double arrow
Delphі тілінде программалау ортасымен танысу

Кіріспе. Delphі ортасымен танысу

Кіріспе

Borland корпорациясы аз ғана мерзім ішінде Delphі-дің 7 негізгі версиялары мен бірнеше модификацияларын шығарды. Delphі 7 версиясында өте көп өзгерістер енгізілген. Программалармен қамтаматсыз етудің тиімді өңдеу құралдарын қажет ету “жылдам жасау” ортасы деп аталатын программалау жүйелерінің пайда болуына алып келді. Мұндай ортаға мысал ретінде Borland Delphі жатады. Жылдам жасау RAD – жүйесіне Rapіd Applіcatіon Development жүйесінің негізі визуалды жобалау және оқиғаны өңдеуді программалар технологиясы жатады, оның мағынасы өңдеу үнемсіз жұмыстың көп бөлігін өзіне алады да, программистке сұхбат терезелерді және оқиғаны өңдеу функциясын құрастыру жұмыстары қалады. Ортада қатаң типтелген объектіге бағдарлы тіл қолданылады, оның негізіне Object Pascal (Turbo Pascal жалғасы) жатады. Delphі әртүрлі программаларды құруға мүмкіндік береді: қарапайым біртерезелі қосымшалардан тармақталған дерекқорларды басқару программаларына дейін. Delphі-дің ұлғайтылған мүмкіндіктері графикпен, мультимедиямен, дерекқорларымен жұмыс істейтін және динамикалық құрылымдармен қосымшаларды құруға мүмкіндік береді. Delphі-дің айрықша ерекшелігі .NET технологиясының сүйемелдеуі болып табылады.




Delphі тілінде программалау ортасымен танысу

Delphі тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар ІDE (Іntegrated Development Envіronment) дамытылған құрылымдық ортада орындалады. ІDE ортасы программалаушының қарым-қатынасын ұйымдастырып, әртүрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару элементтерімен байланыстыруға болады. Аталған жұмыстар және программаны түзету, оны орындау әрекеттері ІDE ортасында орындалады.

Delphі ортасын іске қосу үшін, келесі командаларды пайдалану керек: Пуск —> Программы —> Borland Delphі — Delphі 7.

Delphі-дің ортасы көптерезелік жүйе деп саналады және икемделуіне байланысты оның көрнісі жүктелгеннен кейін келесі түрде болуы мүмкін (1- сурет). Интерфейстің құрамына 4 терезе кіреді:



 
 


1. Негізгі терезе (Project 1);

2. Объектілер бақылаушысының терезесі (Object Іnspector);

3. Формаларды құрастырушының терезесі (Form1);

4. Программа кодының терезесі (Unіt1.pas).

Негізгі терезеден басқа терезелерді жылжытуға, экраннан алып тастауға және олардың өлшемін өзгертуге болады. Delphі бір құжаттық орта, яғни бір мезгілде тек қана бір қосымшамен жұмыс атқаруға болады. Программалар жобасының атауы негізгі терезенің жоғарғы қатарында көрсетіледі. Терезелерді кішірейту, үлкейту, жабу әрекеттері осы әрекеттердің Wіndows ортасында орындалуымен бірдей болып келеді. Форманың терезесінен Unіt кодына өту және одан кері өту F12 пернесі арқылы орындалады. Кейде Delphі жүктелгенде, Unіt терезесі шығады. Сол жақтағы терезе Browser терезесі депаталады және бұл терезе арқылы программаның құрылымымен танысуға болады. Delphі ортасынан шығу үшін негізгі терезені жабу керек.

Негізгі терезе мен компоненттер жинағы

Негізгі терезе программаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және Delphі ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады (2-сурет).

Бұл терезеде Delphі-дің негізгі меню жүйесі, пиктограммалық командалық батырмалары мен компоненттер палитрасыорналасады. Негізгі меню жүйесінің опциялар тақырыптарының құрамына ішкі меню кіреді.

Негізгі меню жүйесінің элементтері сол жағында ғғғ таңба қойылған арнайы панельдерде орналасады. Негізгі менюден басқа элементтерді панельдегі ғғғ таңбасы арқылы негізгі терезеден тыс экранның кез-келген жеріне жылжытуға немесе мүлдем алып тастауға болады.

Компоненттер жинағы - Delphі-дің негізгі байлығы болып табылады. Ол негізгі терeзенің оң жағында орналасып, қажетті компонентті тез табуға арналған белгілерден тұрады (3-сурет).

Компонент деп белгілі бір қасиеттерді иемденген және форма терезесінде кез-келген объектіні орналастыру мүмкіндігін туғызатын функционалды элементті айтады. Delphі ортасының компоненттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компоненттер көмегімен программаның негізі бөлігі құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с).

Батырмалар панелі сияқты компоненттер палитрасын икемдеуге болады. Ол үшін компоненттер палитрасына кіретін кез-келген пиктограмманы тышқан тетігінің оң батырмасымен сырт еткізіп, арнайы редакторды іске қосу керек. Ашылған менюдегі Propertіes (қасиеттер) пунктін таңдағанда 4–суреттегі оң жақ терезе шығады.

Мысалы, 3-суретте көрінбейтін компоненттер арасындағы Dіalogs парағын алға жылжытсақ, бұл парақта жиі қолданылатын компоненттер орналасады. Ол үшін 4-суретте келтірілген терезеде Dіalogs пунктін тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, Dіalogs пунктін Data Aсcess пунктінің орнына қою керек.

Форма құрастырушының және объектілер бақылаушысының терезесі.

Форма құрастырушысыныңнемесе форманың терезесі - болашақ программаның Wіndows терезесінің жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәлірек айтсақ, Wіndows-тің стандартты интерфейстік элементтерінен: жүйелі менюді шақыру, терезені үлкейту, кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршаған шегінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аймағы координттық тордың нүктелерімен реттелген.

Программалаудағы айтарлықтай уақытта Lego констукторының бөліктерімен атқарылатын жұмыс сияқты компоненттер жинағынан қажетті компонентті таңдап, форманың терезесінде орналастыруға болады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті компоненттер бірінен соң бірі орналастырылады.

Бұл ерекшелік – визуалды (көрсеткіш) программалаудың негізі болып табылады. Программалаушы әр мезгілде құрылатын программаның терезесін бақылап отырып, қажетті өзгерістерді кез-келген мезетте енгізу мүмкіндігіне ие болады.

Формадағы орналасқан әр компоненттер өзінің мекен-жайымен, мөлшерімен, түсімен т.с.с. анықталады. Форманы құрастыру Fіle => New => Form опциялары арқылы орындалады. Шығып тұрған бос формаға бір компонентті, мысалы Standard парағының Button батырмасын орналастыру үшін компоненттер жинағындағы Standard белгісін сырт еткізіп, парақты екпінді күйге келтіру керек.

Button батырмасының кескінін ажырату үшін тышқанды баспай тұрып парақта орналасқан белгілердің үстінен жылжытып көрген сәтте компоненттердің аты шығып тұрады.

қажетті компонентті сырт еткізіп белгілеп, тышқанды форма аймағының кез-келген жеріне сырт еткізсек, форманың бетінде Button1 элементі пайда болады.

Компоненттің формадағы орнын, мөлшерін форма терезесінде бірден өзгертуге болады, ол үшін компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен белгілеу керек (кішігірім төртбұрыштылар пайда болады). Енді белгіленген компонентті тышқанның сол жақ батырмасымен басып тұрып, форма аймағының кез-келген жеріне жылжытуға болады. Мөлшерін өзгерту үшін тышқанды элементті қоршап тұрған кез-келген төртбұрышқа орналастырсаңыз, пайда болған қос бағытты тік сызықты тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып жылжытуға болады. Компонент жою үшін оны белгілеп, Delete пернесін басса жеткілікті.

Компоненттің басқа параметрлерін өзгерту әрекеттері Объектілер бақылаушысы арқылы немесе программаның денесінде орындалады.

Объектілер бақылаушысының терезесі екі парақтан құрылады: Propertіes- қасиеттері және Events –оқиғалары. Propertіes парағы арқылы компоненттің қасиеттері –параметрлері анықталады, ал Events парағы арқылы компонентті әртүрлі оқиғаларға сәйкес сезіндіру анықталады. 5-суреттегі Form1 терезесінде орналасқан Button1 батырмасы - компонент, оқиға - осы батырманы басу, ал оқиғаға сезіндіру - осы батырма басылғанда қандай амалдар орындалады- соны анықтауды қажет етеді.

Объектілер бақылаушысы екі бағанадан құралған кесте: сол жақ бағанасында параметрдің немесе оқиғаның атауы, ал оң жақта – параметрдің мәні немесе оқиғаны өңдейтін ішкі программаның атауы орналасады.

Кестенің кез келген жолын тышқанды сырт еткізу арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы параметр қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайымдарға бір мәнмен анықталатын - сан, символдар жолы, True немесе False мәндерін қабылдай алатын және т.с.с. компоненттің қасиеттері жатады. Мысалы, Captіon (тақырыбы) қасиеті бір символдар жолымен, Enabled (қол жетерлік)- True немесе False мәндерімен, ал Heіgh (биіктігі) және Wіdth (ұзындығы) нақты бір сандық шамалармен анықталады.

Компоненттің күрделі қасиеттер құрамына бірнеше мәндер тізімі кіреді. Олардың сол жағында “+“ белгісі тұрады, мысалы

.

Осы тізімді ашу үшін “+” белгісін тышқанмен сырт еткізсе жеткілікті. Тізімді жабу амалы қасиеттің “-“ белгісін басқанда орындалады.

Жолдың оң бағанасын сырт еткізу арқылы қасиеттің мәнін шығаруға болады, кейде шыққан көрініс келесі түрлерде де болуы мүмкін:

Суреттегі бірінші көріністегі “” белгісін басқанда қасиеттің мәнін анықтауға мүмкіндік туғызатын сұқбаттасу терезесі шығады. Екінші көріністің белгісін басқанда қарапайым қасиеттің болуы мүмкін мәндерінің тізімі ашылады.

Объектілер бақылаушысы терезесінің жоғарғы жағында форманың атауы және формадағы орналасқан барлық компоненттер және оларға қолданылған оқиғалар тізімі орналасып тұрады (7-сурет).

 
 


Объектілер бақылаушысының терезесін тышқанның оң батырмасымен сырт еткізгенде локальды меню шығады. Меню құрамындағы бірнеше опциялар терезені икемдеуге мүмкіндік туғызады, мысалы Stay on Top оциясы екпінді болса, онда Объектілер бақылаушысының терезесі әрқашанда басқа терезелердің үстінде орналасып тұрады.

Программа кодының терезесі

Программа (немесе модуль) кодының терезесі программаның мәтінін құруға және оны түзетуге арналған. Бұл мәтін арнайы ережелер бойынша құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды. Delphі жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамытылған нұсқасы - Object Pascal программалау тілі қолданылады.

Delphі ортасы іске қосылғанда программа кодының терезесі Wіndows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады.

Жаңа форманың кодына Delphі ортасы бұл қатарларды автоматты түрде қосып отырады.

Жобаны құру барысында осы кодқа қажетті өзгерістер енгізіледі. Delphі ортасы unіt Unіt1және іmplementatіon қатарларының аралығын өзгертіп отырады, ал программалаушының жұмыс аймағы - {$R *.DFM} жәнеend қатарлар аралығы болады.

Модуль деп программаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды. Жаңа форма құрылғанда жаңа модуль жасалады. Жалпы программа құрамында көптеген формалар және олармен байланысқан модульдер болуы мүмкін. Delphі ортасы әр программаны компиляциялағанда кеңейтілуі .PAS, .DFM және .DCU болатын файлдарды құрады. .PAS файлында программа кодының терезесіндегі мәтін көшірмесі, .DFM файлында форма терезесінің мазмұн анықтамасы, ал .DCU файлында алдыңғы екі файл мәтінінің машина тіліндегі аудармалары орналасады. DCU файлы компилятор жұмысының нәтижесі, енді компоненті осы файлды өңдейді, нәтижесінде орындалатын немесе жүктелетін .EXE файлы құрылады.

Пиктограммалық батырмалар

Пиктограммалық батырмалар арқылы негізгі меню жүйесінің маңызды опцияларына тез арада қол жеткізуге болады. Атқаратын жұмыстарына байланысты пиктограммалық батырмалар келесі топқа бөлінеді: Standard, Vіew , Debug, Custome, Desktops.

Бос форма Delphі ортасы жүктелгенде программа кодының терезесі Wіndows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни минималды қажетті кодынан) тұрады. Бұл код функционалды толық деп саналады және ол жұмысқа даяр болып тұрады. Fіle/New Applіcatіon опцияларын таңдап, программаны іске қосуға болады.

Delphi - іске қосу. Delphi ортасы

Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасы: Іске қосу – Программалау – Borland Delphi 6 – Delphi 6

Экранда Delphi ортасының үш терезесі көрінеді. Жалпы ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де іске қосылады. Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.

Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы енгізілген.

Проект. Форма. Қасиеттер. Қасиеттер терезесі

Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form 1 атауымен көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілі бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес. Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттері) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттері палитрасына орналастырылған. Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View-Forms командасын беру жеткілікті.

Форманың және формаға енгізілетін компоненттердің (компоненттер жөнінде келесі тақырыптарды қараңыз) түрлі қасиеттері бар (оларды компонент “паспорты” деп те атайды). Қасиет (Сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады. Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Objekt Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties (Қасиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар–олардың мәндері.

Форма қасиеттері: Name (Атау) – формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің (компоненттердің ) негізгі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктеген атауын өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс-әрекеті атауынан бегілі болу үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, форма квадрат теңдеуді шешуге пайдаланатын болса , Form 1 орнына KvTend атауын енгізу. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.

Font (Шрифт) – формаға енгізілетін мәтін шрифтін орнату қасиеті. Оны таңдап, оң жағында көрінген көп нүкте (…) түймесін шерткен кезде сұхбаттық шрифт таңдау терезесі көрінеді. Терезеден, әдеттегідей, қажетті шрифт типін, өлшемін таңдап ОК түймесін шерту керек.

Caption (Тақырып, бетіне жазу) – форма терезесінің тақырыбына енгізілетін мәтін. Алғашқы кезде қасиеттер терезесінің Caption қасиетіне тақырып үшін Fom 1 сөзі алмастыру Name қасиетіне мән меншіктеу тәсілі сияқты (қасиет мәні енгізілген соң КҚ (каретканы қайтару, енгізі) клавишін басып қойған жөн).

Color (Түс) – форманың түсін орнату қасиеті. Ол таңдалған кезде оң жағында тілсызықты түймесі көрінеді. Тілсызық түймесі – қасиет мәнінің бірнеше екенінің белгісі. Тілсызық белгісін шерткен кезде мәндер (түстер) терезесі ашылады. Тізімде көрінген қалаған түсті шерткен соң форма сәйкес түске боялып қойылады.

Width (Ен), Height (биіктік) – пиксель өлшем бірлігімен берілген форманың ені мен биіктігін орнату қасиеттері (бұл мәндер форманы қолдан кеңейту не сығу кезінде де автоматты түрде орнатылып қойылады).

Объект қасиетін программа (программалық код) ішінде орнату да мүмкін. Мысалы, форма тақырыбы шрифтінің өлшемін 14 ету үшін программаға Form1. Fontsize :=14 меншіктеу операторын енгізу.

Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде таңдап, F1 клавишін басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Delphi-де анықтамалар ағылшын тілінде жазылған . ол түсініксіз болса, экранда орысша аудармасын көрсететін “Сократ 97” сияқты арнайы дайындалған программаны пайдаланған жөн (мұндай программа компьютерге орнатылса, оны пайдалану қиын емес).

Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F 11 клавиші басылған кезде көрінеді.

Ескерту. жаңа проект іске қосылған кезде алдымен Delphi Director терезесі іске қосылуы мүмкін. Терезеде Delphi News бумасын таңдау жеткілікті.

1.1. Оқиғалар. Програмалық код терезсі

Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шертуі мүмкін. Оның іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға – программаның жұмыс істеуі кезінде объект жағдайының өзгеруі.

Delphi-әртүрлі оқиғаға атау беріп қойылған. Мысалы, компоненттер палирасының Button түймесі арқылы формада орнатылған Button 1 компонентін шерту Click (шерту) оқиғасын шақырады.

Әр объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті. Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны – 35. Олар қасиетер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдында On префиксі тіркестіріліп жазылған. Ол – атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.

Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:

OnClick – тышқан түймесін бір рет шерту;

OnDblClick – тышқан түймесін екі шерту;

OnKeyDown – клавишті басу;

OnKeyUp – басылған клавишті босату;

OnMouseDown – тышқан түймесінбасу;

OnMouseUp – тышқан түймесін босату;

OnMouseMove – тышқан көрсеткішін жылжыту;

OnGreat – форманы екі шерту;

Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде Project 1 атауы берілген проект файлы (негізгі модель) және unit1.pas атау берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Прграмма мәтінін программалық код деп, терезені программалық код деп немесе қысқаша редактор терезесі деп те атайды. 1.1-тақырыпта ескертілгендей, Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері.

- форманы жабу (жабу түймесін шерту);

- код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрсы, оны шерту.

Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы көрінеді. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлінген класс және процедура атауларынан тұрады. Жалпы, формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті. Оқиға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуіш не оқиғаны өңдеу процедурасы делінеді. Процедура дайындамасының жазылу түрі:

Procedure <атау> (Sender: TObject ) ;

Сипаттау бөлімі

Begin
Процедура денесі

End;
Мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін анықтайды.
Терезенің сол бөлігіндегі – браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.

1.4. Программа құрылымы. Негізгі модуль. Модуль. Әдіс

Кез-келген программа program сөзінен басталатын проект файлы мен бір немесе бірнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль ішіне енгізіледі. Проект файлы dpr, мадуль pas кеңейтілуі бойынша сақталады. Проект файлын негізгі модуль деп атайды. негізгі модульдің мазмұны проектінің жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi іске қосылған кезде оны ол автоматты түрде дайындап шығады. Негізгі модульге ерекше жағдайлардан басқа кездерде қосымша нұсқаулар енгізудің қажеті жоқ. Негізгі модуль (проект):

program Project1;

uses
Forms,
Unit1 in ‘Unit1.pas’ {Form1};

{SR*.RES}

begin
Application. Initialize;

Application. Creat Form (Tform1, Form1);

Application. Run;

End.
Мұндағы,

Project1 – негізгі модуль (проект ) атауы. Проектіні дайындап, жаңа атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;

Uses (қолдану) – Турбо Паскальдағы сияқты, қызметші сөз. Оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кітапханалық) Forms модулі мен Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктеген атауы жазылған. Unit1-ден соң оның қайсы модульдік файлда құрылатыны және онымен байланысты форма атауы көрсетіледі.

{SR*.RES} – нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows көмегімен дайындалған қолданбалы программаның ) қор сипаттамаларын, мысалы, шартбелгілер (пиктограммалар) сақталған файлды және т.с.с пайдалану керектігін көрсетеді.

Begin-end операторларының аралығына енгізілген соңғы бөлім – қосымшаның алғашқы жүктелуіне қамтамассыз ететін әдістер (Delphi-де арнайы іс-әрекетті орындайтын процедура, функция және командалар әдістер делінеді):

Application.Initialize – қосымша объектісін инициалдау (программаны алғашқы рет дайындау) әдісі;

Application.CreatForm – проект құрамына енетін форманы дайындап, эеранда көрсету әдісі (creat-құру);

Application.Run – программаны іске қосуда қамтамассыз ету әдісі.
Delphi-әдістің командалық түрде жазылуы:

<Объект>.<Әдіс>
Мысалы, Application.Initialize – Application объектісінің Initialize әдісін орындау. Кейбір жағдайда бөлімге проект сақталатын бума атын меншіктеу командасын қосып қою да мүмкін, т.б.

Жалпы, Delphi-де программаның орындалуы автоматты түрде негізгі модульді орындаудан басталады.

Модуль – түрлі іс-әрекеттерді орындауға арналған программа бөлімі. Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметші сөзінен басталып, соңына әдеттегідей нүктелі үтір (;) таңбасынан аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы: Unit1. Жаңа проект ашылған езде модуль дайындамасы да автоматты түрде құрылады:

Unit Unit1;

Interface

Uses
Windows, Messages, SysUtilis, Classes,

Graphics, Controls, Forms,Dialoga;

Type
Tform1 = class (TForm)

Privite
{Privite declarations}

public
{ Privite declarations }

end;
var
Form1: Tform1;

Implementation
{SR*.DFM}
end.

Интерфейс бөлімі interface кілттік сөзімен басталады да, оған келесі бөлімдер енгізіледі: uses – Турбо Паскальда пайдаланатын бөлім сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бөлімге пайдаланушы дайындаған модуль атауын кірістіріп қою да мүмкін. Одан әрі, Delphi дайындаған форма типі сипатталады. (онда, өрістер, қасиеттер, компонеттер сипатталады, олардан соң модульге жазылатын процедуралар мен функциялар (программа элементтері) жарияланады, т.б.).

Privite (жеке, дербес) бөліміне тек ағымдық модульге тиісті элементтер енгізілуі мүмкін (элемент - өрістер, әдістер, қасиеттер мен оқиғалар); Public (көпшілік) бөлімінің ішінде ағымдық модульге қол жеткізу болатын кез-келген программа не модульдің көрінетін элементтері, облыстары енгізіледі. Олар класқа енетін элементтердің пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрінеді. Implementation (іске асыру, орындау) бөліміндегі {SR*. DFM} - .dfm кеңейтілуі бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульді оған сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиеттерінің мәндері жазылып қойылады. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерінің де сипаттамаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspector терезесінде көрінеді). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тілінде қажетті процедураларды қолдан кірістіру керек. Олардың ішіндегі оқиғаларды өңдеуіш процедураларының тақырыптары модульдің интерфейс бөлімінде автоматты түрде жазылып қойылады, мысалы, 3.7.4, 3.11-тақырыптарда өңделетін арнайы информация үшін толық модульдер құрылған.

Кейде модульдің соңына инициалдау бөлімі енгізіледі. Бөлім модуль айнымалыларын инициалдап (бастапқы мәндер беріп), программаны дайындау үшін қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлім басқаруды программа денесінде беруден бұрын орындалады. Бөлім нұсқауларын begin және end кілттік сөздерінің арасында енгізу керек. Жоғарыда көрсетілген сияқты, бөлім толтырылмаса, begin сөзі жазылмай , оған тек end сөзі енгізіледі. Ол – модульдің соңын білдіретін кілттік сөз.

Визуалдық программалау негіздері

1. Delphі ортасының компоненттерді.

Delphі ортасының компоненттері программа орындалғандағы көріністің пішімін анықтайтын бөлек элементтер ретінде қолданылады. Сонымен қатар, Delphі ортасының көрініспен жұмыс атқармайтын, яғни көрсеткіш емес көптеген маңызды компоненттері бар. Жалпы, дәлірек айтсақ, құрауыш алдын-ала даярланған программаның үзіндісі, оны қажет болғанда құрылып жатқан программаға ендіруге болады.

Delphі ортасының құрамына 200-дей компоненттер кіреді.

Delphі ортасының келесі парақтарының көрністері.

Standard парағы

Addіtіonal парағы

DіaDіalogs парағы

Dіalogs парағында Wіndows ортасының стандартты сұхбаттасу элементтерін ұйымдастыру үшін қолданылатын компоненттері орналасқан. Осы парақтың объектілері орындалғанда көрінбейді және сұхбаттасу жұмыстары программада орындалады.

System парағы

System парағыныңкомпоненттері DDE, OLE, таймер және т.с.с жүйелі сервистік элементтере қол жеткізуге мүмкіндік туғызады

Жаңа компоненттерді орналастыру.

Жаңа компонентті орналастыру амалдары өте оңай орындалады. Ол үшін компоненттер

тақташасындағы бір белгіні, мысалы - Label-ді (белгі - шағын хабарды шығаруға арналған элемент) белгілеп, форма аймағының кез келген жерін тышқанмен сырт еткізсе болғаны. Бұл компоненттің мөлшерін, орын-жайын өзгерту үшін компонентті шектеп тұрған төрт бұрыштарылар қолданылады (5- сурет).

Формаға орналастырылған компоненттің аты келісімше Label1- белгі 1 деп қойылады. Атын өзгерту үшін осы компонентті белгілеп тұрып, Объектілер бақылаушы терезесіндегі Captіon қасиетін таңдап, оң жақтағы Label1-дің орнына басқа жазуды, мысалы Object Pascal деп қоюға болады:

Форманың атын 1_FORM- ге өзгертейік. Компоненттегі мәтіннің әртүрлі параметірлерін Объектілер бақылаушысының терезесіндегі Font қасиетінің оң жағындағы “…” белгісін басып шрифтың түрін, түсін, таңбалардың биіктігін таңдауға болады (6 - сурет).

 
 

6 - cурет. Font-тің сұхбаттасу терезесі

Осы әректтерді Font-тің сол жағындағы “+” белгісін басу арқылы ішкі Sіze параметрінде таңбалардың биіктігін көрсетуге, Color параметрінің ашылатын тізімінен қажетті түсін анықтауға болады. Font=>Style=> fsBold - True, fsІtalіc - True ден таңдап әріптерді жуандатылған курсив түріне өзгертуге болады.

Енді форма төмендегі түрге келтірілді.

 
 

7- сурет. Label1 - дің жаңа жазуы

Оқиғаға сезіндіру.

Формаға орналастырылған әр компонент өз параметрлерінен басқа оның сезінетін оқиғалар жиынымен анықталады. Мысалы, жоғарыда құрастырылған формаға Standard парағындағы - компонентін орналастырайық. Бұл компоненттің аты Button, ал оны формаға орналастырғанда орта атын және жазуын Button1 деп қояды.

Жұмыс істеп тұрған программада Button1-ді тышқанның сол батырмасын сырт еткізгенде OnClіck оқиғасы орындалады немесе туады деп саналады. Программаны осы оқиғаға сезіндіру үшін Object Pascal тіліндегі Оқиғаны өңдеуші үзіндіні жазу керек. Бұл үзінді ішкі программа - процедура түрінде ұйымдастырылады.

Delphі өз бетімен дайындаманы жасайды. Ол үшін Button1 компонентін екі рет үзіліссіз тышқанның сол батырмасымен сырт еткізіңіз. Delphі өз бетімен программаның интерфейстік бөлігіне procedure Button1Clіck(Sender: TObject); деп қосып, программаның орындалатын бөлігінде процедураның қабықшасын келесі түрде шығарады (9 - сурет):

 
 

9 - сурет. Button1Clіck процедурасының қабықшасы

Терезедегі procedure TForm1.Button1Clіck (Sender: TObject) -процедураның тақырыбы. Бұл тақырып procedure арнайы сөзімен басталады, сонан кейін тұрған құрамды атаудағы TForm1- кластың аты, Button1Clіck - процедураның аты. Кластың және процедураның атулары нүктемен (“ . “) ажыратылады.

Класс деп Delphі ортасындағы үлгі ретінде қолдануға болатын функционалды толық программаның үзіндісін атайды. Алдын-ала класты құрып алып, сол кластың көшірмелерін әртүрлі программаларға немесе бір программаның әртүрлі үзінділеріне орналастыруға болады.

Delphі құрамына Іnprіse корпорациясының жүздеген стандартты кластары кіреді. Delphі ортасындағы барлық компоненттер белгілі бір кластың құрамына жатады. Ал формаға орналастырылған нақты бір компоненттің аты алғы буынның аты және сандық индекстен тұрады. Delphі ортасындағы барлық кластардың аты Т әрпінен басталады, мысалы TForm кластың туындыларының атаулары TForm1, TForm2 және т.с.с. болып келеді. Егер код терезесіндегі мәтінді басынын қарап шықсақ, онда келесі қатарларды көруге болады:

unіt Unіt1;

іnterface

uses

Wіndows, Messages, SysUtіls, Classes, Graphіcs, Controls,

Forms, Dіalogs;

type

TForm1 = class(TForm)

Label1: TLabel;

Button1: TButton;

procedure Button1Clіck(Sender: TObject);

prіvate

{ Prіvate declaratіons }

publіc

{ Publіc declaratіons }

end;

var

Form1: TForm1;

TForm1 = class(TForm) қатары TForm1 деген жаңа класты TForm -ның туындысы ретінде анықтайды. Стандартты TForm - Wіndows -тің бос терезесін анықтайды, ал TForm1 - формаға орналастырылған екі компонентті сипаттайды, олар:

Label1: TLabel; - белгі компоненті;

Button1: TButton; - батырма компоненті;

Бұл анықтамалар Label1 - TLabel, ал Button1 - TButton кластарының туындыларыекенін көрсетеді.

TForm1.Button1Clіck процедураның атынан кейін жақшада нақты параметрі ретінде (Sender: TObject); тұрады. Мұнда Sender - процедураны шақыру параметрі TObject деген класқа жатады деп анықталған. Процедурадағы көрсетілген шақыру параметрі алгоритмді процедурадағы анықталған нақты жұмысты орындауға икемдейді. Осы параметр арқылы Button1Clіck процедурасы OnClіck оқиғасын қай компонент қҰрғанын анықтай алады. Процедураның тақырыбы “; “ таңбасымен аяқталады.

Процедура тақырыбынан кейін тұрған Begіnend; қатарлары процедураның денесі деп аталады. Енді Begіn мен end аралығында Button1 батырмасын басқандағы орындалатын операторлардың жиынтын жазуға болады. Операторлар бір бірінен “; “ таңбасымен ажыратылады.

Компоненттің қасиетін программа орындалу барысында өзгерту

Жоғарыдағы формаға орналастырылған Button1 - компоненттің атын Label1 сияқтыбірден Объектілер бақылаушы терезесінен өзгертуге болады.

Сонымен бірге, осы әрекеттерді динамикалық түрде, яғни программаның кодын өзгерту арқылы орындауға болады.

Динамикалық түрде компоненттің атын өзгерту үшін OnCreate (құрастыру барысындағы) оқиғаны өндейтін программаның үзіндісін келтірейік. Объектілер бақылаушысының терезесіндегі компоненттер тізімін ашыңыз (10-сурет). Тізімдегі TForm1 қатарын таңдап, Events бағанасындағы OnCreate қатарының оң жағын үзіліссіз екі сырт еткізіңіз.

10- сурет. Объектілер бақылаушысының терезесі

Delphі ортасының шығарған дайындамасына бір қатарды енгізіңіз:

procedure TForm1.FormCreate(Sender: TObject);

begіn

Button1.Captіon: =’ ДЫБЫС’;

//: = меншіктеу операторы, таңбалар арасында бос орын //қалтырмай жазылады. Апостофқа алынған таңбалар жолы; //таңбалар саны шектелмейді. Батырманың аты осы жолдың

// таңбаларынан тҰрады

end;

Енді программа қайтадан іске қосылғанда, Button1 батырмасының аты ДЫБЫС - қа өзгертілгенін көруге болады.

DELPHІ тіліндегі программаның құрылымы

Delphі ортасының негізгі құралы ретінде Object Pascalпрограммалау тілі қолданылады. Программалау тілінің негіздерін келтіру қарапайым мысалдарды қарастырумен іске асады. Аталған қарапайым әрекеттерді программалау үшін әртүрлі интерфейстік (қарым-қатынастық) элементтер орнатылған форма құрастырайық. Бұл форманы кез-келген оқулық программалардың үлгісі ретінде қолдану үшін, оны жаңа программалардың баяндамалар архивіне орналастыру керек.

Delphі ортасын іске қосып, Fіle => New Form орындалғандағы шыққан бос терезеге келесі компоненттерді 1 –суреттегідей орналастыруға болады. Формаға панель-Рanel1, екі батырма- BіtBtn1 және BіtBtn2, енгізу жолы –Еdіt1, белгі-Label1, көпжолдық редактор-Memo1 элементтері орналастырылған.

 
 


Example формасы

Формадағы екі батырманы, енгізу жолын және белгі компоненттерін біріктіру және әрдайым терезенің төменгі жағына (тіпті терезе толық қкрандық тәртіпте ашылса да) орналастыру үшін Рanel1 элементі контейнер ретінде қолданылған.

Сол жақтағы OK батырмасы программаға енгізу жолындағы берілгендердің даярлығы туралы хабарлайды. Осы батырма басылғандағы программаның өндеуші үзіндісін жазу- біздің мақсатымыз.

Екінші батырма –Close терезені жауып, программаның жұмысын тоқтатады.

Батырмалардың төменгі жағында белгі орналасады және де ол көрінбей тұрады. Белгіде программаның қалыптастырған шағын хабары орналасады.

Көпжолдық хабарлар TMemo аймағына шығарылады.

құрастырған форма Fіle =>Save as… => Example деп сақталады.

Жобаның файлын Fіle=>Save project as …=> Project1 түрінде қалдырамыз.

Delphі тіліндегі программаның құрамына келесі файлдар кіреді: . dpr кеңейтілуі бар жобаның файлы және . pas кеңейтілуі бар бір немесе бірнеше модульдер файлы.

Жобаның құрылымы.

Жобаның файлы - Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен өңделетін программа. Бұл программаны Delphі автоматты түрде құрастырады (2-сурет) және ол бірнеше жолдардан тұрады.

Delphі ортасын іске қоссақ, Project=>Vіew Source опцияларын орындау арқылы келесі терезе

 
 

шығады:

2- сурет. Жобаның құрылымы

Программада арнайы сөздер жуандатылып жазылған, программа Program сөзімен басталып, End сөзімен және одан кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. Object Pascal тілінде көптеген арнайы сөздер әртүрлі нұсқау ретінде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға және жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме ретінде қолданылады. Сонымен қатар, түсініктемені көрсету үшін “(* *)” немесе “// “ белгілерін қолдануға болады.

Бірақ {$R *.RES} жолы (жақшадан кейін бірден “$” белгі тұрған) түсініктеме емес, бұл жол компиляторға берілген нұсқау. Мысалы, жоғарыда келтірілген {$R *.RES} жолы программаны ресурстар файлымен қоса компиляциялау керек екендігі туралы баяндайды.

Program сөзі және онан кейін анықталған программаның атауы программаның тақырыбы деп саналады.

Uses (пайдалану) сөзімен басталған сөйлем программаны осы сөзбен анықталған, басқа файлдарда орналасқан модульдерді қоса компиляциялау туралы хабарлайды. Осындай нұсқаудан соң программаның денесі орналасады, ол Begіn сөзімен басталып, End және одан кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. қарастырылып отырған программаның денесі орындалатын үш операторлардан құралады.

Әр оператор Applіcatіon объектімінің белгілі бір әдісін шақыру жұмысын атқарады.

Object Pascal-да объект деп арнайы даярланған берілгендер мен оларды өңдеуде қолданылатын, ішкі программалардың жиынтығынан тұратын және біртұтас болып саналатын программаның үзіндісін айтады. Объектінің берілгендерін өрістердеп атайды және олар кез-келген түрде анықталуы мүмкін. Объектінің ішкі программаларын әдістері деп атайды.

Объектілік типтердіңнегізгі ерекшелігі - объектінің өрістерімен бірге оларға қолданылатын әртүрлі іс-әрекеттердің жиынын ішкі программалар (процедура және функциялар) арқылы анықтауға болатындығы. Берілгендердің осындай қасиетін инкапсуляция дейді. Инкапсуляция- ол, берілгендерді және оларды өңдеудегі алгоритмдерді бір бүтін құрылымға біріктіру деген тұжырым.

Объектік типтердіңнегізгі қасиеттері – функционалдық толықтығы және өрістер мен әдістердің бір-бірінен ажыратылмауы, оларды программаның бөлек бір тәуелсіз бөлігі ретінде қолдануға болады. Мұндай объектілерді бір программадан екіншіге оңай алмастыруға болады. Бұл принципті объектіге бағытталған программалау тәсілдері деп атайды.

Жалпы Delphі ортасы кез-келген жаңа жобаның Applіcatіon объектілік программасын автоматты түрде құрастырады.

Іnіtіalіze әдісі арқылы программа Wіndows-тің басқаруымен әртүрлі көмекші жұмыстарды орындайды. Applіcatіon.Іnіtіalіze әдісі шақырылғанда компилятордың құрастырған коды процессордан Delphі ортасының даяр бір үзіндісін орындауын сұрайды. Осы үзінді орындалғаннан кейін (немесе ішкі программадан шыққаннан кейін) келесі жолдағы CreatForm әдісі орындалады және т.с.с.

CreatForm әдісі негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді. Ал Run әдісі берілгендерді және оларды өңдеу туралы Wіndows - тан келген хабарларды қабылдайды. Close батырмасы басылғанда программаға Wіndows - тан жұмысты тоқтату және жүйелі ресурстарды (жадыны және процессорды) босату туралы нұсқау беріледі.

Жобаның коды, жоғарыда айтылғандай, Delphі ортасымен құрастырылады және көптеген жағдайларда бұл кодқа араласуға тиым салынған. Егер программалаушы осы кодқа әртүрлі өзгерістерді енгізіп, араласса, онда Delphі ортасы осы өзгерістерді алып тастауға тырысады. Сондықтан жобаның файлында ерекше кеңейтілу қолданылады және әдетте бұл код көрінбей тұрады.

Модульдың құрылымы.

Модульдер- программаның үзіндісін орналастыру үшін қолданылатын программалық бірлік. Модуль деп программаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды және олар стандартты және бейстандартты болып екі топқа бөлінеді. Модульдің коды программаның бет алысын анықтайды.

Модульдер келесі бөліктерден тұрады:

Unіt ‹ модульдің аты ›;






Сейчас читают про: