Вакциналар

Вакцина деген термин француз тілінен vacca – сиыр деп аударылады. Ол сөзді әдеби-етке кіргізген Л.Пастер болатын. Өйткені ағылшын ғалымы Э.Дженнер сиыр шешегін ең алғаш адамға егіп, ол адамды аурудан қорғап калғандығы үшін вакцина деп атаған.

Вакциналарды көбінесе аурудың спецификалық алдын алуға, кейбір кезде емдеуге қолданады.

Вакциналық әсер туғызатын заттар саннына төменгілер жатады:

патогендігінен арылтып иммуногендігі сақталған, әлсіретілген тірі микробтар;

бірнеше тәсіл түрімен белсенділігі жойылған микробтардың бүтін жасушалары, не вирустардың бөлшектері, яғни өлі вакциналар;

микробтардан алынған субжасушалық атигендерінің қосындысы (протективті антигендер);

аурудың патогенезінде басты рөл атқаратын арнайы антигендік қасиеті бар микробтардың метаболиті (токсин-анатоксин);

химиялық, не биологиялық синтезі тәсілімен алынған молекулалық антигендер, оның ішінде микробтардың рекомбинантты штамдарынан алынған табиғи антигендерге ұқсас антигендер.

Вакцина күрделі құрлылымды ИБП. Оның құрамына тұрақтатушылар, консерванттар. адъюванттар кіреді.

Вакциналардың тегіне, сипатына және дайындау әдісіне байланысты жүйеленуі 13.1- кестеде келтірілген.

Кесте 13.1.

Вакциналардың жүйеленуі (А.А.Воробьев бойынша).

Тірі вакциналар Комбинациаланған вакциналар (тірі+өлі) Тірі емес вакциналар (инактивтелген)
  Аттенуацияланған Дивергенттік Рекомбинанттық (векторлық)   Корпусқылдық Молекулалық
Бүтінжасушалық Бүтінвириондық Субжасушалық Субвириондық Табиғи биосинтетикалық Генді-инженерлі биосинтетикалық Химия тәсілімен синтезделген

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: