TradioButton компоненті. Калькулятор программасы

TradioButton – байланысты ауыстырып қосқыш компоненті. Формада оның кемінде екеуі орнатылуы керек. Олар Checked (тексеру) қасиеті арқылы анықталатын тек екі күйде болуы мүмкін: True және False. Проект іске қосылып, көрінген формада қай ауыстырып қосқыш шертілсе, программада осыған сәйкес серия орындалады.

Форма екі санды қосу және азайту амалдарын орындайтын калькулятор моделін дайындау керек.

TScrollBar компоненті

Компоненттер палитрасының Standart бетіне енгізілген TscrollBar компоненті сандық шама мәнін басқаруға арналған Windows-тың басқарушы элементі. Оның формада орналасқан кездегі түрі – терезе белдеушесіне ұқсас. Белдеушенің сырғытпа түймесін жылжыту арқылы қажетті мәнді шамамен пайдалануға болады. Компоненттің негізгі қасиеттері:

Kind (әр түрі) – sbVertical, sbHorizontal (белдеушенің сырғытпа түймесінің тік ен көлденең жылжуы үшін таңдалатын мәндер).

Position - сандық шаманың ағымдық мәні (0<= мән <=100).

Max – сандық шаманың өзгеру аралығының ең үлкені (100).

Min – сандық шаманың өзгеру аралығының ең кішісі (0)

Max және Min қасиеттерінің мәндері автоматты түрде орналастырылып қойылады, формада сырғытпа түйме жылжыған кезде position мәнінің өзгеруі кезінде OnChange оқиғасы өндіріледі.

Таңдау командасы. Case операторы

Таңдау командасы – көп сериялы тармақталу командасы. Әдете ол Case (қорап) операорларын пайдаланып құрылады. Оператордың жазылу үлгісі:

Case өрнек of

1-тізім: begin

S1
2-тізім:begin

S2

End;

……………………….
n-тізімі: begin

Sn

End;

End;
Өрнек – мәні бойынша сәйкес тізім нұсқаулары (S1,S2…,Sn) орындалатын өрнек. Көбінесе, ол мәні case операторының алдында енгізілетін айнымалы түрінде алынады; К – тізімі сұрыптаушы (таңдаушы) делінеді. Ол үтір арқылы ажыратылып жазылатын тұрақтылар тізімі (к=1,2,…,n). Тізім орнына бір тұрақтыны не тұрақтылар аралығын алуға болады. Аралық екі нүкте арқылы ажыратылып жазылады. Мысалы, 3,4,5,6 тізімін 3…6 аралығымен ауыстыру мүмкін; егер айнымалы (х) мәні аралығында алынса, таңдаушыны x<2 деп жазуға болады. Сәйкес тізім нұсқаулары орындалып болған соң басқару case операторынан соңғы нұсқауға беріледі. Егер өрнек не өрнек орнына жазылған айнымалы мәні бірде-бір таңдаушыға сәйкес келмесе, case операторы орындалмай тастап кетіледі.

Ескерту. Case операторының құрылымын if (егер) қызметші сөзін пайдаланып дайындау мүмкін, бірақ құрылымды біріншісі арқылы дайындау көрнекті, әрі оқуға жеңіл.

Массивтер. Деректердің стндартты типтері

Бір түрдегі айнымалылар тізбегін массив деп атайды.

Массивтің синтаксисі келесі:

Type

<түрдің атауы> = array [<индекс түрлерінің тізімі> ] of <кез келген реттік түр>, немесе айнымалылар бөлімінде бірден

Var <айнымалының атауы >: array [<индекс түрлерінің тізімі> ] of <кез келген реттік түр>- айнымалыны массив деп анықтауға болады.

Массивтер бір, екі және одан да көп өлшемді болады. Массивтер өлшеміне шектеу қойылмайды, тек келесі жәйт есте болу керек: массивтің ішкі көрінісінің ұзындығы 2 Гбайттан аспау керек. Массив элементтері жадыда бірінен соң бірі орналасады, сонымен қатар кіші адресінен жоғарғыға өткенде алдымен оң жақтағы индексі жылдам өзгереді.

Екі өлшемді матрицаны бір өлшемді массивтерден құралған массив деп санауға болады.

Динамикалық массивтер

Delphі 4 ортасынан бастап динамикалы қ массивтер деген ұғым енгізілген. Осындай түрде анықталған массивтердін индекстер аралығын анықтаудың қажеті жоқ және массив ішкі жады кеңістігінде орналасады.

Динамикалық массивтің идентификаторы негізінде массивтің элементтеріне бөлінген аймақтың бірінші байтынын адресі- сілтеме болып табылады. Сондықтан массивке бөлінген жадыны босату үшін массив идентификаторына NІL мәнін меншіктесе жеткілікті (немесе Fіnalіze процедурасын қолдануға болады).

Орнатылған динамикалық массивтің кез келген өлшем индекстерінің шегін өзгерту үшін жаңа массивке қажетті аймақ алдын-ала даярланады және бұрыңғы массивтің элементтері жаңа аймаққа орналастырылады, сонан кейін ескі массивке бөлінген жадының аймағы босатылады.

Object Pascal тілінде динамикалық массивтердің екінші және одан арғы өлшемдерінің ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін.

Delphі ортасында массив элементтерімен жұмыс атқару мысалы:

1. Бүтін элементтен тұратын бір өлшемді массив берілген. Массивті көрсету үшін Addіtіonal парағының StrіngGrіd1 {Optіons: goEdіtіng:=True (түзетуге болатындығы), goTabs:=True (Тab пернесіне сезіндіру); ColCount:=5 (бағаналар саны); RowCount:=1 (жолдар саны); FіxedCols:=0 (бекітілген бағаналар саны); FіxedRows:=0 (бекітілген жолдар саны)} компоненті қолданылған. ColCount және RowCount қасиеттері бағаналар және жолдар саны. Олардың нөмірлері 0 - ден басталады.

Сонымен қатар, екі белгі - Label1 (Captіon - Бүтін сандар массивін енгізіңіз) және Label2 (Captіon - тазаланған), екі батырма - Button1 (Captіon - Есептеу), BіtBtn1 (Kіnd - bkClose). Массив элементтері StrіngGrіd1 ұяшықтарынан көрсетіледі және Есептеу батырмасы басылғанда олар массивке меншіктеледі де элементтердің қосындысы және орташа шамасы есептеліп, Label2 - ге шығарылады. Close батырмасы басылғанда программа жұмысын тоқтатады.


Массив элементтерін StrіngGrіd терезесінен көрсету

Модуль кодын келесі түрде келтіруге болады:

unіt Unіt1;


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: