Айнымалылар

Айнымалы деп, программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды атайды. Олар идентификатормен белгіленеді және әрбір уақытта белгілі бір мәнге ие болады. Айнымалылар жәй немесе индексті болып екі топқа бөлінеді. Айнымалы шамаларды анықтау бөлігі арнаулы var сөзімен басталып, одан кейін олардың атауы мен түрлері көрсетіледі.

Түсініктемелер

Қатарлар арасына не соңына “{ }”, “//”, “(* *)” таңбаларға алынған түсініктеме беретін сөздер жазып отыру керек. Оларды ағылшын немесе ұлттық әріптермен жазуға рұқсат етілген.

Delphі ортасында Object Pascal тілінің элементтері

Алфавит

Тілдің алфавиты A дан Z дейінгі және a дан z дейінгі латын әріптерінен, 0 ден 9 дейінгі араб цифрларынан, он алтылық цифрлардан, арнайы символдардан, пробел - бос таңбадан, “_” сызықша таңбасынан, және арнайы сөздерден тҰрады.

Әр он алтылық цифр 0 ден 15 - дейінгі мәндерді қабылдай алады. Алдынғы 10 мәндер араб цифрлары арқылы бейнеленеді, ал соңғы 6 мән A - дан F - ке (немесе a-дан f-ке) дейнгі латын әріптерімен бейнелененді.

Бөлгіштер

Атауларды, цифрларды және арнаулы сөздерді бір бірінен ажырату үшін бөлгіш таңбалары қолданылады. Бөлгіштер құрамына келесі символдар кіреді:

1) Бос символ;

2) Кез келген басқару символдары.

Арнаулы символдар

Арнаулы символдар деп Object Pascal тіліндегі программада орындалатын символдардың жиынын айтамыз. Олар келесі үш топқа бөлінеді:

¨ Пунктуация таңбалары;

¨ Операция таңбалары;

¨ Арнаулы сөздер.

өрнектер

Таңба өрнектері арифметикалық, логикалық немесе қатынастық әрекеттерді бейнелеу үшін қолданылады. Олар арифметикалық, логикалық және қатынас таңбалары болып үшке бөлінеді (3-ші, 4-ші, 5-ші кестелерде көрсетілген).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: