Тері ішіне инъекцияны орындау 8 страница

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

3. Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз.

4. Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз.

5. Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек.

6. Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет.

7. Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс).

8. Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай болуы керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз.

9. Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою).

10. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз.

11. 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

12. Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз.

13. Өзіңіз қолыңызды жуыңыз.

 

Ескерту:

- егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған;

- спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады;

- компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады;

- қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін.

Сүлікті қою

Мақсаты: емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның ұюын төмендету.

Қолдану көрсетілімдері: гипертониялық криз, жүрек аймағының ауруы (стенокардия, миокард инфаркті), қан тамырларының түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қанның ұюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застой в печени), глаукома.

Қарсы көрсетілімдері: қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның ұйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жағдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдығының жоғарлығында.

Қоятын жерлері: емізік тәрізді өсіндінің аймағы (область сосцевидного отростка), оң жақ қабырға асты, кеуде тұсының сол жағы, көк тамырлардың зақымданған жолдары (шахмат тәрізді), құйымшақ айналасы, самай аймағы.

Асқынулар: терінің қышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан кету.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған: таңғыш бинтті, пинцеттер, тампондар

 пробиркалар,     40% глюкоза ерітіндісін, натрий хлорид ерітіндісін, ҚЖК, тұздалған суды, ыдыстағы ыстық суды, 6-8 белсенді сүліктерді, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шараға рұқсатын алыңыз.

2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

3. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз.

4. Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз.

5. Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз.

6. Теріні құрғатыңыз.

7. Сүлік коятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз.

8. Банкада суда тұрған сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз.

9. Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз.

10. Сүлік теріні тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз.

11. Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз.

12. Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (бір сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды).

13. Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз.

14. Лотокты сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз.

15. 30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған лотокқа өздігінен түседі.

16. Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын тұзды сумен сулаңыз.

17. Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖК салыңыз.

18. Сүліктің сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды).

19. Пайдаланған күтім құралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

20. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

21. Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз.

 

 

Ескерту:

- сүлік науқастың қанына өзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт – гирудин затын жібереді;

- сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай;

- асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жарақат орны қышитын болады;

- сүлікті бір рет қана қолданады.

Парафин және озеокеритпен емдеу

Қолдану көрсетілімдері: буындардың (артроздар, артриттер, сүйектің, бұлшық еттің (миозитер) қабынуы және жарақатпен зақымдануы, невриттер (радикулит), ішкі мүшелердің аурулары, күйіктен кейінгі терінің тыртық өзгерістері.

Қарсы көрсетілімдері: қызба жағдайы, жүрек қан тамырлары ауруларының өрістеуі, қан қысымының жоғарылауы, қатерлі және қатерсіз ісіктер, қан кету, туберкулез, бронхиальды астма, жүктілік.

 

Парафинді, озокеритті салу әдістері

Даярлаңыз: су моншасын немесе арнайы парафин қыздырғышын, термометрді, жалпақ бояу жаққышты, клеенканы, көрпені, ваннаны немесе клеенкалы қапты.

І. Парафинді салу әдісі:

1-ші қабат – ерітілген парафинді (Т-55-650 С) 2 см дейін қабат қалыңдығын бірте-бірте көбейтіп жалпақ бояу жаққышпен тері бетіне жағыңыз.

2-ші қабат – бұл учаскені клеенкамен жабыңыз.

3-ші қабат – бұл учаскені көрпемен қымтаңыз.

Парафин апликациясының температурасы 500С дейін жетеді.

Емшараның ұзақтығы 30 минуттан 1 сағатқа дейін.

ІІ. Парафиндік ванна әдісі (қол немесе аяқ бастарына әсер ету үшін).

1.    Қолға немесе аяққа ыстық парафинді (Т-55-650С) 1,5-2 см дейін қабаттап жалпақ бояу жаққышпен салыңыз.

2.    Ыстық ерітілген парафинмен (Т-650С дейін) ванночканы немесе клеенкалы қапты толтырыңыз.

3.    Өңделген қолды немесе аяқты ыстық ерітілген парафинмен толтырылған ванночкаға немесе клеенкалы қапқа салыңыз.

4.    Бұл учаскені көрпемен қымтаңыз. Алдын ала жағылған қабат күлдіреуді алдын алады. Емшараның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін.

ІІІ. Салфеткалық-апликациялық әдіс.

1.    Қалыңдығы 1-1,5 см дейін парафин қабаттарын бояу жаққышпен тері учаскені жағыңыз.

2.    Ыстық (Т-700С дейін) парафинмен ылғалдатылған 8-10 қабатты дәкеден жасалған төсемді парафинге салыңыз.

3.    Бұл учаскеге клеенканы жабыңыз.

4.    Бұл учаскені көрпемен қымтаңыз. Емшараның ұзақтығы 40-60 минут.

 

IV. Кюветті-апликациялық әдіс (тәрелкелік).

1 .         Кюветтің немесе тәрелкенің түбіне және қабырғасына клеенканы төсеңіз.

2.    Кюветке немесе тәрелкеге ерітілген парафинді құйыңыз.

3.    Парафиннің сыртқы қабаты суып болған соң пайда болған затты (кішкене дөңгелекті) клеенкасымен кюветтен немесе тәрелкеден шығарыңыз.

4.    Дененің қажет учаскесіне парафинді клеенкасымен салыңыз.

5.    Үстінен көрпемен қымтаңыз. Емшараның ұзақтығы 1 сағат.

Ескерту:

Ақ сусыздандырылған парафин – қатты углеводтар қоспасы, мұнай және сланц майларын өндіргенде алынады.

Медициналық озокерит – қара-қоңырдан қара түске дейін балауыз тәрізді мұнайдан шығатын зат. Құрамында: парафин, смола, минералды май және т.б. заттар бар. Озокеритті үлкен жылылық сыйымы және төмен қызу өткізгіштік иелікпен қолданады. Парафинді дайындалғанда ұқыпты қадағалай керек, оны еріткенде су түспеуі керек, неге десен ол теріні күй

Ылғалдатылған оттегін мұрын катетері арқылы беру

Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту,.

Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дерігердің тағайындауы бойынша қолданылады.

Дайындаңыз: Бобров аппаратын, дистилденген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: лоток, мұрын катетерін, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесе глицеринді, жабысқыш пластырды.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.

3. Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз.

4. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз:

- таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, өкпе ісігінде 70% спиртті құйыңыз;

- жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз;

- ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз.

5. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз.

6. Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз.

7. Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдаңыз.

8. Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз.

9. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз.

10. Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз.

11. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз.

12. Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз.

13. Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегіне немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз.

14. Оттегі шығатын бұранданы ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин).

15. Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың хал-жағдайын бағалаңыз.

16. Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз.

17. Катетерді алып тастаңыз.

18. Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

19. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

 

Ескерту:

- катетерді енгізу алдында иімділігінің сақталғанын және оның жарығының болмауын қадағалау қажет;

- қауіпсіздік техникасын сақтау (оттегі шырышты қабықты күйдіреді);

- ойылудың және мұрын қуысының шырышты қабығының құрғауын алдын ала ескерту мақсатында әрбір 30-60 минут сайын катетердің қалпын ауыстырады.

 

Оттегі жастықшасынан ылғалдатылған оттегін беру

Мақсаты: ұлпалардағы оттегін жоғарлату.

Қолдану көрсетілімдері: әр түрлі тыныс алудың бұзылуы, тұншығу, газбен улану, өкпе-ісігі, жедел және созылмалы тыныс алу жетіспеушілігі.

Дайындаңыз: оттегі жастықшасын, мундштукті, 4 қабаттан жиналған дәке салфеткасын, 70% спирт ерітіндісін, 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, суды, оттегі бар баллонды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

2. Баллоннан оттегі жастықшасын оттегімен толтырыңыз.

Ол үшін:

- оттегі баллонының редукторымен оттегі жастықшасының резеңке түтігін жалғастырыңыз;

- жастықшаның түтігіндегі, сосын баллондағы вентильді ашыңыз;

- оттегі жастықшасын баллондағы оттегімен толтырыңыз. Әуелі баллондағы, сосын жастықшадағы вентильді жабыңыз. Баллонның редукторынан резеңке түтікті бөліңіз.

3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз.

4. Оттегі жастықшаның резеңке түтігіне мундштукті жалғастырыңыз.

5. Ылғалды дәке салфеткасымен мундштукті ораңыз.

6. Мундштукті науқастың ауызына жақындатып ұстап, жастықшадағы вентильді ашыңыз (ауызға тығыз қоюға болмайды). Оны науқастың ауызынан 1-1,5 см қашықтықта ұстаңыз.

7. Дем алу мундштук арқылы ауызбен, ал дем шығару мұрыннан жүргізілетінің науқасқа түсіндіріңіз.

8. Оттегін беру жылдамдылығын реттеңіз (1 минутта 4-5 л).

9. Оттегі азайған сайын жастықшаның қарама-қарсы шетін қайырып, оттегі толығымен бөлінбегенше басыңыз.

10. Науқастан жастықшаны алып, мундштукті бөліңіз.

11. Пайдаланған салфетканы қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

12. Мундштукті зарарсыздандыру: оны 70% спирт ерітіндісімен немесе 3% сутегі асқын тотығы ерітіндісімен екі рет арасына 15 минут салып сүртіңіз.

13. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

 

Ескерту: оттегі жастықшасын оттегімен толтырғанда қауіпсіздік техникасы сақталу қажет.

 

 

Постдуральды (позициялық) дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)

 

Мақсаты: төсектегі науқастың дене қалпын ауыстырғанда қақырық күш әсерімен ағады, қақырықтын бөлінуін қамтамасыз ету.

Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхит, бронхоэктазды ауру, өкпе абсцессі және т.б).

Даярлаңыз: түкіргішті -1/4 бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз, егер де қақырықты зерттеуге жинауға қажеттілігі болмаса.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

 

I. Квинке бойынша дренажды қалыпты жасаңыз.

- Емшараға науқастын келісімін алыңыз.

- Бас жақ деңгейден 20-30 см жоғары кереуеттін аяқ жағын көтеріңіз

- Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көбейгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

- 10-15 минуттік үзіліспен емшараны бірнеше рет 20-30 минут бойы қайталаңыз.

- Кереуетке әдеттегідей қалып беріңіз (науқаста дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда)

II. Науқасты арқасымен жатқызу

- Науқастың тұлғасын денесінің айналысына 3600С аударыңыз

- Науқасты 450С аударыңыз. Терең дем алу және тездетіп дем шығаруды істеуін сұраңыз.

- Жөтел пайда болғанда науқасқа жақсы жөтелуіне мүмкіншілік беріңіз.

- 10-15 минут үзіліспен емшараны 3-6 рет қайталаңыз.

III. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз - «кереует астынан аяқ киімді іздеу» позасы.

- кереует денгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз.

- төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың көп бөлінгеніне қөзіңізді жеткізіңіз.

- Сол қырымен жатқызу қалпында емшараны қайталаңыз.

- Емшараны күніне 5-6 рет қайталаңыз.

IV. Науқасқа тізе шынтақ қалпын алуын ұсыныңыз - «намаз оқитын мұсылман» дене келбеті.

- науқасты тізесімен тұруына және алдына енкейуін сұраңыз.

- науқастан енкейуді 6-8 рет қайталауын сұраңыз. 1 минут пауза жасайды, сосын 6-8 рет енкейуді қайталайды (6 цикл барлығы)

- емшараны күніне 5-6 рет қайталаңыз.

6. Төсекте жатқан науқасқа ыңғайлы қалыпты беріңіз.

7. Түкіргішке зарарсыздандыруды жүргізіңіз, (стандартты қара)

- Емшараны орындау және науқастың емшараға реакциясы туралы жазуды жасаңыз.

Ескерту: Төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтығымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз (дәрігергехабарлаңыз

Позициялық дренаж (бронхты қақырықтан тазарту)

Мақсаты: төсектегі науқастың дене қалпын ауыстыра отыра, қақырықтын бөлінуін қамтамасыз ету.

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Төсектегі дренажды қалыпты жасау мақсатын науқасқа түсіндіріңіз (қақырық өз бетімен бөліну үщін).

2. Емшараға науқастын келісімін алыңыз.

3. Түкіргішті даярлаңыз, түкіргіштін -1/3 -1/4 бөлігін зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз (5% хлорамин ерітіндісі), егер де қақырықты зерттеуге жинауға қажеттілігі болмаса).

І – қалып. Квинке дренажды қалпын жасаңыз.

- Еден деңгейіннен 20-30 см жоғары кереуеттін аяқ жағын көтеріңіз

(орнықты тіректі қолдану)

- Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көбейгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

- 10-15 минуттік үзіліспен емшараны бірнеше рет қайталаңыз.

- Кереуетке әдеттегідей қалып беріңіз (науқаста дененің көтеріңкі қалпымен байланысты жағымсыз сезім шағымы пайда болғанда)

ІІ-қалып. Щиттің үстіндегі төсекке науқасты жатқызыңыз.

- Жөтел пайда болып, қақырықтың бөлінген соң өз өсіне айнала тұлғаны бұру қажет екенін науқасқа түсіндіріңіз. Жөтел пайда болу және қақырық бөліну үшін,терең дем алу және тездетіп дем шығаруын істеу қажет.

- Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтын көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.

- 10-15 минут үзіліспен емшарашы 3-5 рет қайталаңыз.

ІІІ-қалып. Науқасты оң жақ қырымен жатқызыңыз.

- Кереует денгейінен төмен басын және қолын түсіріңіз.

- Төсектегі науқастың жағдайын бақылаңыз, жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінуінің көп бөлінуіне көзіңізді жеткізіңіз.

- Сол қырымен жатқызу қалпында емшараны қайталаңыз.

ІV-қалып. Тізе - шынтақ қалпын науқасқа алуын ұсыныңыз.

- Төсектегі науқастын жағдайын бақылаңыз. Жөтел пайда болғанда қақырықтың бөлінгеніне көзіңізді жеткізіңіз.

- Төсекте жатқан науқасқа әдеттегідей (ыңғайлы) қалыпты беріңіз.

- Қақырыққа және түкіргішке зарарсыздандыруды жүргізіңіз, зарарсыздандыру регламентеген ерітіндінің біреуімен жүргізіледі. Мысалы 5% хлорамин ерітіндісімен 4 сағатқа әсер ету уақытына тұрады.

- Емшараны орындаған және науқастың емшараға реакциясы туралы жазуды жасайды.

Ескерту: Төсекте дене қалпын өзгертумен немесе жөтел жоқтығымен байланысты науқаста жағымсыз сезім щағымы пайда болғанда емшараны тоқтатыңыз (дәрігерге хабарлаңыз).

VIII. Дәрі-дәрмектерді қолдану жолдары мен әдістері,ішке қабылдайтын дәрі-дәрмектерді үлестіру

Таблетканы,капсуланы,дражені,пилюляны қолдану

Мақсаты: емдік.

Қолдану көрсетілімі: дәрігердің тағайындауы бойынша.

Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған таблеткаларды (түймедақтарды) капсулаларды, дражені, пилюляны (дәрінің домалақ түрін) қайнатылған суы бар стаканды немесе мензурканы, дәрігердің ем тағайындайтын парағын (004-1/уФ).

 

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Дәрігердің ем тағайындайтын парағына сәйкес дәрілік препаратты таңдап алыңыз.

2. Дәрілік препараттарды қолдану бойынша нұсқаумен таңысыңыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: