Таксономиясы. Тұқымдастығы: Ricketsiacеае

Тұқымдастығы: Ricketsiacеае.

Туыстастығы: Rickettsia.

Түрі: Rickettsiasibirica.

Морфологиялық және ферменттік қасиеттері. Инфекция қоздырғышы – Riсkettsia sibirica – жасуша дақылында, тауық эмбрионының сарыуыз қапшығында өсетін, пішіні таяқша тәрізді, кейбір кезде жіп пішінді, грам теріс бактериялар. Электронды микроскопта ұзындығы 0,3 - 3 мкм болатын талшыққа ұқсас өсінділерді анықтауға болады. Риккетсияларды әдетте қолданатын барлық әдістермен бояуға болады, негізінде Здродовский бояу әдісі қоланылады. Риккетсиялар жұқтырған жасушалардың ядросы мен цитоплазмасында көбейеді.

Антигендік қасиеті мен патогенділік факторлары. Ауру қоздырғышының антигендері басқа риккетсиялардікімен ұқсас. Riсkettsia sibirica маймылдарға, теңіз шошқаларына, атжалмандарға, тышқандарға, қояндарға, суырларға патогенді.

Резистенттілігі. Риккетсияның жоғары температураға төзімділігі төмен, дезинфекциялық заттарға төзімсіз.

Эпидемиологиясы. Бұл ауру табиғи ошақтық болып келеді. Табиғатта негізгі қоздырғыш сақтаушылар кеміргіштер, сондай-ақ осылармен риккетсиялермен инфицирленген жануарлар (марал, тиындар және т.б.) болып келеді. Кенелік бөртпе сүзегінің риккетсиалары әр түрлі иксодты кенелер (Dermacentor туысы – D. marginatus, D. silvarum, D. nuttali; Haemophysalis туысы – H. punctata; Rhipicephalus sanguineus) денесінің табиғи мекендеушісі болып табылады. Еркек теңіз шошқасына, алтын түсті аламанға, ақ тышқандарға жұқтыру арқылы эксперимент жүргізіледі.

Кенелік риккетсиоздар белгілі географиялық аймақтарда - Қиыр Шығыс пен Сібірде кездеседі. Қоздырғыштың негізгі көзі мен тасымалдаушысы иксод туыстастығына жататын инфицирленген кенелер болып табылады. Олар риккетсияларды ағзасында ұзақ сақтайды, сондықтан ұрпаққа берілу қасиетіне ие. Риккетсиямен зақымданған кенелер қан сору кезінде адамға жұқтырады. Жұғу жолы – тек трансмиссивті, сондықтан ауру айналасындағылар үшін қауіпсіз.

Патогенезі мен клиникалық көріністері. Аурудың инкубациялық кезеңі 2 күннен 7 күнге дейін созылады. Ену қақпасында қоздырғыштың көбеюі жүреді. Ауру кезінде дене қызуының 40о С және одан жоғары температураға көтеріледі. Лимфа түйіндері үлкейеді (кейбір кезде үлкендігі көгершін жұмыртқасындай болады). Аурулардың 80–85%-да 4-5 күні қанды бөртпелер (розеолезды немесе папулезды) арқасында, кеудесінде, аяқ-қолдың ішкі бетінде, ал содан кейін денесінің барлық жерінде пайда болады. Риккетсиалар қанға түсіп, қызба мен бөртпені тудыра отырып, тері қан тамырларын және миды зақымдайды. Бөртпелер аурудың 12 - 16 күнінде кетеді. Конъюнктивит болуы мүмкін. ОЖЖ мен жүрек - қантамыр жүйесі жеңіл зақымданғаны байқалады. Өлім - жітімдік байқалмайды.

Иммунитеті. Ауырған адамдарда тұрақты иммунитет қалыптасады. Рецидив пен қайталап ауыру байқалмайды.

Микробиологиялық диагноз қою. Ауруды бас кезеңінде басқа инфекциядан (тұмаудан, бөртпе сүзегінен, су қызбасынан) дифференциациялау қажет. Микробиологиялық диагноз қою серологиялық әдістерге негізделген: ГАТР, КБР (Riсkettsia sibirica антигені және ауру сарысуы қолданылады), РАР (дигностикалық титрі 1:20-1:2000), ИФР, ИФТ.

Зертханалық жануарларға жұқтыру арқылы диагнозды анықтайды және қоздырғышты бөліп алады, ол үшін аурудан алған қанды теңіз шошқасының еркегіне егеді. Жануарларда қызба мен периорхит дамиды да жыныс безінің қабығында риккетсиялар жиналады.

Емдеуі. Ауруларды емханаға жатқызып емдейді. Тетрациклин, левомицетин, антигистаминды препараттар тағайындайды.

Алдын алуы. Жеке басты сақтандыру кешенді шаралардан тұрады: кененің жабысуы мен соруынан жекелей қорғану, дезинсекциялау т.б. Спецификалық алдын алу, яғни вакцина егу жасалмаған.

14.7.1.3. Марселдік қызбаның қоздырғышы

Марселдік қызба (Жерорта теңізі риккетсиозы) алғашқы қабыну ошағы теріде болумен, жайылмалы бөртпемен және аймақтық лимфа түйіндерінің зақымдалуымен сипаттталатын, бірақ ағымы қатерсіз, Rickettsia conori тудыратын жұқпалы ауру. Ауру қоздырғышын алғаш рет Э. Брумт 1932 жылы тапқан.

Аура қоздырғышы – Riсkettsia conori – ядро мен цитоплазмаішілік паразит. Морфологиялық, тинкториалды, антигендік қасиеті бойынша басқа риккетсияларға ұқсайды.

Эпидемиологиясы. Кенелер қан сорған кезде олардың сілекейімен Riсkettsia conori жұғады. Ит кенесі Rhinocephalus sanguineus қоздырғыштың тасымалдаушысы және резервуары (иттерде болуы мүмкін) болып табылады. Инфекцияның адамнан адамға берілетіндігі анықталмаған.

Клиникалық көріністері. Қоздырғыш енген (кене шаққан жер) кезде бірінші аффект пайда болады: 1 немесе бірнеше қызыл инфильтрат, бетінде қара қабыршағы бар (лимфаденит дамуы мүмкін). Аурудың инкубациялық кезеңнің ұзақтығы 5-7 тәулік. Ауру жедел дене қызбасының 39-400 С температураға дейін көтерілуімен басталады. Миалгия, артралгия, бас ауыруымен сипатталады. Қызбаның ұзақтығы 10-14 тәулікке созылады. Аурудың 3-4 күні дақты-папулезды бөртпе бүкіл денеде пайда болады. Аурудың ағымы - қатерсіз, рецидивсіз.

Иммунитеті. Аурудан кейін өмірлік тұрақты иммунитет қалыптасады. Осы ауруға қарсы пайда болған иммунитет басқа риккетсиалардан да организмді сақтайды (мысалы: кенелік риккетсиоз қоздырғышынан).

Микробиологиялық диагноз қою: микробиологиялық, биологиялық, серологиялық әдістері қолданылады. Ауру қоздырғышының таза дақылын бөліп алу үшін зерттеу материалын тауық эмбрионының жасушаларына және теңіз шошқасына жұқтырады.

Емдеуі. Тетрациклин, макролидтер қатарының антибиотиктерімен жүргізіледі.

Алдын алуы. Кенелер мекендейтін орындарды (ит күркесі, сарайлардың қабырғасы, дарбазалар және тағы басқа) міндетті түде өңдеу. Эндемиялық ошақтарда қаңғып жүрген иттерді жою. 2 ай сайын бір рет үй жануарларына, иттерге тазарту жүргізу. Арнайы сақтандыруы жоқ.

14.7.1.4. Құзды таулардың ақтаңдақтық қызба қоздырғышы

Құзды таулардың ақтандақтық қызбасы - қоздырғышы (Riсkettsia ricketsii) иксод кенелерімен трансмиссиялық механизм арқылы таралатын, зооантропонозды риккетсиоз. Кенелер жоқ жағдайда ауру таралмайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: