Иммундыблоттинг

Иммундыблоттинг (ИБ)- электрофорез, ИФТ, не болмаса РИТ- пен бірлестірілген, жоғары деңгейдегі сезімталдығы бар тәсіл. Антигенді полиакриламидтың қоймалжыңында электрофорез арқылы жекелендіреді, содан кейін антигенді қоймалжыңнан арнаулы өңделген кағазға, не нитроцеллюлозді мембранаға ауыстырады да (ағылшын- blot - дақ) ИФТ, не РИТ арқылы бақылайды. «Дағы» бар қағаздың тілкемін бірнеше фирмалар шығарады. Сол тілкемге аурудан алынған сарсуды сіңдіреді. Белгілі уақыт өткенен кейін байланыспаған антиденелерді жуып-шайып, қағазды ферметнтпен, немесе радионуклидпен таңбаланған адам иммундыглобулиндеріне қарсы сарысумен өңдейді. Құрылған антиген+аурудың антиденелері+адам иммундыглобулинденріне қарсы антиденелер комплексіне ферменттің әсерінен қосындының түсін өзгертетін хромоген қосады, немесе радионуклидтің қалдығын санағышпен есептейді (30-сызбанұсқа).

ИБ –диагностикалық тәсіл ретінде АИВ-инфекциясында колданылады.

13 ТАРАУ. Иммундық әдіспен емдеу және алдын алу

13.1 Иммунды әдіспен алдын алу және емдеудің медицина тәжірибесіндегі мәні мен орыны

Иммунды профилактика мен иммунды емдеу жұқпалы және жұқпайтын аурулардың өзіндік профилактикасын, емдеуін және дигноз қойуын зерттеп олардың жаңа тәсілдерін ұсынатын иммунологияның бөлімі болып саналады. Айтылған мақсаттарға жету үшін иммундық жүйеге әсер ететін, не иммунологиялық принциптерді негіздеп іс атқаратын иммунобиологиялық препараттар қолданылады.

Иммундық профилактика сезімтал организмде аурудың қоздырғыштарына немесе антигендеріне, немесе басқа да патогендерге қарсы белсенді, немесе енжарлы иммунитет тудыру арқылы олардың алдын алып, жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеттігін арттыруға бағытталған.

Иммунды емдеу иммунды процестер бұзылғанда пайда болған ауруларды емдеп денсаулықты қалпына келтіруге негізделген.

Иммунды профилактика мен иммунды емдеу төменгідей жағдайларда қолданылады:

а) спецификалық иммунитет құру үшін, не иммундық жүйе жұмысының денгейін

көтермелеу үшін;

б) иммундық жүйенің кейбір бөлімдерінің жұмысын тежеу үшін;

в) иммундық жүйенің жұмысы бұзылғанда оны қалыпна келтіру үшін.

Иммунды профилактика мен иммунды емдеу медицина тәжірибесінде кең қолданылады: жұқпалы аурудың алдын алу, не емдеу үшін, аллергиялық, иммунопатологиялық жағдайларда, онкология саласында, трансплантациологияда, иммундытапшылықтарда т.б. Мысалы, кейбір жағдайда иммунды профилактика, не иммунды емдеу тек қана жалғыз тесіл болып шығуы мүмкін (қызылша, полиомиелит).

Токсинемиялық ауруларды (ботулизм,сіреспе) емдегене нәтижелі емнің түрі антитокси-калық қан сарысуын, немесе иммундыглобулиндерді қолдану болып табылады.

Онкологиялық ауруларды емдегенде иммундыцитокиндерді қолданудың болшағы өте зор.

Иммунды алдын алудың, имунды емдеудің негізі-иммундық жүйеге әсер ету. Ол әсер белсенді және енжарлы, спецификалық, не бейспецификалық болуы мүмкін. Иммунды алдын алуда, иммунды емдеуде иммундық жүйеге реттеп әсер ету үшін иммундыбиологиялық препараттар (ИБП) деп аталатын заттар тобы зерттеліп, жасалып шығарылған.

13.2. Иммундыбиологиялық препараттар (ИБП)

13.2.1. ИБП-лардың жалпы сыпаттамалары мен жіктелуі

Иммундыбиологиялық препараттар күрделі құрамнан тұрып бірінен бірі тегімен, шығарылу тәсілімен, қолдану бағытымен ажыратылады. Бірақ, иммундық жүйе арқылы әсер етуі олдардың ортақ қасиеті болып саналады. ИБП-лардың әсер ететін факторлары антиген, антидене, микроб жасушалары, не олардың ыдыраған заттары, биологиялық делсенді иммундыцитокиндерге ұқасаған заттар болып келеді. Аталған факторларға әсер ету сапасын үдету үшін ИБП-ға басқадай заттар қосылуы мүмкін (стабилизаторлар, адъюванттар, консерваттар, витаминдер, адаптогендар).

ИБП–лар параентералды, пероралды (ауыз қуысы арқылы), аэрозолды және де басқадай тәсілдер арқылы қолданылады. Соған сәйкес олар әртүрлі формаларда, қолдану шарты және өлшемі көрсетіліп дайындалады.

Қазіргі заманда ИБП-ның бес топ түрі бар:

бірінші топ: тірі, не өлі микробтардан (бактерия, вирус, саңырауқұлақтар), немесе олардың құрамдық заттарынан алынған арнайы профилактика және емдеу үшін қолданылатын препараттар. Олардың қатарына тірі және инактивацияланған корпускілді, субжасаушылық вакциналар, анатоксиндер (токсоидтар) бактериофагтар, пробиотиктер жатады;

екінші топ: спецификалық антиденелерге негізделген ИБП-лар. Олардың қатарына иммундыглобулиндер, иммундысарысулар, иммундытоксиндер, фермент- антиденелер (абзимдер), рецепторлы антиденелер, мини-антиденелер кіреді;

үшінші топ: жұқпалы, жұқпайтын аурулардың иммундытапшылықтарын иммундыкоррекциялау, алдын алу және емдеуі үшін қолданылатын ИБП. Оларға жататындар: экзогендіқ иммундымодуляторлар (адъюванттар, кейбір антибиотиктер, антиметаболиттер, гормондар) және эндогендік иммундымо-дуляторлар (интерлейкиндер, интерферондар, айырша бездің пептидтері, миелопептидтер т.б.);

төртінші топ: адаптогендер: биологиялық кең белсенді, иммундық жүйеге әсер ету мүмкіншілігі бар өсімдіктер мен жануардан алынған, немесе тегі басқа күрделі құрлысты химиялық заттар. Женьшеннің, элеутетракоктардың басқа да өсімдіктердің сығындылары, тін лизаттары (ерітінділері), тағамға косылатын әртүрлі биологиялық қосындылар (липидтер, полисахаридтер, витаминдер, микроэлементтер т.б.);

бесінші топ: жұқпалы, не жұқпайтын аурулардың спецификалық, не бейспецификалық диагнозын қою үшін қолданылатын диагностикалық препараттар мен жүйелер. Олардың көмегімен антиденелерді, антигендерді, ферменттерді, метаболизм заттарын, биологиялық белсенді, бөгдетекті жасушаларды тағы басқаларды анықтауға болады.

ИБП–ларды зерттеу және жасап шығаруымен иммунологияның саласы иммундыбиотехнология шұғылданады.

Төменде ИБП -ның бес тобының әрбіреуінің сыпаттамасы келтірілген.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: