Таксономиясы. Тұқымдастығы: Сampylobacterіасеае

Тұқымдастығы: Сampylobacterіасеае

Туыстастығы: Helicobacter

Түрі: Helicobacter pylori, H. fennelliae, H. cinaedi, H. mustelae.

Кеміргіштер мен приматтардың асқазанының кілегей қабатынан бөлінеді. Көптеген ересек адамдардың асқазан кілегей қабығын мекендейді. Дамыған мемлекеттердің тұрғындарының 80% кездеседі. Кейбір түрлері асқазанның және 12 елі ішектің ойық жараларын, созылмалы гастрит, асқазанның аденокарцинома мен лимфомасын тудырады (жиірек - Helicobacter pylori, сирек жағдайда - Helicobacter heilmannii). Қоздырғышты алғаш рет 1893 жылы Г.Биззозеро адам мен жануарлардың асқазан кілегей қабатынан тапқан. Пішіні бойынша кампилобактериялар туыстастығына жататын бактерияларға ұқсас, сондықтан алғашқы атаулары, кампилобактерия тәрізді мағынаны білдіретін, СLO деп аталатын (Campylobacter –like-organismus). Қазіргі негізгі атауы грекше - helios – күн деген сөзбен байланысты. Хеликобактериялардың 8 түрі белгілі.

Морфологиясы, дақылды өсіру және ферменттік белсенділігі. Хеликобактериялар – ұсақ, грам теріс бактериялар, иілген, S-тәрізді немесе сәл спираль пішінді. Қолайсыз жағдайда морфологиясын өзгертіп, кок тәріздіге ауысуы мүмкін. Капсула түзбейді, қозғалғыш; бір полюсында 1-6 талшығы болуы мүмкін, микроаэрофилдер. Асқазанда паразитизм жағдайына бейімделу үшін көптеген хеликобактериялар патогенді факторлар жиынтығына ие (14.10 кесте).

Кесте 14.10

Helicobacter pylori-дің вирулентті факторлары

Вирулентті факторлары Биологиялық әсері
Уреаза Ақуыз Глюкозофосфатаза Протеаза және фосфолипаза Адгезиндер Каталаза және алкогольдегидрогеназа Цитотоксиндер Мочевинаны аммиак пен көмір қышқыл газына дейін ыдыратады. Тұз қышқылы бөлінуін тежейді. Кілегей қабаттың қорғаныс сульфо-мукополисахаридін ыдыратады. Эпителия қабатының бүтіндігін зақымдап, жасушааралық кеңістік-терге қоздырғыштың өтуін қамтамасыз етеді. Тіңдерге бактерияларды жабыстырады. Тотығу радикалдары пайда болады, эпителийді зақымдайды және микробты фагоцитоздан қорғайды. Асқазан эпителий жасушаларын вакуолдеп зақымдайды.

Хеликобактериоздардың таралу механизмі – фекалды-оралды, ластанған су және көккөністер арқылы жұғады. Асқазанды тексеру және эндоскопия жүргізген кезде таралуы мүмкін (ятрогенді ауру).

Микробиологиялық диагностикасы. Бактериологиялық, серологиялық және генді-молекуларлық әдістері қолданады.

Емдеуі. Метронидазол, кларитромицин және т.б.

Арнайы алдын алуы. Жасалмаған.

14.2.3. Pasteurellaceae тұқымдастығы

Pasteurellaceae тұқымдастығы құрамына гемофилді бактериялар (Haemophilus туыстастығы) және пастерелла (Pasteurella туыстастығы) кіреді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: