Сорттарды алмастыру

.Сорттарды дер кезінде алмастырып тұру тұқым шаруашылығының негізгі міндеті. Тұқым шаруашылығы жөнінде ғылыми — зерттеу институтгарының, жоғары оку орындарының, тәжірибе станцияларының, арнайы тұқым өсіру шаруашылықтарының алдыңғы қатарлы жаңа тәжірибелері. Соңдықтан тұкым шаруашылығында сорталмастыру және сорт жаңарту қызметтері жүргізіледі.

Сорталмастыру - мемлекеттік сынақтың қорытындысы бойынша өндірістегі ескі сортты өнімділігі мен сапасы жоғары жаңа сортпен алмастыру.

Сортжаңарту - сорттық биологиялық касиеттері төмендеген тұқымдарды сол сорттың жаңа тұқымдарымен алмастыру.

Тұқым жаңарту негізі - элита болып табылады. Элита француз тілінен аударғанда - өте жақсы, деген мағынаны білдіреді. Сорттың ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы.

Сорттың генетикалық тұрғыда сақталуын қадағалауда - жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.

Элиталы тұқым өсіру кестесі:

I- жекелей сұрыптауда:

1) І-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі

2) 2-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі

3) 1-4 жылғы көбейту питомнигі

4) суперэлита

5) Элита

Жаппай сұрыптау:

1)1-2 жылғы көбейту питомнигі

2)суперэлита

3)Элита

Өздігінен және айқас тозанданатын элиталы тұқым өндіру жекелсй сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, дефицитті (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі.

2. Сорт алмастыру мен сорт жаңарту маңызды іс-шаралар

Сорттың бағалық, шаруашылық және биологиялық қасиетгерінің толығымен сақталып, жоғалмауы - сұрыптау кезінде жоғары өнімді, жақсы құрылған, сырт белгісі сортқа тән өсімдіктердің масақтары мен шашақ бастарын алу; жоғары агрофонда өсіру; түрлік және сорттык, тазалауды жүргізу; сортқа сырт белгісі тән емес, нашар дамыған ауруға шалдыққан өсімдіктерді алып тастау арқьлы жүзеге асады. Жақсы тұқым шаруашылығы тұқымдардың өнімін ұлғайтудағы өте қажетті сала.

Сорттың өнімділік сапасы егістікті тек қана жоғары сапалы тұқым мен сепкенде байқалады. Егістік материалдың құндылығы тұқымның егістік және сорттық сапасымен бағаланады.

Тұқымның егістік сапасы - оның тазалығы, ескіндік қуаты, ылғалдылығы, 1000 тұқымның салмағы мен аурулар мен зиянкестермен зақымдану дәрежесімен сипатталады.

Сорттың сапасы - сорттың тазалығы және сәйкестілігімеп сипатталады.

Сорттың тазалығы процентпен көрсетілген, осы өсімдіктің негізгі сортының сабақ санының жалпы дамыған сабақ санына қатынасын айтады.

Тұқым өзінің тұқым қуалаушылық белгілерімен, қасиетін, оның ішінде жоғарғы өнімділігін, тек қана жоғары сорттың тазалығымен қамтамасыз етеді.

Жоғары сапалы тұқымның, жоғарғы сорттық тазалығы және жақсы егістік сапасы болу керек, осыған байланысты тұқым егістік сапалығы бойынша үш класқа, ал сорттың тазалығына байланысты үш (санатка) категорияға бөлінеді.

Бірінші класты және бірінші категориялы тұқымның егістік және сорттық тазалығы ең жоғары көрсеткіш береді. Егістік сапалығы жағынан мемлекеттік стандартқа сәйкес келетін тұқымды кондициялы деп айтады.

Тұқымдық егіске бірінші кластық тұқым, ал өндірістік егістікке - бірінші және екінші класты тұқым пайдаланылады.

Өздігінен тозаңданатын дәнді және дәнді бұршақ дақылдарының 1, 2 және 3 категориялы тұқымдарының сорттық тазалығы 99, 5, 98, 0 және 95, 0% кем болмауы керек.

Селекция тұқым өсіру қызметімен айналысатын мемлекеттік өндіріске беретін алғашқы тұқым элиталық немесе элита деп аталады. Оның сорттық тазалығы 100%, егістік сапасы 1 кластан төмен болмауы керек, тұқым жақсы толықкан бірыңғай, сонымен қатар 1000 тұқымдық салмағы мен өнімі жоғары болуы керек. Жыл сайын көбейтілген элитаның ұрпағы репродукция деп аталады.

Дәріс 30.

сорт тұқымын жаңарту.

Жоспар

1.Жоғары сапалы сорттық тұқымдарды жаңартудың маңыздылығы

2. Элиталы тұқым сорттарын өсірудің селекциялық тиімділігі

1.Жоғары сапалы сорттық тұқымдарды жаңартудың маңыздылығы

Сорт жаңартуда 5 және одан теменгі репродукциялык тұқым сол сортгың элитасымен немесе 1 репродукциясымен алмастырылады.

Сорт сапасының төмендеу себептері - тұқымның механикалық ластануы, биологиялык, мутациялық және айқас тозаңдану салдарынан ажырау болып табылады.

Механикалық қоспа басқа сорттардың тұқымдарының қоспасы. Себу кезінде, тасымалдау немесе қырмандағы жұмысты нашар ұйымдастырудың нәтижесінде болады. Мысалы: күздік бидайда - қара бидай, жұмсақ бидайда - қатты бидай, сұлыда - қара сұлы мен арпа, арпада - сұлы және бидай.

Биологиялық қоспа - егістіктегі сорттың басқа сортпен немесе түрмен тозаңдануының әсерінен болады.

Жіктеу мутацияның пайда болуы - көбінесе буданды сорттардың гетерозиготты болуынан байқалады. Өсімдіктердің аурулармен зақымдануының ұлғаюының салдарынан.

Өніп-өсу жағдайдың тұқымның өнімдік сапасына тигізетін әсері айтарлықтай. Сондықтан тұқымдық егістікте жыл сайын егістік сапасын жоғарылататын агротехникалық шараларды қолданып отыру керек.

Тұқым шаруашылығы жүйесі кез келген дақылдың жоғары сапалы тұқымын жеткілікті мөлшерде қажетті қамтамасыз етіп өндіретін бір-бірімен тығыз байланысты өндірістік бірлік.

Ауылшаруашылық өндірісінің осы маңызды саласы қазіргі нарықтық қатынастағы жағдайға дайын емес.

1976 жылғы қабылданған тұқым шаруашылығының ақырғы жүйесі, осы саланы өндірістік негізде толық көшіруді қарастырған, бірақ ол өндіріске толық енгізілуге үлгермеді. Қалыптасқан тұқым шаруашылығы жүйесіндегі құрылым, бағаның және экономикалық ұйымдасқан қатынастар, материалдық, техникалық қорлардың қазіргі жағдайлары осы саланың басты міндеті - селекция жетістіктерін жедел және толық пайдалануға толық мүмкіндік бермейді.

Сондықтан тұқым шаруашылығының осы келесі мәселесі елдегі тұқым шаруашылығының жүйесін дамытуда тек қағидалы көзкарасты өзгерту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Тұқым шаруашылығы жүйесіндегі жұмыстарды ғылыми негізге сүйене отырып дұрыс ұйымдастыру керек.

Қазақстанда тұқым шаруашылығын ұйымдастыруда бірінші ғылыми өндірістік түр, 1996 жылы қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында құрылған республикалық "Асыл-тұқым" ассоциациясы.

"Асыл-тұқым" ассоциациясының қызметінің арқасында ғылым мен өндірістің күштері бірігіп, нарықты жағдайға бейімделген, тұқым шаруашылығының мүлдем жаңа жүйесі іске аса бастады.

Оның айырмашылығы бұрынғы 7 - 8 жылмен салыстырғанға қарағанда, жаңа сортты 3 жылда өндіріске толық енгізуге болады.

Ассоциация құнды сорттардың тұқымын жедел көбейтуді келісім негізінде жүргізеді.

Жоғарғы репродукциялық тұқымның көлемі керек тұқым көлемінің сұраным санына байланысты.

Қазір ассоциация жүйесінде келісім бойынша 70-тен астам элита тұқым шаруашылығы және тәжірибе шаруашылықтары табысты жұмыс істеп жатыр.

Бірақ еліміздегі тұқымның сапасын бақылайтын жүйе құрылымдық және технологиялық өзгерістерді талап етеді. Тұқымнын сорттық және егістік сапасын бұрмалауға жол бермеу үшін, оригинал сорттың бірдейлігіне кепілдік беру үшін және Қазақстандық тұқым өндірушілерінің халықаралық нарыққа шығуы үшін, Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен: "Міндетті түрде сертификат толтыруға жататын өнімнің тізбесіне", тұқымды енгізіп, тұқымдық материалды сорттық сертификат толтыру жүйесіне кіргізу керек. Тұқымға сертификат толтыру әлемдегі барлық дамыған елде қабылданған. Осы елдердің тұқым бақылау әдістемелік жұмыстары халықаралық тұкым бақылау (ИСТА) ассоциациясында шоғырланған, әлемдік ғылымның нәтижелеріне сүйенеді.

2.Элиталы тұқым сорттарын өсірудің селекциялық тиімділігі

Тұқым жаңарту негізі-элита болып табылады. Элита дегенді француз тілінен аударғанда-өте жақсы деген мағананы білдіреді екен. Сорттың ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы болып саналады.Сорттың генетикалық тұрғыдан сақталуын қадағалау- жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.Элиталы тұқым өсіру кестесі

1- Жекелей сұрыптауда

1) 1-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі

2) 2-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі

3) 1-4 жылғы көбейту питомнигі

4) Суперэлита

5) Элита

Жаппай сұрыптау

1) 1-2 жылғы көбейту питомнигі

2) Суперэлита

3) Элита

Өздігінен және айқас тозаңданатын элиталы тұқым өндіру жекелей сұрыптау әдісімен жүргізіледі.Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, дефицитті (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі.Сорттың өнімділік сапасы егістікті тек қана жоғары сапалы тұқым мен сепкенде байқалады. Егістік материалдың құндылығы тұқымның егістік және сорттық сапасымен бағаланады.

Тұқымның егістік сапасы – оның тазалығы, өскіндік қуаты, ылғалдылығы, 1000 тұқымның салмағы мен аурулар мен зиянкестермен зақымдану дәрежесімен сипатталады.

Сорттың сапасы- сорттың тазалығы және сәйкестілігімен сипатталады.

Жоғары сапалы тұқымның, жоғары сорттық тазалығы және жақсы егістік сапасы болу керек, осыған байланысты тұқым егістік сапалығы бойынша үш класқа, ал сорттың тазалығына байланысты үш(санатқа) категорияға бөлінеді.

Бірінші класты және бірінші категориялы тұқымның егістік және сорттық тазалығы ең жоғары көрсеткіш береді.Егістік сапалығы жағынан мемлекеттік стандартқа сәйкес келетін тұқымды кондициұлы деп аитады.

Селекция тұқым өсіру қызметімен айналысатын мемлекеттік өндіріске беретін алғашқы тұқым элиталық немесе элита деп аталады. Оның сорттық тазалығы 100%, егістік сапасы 1 кластан төмен болмауы керек, тұқым жақсы толықкан бірыңғай, сонымен қатар 1000 тұқымдық салмағы мен өнімі жоғары болуы керек. Жыл сайын көбейтілген элитаның ұрпағы репродукция деп аталады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: