TTV-гепатит вирусы

TTV – соңғы жылдарда ғана зерттеле бастаған, бауыр ауруын қоздыруға себепкер бола алатын, қабыршақсыз ДНҚ-геномды вирус.

ТТ вирусын аты-жөні «Т.Т.» деп белгіленген науқастың қан сарысуынан 1997 жылы Жапония зерттеушісі Nishizawa тапқан. TTV (transfusion transmitted Virus) – трансфузия кезінде берілетін вирус деген мағынасы бар.

Таксономиясы толық анықталмаған. Circinoviridae тұқымдастығына жатады.

Құрылымы. TTV-қарапайым вирус, куб симметриялы. Вирионының мөлшері 30-50 нм, оның құрамында біржіпшелі сақиналы (-) ДНҚ бар. Капсиді икосаэдр типтес, VP 1 ақуызынан тұрады.

Репродукциялануы. Вирустың 10-нан астам генотиптері бар. Репликациялануы гемопоэтикалық жасушалардың ядросында атқарылады. Вириондар цитоплазмада жинастырылады және жасуша лизистенгенде сыртқа шығады.

Эпидемиологиясы, клиникалық көрінісі. Инфекция көзі – ауру немесе вирустасмалдаушы адамдар. Вирус резевуары–гепатоциттер. TTV кең таралған, сыртқы орта факторларының әсеріне төзімді. Гемотрансфузиялық және фекальды-оральды жолмен беріледі. TTV дені сау адамдардан да табылған (қанынан). Вирус бауырды зақымдауға қатыса алады. Вирустың ерекше өзгергіштігіне байланысты бір мезгілде организмде вирустың бірнеше варианттары болуы мүмкін, нәтижесінде вирусқа иммунитет әсерінен «қашып кетуіне» жағдай жасауы ықтимал.

Иммунитеті - толық зерттелмеген.

Микробиологиялық диагноз қою. ПТР әдісінің көмегімен науқастың қансарысуындағы вирус ДНҚ-н анықтайды. Басқа гепатит вирустарынан олардың тиісті маркерлерін салыстыра отырып TTV-ын ажыратады (дифференциациялайды).

Емдеу және алдын алу шаралары толық зерттелмеген.

FГВ (HFV).

F гепатит вирусы TTV сияқты әлі жан-жақты зерттелмеген. Бұл вирустың негізгі қасиеттері туралы мәліметтер жеткіліксіз.

Коронавирустар

Коронавирустар- адамдар мен жануарларда жедел респираторлы аурулар және гастроэнтериттер қоздыратын РНК- геномды вирустар.

Вирус 1965 жылы (D.Tyrrellatus) жедел ринитпен ауырған науқастан бөлініп алынған.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: