Конвергентті будандастыру

Қайыра будандастырдың бір түрі-конвергентті (латынша-жақындау, ұқсау) будандастыру.Қанықтыра будандастыруларда ата-аналық форманың біреуінің гендері, біреуінен ығыстырылады, бірақ кей жағдайларда будандық ұрпақта ата-аналық формаларының екеуінің белгілері мен қасиеттерін бірқалыпты үйлестіруді қамтамасыз ету талап етіледі.

Будан популяциясынан будандастыру және сұрыптау арқылы алынған сорттарды будандар деп атайды. Өздігінен тозаңданатын будан сорттары линиялық сорттарға қарағанда, біркелкі болмайды. Кейде оларды қайта сұрыптау жолыменты болғанда 2) аналық немесе аталық форма ретінде алуына байланысты тұқымның әртүрлі болып түзілілуі байқалғанда. жаңа сорттар шығарады. Барлық дақылдардың көптеген аудандастырылған сортта­ры будан болып табылады. Дәнді дақылдар арасынан күздік бидайдың - Алматинская полукарликовая, Жетісу, Таза, Алмалы, ОПАХС-18, Лютесценс-41, Бота; Жаздық жұмсақ бидайдың Казахстанская 3, Казахстанская 6, Казахстанская 16, Арай, арпаның Сәуле, Жұлдыз, Арна сорттары, жүгерінің Сарыарқа 150, будан 237Б, Це­линный 160 СВ, Алатау 107 ТВ, Казахстанский 587 СВ будандары жатады.

Сорт-клондар өсімдіктердің вегетативті көбейетін түрлерін жеке сұрыптау жолымен алынады. Сорт-клон өсімдіктің бір текті вегативті көбеюінен шыққан ұрпақ, сондықтан олар біркелкі болып келеді.Мұндай сорттар табиғи мутагенез әсерінен өзгеріске түседі. Картоптың сорт-клонына жататндар Зазерский, Скороспелка, Майкоп және басқалары. Осы ұғымдарға сүйене отырып, Г.Спрэг пен Л.Фатум (1942 ж.) мынадай қорытындыға келді: жалпы комби­нациялық тәсілде сұрыптаудың тиімділігі, ерекше ком­бинациялық қабілеттілікке қарағанда нәтижелі болады. Осыған байланысты ЖКҚ-қа селекция процесінде доминантты гендері көп формалар алуға тырысады.

Бастаіщы материалдардың генетикалық ерекшеліктері, оның комбинациялық қабілеттілігін бағалау процесінде байқалады. Қазіргі кезде бастапқы материалдың генетикалық сипаттамасын анықтаудың кең тараған тәсілі - ұқсас белгілері бар ата-аналарды будандастыру және олардың будан ұрпақтарын зерттеу. Бастапқы материалдың комбинациялық қабілеттіліктерін айқындау үшін тиімді тәсілдері жасалған:

Топкросс- линияларды будандастыру, көрсеткіштерде талданған сорттар мен алынған будандарды әрмен қарай сынау. Талдаушы будандастырулардың өздігінен тозаңданған жаңа линияларды генотипикалық бағалау үшін маңызы зор. Олар ең жақсы селекциялық матери-алдардың 50%-ға жуықбағалы формаларын сұрыптап шығаруға жол береді. Топкросстың тиімділігі ата-ана­ларды дұрыс таңдау проблемасына байланысты. Поли­кросс - сорттарды, линияларды арнайы таңдалған үлгілерімен (питомникте өсірілген) еркін айқас тозаңдандыру. Негізгі қасиеті - салыстырмалы қарапайымдылық. Бүл тәсілдің ерекшелігі бақыланған тозаңдануда көп тұқымды беруге мүмкіндігі жоқ дақылдарда (қара бидай, люцерна, тимофеевка) қолданылады. Бұл, линиялардың комбинациялық қабілеттілігін алдын-ала бағалаудың тиімді тәсілі болып саналады.

1. Туыстық және түр аралық будандастырудың ерекшеліктері

Диаллельді будандастыруды қолдану селекцияның кейінгі кезеңдерінде тиімді болады, ол кезде ең жақсы линиялар іріктелінеді. Бастапқы материалды бағалауда тиісті құралдарды жұмсауды азайту мақсатында соңғы жылдарда көптеген зерттеушілер диаллельдік будандастырудың түрлі нобайлары ұсынды. Онда будандастырудың бір бөлігі ескерусіз қалдырылды. Осы жолмен көптеген ата-аналық формалардың комбинациялық қабілеттілігін анықтауға болады. Бағалануда талдаудан шығарылған будандар неғұрлым көп болған сайын толық дәлелдік будандастырудан алынатын мәліметтердің нақтылығы төмендей түседі.

Өндірісте қолданылатын будандардың түрлері мына­дай:

1. Линия аралық - қарапайым екі линияны будандастыру, үш линияны будандастыру - линия аралық буданды өздігінен тозаңданған линиямен тозаңдандыру.

Екі линия аралық - екі қарапайым линия аралық бу­дандарды будандастыру.

Күрделілиния аралық - төрттен көп линия аралық өздігіне тозаңданған линияларды будандастыру.

2. Сорт линия. Қарапайым - сортты линиямен тозаңдандыру. Күрделі - сортты, линия аралық буданмен тозацдандыру.

Екі линия - қарапайым буданды сортпен будандастыру.

Сортаралық будан - екі сортты будандастыру.

3.Будандар популяциясы - қарапайым будандардың
және басқа компоненттердің тұңымдарын араластырып,
оларды еркін будандастыру арқылы алынады.

Комбинациялық қабілеттілікті (КҚ), басқа да гендері бойынша салыстырылған өсімдік белгілерін селекциялық тәсілдер бойынша өзгертуге болады. Бұл тұқым қуалаушы факторлар мен генотиптерді сұрыптаудан кейінгі рекомбинацияға байланысты жасалады.

Дәріс 7. Алшақ будандастыруда қолданылатын биотехнологиялық әдістер.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: