Химиотерапевтік препараттар

Микробтарға қарсы химиотерапевтік дәрілік заттар жұқпалы аурулар кезінде этиотропты емдеу үшін (яғни ауру себебі микроб болғанда), және жұқпаны алдын-алу үшін қолданылатын(сирек және аса сақтықпенпен!) химиялық препараттар

Химиопрепараттарды организм ішіне енгізетіндіктен, олар адам және жануарларға уыттылығы жоқ және жұқпа қоздырғыштарына жоюшы әсер ететін, яғни таңдамалы әсері болуы керек.

Таңдамалы әсер(«селективті уыттылық») -неміс иммунохимигі, Нобель премиясының лауреаты Пауль Эрлих ұсынған термин, ол иесінің организмінің жасушалары мен паразиттерге химиопрепараттың уыттылығының әртүрлі дәрежесімен сипатталады. Таңдамалылық болу үшін – микробқа қарсы препарат макроорганизм жасушасында кездеспейтін микробта болатын нысанаға әсер етуі керек. Мұндай нысаналарды прокариоттар (бактериялар) үшін таңдау жеңіл, өйткені иесінің жасушасынан олардың айырмашылығы эукариотты микробтарға (саңырауқұлақ, қарапайымдар) қарағанда көп болады. Өзіндік метаболизмі және жасушалық құрылымы болмағандықтан вирустар иесінің жасушаларынан ерекшеленеді.Вирустар облигатты жасушаішілік паразиттер болғандықтан, вирусқа қарсы препараттар өзінің әсерін жасуша ішіне еніп, оған зиянын тигізбей әсер ету керек, сондықтан бұл препараттардың нысаналарды таңдауы өте күрделі.

Қазіргі кезде антимикробтық белсенділігі бар мыңдаған химиялық қосылыстар белгілі, бірақ оның бірнеше ондығы ғана химиотерапевтік заттар ретінде қолданылады.

Химиотерапевтік препараттардың қандай микробтарға әсер ететіндігін олардың белсенділік спектрі анықтайды:

• микроорганизмдердің жасушалық түрлеріне әсер ететіндер (антибактериалды, саңырауқұлаққа қарсы, қарапайымдарға қарсы). Антибактериалдылар өз кезегінде әсер етуіне қарай кең және тар спектрлі деп бөлінеді. Тар спектрлілер - әртүрлігі аз мөлшерде тек грам оң немесе грам теріс бактерияларға белсенді, ал кең спектрлілер – екі топтың да әртүрлі өкілдерінің көпшілігіне әсер ететін препараттар.

вирустарға қарсы химиопрепараттар.

Сонымен қатар ісікке қарсы белсенділігі бар антимикробты химиотерапевтік дәрілік заттар бар.

Әсер ету типібойынша химиопрепараттар бөлінеді:

« Микробоцидті » (бактерицидті, фунгицидті және т.с.с.), қайтымсыз зақымдау арқылы микробтарға жоюшы әсер ету;

« Микробостатиккалық », яғни микробтардың өсуі мен көбеюін тежеу.

Антимикробты химиотерапевтік заттарға келесі препараттардың топтары жатады:

Антибиотиктер - микроорганизмдердің жасушалық түрлеріне және кейбір ісікке қарсы әсер етеді.

• Әртүрлі химиялық құрылымды синтетикалық химиопрепараттар (олардың арасында микробтардың жасушалық және жасушадан тыс түрлеріне әсер ететіндері бар)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: