Кесте 18.6

Антимикотикалық дәрмектер

Антимикотиктердің негізгі топтары Антимикотиктердің номенклатурасы
Полиенді антимикотиктер Амфотерицин В, амфоглюкамин, натамицин, нистатин, леворин, микогептин
Азолдар Бифоназол, изоконазол, интроконазол (орунгал), клотримазол (канестен), миконазол (дактарин), кетоконазол (низорал), оксиконазол, флуконазол (дифлюкан)
Аллиламиндер Тербинафин (ламизил), нафтифин
Басқа антимикотиктер Ундецелен қышқылының препараттары, гризеофульвин, нитрофунгин, декамин, котримоксазол, калий йодиді, аморолфин, циклопироксоламин, пентамидин
Антисептикалық белсенділігі бар антисептиктер Салицил, бор, бензой қышқылдары, йод ертіндісі, метиленді көк және бриллиантты бояулар.

Емдеу препараттарының кең спектрінің көмегімен жергілікті және жүйелі антимикоздық ем шаралары жүргізіледі. Соған қарамастан жоғарыда көрсетілген препараттардың көпшілігіне едәуір резистенттілік байқалады, сондықтан препараттардың клиникалық тиімділігі зертханалық анықтаулармен сәйкес келе бермейді.

Саңырауқұлақтардың антибиотиктерге сезімталдығын/төзімділігін анықтау әдістері бактериялық инфекциялар кезіндегідей – антимикотиктерді агарға диффузиялау (қағаздық дискалар әдісі) және сезімталдықтың сандық көрсеткішін анықтау (антимикотиктің МПК бойынша), яғни сериялық сұйылту әдісі.

Микоздардың алдын алуы. Спецификалық (арнайы) алдын алу шаралары жасалмаған. Жалпы қабылданған бейспецификалық санитариялық-медициналық сақтану шаралары жүргізіледі.

Саңырауқұлақтық инфекциялар қоздырғыштарының

клиникалық-микологиялық классификациясы.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: