Модуль. Зейін психологиясы

10-лекция. Зейін психологиясының жалпы сұрақтары

Зейіннің психологиялық табиғаты. Зейін анықтамасының көпжақтылығы. Зейіннің түрлері мен қасиеттері. Еріксіз зейін процесі (рефлексивті, инстинкті, алғашқы) және оны шарттандыратын факторлар. Еріксіз зейін. Сыртқы және ішкі зейіндер.

Зейін деп өзекті, тұлғалық маңызды белгілерді таңдау, бөліп алуды айтамыз. Психикалық деңгейлердің барлығын ұйымдастыруға қатысқандықтан ес сияқты зейін “өтпелі”деп аталынып басты психикалық процестерге жатады.

Дәстүрлі зейінді шектеулі қабылдаудың аймағымен байланыстырады, яғни адам көргісі (естігісі) келген ақпарат құралын білу, яғни қалауын қабылдауы. Зейін өңделетін ақпаратты іске асырады. Адамның ақпаратты қайта жасауының орталық механизмдері бір уақыт аралығында тек бір объектімен жұмыс жүргізе алады. Мұнда көрсетілген көлем зейіннің негізгі мінездемесі болып табылады. Зейін көлемін оқыту және дайындау арқылы өзгертуге болмайды.

Ортаны талдау бірізділігі (зейіннің бағыты) екі топ факторға тәуелді: ол сыртқы тітіркендіргіш құрылымы (белгінің физикалық өлшемдері: белсенділік, жиілік және т.б.) және адамның әрекетін анықтайтын ішкі аймақ құрылымы (жаңашылдық деңгейі, тітіркендіргіш белсенділігі және т.б.).

Зейін бейімделу қимылымен жалғасады, алайда оған жатқызылмайды. Зейін болмысы – таңдау сипатындағы психикалық іс-әрекет. Зейін психикалық іс-әрекеттің бағыты мен тұрақтылығын орнатуға жағдай жасайды.

Зейін түрлері. Егер бағыттылық және тұрақтылық ырықсыз болса, онда зейіннің бұл - түрі ырықсыз. К.К. Платоновтың пікірі бойынша ырықсыз зейіннің бір түрі – нұсқау (белгілі бір іс-әрекетке тұлғаның дайын тұруы) болып табылады.

Егер зейіннің бағыттылығыы мен тұрақтылығы саналы түрде жүргізілсе, ол зейін түрі - ырықты.

Н.Ф.Добрынин зейіннің тағы бір түрін ырықтыдан кейінгі зейінді бөліп көрсетеді. Бұл - зейін түрі тұлғаның әрекетін табиғи түрде жалғастырады; ол тұлға әрекеттенген кезде туындайды; тұтастай ассоциациялық жүйенің бар болуымен байланысты.

Кейбір авторлар зейінді бағытталған іс-әрекетпен дәлелдейді (А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, А.И.Розов, Ж.Годфруа және басқалары). Келесілері (П.Я.Гальперин, С.Л.Кабыльницкая) зейінді психикалық әрекеттің өзіндік түрі, яғни бақылаудың психологиялық түрі деп санайды. Бұл орайда барлық бақылауды зейін деп айтуға болмайды. Алайда бақылау ашық заттық іс-әрекетте орындалады, өзі де зейінді қажет етеді. Әрекет автоматтанған, қысқарған және идеалды деңгейге жеткенде ғана бақылау зейінге айналады.

Н.Ф.Добрынин зейінді психикалық іс-әрекеттің анықталған ұйымдасуы деп есептейді.

11-лекция. Зейін процестерін ұйымдастырудың негізгі принциптері

Зейін механизмдері. Зейін және сана. Сана мазмұнының айқындылығы мен анықтылығы. Зейін және қабылдау. Зейін және ес. Зейін нақты объектілермен жасалған перцептивті бейне нәтижесі ретінде (Джемс, Ланге, Норман, Найссер). Зейін әрі күй және процесс ретінде. Апперцепция. Сенсорлық айқындық ұғымы (Титченер). Зейіннің моторлық теороиясы. Гештальтпсихология зейін жайлы.

Зейіннің нейрофизиологиялық механизмдері бағдарланушы рефлекстің пайда болуымен бас ми қырының белсенді локальді процестерімен, сондай-ақ организмнің эмоционалдық жағдайы мен биологиялық қажеттіліктерімен байланысты. Осыған байланысты, зейіннің әртүрлі кезеңдері – диффузиялықтан жоғары араласқанға дейін – анықталған, деңгей жағынан әртүрлі сергек жағдайымен алмастырылады, зейін мен сергектің жалпы нейрофизиологиялық механизмдерінің бар екендігін білуге болады. Таңдаулы зейін тым жоғары сергектіктегі емес жоғары деңгейдегі жағдайда мүмкін болады, ол ЭЭГ-де сирек кездесетін синхронды альфа-толқынды топтың жоғары жиіліктегі десинхронды төменгі амплитудалы тербелісті көрсетеді. Зейіннің диффузды түрі ЭЭГ-де анық көрінетін синхронды альфа-ритмді әлсіз сергектік жағдайға сәкес келеді. Шашыраңқы зейін, алаңдау, шоғырланудың қиындығы күшті эмоциямен байланысты жоғары қозу жағдайында пайда болады, осыдан ЭЭГ-де десинхронды жоғары жиілікті төменгі амплитудалы электрлі белсенділік тіркеледі.

Көптеген зерттеушілер сергектіктің әр түрлі жағдайларын, зейін мен сана формаларын реттеудің анатомиялық субстарты болып ми қыртысының әр түрлі ретикулярлы формациясы диффузды таламистік жүйе, оның қабық проекциясы, субталамус және гипоталамус болып табылады деп есептейді. Ерекшелігі жоқ таламусты жүйе бір тітіркендіргіштен екіншіге көнілді аударатын және сезгіштік қабілетті филтрлі механизм ретінде қарастырылады.

Ақпаратты сұрыптау-іріктеуді, қабылдау, зейін және сананың таңдамалы формаларын реттейтін механизмдер жүйесіндегі орталық аймақ – қыртыстың ассоциативті аймағы болып табылады.

Кортико-ретикулярлы механизмдермен жұмыс ырықты зейіннің негізгі процестерімен байланыстырады, себебі, ол ырықсызға қарағанда зейіннің ауыспалылығына мүмкіндік береді. Ол ерекше әрекетке дайындық жағдайын жасайды. Ырықсыз зейін қыртыс асты деңгейде жүзеге асырады, ал ырықты зейін оқу үрдісінде қалыптасқан шартты стимулдар негізінде туындайды және кортико-ретикулярлы механизмдерінің қатысуын талап етеді. Ырықты зейіннің ерекше формасы – ойлау және еске қалдыру объектісі болып табылатын интеллектілі зейінді бөліп көрсетуге болады. Объектісі ойлау мен естелік болып табылатын интеллектуалды зейін ырықты зейіннің ерекше түрін шығарады. Зейіннің бұл жоғары түрін мидың түрлі орталықтары мен аймақтарына фронталды кортико-фугальды әсер етуі жүзеге асырады.

Зейіннің түрлі формаларын реттеуші, физиологиялық механизмдер ауыспалы жүйе ретінде, градуальді ауысу принципі бойынша, қызмет атқарады. Таңдаулы сенсорлы зейінде, сондай-ақ, интеллекттілік зейінде зейіннің сөздік реттеуін қамтамасыз ететін қыбықтық-фронтальді аймаққа ерекше мән беріледі.

Стимулға бағдар және жауапқа бағдар:селективті (таңдамалы)зейіннің екі түрі.

Біз бұл жұмысты кейбір қазіргі зерттеулерде селективті зейінді, сонымен қоса, негізгі көру нүктесін анықтау үшін және кішігірім тәжірибеде жасаймыз, осы көру нүктесін анықтау үшін.Өйткені жұмыстағы өз-өзінен жаттығу селективті зейінге, осы көру нүктесін басынан бастап анықтау керек.

Барлық тәжірибеде селективті зейінге жасаған тәжірибешіге жауабымен сөздей береді, содан соң стимулды көрсетеді, жауап туғызатынның жартысы ғана. Екі тәсіл бар, релевантты және релевантты емес деп айыруға болады. Кейбір тәжірибедегі жауаптың сөздігін анықтайды.Релевантты емес стимул барлық жауаптардың ешқайсысына сәйкес келмейді. Мысалы: біз адамға тек сандар мен әріптердің араласуының ішінен сандарды тауып беру, сол кезде әрбір әріптің стимул өзіне сәйкес таралған екінші таңдау кезінде релевантты емес стимул дұрыс жауаптармен сәйкес келеді, бірақ кейбір дұрыс жауаптармен сәйкес келмейтін сипаттамалармен ерекшелінеді. Мысалы: адам қызыл мен қара сандардың араласуынан қара сандарды тауып беруді сұрайды, сол кезде қара стимулдар түске байланысты байқалмайды. Осы таңдайдың алғашқы қысқа түрі "жауапқа бағдар",- ал екіншісі -"стимулға бағдар" Біздің көз қарасымыз бойынша, осы екі типтегі функция тіршілігі жағынан әртүрлі және олардың әр түрлілігі бірдей жаңылысуға әкеледі.

Бродбентом(1958ж) қатар (ряд) бейнесіне тәжірибе жасайды. 1958ж. жасап бітеді. Бұл бейне есту алаңына жасаған тәжірибелердің ең маңыздысы, жауапқа бағдарға қарағанда, бағдардың стимулға жасаған бейнеде келуі мүмкін. Егер бірнеше сигналдар сезім мүшелеріне өткен кезде, олар алдымен буферлі складқа барады, сол жерде барлығын ұстап тұру үшін алайда, белгілі бір аралықта ғана. Осы кезде келіп жатқан ханизмдерге, яғни қабілеті жететін және бірінен соң бірі жұмыс істей береді.(Бұл деңгейден) яғни информацияның жартысы буферлі складтағы уақытша шек таусылғанша өңделмейді, 1958 ж. кейін төрт дамуды атап көрсетуге болады. Біріншіден, керемет ұқсас тәжірибе көздің айналасына ұқсас көз қарасы бойынша (Авербах және Сперлинг 1961;Сперлинг, 1960;Авербах және Кориэлль, 1961). Бұл тәжірибелерде де сигналға бағдар қолданды, әріп тізімі немес соған ұқсас элементтер және тәжірибедегі адамдарға осы тізімдердің ішінен бір ғана қатарды қабылдау, керек. Сперлинг (1960ж.) тәжірибесінде жауапқа бағдар қолданады. Әріп пен сандардың араласқанынан әріпті қабылдауы тапсырылады, бұл жерді постстимулдың әсері байқалмаған. Бұл даму да әртүрлі бағытта қаралды.Затты көру кезінде дыбысты есте сақтауда қателіктер болған (Конрад 1964ж) Лорекс және Лаберги (1956ж) жауапқа бағдарды немесе заттардың элементтерін. Осы үш сипаттаманы ала отырып, олар барлық сипаттамалары талап ете отырып, белгілі бір сипаттамадан бастап, элементтердің барлығы бір класқа сәйкес келетінін, қабылдау кезіндегі құрылымы осы класқа жатады.

Екінші топтағы зерттеулердің нәтижесі Бродбенттің көз қарасына сай келеді.Морея және Трейсман 1960ж тәжірибесінде жауапқа қатты бағдар стимулға бағдармен тура келеді, тәжірибеде адам өз атына реакциябереді, егер ол басқа адамнан естісе.

Трейсманның (1960) көз қарасы бойынша барлық стимулдарға анализ берудің қажеті жоқ. Ол әсіресе келесі типтің екінші системасына жатады.Ағзаның кей жерлерінде "сөздік" болады, мүмкін болатын классификациядан тұрады, бір уақыттың ішінде солардың біреуі ғана іске асады. Вербалды материал кезінде ғана қолданылады, бұл жағдайлар сөзге байланысты.

Бұл сөздіктен таңдалатын сөз екі жолмен ұлғаюы мүмкін. Ішкі факторлардың көмегімен сөздердің субъективтік мүмкіндігі мағыналы, түрде ұштасады және сонымен қатар сыртқы информациясезім мүшелерінен келеді.Бұл хабар Бродбентонның ойынша түрлі қаналдарда орналасуы мүмкін және уақытта информация бір каналдан түседі.Сөздікке аз мөлшерде әсерін тигізеді басқаларға қарағанда,онда бұл түрде әр түрлі каналда да "сөну" байқалады, соған информацияларды бере алады. Сөздік қалпының ұқсастығының п.б.байланысты. Трейсонның атуы бойынша стимулға бағдар кейбір әлсіз келген каналдарға байланысты, жауапқа бағдар сияқты.

Ал үшінші топтағы жұмысшылар 1958ж. кейін п.б. қысқаша айтып кетуге болады. Бұл жұмыс-р қабылдау емес естің төңірегінде жасалған. Бродбентонның тәжірибелерінің бірінде элементтер группасы жайында ес-ң аз мөлшерде және әр түрлі команданың бір мезгілде жұмыс істеуі естің қоймасына әкеледі.Зерттеулер қатары көрсеткендей, егер әрбір каналға әлементтер берілсе, мысалы,әріп және сан (Грей және Ведденберн 1960 Интема н/о Грасн, 1963 Бриден, 1964 Эмфич және т.б.1965) Сонымен селекция информацияны қабылдау кез.емес, оның құрылу көз п.б., бірақ Бродбент және Грегори)(1964) көрсеткендей оңай айт-да жауапқа бағдарға байланысты селекцияны қабылдау информациясы болды.

Үшінші топтар былай көрсетеді, жауапқа бағыттар мен стимулға бағ/ды 4-ші топтар олардың айырмашылығын тапқан. Бұл айырмашылық трейсмановский модели, оның ойынша, бұл екі фукция-ң айырмашылығы механизм.

12-лекция. Зейін және таным. Зейін және іс-әрекет.

Таным мазмұнының нақтылығы мен анықтылығы зейіннің негізгі феноменді сипаттамасы. Перцептивті селекция механизмдері. Зейін ақпаратты қабылдаудың фильтрі ретінде. Зейін перцептивті бейне мен шынайы бейненің бірігуі нәтижесі ретінде. Зейіннің психофизиологиялық индикаторы және механизмдері.

Зейін басқа психикалық процестердің ішінде ерекше орынға ие. Зейін танымның, сезім мен еріктің бөлінбес жағы болса да, осы үш психикалық сфераның біреуіне де жатқызылмайды. Зейін – сананың динамикалық жағы, оның обьектіге бағыттылығын сипаттап және адекватты бейнені қамтамасыз ететін бейнелерді шоғырландырады және іс-әрекет пен қарым-қатынасты жүзеге асыруға қажетті шарттардың бірі.

Зейін обьектісінің қайда орналасуына байланысты - сыртқы дүниеде (материалды обьектілер, әрекет) немесе жеке адамның субьективті әлемінде (жеке меншік өз ойлары, сезімдері, әсерленулері) – оның түрлері бөлінеді.

Зейіннің белсенділіктегі сипаты.

Тұлғаның белсенділігі зейіннен де көрінеді. Бірақ зейін әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан ол біздің белсенділігімізді әр түрлі жақтан көрсетеді. Біздің зейініміз санала немесе аздап қана саналы болуы мүмкін. Біздің іс-әрекетіміз өзімізбен тікелей байланысты. Бірақ біз өзімізді қажетті әрекетті таңдаған кезде белсенділік танытпауымыз да мүмкін. Осыған байланысты зейін де түрлі белсенділік көрсете алады.Яғни толық белсенділіксізден толық саналыққа дейін.

Зейіннің қасиеттері психологиялық феномен ретінде:

тұрақтылық – бір объектіге немесе бір мәселеге зейін аударылуының ұзақтығы. Тұрақтылық шеткі факторлармен анықталады, 2-3 секундтан ары бармайды, себебі одан кейін зейіннің ауысуы байқалады. Орталық зейіннің тұрақтылық кезеңі бірнеше минуттарды қамтиды. С.Л.Рубинштейннің пікірінше, орталық зейіннің ұзақтығы, сол объектте жаңа мазмұнды аша алу мүмкіндігіне тәуелді;

зейіннің концентрациясы – зейін аймағын шектеу кезіндегі белгінің жоғарғы белсенділігі. А.А.Ухтомскийдің доминанттар принципіне сәйкес, зейін концентрациясы бас ми қыртысындағы доминантты аймақтың қозуынан кейінгі бір мезгілде тежелген қалған бөлігінде құбылысы;

зейіннің бөлінуі – адам орталық зейінде әр түрлі объектілерді бір уақытта ұстап тұру қабілеттілігі;

зейіннің ауысуы - ол бір әрекет түрімен келесіге өтудегі жылдамдығы (аңғалақтық – ауысудың төмендігі);

зейіннің заттылығы - қойылған мәселеге, белгілердің өзектілігі және тағы басқаларына сәйкес арнайы белгілер кешенін бөліп алу қабілеттілігімен байланысты;

зейіннің көлемі – бір мезгілде қабылданатын объектілер саны.

13-лекция. Зейіннің классикалық және қазіргі теориялары

Зейіннің іс әрекетті реттеу механизмдерімен байланысы (А.Н. Леонтьев). Зейінді қабылдау (Н. Бобрынин). Зейіннің моторлық теориясы. Зейін жайлы К.А. Бернштейн зерттеулері. Зейінді эксперименттік зерттеулер (Л.С. Вывготский, П.Я. Гальперин). Зейінді когнитивті психологияда зерттеу. Черри және Бродбенттің эксперименттік зерттеулері. Найсердің зерттеулері. Селективті зейінді зерттеу. Трейсман моделі. Гештальтпсихологияда зейінді зерттеу. Зейін және сана. Зейін және іс әрекет. Зейін күй және процесс ретінде.

Зейіннің белсенділіктегі сипаты.

Тұлғаның белсенділігі зейіннен де көрінеді. Бірақ зейін әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан ол біздің белсенділігімізді әр түрлі жақтан көрсетеді. Біздің зейініміз санала немесе аздап қана саналы болуы мүмкін. Біздің іс-әрекетіміз өзімізбен тікелей байланысты. Бірақ біз өзімізді қажетті әрекетті таңдаған кезде белсенділік танытпауымыз да мүмкін. Осыған байланысты зейін де түрлі белсенділік көрсете алады.Яғни толық белсенділіксізден толық саналыққа дейін.

1.Белсенділіксіз соңғы баспалдағын "мәжбүрлі" зейін деп атасақ болады. "мәжбүрлі" зейіннің болуының себебі қатты, интенсивтік тітіркендіргіш. Оған кеңістіктегі көп орынды алатын тітіркендіргіштер жатады. Мысалы: қабырғадағы үлкен дақ, ашық түсті болса да біздің зейінімізге әсер етеді. Тітіркендіргіштің ұзақ болуы да зейінге әсер теуі мүмкін. Қысқа, әлсіз дыбысты біз байқауымызда мүмкін. Бірақ ол ұзақ уақыт болса зейінімізді соған бағыттайды. Қозғалатын объект, қозғалмайтын объектен байқамаймыз. Бірақ ол қозғалса, біз оған зейін аударамыз.

2.Кейде зейін біздің ішкі жағдайымыздың тітіркендіргішіне байланысты шақырылуы да мүмкін.Ол біздің сезімімізге әсер етеді, ол біздің тілегімізді білдіреді немесе қарсы келеді. Мысалы:біз шөлдесек, біздің барлық зейініміз ішетін заттарда болады.Бірақ бұл жерде толық белсенділікті байқай алмаймыз.

Бірақ бұл белсенділік біздің ішкі сезімімізге байланысты екендігі түсінікті.

3.Толық белсенділік зейіннің өткен тәжірибеденде де, әдеттен де көрінуінде болмайды.

Әрине біздің әдеттеріміз, өткен тәжірибеміз біздің зейінімізді бағыттайды. Бірақ бұл еріксіз зейін деп аталады. Бұл жерде әлі толық белсенділік жоқ, саналы ерік те жоқ.

Өткен тәжірибе біздің қабылдауымызға да әсер етеді. Фигураны және фонды қабылдау, әрине, біздің өткен тәжірибемізге байланысты.

4.Зейіннің айтылған үш түрінен басқа ерекше түрін көрсетуге болады. Біз зейінімізді біздің мақсатымызбен, ерігімізбен байланысты болатын заттарға саналы түрде аудара аламыз. Біз өзімізге не керек соған зейінімізді бағыттауға талпынамыз. Рибо айтқандай, бұл еріксіз зейін механизмімен байланысты.Бұл зейін еңбектің дамуына байланысты. Бұл зейін толық белсенділікті көрсетеді.

Біз ерікті зейінді біздің ерігіміздің актісі дейміз. Біз айтамыз, біздің белсенділігіміз еріктен көрінеді деп.

Біз ерікті зейінді тұлға белсенділігінің нәтижесі деп санаймыз. Бірақ бұл белсенділік адам белсенділігінен пайда болады.

5.Біз зейіннің тағы бір түрімен танысамыз. Ол ерікті зейінге де, еріксіз зейінге де байланысты емес. Біз жұмысымызға қызыққан кезде, яғни оған алғашында зейінімізді бағыттағымыз келмей, соңында қызыққан кезде пайда болады. Мысалы: қиын кітапты оқығымыз келмей, өзімізді соған мәжбүрлейміз. Бірақ оқи келе ол қызығушылық туғызып, біз оны одан әрі оқи береміз. Яғни бұл жерде еріксіз зейін ерікті зейінге айналады.Зейіннің бұл түрінің практикада және педагогикада маңызы зор. Зейін реалды объектілермен перцептивті бейне нәтижесі ретінде. Зейіннің даму сатылары. Зейіннің формаларының дамуы. Ырықты зейін жоғарғы психикалық функция ретінде. Зейін процестерін қабылдау заңына апару.

Модуль

Елестердің психологиялық сипаттамасы

14-лекция. Елестердің жалпы сипаттамалары және бейнелі сфера

Қабылдаудың сезімдік бейнелері елестер туралы сипаттама. Елестер және ес процесі. Елестердің ассоциациялары. Сана құрылымындағы елестер. Психологиядағы елестер мәселесі. Елестер және бейнелі елестер. Елестердің түйсінумен, қабылдаумен байланысы. Елестерді ойлаумен байланысы. Елестердің қасиеттері. Уақыт және елестету.

Қабылдау және елес.

Бұрынғы тәжірибеге адамның жағдайын Хольт өз зерттеулерінде қарастырды.Ол ұйқы шақыратын кездегі адамның түрлі елестерді елестетуі туралы айтты.

Бір адам төсекте жатыр, бөлме қараңғы ештеңе көрінбейді, бірақ ол көзін жұмып жатып көп нәрселерді көре алады. Оның көз алдына түрлі геомет - қ фигуралардың әлсіз көрінетін обьектілердің біресе жанып, біресе сөніп бара жатқандығы елестейді.

Осы көргендері кенет өзгеріп, анық бейне көре бастайды, ол жануардың басы секілді көрінеді. Ол осыдан соң оны қоршаған әлемнен бөлек, қараңғы әлем ішіне кіреді.

Сіз психологсыз; мынау өңдеуге арналған материал, бұл сенсорлық изаляция экспериментінің нәтижесі ме?

Егер сіз осы адамдардың бірі болсаңыз, бұл жай ғана ұйықтар алдындағы адамның суреттелуі дейтін едіңіз.

Алайда ме ойлаймын біздің ешқайсымыз бұл жағдайды бастан өткізген жоқпыз.

Зерттеушілердің көбі жұмыс барысында гипиогогикалық оброздарды түсіндіре алмады.

Мен бұл тақырыпқа сенсорлық изоляцияның таным процестерге әсерін зерттегенде жолықтым.

Бұл зерттеуді әріптесім Голберген екеуіміз жасадық. Бұл жұмыс негізінен "голлюциназия " туралы эксперименттік шарттарға байланысты жасаған. Ол қазіргі кезде "сенсорлық ашығу" деген атпен белгілі екенін көріп таң қалдық.

Мен өз пікірімді дәлелдеу үшін қызықты фактілердің ішінен бейнелі құбылыстарды таңдауым керек болды. Мен осы жерден бейнеден кейінгі, қаб - нан кейінгі жағдай, күнделікті көрудің иллюзиясымен елестету алып тастау керек болды.

15-лекция. Елестердің индивидуалды ерекшеліктері

және естің бірінші бейнелері

Елестердің түрлері. Түйсіну мен қабылдау негізінде туындайтын елестер. Эйдетизм. Теориялық ойлау және елестер. Қимыл елестері. Қиял және елестер. Эйдетикалық бейнелер. Бейнеден кейінгі елестер. Галлюцинация және иллюзиялар.

Сезімдік танымдық сатылардың негізін құрайтын түйсіну мен қабылдау психикалық процестерін оқып-үйрену аса маңызды мәселелердің бірі. Түйсіну актілері арқылы адамның қоршаған ортамен байланысы орнайды, «сыртқы әлем энергиясы сана актісіне өтеді».

Түйсіну бейнелері реттеуші, танымдық және эмоциялық функцияларды орындайды. Бейнелер – ол сигнал, өзінің биологиялық және әлеуметтік мәні бар, тітіркендіргіштің жақындағанын немесе одан кеткеніне байланысты туындайтын реакцияларды, сигналдардың (стимул) траекториясын, күшін, қозғалыс жылдамдығын, кеңістікті локализациясын анықтайды.

Бейнелердің онтологиялық тұтастығы обьективті болмыстың заттылығымен, психофизиологиялық тұрғыдан сыртқы дистантты анализаторларды танымдық комплекстерге біріктіретін қозғалыстың өзара әрекетімен, физиологиялық (организм деңгейінде) және психологиялық (жеке адам деңгейінде) белсенділікпен, танымға бағыттылықпен, детерминацияланған.

УІІ. Глосарий:

V. Түйсіну және қабылдау психологиясы бойынша қысқаша психологиялық түсіндірме сөздік

1. Абсолютті табалдырық – түйсінудің пайда болуы үшін қажетті физикалық стимулдың минималды интенсивтілігі.

2. Автокинетикалық қозғалыс – қозғалыс иллюзиясы, мысалы қараңғы бөлмедегі қимылсыз жарық нуктесі. Егер көру фоны жоқ болса, эффект күшейеді.

3. Агнозия - бас миы қабығы зақымдану салдарынан сезім органдары функциясының аздап бұзылуы немесе есте сақтау мен анық сана күйінде заттар мен құбылыстарды тану процесінің бұзылуы.

Түрлері: Оптикалық (көру);Саусақты (тактильді);Есту.

4. Агорафобия – ашық кеңістіктен қорқу

5. Адаптация1. Физиологияда әрекет етуші тітіркендіргіштер үшін өзгертуге бейімделу нәтижесінде болатын анализаторлардың сезгіштігінің өзгеруі.

Түрлері:

· Анализаторлар;

· Ауыратын;

· Дәмдік (дәм рецепторлары);

· Қысым;

· Көру;

· Тері;

· Иіс (иіс аппараты);

· Рецепторлар;

· Жарық;

· Сенсорлық;

· Тыныштықтағы есту;

· Есту; тактильді рецепторлар;

· Қараңғылық;

· Температуралық;

2.Психологияда – қоршаған ортаның жаңа талаптарына сәйкес тұлғаның динамикалық стереотипін қайта жасауда көрінетін психикалық құбылыс.

6. Адаптация деңгейі – бұрын қабылданған стимулдардың «ортасын» алуға негізделген адам орнатқан субъективті деңгей. Мысалы, субъектінің бұрын көтерген, орташа салмағы бар затты қабылдауы. Орташадан жоғары салмақ ауыр деп, ал орташадан төменгісі жеңіл деп қабылданады

7. Адинамия – қимыл бедсенділігінің төмендеуі, өте қатты бұлшық еттік әлсіздік, ұзақ аурудан, ашығудан әлсіздену

8. Аккомадация – көз жанарының қисығын ауыстыратын механизм, соның арқасында көз торында заттың кескіні айқын түседі.

9. Аксон, нейрит – дене клеткаларына органдарға өткізілетін жүйкелік импульс, жүйкелік клеткалардың (нейронның) бөлігі; аксондардың жиынтығы жүйкені құрайды.

10. Аксон – рефлекс – шынайы рефлекспен салыстырғанда орталық жүйке механизмдерінің қатысуынсыз жүзеге асатын рефлекторлық реакция.

11. Акуметрия (Аудиометрия)- адам қабылдайтын дыбыс күштерін есту өткірлігін өлшеу

12. Ақ шу – ақ түске ұқсас, барлық жиіліктердің дыбыс толқындарының күрделі қоспасы.

13. Айналғыш фигуралар. Екі және одан да көп альтернативалы перцептивті ұйымдасулардың арасындағы шақырылған «спонтанды» тербелістер, фигуралар. Оның классикалық мысалына Неккелердің кубы жатады.

14. Алыстаудың монокулярлы белгілері. Монокулярлы көруде тереңдіктің әсерін қамтамасыз ететін белгілер. Оған жататындар: жабу, салыстырмалы өлшем, салыстырмалы қозғалыс, сызықты перспектива, жарық пен көлеңкенің арақатынасы, аккомадация.

15. Анализаторлар – адам мен жануарлардың анатомиялық, физиологиялық жүйесі, сыртқы және ішкі ортадан түсетін тітіркендіргіштерді талдау және қабылдау. Оған жататындар: сезім оргондары; әрбір анализатор рецепторлардан, өткізгіш бөліктерден және жоғары орталық және бас миы қабығындағы нейрондар тобынан тұрады.

Түрлері:

Бисцеральды, вестибулярлы, дәм, қимыл, көру, тері, иіс,сөз – қимыл, есту

16. Анергия – (1) кез келген тітіркендіргіштерге реакция бермеуі; (2) организмнің ортаның ауырлық келтіретін әсеріне қарсыласпауы

17. Анестезия – бір немесе бірнеше сезгіштік түрлерінің толық жоғалуы.

18. Атрофия –(1) адам мен жануардың органдарының өлшемінің азаюы, олардың функциялары бұзылады немесе тоқтатылады. (2) қандайда бір сезімді қасиетті жоғалту, тоқырау

19. Афферентті – перифериядан бас миына бағытталған жүйке жүйесінің қозу процесімен сипатталатын ұғым.

20. Ахроматопсия – түстерді көрудің бұзылуы, яғни түстерді ажырата алмауы.

21. Әрекет нәтижелерінің акцепторы – гипотетикалық психофизиологиялық аппаратты белгілейтін форма, орталық нерв жүйесінде болады және әрекеттің болашақ нәтижесін модельдейді, сол арқылы параметрлерді реальды орындалған әрекетпен салыстырылады.

22. Белсенділік – сыртқы тітіркендіргіштерге жануар организмдерінің реакция беру қасиеті (өздерінің тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен).

Түрлері: Ерік;Қимыл;Нейрондық;

23. Бинуралды белгілер – дыбыстың локализация мүмкіндігін қамтамасыз ететін екі құлаққа әсер ететін стимулдардың ерекшеліктері. Бір көзден шыққан бірдей дыбыс толқындары оң және құлаққа жетіп әр түрлі қасиетке ие болады. Бинуралды басты белгілерге фаза және интенсивтілік бойынша дыбыс толқындарының айырмашылығы жатады.

24. Вебер заңы – екі сигналдың интенсивтілігінің арасындағы қабылданған минималды қатынастардың стимул интенсивтілігінің абсолютті деңгейіне қатынасы константты болады деген принцип. Константа стимулдың әр типіне байланысты ажыратылады. Стимулдардың интенсивтілігінің шеткі мәндеріне бұл заң таралмайды.

25. Вестибулярлы түйсіну – қозғалыс пен тепе-теңдікті түйсіну. Ішкі құлақтың жартылай шеңбер каналындағы сұйықтардың қозғалысымен шақырылады.

26. Гештальтпсихология – қабылдау табиғатын эксперименттік зерттеу бағыты, немістің «форма» деген сөзінің эквиваленті.

27. Дифференциалды табалдырық – қабылданатын екі стимулдың арасындағы минималды айырмашылық.

27. Жабу – алыстаудың монокулярлы белгісі, мән – бір объект басқаны жиі жауып тұрады; мұнда екінші объект көп алыстап кеткен сияқты көрінеді.

28. Жақсы фигура – үздіксіздік, симметриялық, тұйықтық, бүтіндік сияқты сапаларға ие фигуралардың сипаттамасы. Топтасу заңы «жақсы фигура заңы» деп аталады, элементтерді перцептивті топтаулар жақсы фигуралар жасауға бағытталады деген мағынада түсініледі.

29. Жоғарғы жүйке жүйесі – бас миының үлкен жарты шарының рефлектрлік бейнелеуші іс-әрекеті, жоғары дамыған организмнің сыртқы ортамен күрделі өзара әрекеті, психиканың физиологиялық негізі. Бас миының үлкен жарты шары қабығы арқылы жүзеге асқан барлық актілер рефлекс болып табылады немесе рефлекстердің өзара әрекетінің өнімі.

Негізгі заңдары: жаңа уақытша байланыстардың тұйықталуы; жүйке процестердің концентрациясы мен ирадиациясы; жеке процестердің өзара индукциясы; күрделі динамикалық жүйелердің құрылуы, атап айтқанда динамиканың стереотиптері.

30. Зейін – қабылдау фокусы, перцептивті өрісті шектелген бөлігін айқын ұғынумен сипатталады.

31.Ішкі бағдар – организмнің ерекше реакцияға немесе реакциялар класына дайындығы. Қозғалыстың ішкі бағдары – арнайы әркеттерге дайындық; ойлаудың ішкі бағдары – ерекше ойлау процестеріне; перцептивті ішкі бағдар – стимулдарды арнайы ұйымдастыруға жатады.

32.Индукцияланған қозғалыс – объектіні қоршағандардың қозғалысымен шақырылатын қимылсыз объектіні қозғалғандай көру. Мысалы, бұлттардың қозғалысына қатысты айдың қозғалып бара жатқан сияқты қозғалысы.

33. Кинестикалық түйсіну – дене қозғалысы мен бұлшық еттің шиеленісуінен пайда болған түйсіну; бұлшық еттердегі, сіңірлердегі рецепторларға механикалық әсер етуге байланысты шақырылады.

34. Конвергенция – тіркелген объектіге көру осін апару. Объект жақын болған сайын конвергенция бұрышы үлкен болады. Көру осьтері параллель болғанда, 15-18 см аралықта тиімсіз бола бастайды.

35. Контраст – физикалық негізіне қарағанда қабылданған айырмашылық үлкен болып көрінетін құбылыс.

36. Контур – перцептивті өрістің көршілес бөлігінен бөлінген бөлігінің сызығы. Фигураға жататындай қабылданады және оған форма береді. Бірақ та фигура мен контур бірдей емес. Бір ғана сол физикалық контур әр түрлі екі фигурада әр түрлі болып көрінеді.

37. Көру өткірлігі – объектілердің ең ұсақ детальдарын ажырата білу.

38. Көзторы диспараттылығы – алыстаған объектіні қабылдаудағы екі көздің көз торларындағы айырмашылық. әр түрлі аз ғана бұрышпен жасалады, сол арқылы көз әрбір объектіні көреді.

39. Қабылдаудың константтылығы – қабылдаудың әртүрлі шарттарына қарамастан, объектіні орнықты және өзгермейтін етіп қабылдауға тенденция;

- Қаттылық. Дыбыс көздерін оның арақышықтығына қарамастан, нақты қаттылығын қабылдау. Дыбыс толқындарының амплитудасы мен дыбыс көздерінің алыстағаны сияқты болып көрінуінің арасындағы қатынастардан тәуелді.

- Өлшемі. Объектіге дейінгі арақашықтықтан тәуелсіз объектінің өлшемін тұрақты деп қабылдауға тенденция. Тордағы кескінмен алыстаған сияқты болып көрінетін объектілердің арасындағы қатынастан тәуелділігі.

- Формалар. Объект төңкеріліп түссе де, оның тордағы кескіні шын формасынан айырмашылығы болса да, формаларды дұрыс қабылдауға тенденция.

- Жарықтығы. Жарқырауда өзгеріс үлкен болса да, объектінің жарықтығын тұрақты деп қабылдауға тенденция. Объектіден түсетін жарықтың интенсивтілігі мен оны қоршаған ортаның тұрақты ара қатынасынан байланысты болады.

40. Қозғалып бара жатқан сияқты қозғалыс – стимулдардың арасындағы уақытша аралықтың функциясы ретінде бір стимулдың басқа стимулға қарай иллюзорлы қозғалысы.

41. Қосымша түстер – түстер дөңгелегінің диаметрінің қарама-қарсы жақтарында орналасқан түстер; мысалы, қызыл және жасыл, сары және көгілдір. Тең пропорцияда оларды араластыру ахроматикалық сұр түсті береді.

42. Қабылдаудың көлемі – көз қозғалысын және заттарды қайта санауды жібермейтін қысқа экспозицияда қабылдана алатын объектілер немесе заттардың максималды мөлшері. Қабылдаудың көлемі топтаумен ұлғаяды.

43. Парадоксальды суық – терінің ең суық нүктелеріне өте ыстық тітіркендіргіштер әсерінен пайда болатын суықты түйсіну.

44. Психикалық реакциялардың адекваттылығы – стимулдың мәніне оладың сәйкес келуі

45. Психофизика – сенсорлық тәжірибе қасиеттері мен оны шақыратын физикалық стимулдардың сипаттамалары арасындағы өзара қатынасты зерттеу.

46. Психофизикалық әдістер – абсолютті және дифференциалды табалдырықтарды анықтауа қолданылатын әдістер. Мысалы, шекара әдісі және т.б.

47. Рецептивті өріс – мишықтың сенсорлық зонасында немесе өткізгіш жүйесінде әрбір нейрон үшін рецепторлы жазықтық (мысалы, тор көзі), клетканың белсенділігін шақыратын стимуляция болады.

48. Салыстырмалы қозғалыс (қозғалыс параллаксы) – егер бас солға қарай жылжыса, жақын объектілер оңға, алыстаған объектілер солға қарай көрініп ауысуы және керісінше.

49. Санақ жүйесі – жеке перцептивті қасиеттер бағаланатын жүйелер. Мысалы, объектінің қабылданған бұрыштары оны қоршаған қабырғаның бұрыштарымен жиі анықталады. Бұл эффектіні «бүтін мен бөлшек» принципінің жеке жағдайы ретінде қарауға болады.

50. Соместетикалық – соматикаға немесе денеге қатыстылар. Оған тері және кинестикалық түйсінулер жатады. Соместетикалық нерв деген миға теріден, буыннан, бұлшық еттерден нерв импульстерін беретін талшықтар. Үш өлшемді объектілердің көз торындағы кескініне сәйкес келетін жеңіл ғана айырмашылығы бар суреттерді әрбір көзге беру арқылы оған қол жеткізіледі.

51. Соместетикалық түйсіну – сыртқы тері рецепторлары мен дененің ішкі рецепторларынан болатын түйсіну.

52. Стимул – рецепторды қоздыратын және организм жауабын шақыратын физикалық энергия.

53. Стимулды градиент – стимулдардың интенсивтілігі мен олардың спаларының перцептивті өрістегі өзгерісі.

54. Транспозиция – элементтер арасындағы қатынастарды сақтауға негізделген құрылымдарды тану. Алыстаудың маңызды белгісі.

55. Түс: - көлемі – кеңістікті жапқан түс. Оған түсті өткізу жатады, тұнықтық оған тән емес; қабығы – саңлау арқылы көрінетін түс, жаман локализацияланады және тұнық сияқты болып көрінеді; жазықтығы –объектінің жазықтығында локализацияланған және өткізбейтін сияқты қабылданған түстер.

56. Тұйықталу – белгілі бір бейнелердің аяқталмағаннан көрі аяқталған, тұйықталған сияқты болып қабылданатын тенденция.

57. Феноменология – тікелей тәжірибені ғылыми зерттеу, субъект затты қалай көреді соған нақты суреттеме беруге тырысады.

58. Фигура – фоннан түскен перцептивті өрістің бөлігі.

59. Физиологиялық ноль - өзгергіштік шамасы, ортаның да дененің де температурасы ретінде функциясы бола алады. Физиологиялық нольден жоғары температуралы стимул жылу түйсінуін туғызады, төменгісі суық түйсінуін туғызады.

60. Фон – фигура үшін артқы жоспарды беретін перцептивті өріс бөлігі.

61. Фигуралардың салдары эффектісі – бір рецептор облысына бір фигураның ұзақ әсер еткеннен кейін оған басқа фигура әсер етуінен қысқа уақытта туындаған бұрмаланған қабылдау. Эксперименттер көрсеткендей, ол құбылыс «қанығумен» байланысты.

62. Химиялық түйсіну – дәм және иіс түйсінулері. Химиялық заттармен стимулданады және жиі өзара әрекеттесіп бірыңғай перцептивті тәжірибе құрайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: