Амалдар

Арифметикалық амалдар

Таңба Қолданылуы
+ Іосу
- Алу
* Көбейту
/ Бөлу
dіv Екі бүтін санның бөліндісіні бүтін бөлігі
mod Екі бүтін санның бөліндісінің қалдық бөлігі

Логикалық амалдар

Таңба Қолдануы
and Логикалық “және”
or Логикалық “немесе”
not Логикалық “жоқ”
xor Логикалық “немесе” амалын жоққа шығару

Қатынас таңбалары

Таңба Қолдануы
> Үлкен
< Кіші
>= Үлкен немесе тең
<= Кіші немесе тең
= Тең
<> Тең емес

Delphі тілінің басқарушы құрылымдары.

Консолдық қосымша.

Негізгі операторлар

Операторлар программаның немесе модульдің соңғы бөлімінде begіn және end түйінді сөздерінің аралығында орналастырады. Оператор дегеніміз - алгоритмді жүзеге асыру барысындағы орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Операторлар жазылу ретіне қарай бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалады. Олар бір-бірінен нүктелі үтір (;) арқылы бөлініп жазылады. Іатарлар арасына не соңына жақшаға ({ } немесе (* *)) алынған немесе “//” таңбаны соңынан түсініктеме сөздер жазып отыру керек. Оларды ағылшын немесе ұлттық алфавит әріптермен жазуға рұқсат етілген. Операторлар қарапайым және құрамды болып екіге бөлінеді. Қарапайым операторлар тек бір оператордан тұрады, құрамында басқа операторлар болмайды. Жәй құрама оператор бірнеше қарапайым операторларды біріктіріп, қосымша жақша тәріздес begіn және end арнаулы сөздерінің арасына орналастырудан пайда болады. Құрама оператор басқа құрамдас операторларды құрамына енгізіліп, бір оператор тәрізді орындалады.

Қарапайым операторлар

Қарапайым операторлар тек бір оператордан тұрады, құрамында басқа операторлар болмайды. Олардың қатарына меншіктеу, көшу, процедураны шақыру операторлары жатады. Меншіктеу операторы (:=)

Меншіктеу операторы жазылған өрнектердің мәнін есептеп, оны айнымалыға теңеу үшін қолданылады. Өрнек мәнінің түрі айнымалының түріне міндетті түрде сәйкес келуі тиіс. Кейде нақты түрдегі айнымалыға бүтін санды меншіктеуге болады, ондай жағдайда бүтін сан нақты санға айналып кетеді. Меншіктеу операторының жазылу ережесі (форматы) төмендегідей болады:

<айнымалы>:=<өрнек>;

мұндағы := -меншіктеу белгісі, яғни айнымалының мәні өрнектің есептелген мәніне тең болуы тиіс.

Бағдарлама жазылғанда оның орындалу уақытын үнемдеуді қарастыру қажет.

Шартсыз өту операторы (GOTO)

Шартсыз өту операторы қатарларының рет-ретімен орындалуын бұзып, белгісі бар операторға көшу ісін атқарады. Ол goto (өту) түйінді сөзінен басталады, одан кейін label бөлімінде сипатталған белгі идентификаторы келтіріледі. Оның жазылу форматы:

GOTO _< белгі >;

мұндағы < белгі >-белгінің идентификаторы, “_” - бір бос орын қалдыру белгісі.

Жалпы құрылымдық программадалау тәртібі бойынша бұл операторды қолданбауға тырысу керек. Ол программаны оқып түсіну ісін қиындатады.

Goto операторын қолданған шақта оның қатарына жүйелі жақша ішіне неліктен басқа қатарға көшу қажет екендігін түсіндіріп кету керек немесе шартты тексеріп, көшу операторын пайдаланған жөн.

Құрамды операторлар

Құрамды операторлар деп құрамына бірнеше операторлар кіретін операторларды айтамыз. Оларға келесі операторлар жатады:

1. Жәй құрама оператор;

2. Шартты оператор іf;

3. Таңдау операторы case;

4. Қайталану операторлары for, repeat, whіle.

Жәй қ ұрама оператор (операторлы қ жа қ ша)

Жәй құрама оператор деп begіn … end жақшасына кіретін орындалатын операторлар тізбегінің жиынтын атайды. Осы операторлар арасындығы операторлар тізбегі бір оператор тәріздес орындалады.

End арнайы сөзі операторлық жақшаның жабылуын көрсетеді, сонымен қатар алдыңғы оператордың соңын көрсетеді, сондықтан end алдына “; ” белгісін қоймасада болады. Егер “; ” белгісі турса, онда соңғы оператормен end арасында бос оператор тұр деп саналады, яғни осы аралыққа белгіні қоюға болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: