double arrow

Боррелиялар. Боррелиоздар


Borrelia туыстастығының спирохеталары антропонозды (қайталама эпидемиялық сүзек) және зоонозды (қайталама эндемиялық сүзек - Лайма аурулары) жұқпалы аурулар тудырады. Осы туыстастыққа 20-дан астам түрлер кіреді. Солардың ішінде көбісі адамға патогенді емес. Боррелиялар 3-10-ға дейін бұрамалары бар жіңішке иілген спирохеталар. Қозғалу аппараты 15-20 фибриллалардан құралған. Анилин бояуларын жақсы қабылдайды, Романовский-Гимзе әдісімен ашық-көк түске боялады. Боррелиялардың тек қана өздеріне тән ерекше генетикалық аппараты бар, ол тура сызықты кішірек көлемді хромосомалардан және циркулярлы плазмидалар жиынтығынан тұрады. Боррелияларды күрделі қоректік орталарда өсіруге болады. Олардың құрамында сарысу, асцит, тіндік экстрактілер және атмосферада СО2 деңгейі 5-10% болуы қажет, 28-350С температурада дақылданады. Сонымен қатар, тауық эмбрионның сарыуыз қапшығында өсіруге болады. Кептіруге және қыздыруға сезімтал, ал төменгі температураға және мұздатуға тұрақты.

14.8.2.1. Эпидемиялық қайталама сүзек

Заказать ✍️ написание учебной работы
Поможем с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой

Сейчас читают про:
Поможем в написании
> Курсовые, контрольные, дипломные и другие работы со скидкой до 25%
3 569 лучших специалисов, готовы оказать помощь 24/7