымен бос ингалятормен, сосын дәрісі бар ингалятормен

15. Науқасты дәрісі бар ингалятормен емшараның орындауын өзіңіздің барыңызда бақылаңыз.

 

Ескерту:

- аэрозольмен дем алғанда клапанның шашырататын басын 1 реттен артық басуға болмайды;

- ингаляцияның мөлшерін және олардың уақыт аралығын дәрігер анықтайды;

- әрбір ингаляциядан кейін мундштукті сабындап сумен жуу қажет, сосын құрғатып сүртіңіз.

Сеппені қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: баздануда, тершеңдікте теріні құрғату.

Дайындаңыз: сеппені, сүлгіні немесе сүрткіні, суды, қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, сепппенің жарамдылығын тексеріңіз. (атын, сақталу мерзімін оқыңыз).

3. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Науқасқа ұнтақ дәрі туралы мәліметті беріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

5. Науқастың ұнтақ себетін терісі аймағын жылы сумен жуып, сүлгімен (сүрткімен) сүртіп құрғатыңыз.

6. Сеппесі бар ыдыстың түбін жоғары қаратып төңкеріп, сілкіген қозғалыспен бір қалыпта терінің қажетті бетіне ұнтақты себіңіз (теріге «опа» жаққандай).

7. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Дәрілік жабысқақ пластырьды салу

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімдері: құяң, невралгия, миозит (бұлшық еттің қабынуы) тері мүйізгегі.

Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, аллергиялық дерматит.

Дайындаңыз: дәрілік пластырьді, қайшыны, мақта немесе дәке шариктерін, лотокті, пинцетті, антисептикалық ерітіндіні, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

2. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес, пластырьдің жарамдылығын тексеріңіз (атын, сақталу мерзімін оқыңыз, оның сыртқы түрін бағалаңыз).

3. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз. Науқасқа пластырь туралы қажетті мәліметті беріңіз.

4. Гигиеналық деңгейде қолға тазартуды жүргізіңіз. Қолғапты киіңіз.

5. Науқастың терісін антисептикалық ерітіндінің бірімен немесе сабынды сумен тазартыңыз. Оны құрғатып сүртіңіз, шашы болса – қырыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: