Рhialophora repens

Бұл саңырауқұлақ адамдарда болатын теріастылық феогифомикоздың негізгі қоздырғышы ретінде саналады. Бұл саңырауқұлақ кең таралған. Табиғи жағдайда ағаш қалдықтарында, шіріген өсімдіктерде кездеседі; бөренелердің, ағаштық құрылыс заттардың көгеруін қоздырады.

Микроморфологиясы. Гифалары септаланған,алғашқыда- түссіз,кейіннен қою- қоңыр түсті; тегіс, будалар түзеді. Фиалидалары (конидиогенді жасуша) жұқа жаға сияқты;көбінесе гифасы бірге бұрама жасайды. Конидиялары бір жасушалы, түссіз.

Дақылдық қасиеті. Колониялары алғашқыда ақ,ылғалды; кейіннен сұр түсті мицелиялар будасы бар, сарғыш- қоңыр, қою қоңыр түсті болады. Колониялардың астыңғы жағы қара түсті пигменттелген.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: