Анатоксиндер (токсоидтар)

Молекулалық вакциналардың түріне күл, сіреспе, ботулизм, газды гангренаның қоздырушыларының анатоксиндері жатады. Анатоксин алудың принципіне негізінде токсинді 0,4 пайызды формалин ерітіндісімен 37 градус жылылықта 3-4 жұма өңдеген кезде токсин улығын жоғалтып антигендік және имуногендік қасиетін сақтап қалуы жатады. Алынған анатоксинді тазартып оған адъювант қосады. Анатоксиннің өлшемі спецификалық антитоксинмен байланыстырушы (ЕС), немесе флокуляцилайтын бірлік көрсеткішпен (Lf) есептеледі. Анатоксин өте тиімді вакциналар түріне жатады. Мысалы, күлге, сіреспеге қарсы анатоксинді егу арқылы осындай аурулар саны күрт төмендеп эпидемия пайда қаупі жойылған. Тазартылған анатоксин тері астына, не бұлшық ет ішіне егіледі.

13.2.2.5. Синтетикалық вакциналар

Антигендердің молекулалары, не олардың эпитоптары өте төмен дәрежелі иммуноген-дер. Оның себебі әржақты. Сондықтан олардың иммуногендік дәрежесін жоғарылату үшін, оларға иммунгендік көрсеткіші зор ірі молекулалы заттарды (полимерлер) жалғастырады. Ондай заттардың адъюванттық қасиеттері де болуы мүмкін.Сонымен синтети-калық вакцина антиген (не эпитоп)+ полимер+адъювант қосындысынан тұрады. Синтетикалық вакцинаны жасау процесі өте күрделі, дегенмен бірталай елдерде болашағы мол белсенді жұмыс жүргізілуде.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: