Макс Вебер 5 страница

Түрінің өзгеруі мен морфогенез бейнесін талдағанда Арчер Бхаскардың ӘӘӨҮ-нен бас тартады және пікір таластырады. Бхаскар өзінің “Шындықтың жаңаша бейімделеді” (1989) еңбегінде мынадай түбегейлі өзгертулер енгізеді: біріншіден, 1 және 2 нүктелерде құрылымдық қасиеттердің алдымен эмерджентті пайда болуы, содан кейін (қазіргі кездегі) әсері, бұрынғы әрекеттердің әдейі жасалмаған салдары және қазіргі таңдағы іс-әрекеттің мақұлданбаған жағдайлары түсіндіру түрінде көрсетілген. Екіншіден, әрекет етушілердің өз әлеуметтік әлемін түсінулері құрылымдық қасиеттердің әсерімен шектелгендігі анықталды. Үшіншіден, ендігі жерде процесті уақыт кезеңдеріне бөлу шешуші рөл атқаратын болды. Арчер Бхаскардың осы үш анықтамасына сүйене отырып морфостазис/морфогенезистің өзі жасаған үлгісін ұсынады:

Құрылымдық келісім

Т 1

Мәдени-әлеуметтік өзара іс-қимыл

Т 2 Т 3

Құрылымды өңдеу (Морфогенезис)

Құрылымды ұдайы өсіру (Морфостазис)

Т 4

Маргарет Арчер М/М көзқарасының негізгі теориялары:

(1) Құрылым өзінің түрін өзгертетін әрекеттен қажеттілікке байланысты уақыты жағынан бұрын болады.

(2) Қажеттілікке байланысты құрылымды жасау уақыты жағынан оның түрін өзгертетін әрекеттерден біршама кеш болады екен.

Арчердің дуализмінің талдамалық сипаты бар және ол қоғамды жүйелі процесін ашу мен түсіндіру уақыт бойынша орын алуы үшін теориялық жағынан қажетті болып табылады.

Қорыта келе, ӘӘӨҮ мен М/М көзқарасы арасындағы ұқсастық реализмнің өзінен бастау алады деп айтуға болады. Дарашылдық сияқты, холизм де тиісінше әлеуметтік дүниені айқындайтын онтология болып табылады, ал кейін оны қалай түсіндіру және зерттеу керектігі жөнінен нұсқаулар беріп отырды, дәл сол сияқты шынайы әлеуметтік онтология да, әлеуметтік шындықтың басты анықтамасы ретінде оның тереңдікке, стратификация мен пайда болуға бейімділігін іс жүзіне асыратын методологиялық шынайылықты білдіреді.

Формальді түрде шынайылық түсіндіруші үлгіге жақын. Түсіндіруші үлгі жасаушы механизм ретінде алдыңғы құрылымдарды мойындайды. Олардың әсер етуші билігі және соған сәйкес міндеттері бар басқа объектілермен қарым-қатынасы олардың стратификацияланған әлеуметтік дүние деп аталуында. Сондай-ақ, осы құрылымда болып жатқан жаңағы объектілердің қарым-қатынасының болжауға келмейтін, бірақ түсіндіруге болатын нәтижелерін қоғам деп атасақ та болады.

Энтони Гидденстің құрылымдық теориясы

Энтони Гидденс - біздің заманымыздағы аса ірі социолог-теоретиктердің бірі. Гидденстің теориялық құрылымдарында социологиялық классика (К.Маркс, М.Вебер, Э.Дюркгейм) жаңа теория құрылысы үшін бастапқы нүкте болып табылады. Гиденс негізгі назарды қоғамның таптық құрылымы мәселесіне аударады.

Э.Гидденс үшін қоғамның таптарға бөлінуі қазіргі қоғамды сипаттайтын іргелі белгі деп көрсетілген. Сонымен қатар Гидденс үшін таптық қатынастар топтарды қалыптастыруда тек базис қана, топқа қатыстылығын анықтау үшін “Құрылымдық негіз”. Сонымен бірге Гидденс ғылым әлеуметтік қатынастарды айқындайтындығына көңіл аудара отырып, әлеуметтік қатынастардың субъективті сәттерін атап көрсетеді.

Гидденстің ойы бойынша қазіргі заман қоғамының екінші іргелі сипаттамасы - “модернге іштей тән рефлексивтілік”. Рефлексивтілік “модерн” дәуірі қоғамының сипаттамасы ретінде Гидденске социология теориясын құруға болатын негіз ретінде көрінеді. Осыған байланысты ол былай деп жазады: “Бәсекелес теориялық көзқарастардың сан алуандығына қарамастан кейбір ортақ тақырыптар табуға болады”. Солардың бірі сөз етіліп отырған көптеген мектептер, структурализмді және структурализмнен кейінгілерін қоспағанда, адам әрекетінің белсенді рефлекторлық сипатын атап көрсетеді деген ұғымнан құралады. Бұл олардың адам әрекетін индивидтер не бақыламайтын, не түсінбейтін күштердің нәтижесі деп қарайтын дәйекті келісім үрдістерін теріске шығаруда бір пікірде екенін білдіреді. Бұған қосымша (бұған структурализм сияқты, структурализмнен кейінгілері де кіреді) олар тілдің және когнитивтік (танымдық) қабілеттердің әлеуметтік өмірді түсіндіруде түйінді маңызын мойындайды. Тіл нақты күнделікті қызметте жүзеге асады және белгілі бір мағынада осы шындықты айқындап отырады. Ақырында жаратылыстану ғылымдарының эмпирикалық философиясының әлсіреп бара жатқан мәнінің, әлеуметтік ғылымдар үшін де терең салдары бар екендігін мойындауға тура келеді. Әңгіме тек дәйекті келісімді ұстанғандар айтатын, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдарының әлі де бір-бірінен қашықта екендігінде ғана емес. Қазіргі уақытта біз жаратылыстану философиясы әлеуметтік теорияның жаңа мектептері қызығып отырған, әсіресе тіл және мағынасын түсіндіру құбылыстарын ескеру керектігін көріп отырмыз.

Қазіргі қоғам жағдайында әрекет және оны қоршаған орта жайлы әлеуметтік-ғылыми білім, әлеуметтік білімге қатысушылардың (агенттердің) игілігі болып отыр. Бұл білімді іс жүзінде өзара іс-әрекетке қатысушылардың бәрі белгілі бір дәрежеде бөлісетіндіктен жеке-дара болудан қалады.

Гидденстің структурация теориясының басты категориясы ретінде әлеуметтік агент ұғымы алынады. Гидденстің түсініктемелеуінде агент тұжырымдамасы күрделі, бұдан кейінгі теориялық конструкциялардың негізі және көзі болуға тиіс, сонымен қатар тек стратификациялық үлгі тұрғысында суреттелуі мүмкін. Бұл үлгіге үш стратификациялық деңгей кіреді: іс-әрекеттің негізделуі, іс-әрекетті ұтымды ету және іс-қимылдың рефлексивті мониторингі. Іс-әрекеттің негізделуі агентті іс-қимылға итермелейтін саналы және саналы емес тілектерді білдіреді. Негізделу іс-қимылдың өтуімен тікелей байланысты емес, ол агент ерекше әдеттен тыс жағдайға тап болғанда ғана көрінеді. Сондықтан да көптеген “кертартпалы” іс-әрекеттер тікелей негізделмеген. Іс-әрекетті ұтымды ету бәрінен бұрын жағдайды білдіретін нәрсе емес, агенттерге іштей тән нәрсе: “Мен іс-әрекет ұтымды ету деп индивидтердің ескішіл және әуре-сарсаңсыз өзі қызметінің негіздемелерінің тұрақты “теориялық түсінігін” қолдап отыратын қабілетін түсінемін” деген қабілет процесін білдіреді. Іс-қимылды ұтымды ету өзара іс-әрекетке қатысушылардың бір-біріне деген өзара құзыретіне қатысты келісімдерін білдіреді. Адамдар не істейтіндерін біледі және олар әдетте немен айналысатындарын түсіндіріп бере алады. Әңгіме “модерн” жағдайында агент рефлексиясы әлеуметтік әрекет құрылымның маңызды құрамына айналатындығында болып отыр. Гидденс бір жағынан әлеуметтік және жүйелі интеграцияның айырмашылығынан, екінші жағынан структурализм ұсынған жүйе мен құрылым айырмашылығынан көрінетін құрылым, жүйе және іс-әрекет арасындағы айырмашылықты қабылдайды. Гидденс өзінің структурация теориясында бұл пікірлердің редукционизмдігін, әлеуметтік субъект пен объект дуализмін жеңуге тырысады. Қазіргі замандағы әлеуметтік іс-әрекеттің рефлексивті сипаты Гидденс еңбектерінде іс-әрекет, жүйе және құрылым интеграциясының мүмкіндігі ретінде көрінеді. Агенттің институционалану процесін ұғынуы бұл процестің өтуін сипаттауға мүмкіндік береді, ал агенттің өзінің іс-әрекетіне қатысты тұрақты рефлексиясы ықтимал интеграция тәсілін көрсетеді. Әлеуметтік жүйе структурациясын талдау - интегративті ережелер мен құралдарды қолдану арқылы, сонымен қатар ойда жоқ себеп-салдармен байланыс арқылы ұйымдастырылатын және өзара іс-қимылмен ұдайы өсіп отыратын жүйе тәсілдерін зерттеуді білдіреді”. Бұдан біз структурация теориясының негізгі міндеті әлеуметтік шындықтың объективті және субъективті жақтарын “дуальдылық” ретінде, яғни “дуальдық” ұғымдардың кіріспесіне негізделген, жүйені, іс-әрекетті және субъектіні тұжырымдайтын әлеуметтік феноменнің бұл сипаттамаларының бірін-бірі толықтыруы және қосбірліктігі, сараптау екенін көреміз.

Іс-қимыл рефлексивті мониторингі - өзіндік жеке іс-әрекеттердің, өзге адамдардың іс-әрекеттерінің, сонымен іс-қимылдың физикалық және әлеуметтік шарттарының тұрақты және үздіксіз бақылануы. Іс-әрекеттің рефлексивті мониторингі сонымен қатар агенттердің тек қана жеке іс-әрекеттерді бақылап қана қоймай, басқа агенттерден де осындай бақылауларды күтетіндігін білдіреді. Индивид тұлғасына қосымшада негізделу деңгейі санасыз дәлелдерге, индивидтің танымдық қабілетіне, индивидтің әрекет жасауға ұмтылысына айналады. Ұтымды ету деңгейі тәжірибелік сана деңгейіне, ал іс-қимылдың рефлексивті мониторингі пайымдаушы сана деңгейі болып шығады.

Қызмет және құрылым: Джеффри Александердің жаңа функционализмі

Жиырмасыншы ғасыр түгелімен, оның бірінші жартысы да, екінші жартысы да әр түрлі әлеуметтік мектептердің текетіресімен өтті. Әсіресе бұл функционализм, құрылымдық көзқарас және соңғы он жылдықтағы активистік парадигма тәрізді ағымдарға қатысты. Кезінде Толкотт Парсонс әр түрлі бір-біріне кереғар келген ағымдарды және жаңа синтетикалық теория тәртіптерін үйлестіруге тырысқаны мәлім. Алайда Парсонс еңбектерінен кейін шыққан, микропроцесс сараптамасына көбірек көңіл аударуды қажет ететін символикалық интеракционизм, қазіргі қоғамдағы сараптама объектісі мен пәнін экономикалық жүйелер, мемлекет және әлеуметтік таптар сияқты макроэлементтер құрауы керек деп түсіндіретін қақтығыс теориялары Парсонстың синтетикалық көзқарасына үлкен қауіп төндірді.

ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында синтетикалық әлеуметтік теорияның негізін американ социолог Джеффри Александер басқаша қаламақ болды.

Өзінің жаңа функционализм теориясында Джеффри Александер қызмет пен тәртіп, мәдениет пен әлеуметтік құрылым өзара байланысты бола алатын синтетикалық теория жасауға тырысты.

Жаңа институционализм теориясы

Социологияның негізгі пәні қоғам болып табылады, жоғарыда қарастырылған теориялар қоғамға тұрғындардың әлеуметтік-топтық құрылымы ретінде талдау жасайды. Бұл тарауда біз қоғамға оны құрайтын институттар тұрғысынан талдау жасайтын теорияларды қарастыратын боламыз. Бірақ бұл екі жоба тұтас бір нәрсені білдіреді және бір-бірімен органикалық байланыста.

Тағы да айта кететін жайт, тарихи тұрғыдан қоғамды зерттеуде социология ғылымында екі бағыт қалыптасты: құрылымдық-жүйелі және субъективті-мінез-құлықтық. Құрылымдық көзқарасты жақтаушылар қоғамды әлеуметтік жүйе ретінде қарастырады, ал социологияның пәні - әлеуметтік институттар деп есептейді. Мұнда қоғам объективті өмір сүретін және индивидтерге тәуелді емес институционалдық құрылым деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда, біз қоғам сараптамасының институционалдық немесе жүйелі деңгейін қарастырамыз.

Эмиль Дюркгейм атап көрсеткендей, социологияны институттар, олардың генезисі және жұмыс істеуі туралы ғылым деп пайымдауға болады.

Екінші бағыт, субъективті-мінез-құлықтыққа келер болсақ, ғалымдар қоғамға оны құраушы топтардың жиынтығы ретінде талдау жасайды, ал зерттеудің негізгі пәнін тұлға аралық интеракциялар, адамның күнделікті қызметі мен іс-әрекеті құрайды.

Одан әрі біз институттарды зерттеудегі қоғамның құрылымдық-жүйелі сараптамасы шеңберінде жасалатын үрдістерді қарастырмақпыз.

Бірінші үрдіс институттардың әлеуметтік ғылымдарды барған сайын көбірек зерттей бастауына негізделеді. Алғашында институттар негізінен заң туралы ғылымда зерттелді. Кейінірек институттар әлеуметтік ғылым сараптамасы пәніне енгізілді. Жиырмасыншы ғасырдың басында институттарды экономистер зерттей бастады. Экономика ғылымында институттар мінез-құлықтың үлгілері мен нормалары ретінде қарастырылады. Институционалдық зерттеулер сонымен қатар тарихта, философияда, антропологияда, экологияда және экономика тарихында да орын алады.

Институттарды зерттеудегі екінші үрдіс әлеуметтік институттардың жоғары дәрежелі және жалпы тәртіптер көріністері түріндегі сараптамадан тұрады және мұнда институттар қоғамдық көріністерді реттеушілер ретінде түсіндіріледі. Мысалы, Толкотт Парсонс қоғам интеграциясы мен тұрақтылығының негізгі факторы институттар екенін айтқан болатын.

Екі көзқарас та қазіргі заман ғылымында институттардың рөлін түсінуші ғалымдар саны өсіп келе жатқанын көрсетеді.

Нил Флигстайнның жаңа институционализм теориясының сараптамасы

Беркли университетінің (Калифорния, АҚШ) социология профессоры Нил Флигстайн түсіндіруі бойынша институционализмнің жаңа теорияларының сыни рефлексиясын қарастырайық.

ХХ ғасырдың 90-жылдарында тек әлеуметтік ғылым ғана емес, сонымен қатар экономикалық, саяси ғылымдар да “жаңа институционализм” теориясына қанық болды. “Жаңа институционализм” теориясының негізін салушылар арасында көптеген келіспеушіліктер болды, бірақ институттар туралы ортақ түсініктер де орын алды. Ол ресурстардың бірдей етіп бөлінбеуін қолдай отырып, белгілі бір билік етуші топтардың институттар өзара іс-қимыл ережелерін ұсынуға рұқсат беретін әлеуметтік конструкциялар ретінде түсіндіруінен тұрады. Мұнда жалпы теориялардың екі тобын бөлуге болады, бірінішісінде әлеуметтік факторлар мен институттарды құру процесіне қатысушылар - институттардың маңызды құраушысы болып табылады; екіншісі әлеуметтік институттарды әлеуметтік құрылым ретінде негізінен түсіндіруге күш салады.

Қазіргі заман ғылымында “жаңа институционализмнің” төрт түрін бөліп көрсетуге болады:

Тарихи институционализм

Ұтымды таңдау институционализмі

Экономикалық институционализм

Социологиялық институционализм

Қазіргі заман ғылымында ғалымдар “институт” ұғымының мағынасын түсіндіруде бір шешімге келе алмай отыр. Бірқатар ғалымдар институт ұғымын әлеуметтік қатынастарды анықтап, мұндай қатынастарға қатысушылардың рөлін түсіндіретін, сонымен қатар қатысушылардың өзара әрекет ету процесін әрекет ету нұсқаулысы мен қалған қатысушылардың іс-әрекетін түсіндіру әдісі арқылы бақылайтын ұжым мағынасында түсінеді. Енді бір теоретиктер “институт” ұғымы аясында арнайы ойлап табылған заңдар мен ережелер, үшіншілері - ұжым арқылы орындалатын және бөлек-бөлек топтардың келісіміне қол жеткізу арқылы жүзеге асырылатын формальді емес ережелер түріндегі нормалар жиынтығы, төртіншілері - өзінен өзі болатын нәрсе сияқты қабылданатын жүйе деп түсіндіреді. Көріп отырғанымыздай зерттеушілер арасында бұл сұрақ тұрғысынан ортақ бір шешім жоқ. Бұл “жаңа институционализмнің” негізін салушылар өз әріптестерінің теорияларын жақсы біле тұрса да, әдетте арадағы келіспеушілік туралы пікір таласты шешу мүмкін емес деп санайтындығынан көрінеді. Мұнымен қоса “институт” феноменін түсінуде белгілі бір келісушіліктер немесе сәйкес келетін тұжырымдар да бар. Әңгіме барлық үлгі қалай болған күнде де “кеңістік”, “сахна” немесе “ойын” деп аталып жүрген оқшау әлеуметтік білімнің пайда болу проблемасымен байланыстылығы туралы болып отыр. Бұдан әрі институционализмнің барлық үлгісі институттарды әлеуметтік конструкциялар түрінде түсінетіндігі туралы айтуға болады. Басқаша айтқанда жаңа институционализмнің көптеген авторлары институттарды әлеуметтік субъектілердің немесе акторлардың ықпалының нәтижесі деп түсіндіреді. Үшіншіден, өзара іс-қимыл және институттар пайда болғанға дейін болған ресурстарды бөлу ережелері ықпал ету көздері болып көрінеді және де әлеуметтік субъектілер мінез-құлқының үлгілерімен үйлесе келіп, институттарды ашудың және ұдайы өсірудің негізі болады.

Жаңа институционализм теоретиктері институттарды тудыратын және ұдайы өсіріп отыратын “өзара әсер ету ортасын” түсіндіруде де бір-бірімен қиыласады. Негізгі көңіл аудартатын мәселелер - мұндай әрекет ету алаңдарының пайда болуы, олардың қалай тұрақтылығын сақтайтындығы және түрінің өзгеретіндігі болып табылады. Мұнда институциоландыру ережелерді абстракциядан алаңдарда өзара әсер етуші бір үлгінің нақты бастауына айналдыратын процесс ретінде түсіндіріледі.

Институттар қандай жағдайда және қалай пайда болады?

1. Мысалы, Флигстайнның пайымдауынша, институттар әлеуметтік субъектілер тобы қақтығыстық сипаттағы әлеуметтік іс-қимылға қосылған кезде пайда болады. Өзара іс-қимылдың мұндай түрінің көбіне саяси сипаты болады және негізінен ресурстарды қайта бөлу (немесе бөлу) жолындағы күреспен байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, көбінесе институттар қоғамдағы дағдарысты жағдайлардың нәтижесінде пайда болады.

2. Институттар жекелеген топтар басым жағдайда жету үшін басқаларға өз ережелерін күштеп таңған кезде пайда болады.

Институттардың қоғамның тұрақсыздығы салдарынан пайда болған кездер де бар. Әңгіме түрлі әлеуметтік топтар немесе акторлар жағдайды түзеуді өз мойындарына алып, қоғамға жаңа бағыт-бағдар ұсынуы туралы болып отыр.

Акторлар туралы бөлек сұрақ. Жаңа институционализм теориясындағы акторларды негізінен жаңа ережелерді орнату мақсатында процеске қатысушы басқа адамдарды өзіне тарта алатын белсенді әлеуметтік субъектілер деп түсіну керек. бұл тұрғыдан Флигстайн “әлеуметтік талант” ұғымын енгізеді. Әлеуметтік талант өз тобының мүшелері мен басқа да топтың мүшелерін бір бағытқа тарту әдістерін пайдалана алатын тұлға. Мұндай таланты барлар басқа қатысушылардың іс-әрекетіне түсініктеме береді және өз тобының позициясы негізінде жағдай туралы азды-көпті өз түсінігін “ынтымақтастық” орнату үшін пайдаланады. Неше түрлі ғылымдар мен теориялар әлеуметтік талант дарыған адамдардың сырын ұғуға тырысып келді.

Бұл проблема әлеуметтік ғылымның маңызды теориялық дилеммаларының бірі - құрылымдар мен әрекет етуші тұлғалар туралы мәселені шешеді. Мұнда рефлексия пәнін әлеуметтік өзара әрекет етуге қатысушыларда бар таңдау жиынтығының құрылымдану дәрежесі мен олардың өзара әрекет ету барысындағы іс-әрекеті мен позициясын анықтайтын ережелер құрайды.

Әлеуметтік және саяси ғылымдар негізінен бұл процеске қатысушылардың позициясына баса назар аударады. Экономика ғылымы әрекет етуші тұлғалардың таңдай алу мүмкіндігі бар екендігіне және ол көп жағдайда процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен нәтижесін алдын ала айқындайтындығын көрсетеді.

Жалпы алғанда жаңа институционализм теориялары сараптама пәні ретінде әлеуметтік құрылымдарды, олардың пайда болуы мен олардың құрылуындағы адамдардың рөлін қарастырады. Осылай бола тұрса да, веберлік және марксистік бағыттағы әлеуметтік құрылымның классикалық теориясымен салыстырғанда жаңа институционализм теориялары әлеуметтік құрылымды ережелер жиынтығымен анықталатын бір-біріне қатысты бағытталған әр түрлі ресурсты топ қызметінің сахнасы деп түсіндіреді. Мұнда қоғамдық ғылымдардың арасында жаңа классикалық экономика айтарлықтай алға жылжыған “классикалық емес экономика ғылымы өз сараптамасында, нарықтық алмасу арқылы қолда бар ресурстарды оңтайлы бөле алатын, нақты артықшылықтары мен ең үздік ақпараты бар, мейлінше пайдаға бағытталған рынокқа қатысушыларға негізделеді. Кейін олар ұйымдар мен қағидалар жер жерде қызмет ете отырып, рынокқа жұмыстағы қиыншылықтарды жеңуге көмектесетіндігіне көңіл аударады. Мәселен, Марч пен Симон, ережелер шектелген рационализм мен жеке мүдделер проблемасын шешуге жәрдемдеседі деген қорытындыға келді. Егер, мысалы, фирмалардың иесі, мейлінше пайда табу мақсатында ұйымдастырылса, ал олардың қол астындағылары, өздерінің қожайындарының мейлінше табыс табу межесімен сәйкес келмейтін өзге мақсаттарды көздейді. Шектелген рационализм фактісі барлық деңгейдегі фирмалардың жұмысын қадағалау міндетін күрделілендіреді. Демек, фирмада аталған факторлардың кері әсерлерін жоя алатын құрылым болу тиіс. Барлық деңгейдегі қызметкерлерді ұтымды қадағалау үшін орталық аппараттың нақты қойылған міндеті, стандартты рәсімдері мен қарапайым ережелері болуы тиіс, бұл өз кезегінде шешім қабылдау процесін жеңілдетеді. Нәтижесінде жоғарғы жақтағы басшыларға төменнен келіп жатқан тәртіпсіздік туралы дабылдарға лезде жауап қайтаруға мүмкіндік беретін анық әлеуметтік құрылым дүниеге келеді.

Д.Норт пен Р.Артурдың ойынша саяси және экономикалық институттар, мысалы, кездейсоқ түрде пайда болады немесе оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге септігін тигізбейді. Мәселен, бірсыпыра елдердегі жеке меншіктің кейбір формалары бір саланың тиімділігін арттыру мақсатында емес, тарихи жағдайдың еркі бойынша пайда болады. Артурдың пікірінше, технологиялар, көбінесе, осы технологияларды ұстап тұратын ұйымдар, ережелер мен рәсімдер болғандықтан басым жағдайға ие болады. Қандай да бір фирма қызмет ете бастаған кезде, оған қыруар қаржы жұмсалғандықтан одан да көп шығынға батпау үшін ештеңені де өзгертпеу керек екендігі анықталады.

Саяси ғылымда жаңа институционализмнің екі теориясы пайда болды: тарихи институционализм және ойын теориясымен байланысты ұтымды таңдау теориясы. Тарихи институционализмді жақтаушылар, саяси процестер мен шиеленістерді талдау барысында үкіметтердің рөлі жете бағаланбайды деп есептейді. Мысалы, Телен мен Стейнмо үкімет институттары қоғам өміріне қалайша араласатындығын, әр түрлі елдердегі саяси дәстүрлер мен әлеуметтік-саяси процеске қатысушылар атқаратын рөлдер, саяси партиялар мен идеологиялар қайсыбір қоғам құрылымындағы сан-алуан топтардың саяси мінез-құлқына қалай әсер ететіндігін анықтауға тырысады. Стейнмо мен Теленнің тұжырымдауы бойынша, белгілі бір жағдайларда субъектілердің артықшылықтары эндогенді болуы мүмкін, қарапайым тілмен айтқанда, адам немесе әлеуметтік топтар оқиғалардың дамуына қарай, өздеріне не керек екенін ұғына бастайды, бұл әр түрлі одақтардың пайда болуына әкеліп, нәтижесінде қайсыбір әлеуметтік процестің институционалиялануы жүзеге асады. Тарихи институционализмді жақтаушылар мен ұтымды таңдау теориясын ұстанушылар арасындағы пікір таластың басты қайнар көзі, процеске қатысушылар іс-әрекетінің дәлелі мен институттардың бұл іс-әрекеттердің сипаты мен бағытына әсер ету деңгейіне байланысты мәселе болып табылады. Тарихи институционализм теориясын жақтаушылар, өмір сүріп отырған ұйымдар, институттар және саяси перспективалар басты рөл атқарады деп есептейді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: