double arrow

Таксономиясы. Тұқымдастығы: Coronaviridae

Тұқымдастығы: Coronaviridae.

Туыстастығы: Coronavirus- жұқпалы бронхит вирусы.

Torovirus- жылқылардың торовирусы.

Адамдар мен жануарларда ауру қоздыратын 10- нан астам түрлері анықталған.

Құрылымы. Вириондары сфера пішініді, диаметрі 80-200 нм (2- сурет). Вириондардың суперкапсиді бар. Оның сыртында ұзындығы 12-24 нм мойыны жіңішке және шар немесе алмұрт пішініді басы бар гликопротеинді тікенекшелері болады. Олар күн айналасындағы сәулеге, яғни тәжге (корона-тәж) ұқсас, сондықтан осы тұқымдастықты Coronaviridae деп атаған.Вирионның жүрекшесінде спираль типті симметриялы нуклеокапсид орналасқан. Тікенекшелері вирустың жасушаға жабысуына жауапты. Вирус жасушаға суперкапсидтің жасуша мембранасымен қосылуы арқылы енеді. Геномы сегменттелмеген плюс РНҚ- ның молекуласынан тұрады, онымен нуклеокапсидтік ақуыз байланысқан.Сонымен, вирионның құрамында ақуыздардың үш түрі бар: РНҚ- мен байланысқан нуклеокапсид ақуызы, матрикстік ақуыз (нуклеокапсидті сыртынан жауып тұрады) және суперкапсидтік гликозирленген ақуыздар.

Антигендері. Адамдар мен жануарлардан бәлініп алынған коронавирустарды антигендік құрамы бойынша 4 топқа бөледі. Вирионның құрамында бірнеше антиген болады. Адамдардан бөлініп алынған коронавирустардың антигендері жануарларға патогенділеріне қарағанда антигендік қасиеті бойынша едәуір айырмашылығы бар.

Дақылдандыру. Адамдардың эмбрионынан бөлініп алынған және бірінішілік эпителиялық жасуша дақылдарында өсіп- өндіріледі. Дақылдандырудың оптимальды температурасы 33-350С. Құстарда ауру қоздыратындарын тауық эмбрионына жұқтырып өсіреді. Жасушаішілік қосындылар пайда болмайды.

Репродукциялануы. Жасушаның цитоплазмасында іске асады. Коронавирустар жасушаға эндоцитоз жолымен енеді. Вирионның құрастырылуы эндоплазматикалық торшаның мембранасында атқарылады. Вирустық бөлшектер эндоплазматикалық ретикулумның (Гольджи аппаратының) ішінде бүршіктенеді. Инфицирленген жасушадан вирус экзоцитоз жолымен сыртқа шығады.

Резистенттілігі. Коронавирустар майеріткіштердің, қышқылдардың, сілтілердің, дезинфектанттардың, УКС-нің әсеріне сезімтал. 560С-қа дейін қыздырғанда 10-15 минуттен кейін жойылады. Бөлмелік температурада бірнеше күн бойы сақталады. Төменгі температураның әсеріне төзімді.

Эпидемиологиясы. Қоздырғыштардың резервуары- ауру адам. Вирус негізінде ауалы-тамшылы жолмен беріледі, алиментарлы жолмен жұғуы да ықтимал. Коронавирустар қоздыратын аурулар (бронхит, пневмония, SARS) көбінесе күзгі-қысқы кезде жиірек байқалады.

Патогенезі, клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі 2- 5 тәулік. Ересек адамдарда ауру көбінесе симптомсыз немесе әлсіз белгілер берумен өтеді. «Кіру қақпасы» негізінде жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабаты болатындықтан ауру ЖРА (ОРЗ) типте өтеді. Вирус ауыз арқылы түскенде гастрит дамуы мүмкін.

Вирустың біріншілік репродукциялануы мұрын-жұтқыншақтың, тыныс алу жолдарының шырышты қабатында жүретіндіктен тұрақты мұрын бітелуі, катаральды ринит және ринофарингит, ал балаларда- көбінесе бронхит және пневмониялар дамиды.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін типтік- спецификалық гуморальды иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын заттар: жұтқыншақ және мұрын сілемейлері, нәжіс. Вирусты бөліп алу: адам эмбрионының тіндерінен дайындалған жасуша дақылдарына жұқтыру; жаңа туылған тышқандарға жұқтыру; біріншілік диплоидты жасуша дақылдарына жұқтыру. Серологиялық диагноз қою - БР, КБР. Жедел диагноз қою - ИФР.

Емдеуі- симптоматикалық.

Алдын алуы. Медициналық жалпы сақтану шараларын орындау. Спецификалық профилактикасы жоқ. Коронавирустардың антигендік варианттарының көп болуына байланысты тиімді вакцина дайындау қазіргі кезге дейін жолға қойылмай отыр.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: