Гемофилді бактериялар

Haemophilus туыстастығы бактерияларының аталуы қан және олардың туындылары өсу факторы ретінде қажеттігіне байланысты (грек сөзінен haima – қан, philos – жақсы көру). Осы туыстастықтың көптеген микроорганизмдері қалыпты жағдайда адамның жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабатында орналасады. Соның ішінде адамға патогенділері кездеседі (30- сурет).

14.2.3.1.1. Haemophilus influenzae (Афанасьев-Пфайффер таяқшасы)

Гемофилді таяқшаны алғаш рет 1891 жылы орыс бактериологы М.И. Афанасьев, 1892 жылы неміс бактериологы Р. Пфейффер тұмаудан қаза болған адамдардан бөліп алған. Осыған байланысты қоздырғыш көп жылдар бойы грипп қоздырғышы деп саналып, туыстастығының аты да осы себепке байланысты «инфлюенца» таяқшасы деп аталып келген (ағылшын сөзінен тұмау - «influenza»).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: