double arrow

Реовирустар (ортореовирустар)

Ортореовирустар – жоғарғы тыныс алу жолдарының қабынуын және диарея қоздыратын РНҚ-ы вирустар.

Таксономиясы. Тұқымдастығы: Reoviridae

Туыстастығы: Orthoreovirus.

Құрылымы және химиялық құрамы. Вирионы сфера пішінді, диаметрі -60-80 нм, сыртқы қабыршағы жоқ. Капсиді екі қабатты, икосаэдрлік типті симметриядан тұрады. Геномы екі жіпшелі сызықшалы РНҚ, 10-12 сегменттерден тұрады. Ішкі капсид және геномдық РНҚ вирионның жүрекшесін (серцевина) құрайды. Реовирустардың ішкі капсидінің құрамына транскрипциялық жүйе, лямбда-1, лямбда-3, мю-2 ақуыздары кіреді. Жүрекшесінен лямбда -2 ақуызынан тұратын тікенекшелер шығып тұрады. Сыртқы капсиді сигма-1, сигма-3, мю-1с ақуыздарынан, және де тікенекше тәрізді жүрекшесінен шығып тұратын лямбда-2, ақуыздардан тұрады. Сигма -1 гемагглютинин және жабыстыруға жауапты ақуыз болып табылады. Мю-1с ақуызы реовирустардың ішек жасушаларына жұғуын және кейіннен ОЖЖ-н зақымдауына жауапты.

Антигендері. 1-8 серотиптерін ажыратады. Олардың бәріне ортақ комплементбайланыстырушы антигені және типтікспецификалық антигендері (сыртқы капсидінің ақуызы) бар, оларды бейтараптау реакцияларымен анықтайды. Кейбір серотиптерінің гемагглютинациялық қасиеттері бар.

Репродукциялануы. Вирионның репликациялануы және құрастырылуы жасушаның цитоплазмасында атқарылады. Реовирустардың вирионы (сигма-1 ақуызының көмегімен) жасушаға жабысады және рецептор- қостаушы эндоцитоз тәсілімен жасуша ішіне енеді. Жасуша цитоплазмасында лизосомалдық ферменттердің әсерінен жартылай депротеинизация (эндоплазматикалық вакуольдің құрамында) жүреді, содан кейін сыртқы капсиді бұзылысқа ұшырап жұқпалы субвириондық бөлшектер пайда болады (олардың инвазивтік қабілеттілігі күшейеді). Жасушаға вирус енуінің басқа да механизмдері болуы ықтимал. Мысалы, құрамында сигма-1 ақуызы жоқ жұқпалы субвириондық бөлшектер жасушалық мембрана арқылы өтеді (механизмі әлі белгісіз) және жүрекшені босатып цитоплазмаға шығарады.

Транскрипциялану процесі кезінде РНҚ- транскриптаза ферментінің көмегімен екі жіпшелі РНҚ-ның әрбір фрагментінің бір жіпшесінде и- РНҚ-ң (ақпараттық) функциясын атқаратын плюс-жіпше синтезделеді. Осындай плюс жіпшелер минус – жіпшелердің синтезделуі үшін матрица бoлып табылады, нәтижесінде плюс және минус жіпшелерден тұратын екі жіпшелі вириондық (геномдық) РНҚ-ның пайда болуына әкеледі. Вириондық ақуыздар жасушалық рибосомаларда синтезделеді, олар вирусспецификалық полисомадағы и РНҚ-ң біреуімен бірігеді. Репликациялану циклы 14 сағат және одан да ұзақ уақыттқа созылады. Бір жасушада 1000-ға дейін вирустық бөлшектер пайда болады. Вирустық бөлшектердің (вириондардың) сыртқа шығуы «қопарылыс» жолымен яғни жасушаның лизистенуімен атқарылады.

Эпидемиологиясы. Адамдар арасында ортореовирустарды симптомсыз түрде тасымалдаушылық жиі байқалады. Негізгі берілу жолы – ауалы – тамшылы. Алиментарлық жолмен таралудың, әсіресе инфицирленген тағамдық өнімдер арқылы жұғудың маңызы зор.

Патогенезі, клиникалық көріністері. Реовирустар алғашқыда ауыз қуысының, жұтқыншақтың және жіңішке ішектің шырышты қабаттарының эпителиялық жасушаларында регионалдық лимфа түйіндерінде репродукцияланады, содан кейін лимфаға және қанға түседі.

Реовирустық инфекция ас қорыту және тыныс алу жолдарының зақымдалуымен сипатталады, нәтижесінде тиісті клиникалық көріністер байқалады. Өте ауыр түрде, әсіресе жаңа туылған нәрестелерде (6 айға дейінгі), өтеді, оларда пневмония (өкпе қабынуы) және энцефалит болуы мүмкін. Вирус плацента арқылы өтіп эмбриопатиялық әсер етуі ықтимал.

Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін вирусбейтараптаушы, комплементбайланыстырушы антиденелер және антигемагглютининдер жинақталады.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын материалдар: мұрын-жұтқыншақ шайындысы, нәжіс, қан. Вирусты бөліп алу (индикациялау) – жасуша дақылдарына жұқтырып, ЦПӘ және ГАР бойынша анықтау. Идентификациялау – БР, ГАТР,ИФР. Серологиялық әдіспен диагноз қою – БР, ГАТР, КБР.

Емдеуі - симптоматикалық.

Алдын-алуы - жалпы медициналық алдын-алу шаралары, спецификалық профилактика, яғни вакцина егу қолданылмайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



Сейчас читают про: