Жоспары. 3.Өсімдіктердің айқас тозаңдануы

1. Табиғи популяция.

2.Будан популяциясы

3.Өсімдіктердің айқас тозаңдануы

Н.И. Вавиловтың алғашқы материалдар туралы ілімі (тұқым қуалайтын өзгерткіштіктің гомологтық қатарлар заңы, мәдени дақылдардың шығу орталықтары

Н.И.Вавилов атап көрсеткендей, селекциялық жұмыста табысқа жету бастапқы материалды сұрыптаудан басталады.

Осы заманғы селекцияда бастапқы материал алу ушін қолданылатын негізгі түрлер мен тәсілдер мыналар:

1. Табиғи популяция. Оған өсімдіктердің жабайы өсетін формалары, мәдени өсімдіктің жергілікті сорттары және ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің әлемдік коллекциясындағы үлгілері жатады.

2. Будан популяциясы. Будан популяциясынын, екі түрі бар:

а) бір түрдегі сорттар мен формаларды тозаңдандыру арқылы алынған ішкі түрі; б) өсімдіктердің әр түрлері мен тектерін тозаңдандыру арқылы алынған (түраралық және туысаралық) будандар.

3. Өздігінен тозаңданатын линиялар (инцухт - ли­ния). Өсімдіктердің айқас тозаңдануы селекция ісіндегі бастапқы материал алудың көзі болып табылады. Олар өсімдіктерді көп рет еріксіз өздігінен тозаңдандыру арқылы алынады.

4. Жасанды мутация және полиплоид формалары.Бастапқы материалдың бұл түрі өсімдіктерге радиация, химиялың заттар, температура және басқа мутаген құралдарын пайдалану жолымен жасалады.

5. Биотехнология әдісін пайдалану.

3. Өсімдікті жерсіңдіру

Баска жерде өніп шыққан өсімдік үлгілерін пайдалану өсімдікті жерсіндіруге байланысты болады.

Жерсіндіру - (латынша introdustio - енгізу), осы жергілікгі жерде бұрын өспеген өсімдіктердің түрлері мен сорттарын басқа бір елден немесе облыстан келінгенін айтады. Жүгері, күнбағыс, картоп, темекі мақта сияқты дақылдарды Америкадан Шығыс елдеріне келіп жерсіңдірудің нәтижесінде, осы елдерде жоғарыдағы дақылдар пайда болды. Батыс жарты жер шарының ашылуы өсімдіктердің жерсіндірілуіне жаңа дәуірді құрады.

Өсімдік селекциясы үшін жерсіндірудің маңызы орасан зор.

Бастапқы материал қолдан (комбинациялық немесе синтетикалық селекция арқылы), химиялық, физикалық әсерлер (мутанттар немесе полиплоидтар алу) арқылы кұралады.

Басқа аймақтан алып келіп енгізілген өсімдік осы аймақтың өсу орталығына жақсы бейімделуі мүмкін. Әрине ол осы өсімдіктің жерсінуіне немесе көңдігуіне байланысты.

Жаңадан енгізілген материал екі жағдайда пайдаланылуы мүмкін

1. Егер жаңа енгізілген сорт немесе буданның өнімі жоғары
немесе жақсы бейімделген болса онда бірден өндіріске енгізу.

2. Сұрыптау және будандастырып алғашқы материал кұру үшін
Осыған байланысты енгізген материалды қолдану бағытына қарай үш топқа бөлуге болады:

1. Жаңа өсімдік.

2. Егілетін өсімдіктің жаңа сорты.

3. Бар өсімдіктердің жаңа белгілерінің қоры.

Бастапқы материал кұруға өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының маңызы өте зор. Себебі, осы институтта басшы болып істеген Н.И. Вавилов, дүниежүзілік мәдени өсімдіктердің шығу орталықтарын анықтаумен қатар, олардың жабайы түрлерінің және мәдени түрлерінің тұқымдарын бір жерге жинастырды, оларда кұрған коллекциялар осы күнге дейін қолданылып келеді.

Мәдени өсімдіктердің көп түрлілігі және шығу орталықтарын анықтау жөніндегі еңбектерінің нәтижелерін 1926 жылы алғаш рет жария етіп құрылып, 1935 жылы өңделіл, толықтырып теория етіп жарияланды. Ол теорияның мағынасы былай:

1. Бастапқы материалдарды түрлері мен генетикалық
топтарына қарай, морфологиялық, систематикалық,
гибридиологиялық, цитологиялық және иммунологиялық талдау
жүргізу керек.

2. Мәдени өсімдіктердің тараған орталықтарын анықтау.

3. Ботаникалық түр тармақтарын; әр түрдің нәсілін және жалпы
өзгергіштік жүйесін анықтау.

4. Шығу орталықтарын анықтау үшін жабайы және мәдени
өсімдіктердің алатын орны генетикалық туыстардың географиялық
ортақ айырмашылықтарын білу.

Өсімдіктер түрлерін әсіресе мәдени өсімдіктерді зерттей келіп, Вавилов жақын түрлердің, туыстардың өзгергіштік қатарларында ұқсастық бар екенін аңғарды. Кейбір белгілер немесе белгілер қатарлары әр түрлі туыстарда бірдей байқалатыны анықталған. Мысалы, капуста туыстарда (шалғам, шалқан, тарна) селдерей тұқымдастарда (сәбіз) және т.б. тамырдың жуандауы.

4. Бастапқы материал ретінде селекция жолымен алынған шетелдік сорттарды пайдалану

Жергілікгі сорттар өте бағалы болғанымен, олар бастапқы материал алудың дара көзі болып табылмайды. Экологиялық бейімділігіне қарамастан бұл сорттарда жаңа селекциялық сорт шығаруға қажетгі қисиеттер бола бермейді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің талаптарына толық жауап беретін сорттар шығару үшін, басқа. елдердегі және басқа континентердегі шет аудандық бастапқы материалдарды селекциялық жұмысқа пайдалану қажет.

Себебі, шетелде көптеген дақылдардың селекциясы дұрыс жолға қойылып, соның арқасыдца үлкен табыстарға жеткен. Жоғары өнімділігі, ауруларға төзімділігі өнім сапасының жақсылығымен ерекшелінетін селекциялық жаңа сорттар шығарылған. Олардың көпшілігі алғашқы материал ретінде әсіресе будандастыруда қолды болып отыр. Ол үшін тәжірибе ретінде, жыл сайын көп мөлшерде шетелдік сорттар келінуде.

Біздің куаңшылыққа төзімді жергілікті сорттарымыздың негізінде шығарылған АҚШ пен Канаданың бидай және арпа селекциялық сорттары жоғары бағаланады. Селекцияда мал азығына арналған бидай сорттарын шығаруда Канада мен Мексика селекционерлерінің жоғары өнім беретін сорттарың пайдалану керек.

Күздік бидаңдың аргентиналық сорты жапырақтың қоңыр татына, піскеннен кейін төгілуге, жығылуға төзімді.

Германия, Финляндия, АҚШ-та арпаның қысқа төзімді сорттары аласалығымен, қыстап шығуға бейім, сабан сабақтары жығылмайтындығымен ерекшеленеді.

Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтында әлімдік коллекция зерттеліп, Болгария, Молдавия, Иран, Румын елдерінің сортгары ішінен қатты кара күйе, сары тат ауруына төзімді Георгена, Загорка және т.б. қатысуымен аталған ауруларға төзімді бидай үлгілері алады

Дәріс 4. Талдаушы селекция. Талдаушы селекция туралы түсінік


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: